Автомобиль жолдары туралы
2001 ж. 17 шілдедегі № 245-II Қазақстан Республикасының Заңы
(2011.01.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 22 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасында автомобиль жолдарын мемлекеттік басқарудың, оларды мемлекеттің және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың мүдделерінде салудың, пайдаланудың және дамытудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негіздерін реттейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап жаңа редакцияда
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) автомобиль жолдарын басқарушылар - автомобиль жолдарының меншiк иелерi болып табылатын немесе автомобиль жолдарын шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығымен, сондай-ақ жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз пайдалану шартына сәйкес басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
2) автомобиль жолдарын пайдаланушылар - жол қозғалысына қатысушылар болып табылатын немесе автомобиль жолдарына бөлiнген белдеу мен жол бойындағы белдеу шегiнде өзге де қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
3) автомобиль жолы - автомобильдердiң және басқа да көлiк құралдарының белгiленген жылдамдықпен, жүктемелермен, габаритпен үздiксiз, қауiпсiз жүрiсiн қамтамасыз ететiн, автомобильдер жүрiсiне арналған инженерлiк құрылыстар кешенi, сондай-ақ осы кешендi орналастыру үшiн берiлген жер учаскелерi (көлiк жерлерi) және олардың үстіндегі белгiленген габарит шегіндегі әуе кеңiстiгi;
4) автомобиль жолын ағымдағы жөндеу - маршруттық тәсілмен орындалатын, бұзылған учаскелерді жөндеу жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, бүкіл жыл бойы жүргізілетін, автомобиль жолдарында авариялық жағдайлар, ақаулар туындауының алдын алу, сондай-ақ автомобиль жолын шұғыл қалпына келтіру және жөндеу тәртібімен орындалатын жұмыстар кешені;
5) автомобиль жолын жөндеу - ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулерді қамтитын, автомобиль жолы ақауларының алдын алу және оларды жою, сондай-ақ көліктік-пайдалану сапаларын қалпына келтіру және жақсарту жөніндегі жұмыстар кешені;
6) автомобиль жолын күрделі жөндеу - қолданыстағы техникалық санатын өзгертпей, автомобиль жолының көліктік-пайдалану сипаттамаларын қалпына келтіру және (немесе) жақсарту жөніндегі жұмыстар кешені;
7) автомобиль жолын күтіп ұстау - автомобиль жолын тиісті техникалық жай-күйде ұстау, оның техникалық жай-күйін бағалау жөніндегі, сондай-ақ жолда жүру қауіпсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар кешені;
8) автомобиль жолын орташа жөндеу - автомобиль жолының бастапқы пайдалану сапаларын және жол құрылыстарын қалпына келтіруге байланысты жұмыстар кешені;
9) автомобиль жолын реконструкциялау - автомобиль жолын немесе оның жекелеген учаскесін неғұрлым жоғары техникалық санатқа ауыстыра отырып, көліктік-пайдалану сапаларын, қозғалыс қауіпсіздігі мен қолайлылығын арттыруды қамтамасыз ететін жұмыстар кешені;
10) автомобиль жолының ұзындығы - километрлiк белгiлер бойынша нақты (жергiлiктi жерде) көрсетiлген, объектiлердiң немесе елдi мекендердiң арасындағы жолдың нақты ұзындығы;
11) ақылы автомобиль жолдары - өздерiне қатысты ақылы негiзде пайдаланылу туралы шешiм қабылданған және онымен жүргенi үшiн ақы алынатын автомобиль жолдары;
12) ауыр салмақты көлiк құралы - толық массасы немесе жүктеменiң оның осi бойынша бөлiнуi осы жол санаты мен ондағы құрылыстар үшiн рұқсат етiлген шектi жүктеме мөлшерiнен асатын, жүгi бар немесе жүксiз көлiк құралы;
13) габариті iрi көлiк құралы - нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген габарит мөлшерiнен асатын, жүгi бар немесе жүксiз көлiк құралы;
14) жол бойындағы белдеулер - көлiк жүрісін және халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн шекарасында жер пайдаланудың ерекше шарттары белгiленетiн, автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуге жалғасып жатқан жер учаскелерi;
15) жолға бөлiнген белдеу - автомобиль жолдары алып жатқан, автомобиль жолының тиiстi құрастырмалы элементтерi мен инженерлiк құрылыстарын, сондай-ақ оларды пайдалану үшiн қажеттi ғимараттарды, құрылыстарды, қорғаныштық және әсемдiк орман екпелерiн отырғызуға және жол байланысы құрылғыларын орналастыруға арналған көлiк жерлерi;
16) жол қызметi - автомобиль жолдарын және олардағы құрылыстарды жобалау, салу, реконструкциялау және жөндеу, сондай-ақ оларды күтiп ұстау мен пайдалану жөніндегі қызмет;
17) жол қызметiн басқару - жолдардағы қозғалысты ұйымдастыруға және қауiпсiздiк пен қолайлылықты қамтамасыз етуге, автомобиль жолдары мен құрылыстардың көлiктiк-пайдалану жай-күйiн арттыруға, оларды қорғау тәртібін қамтамасыз етуге, нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген мемлекеттік стандарттар мен озық технологияларды енгізу негiзiнде автомобиль жолдарын жобалауды, салуды, реконструкциялауды, жөндеудi, күтiп ұстауды және пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған iс-шаралар кешенi;
18) жол қызметінің объектілері - жол-пайдалану кешендері, пайдалану қызметінің қызметкерлеріне арналған тұрғын үйлер, автобус аялдамалары, павильондар, демалыс алаңдары, автомобильдердің қысқа уақыт тоқтауына арналған алаңдар, автомобильдерді техникалық қарауға арналған құрылғылар, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған құрылыстар мен құрылғылар, орман алқаптары, көпірлерге қызмет көрсету әрі оларды қорғау пункттері, технологиялық және авариялық шақыру байланысының құрылғылары;
19) жол органдары - жалпыға ортақ пайдаланылатын мемлекеттік автомобиль жолдарын басқаруды жүзеге асыратын автомобиль жолдары жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган, оның аумақтық органдары;
20) жол сервисі объектілері - қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, автожанармай құю станциялары, техникалық қызмет көрсету станциялары, тамақтандыру және сауда пункттері;
21) көше (көшенiң көлiк жүретiн бөлiгi) - елдi мекендер шекарасының шегіндегі автомобиль жолы.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-бап. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттардың ережелері қолданылады.
3-бап. Автомобиль жолдарының жіктелімі
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, шаруашылық автомобиль жолдары, сондай-ақ елді мекендердің көшелері болып бөлінеді.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары өздерінің маңызы бойынша халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдар болып бөлінеді:
1) халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарына көршілес мемлекеттердің астаналарын жалғастырып жатқан, сондай-ақ мемлекетаралық келісімдерге сәйкес халықаралық автомобиль жолдары желісіне кіретін автомобиль жолдары жатады;
2) республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына, осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген жолдарды қоспағанда, республиканың және көршілес мемлекеттердің әкімшілік, мәдени және экономикалық орталықтары арасында көлік қатынасын қамтамасыз ететін автомобиль жолдары, сондай-ақ қорғаныстық маңызы бар автомобиль жолдары жатады;
2007.21.07. № 297-III ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына, осы баптың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген жолдарды қоспағанда, республиканың әкімшілік орталықтарын облыс және аудан орталықтарымен, сондай-ақ аудан орталықтарын республикалық маңызы бар жолдармен жалғастырып жатқан автомобиль жолдары жатады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ 4) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)
4) аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына аудан орталықтарын ауылдық елдi мекендермен жалғастырып жатқан автомобиль жолдары жатады.
3. Шаруашылық автомобиль жолдарына шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік-шаруашылық тасымалдарына қызмет көрсететін, солардың аумағындағы автомобиль жолдары, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарынан оларға кірме жолдар, ауыл шаруашылық ұйымдарының шаруашылық ішіндегі жолдары, қызметтік, патрульдік және жеке меншік автомобиль жолдары жатады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Елді мекендердің көшелеріне, осы баптың 2-тармағының 1)-4) тармақшаларында көрсетілген жолдарды қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегіндегі автомобиль жолдары жатады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5- тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5. Автомобиль жолдары геометриялық параметрлеріне, сондай-ақ жол жүрісінің жиілігіне қарай автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерге сәйкес жіктеледі.
6. Автомобиль жолдарын жіктеудің тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 297-III (бұр.ред.қара); 2010.28.12. № 369-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 7-тармақ өзгерді
7. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбелерін, оның ішінде қорғаныстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбелерін автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып, облыстың жергілікті атқарушы органдары бекітеді.
Қала көшелерінің тізбесін қаланың жергілікті атқарушы органы бекітеді.
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тiзбелерiн аудандардың жергілікті атқарушы органдары облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша бекiтедi.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, шаруашылық автомобиль жолдары, елді мекендердің көшелері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен мемлекеттік есепке алынуға тиіс. Есеп мәліметтері автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып жарияланатын Қазақстан Республикасы автомобиль жолдарының карталары мен атластарын жасау үшін пайдаланылады.
4-бап. Автомобиль жолдарына меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар
1. Автомобиль жолдары мемлекеттік меншікте және жеке меншікте болуы мүмкін.
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары республикадағы негізгі қатынас жолдары болып табылады, мемлекет меншігінде болады және иеліктен шығаруға жатпайды.
2006.07.07. № 168-III ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары немесе олардың учаскелері Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес концессияға берілуі мүмкін.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды
2-2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдары немесе олардың учаскелері Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына (несие алушыларға) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалану шартына сәйкес өтеусіз уақытша пайдалануға берілуі мүмкін.
3. Шаруашылық автомобиль жолдарына меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар осы жолдар қарамағында болатын заңды тұлғалардың меншік нысанымен анықталады.
4. Жеке меншік автомобиль жолдары жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Елді мекендердің көшелері тиісті жергілікті атқарушы органдардың қарамағында болады және коммуналдық меншік болып табылады.
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Шаруашылық автомобиль жолдарын жекешелендіру «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 4-1-баппен толықтырылды
4-1-бап. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын өтеусіз уақытша пайдалануға беру
1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешімді несие алушы өтінішінің негізінде тиісінше облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы (несие беруші) қабылдайды.
2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалану құқығы бес жылға дейінгі мерзімге беріледі. Өз міндеттерін тиісті түрде атқарған несие алушы шарттың мерзімі өткеннен кейін талаптар тең болған өзге жағдайда жаңа мерзімге шарт жасасуға басқа тұлғаларға қарағанда басым құқыққа ие болады.
3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз пайдалану шартына сәйкес несие алушы:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес көрсетілген автомобиль жолдарын жарамды техникалық жай-күйде ұстауға және оларға жөндеу жүргізуге;
2) өз есебінен жалпы қауіпсіздік талаптарын сақтауға;
3) оның өн бойында көлік құралдары қозғалысының жол берілетін жылдамдық режимін қамтамасыз ете отырып, кедергісіз, қауіпсіз, тегін жол жүруді қамтамасыз етуге міндетті.
4. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын реконструкциялау және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге жол полициясы органдарының келісімімен облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы берген рұқсат болған кезде жол беріледі.
5. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгі шарттың негізінде ресімделеді.
5-бап. Ақылы автомобиль жолдары
2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 168-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасында осы Заңда және Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ақылы автомобиль жолдары (көпірлер, өткерме жолдар) салынуы мүмкін. Ақылы автомобиль жолдарын салу мен пайдалануды бақылауды автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ақылы автомобиль жолдары мынадай шарттардың орындалуы: көліктің жоғары, қауіпсіз жүру жылдамдығын қамтамасыз ете отырып, жүрудің сапасын арттыру және бүкіл жол бойында жоғары сервистік қызмет көрсету ескеріліп салынады.
2006.07.07. № 168-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Ақылы автомобиль жолдары мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен немесе концессиялық шарттар негізінде салынуы мүмкін, бұл орайда автомобиль жолы ақылы жүруді ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасында белгіленетін тәртіппен заңды тұлғаларға пайдалануға берілуі мүмкін.
4. Концессионер шетел инвесторларын мүмкіндігінше тарта отырып, түрлі меншік нысанындағы бірқатар құрылыс, жобалау, қаржы, инвестициялық және басқа компанияларды біріктіру мүмкін. Ақылы автомобиль жолдарының құрылысы үшін концессионер Қазақстан Республикасының заң актілерінде тыйым салынбаған кез келген қаржыландыру көздерін пайдаланады.
5. Жергілікті атқарушы органдардың автомобиль жолдарын пайдаланушылардан алынатын, қолданылуы заң актілерінде көзделмеген және жүктердің тасымалдануы мен жолаушылардың еркін жүріп-тұруын тікелей немесе жанама түрде шектейтін салықтар, алымдар және төлемдер белгілеуіне тыйым салынады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды
5-1-бап. Автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылдау
1. Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына қатысты автомобиль жолдарын ақылы негізде пайдалану туралы шешімдер:
1) І санатты автомобиль жолдары салынған;
2) қазіргі бар автомобиль жолдарының негізгі параметрлерін І санатқа дейін жеткізу арқылы реконструкцияланған жағдайда қабылдануы мүмкін.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған жолдарды елді мекендердің шекарасында салу немесе реконструкциялау, олар көше желісінің үстінен немесе оны сыртынан айналдыра жүргізілгенде ғана мүмкін болады.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті органның ұсынысы бойынша, жол салудың немесе реконструкциялаудың балама нұсқаларын қоса бере отырып, автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылдайды.
3. Автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешімде:
1) қазіргі бар басқа баламалы жолмен жүру мүмкіндігімен қоса бастапқы және соңғы пункттер;
2) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі;
3) техникалық сыныптама мен негізгі параметрлер;
4) ұзындығы;
5) жүргені үшін ақының ең жоғары ставкасы;
6) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі;
7) ақылы негізде пайдаланылу мерзімі көрсетілуге тиіс.
4. Автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешім ол қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзімді баспа басылымдарда мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялануға тиіс.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 5-2-баппен толықтырылды
5-2-бап. Ақылы автомобиль жолдарын, оның ішінде концессияға берілген ақылы автомобиль жолдарын пайдаланғаны үшін ақы төлеу бойынша жеңілдіктер
1. Ақылы автомобиль жолдарын, оның ішінде концессияға берілген ақылы автомобиль жолдарын пайдаланғаны үшін ақы төлеуден:
1) қызметтік міндеттерін орындаған кезде:
жедел медициналық жәрдем ұйымдарының;
өртке қарсы қызметтің;
авариялық-құтқару қызметтерінің;
жол-патруль қызметінің арнаулы автокөлік құралдары босатылады;
2) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүру болмаған кезде:
қала маңындағы бағыттарда және елді мекендерді: кенттерді, ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, астанамен немесе республикалық маңызы бар қаламен қосатын бағыттарда жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автобустар;
ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген автобустары бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін;
жүк автокөлік құралдары, өздігінен жүретін доңғалақты ауылшаруашылық, мелиорациялық машиналар таяу көлікке арналған айрықтары арасындағы жол кесінділері шегінде су тосқауылдары мен темір жолдарды кесіп өту үшін;
ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың жеке және заңды тұлғаларының аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген жеңіл автомобильдері бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін босатылады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 5-3-баппен толықтырылды
5-3-бап. Ақылы автомобиль жолын пайдалануды тоқтату және тоқтата тұру
1. Ақылы автомобиль жолын пайдалануды тоқтату автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешімде көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.
2. Ақылы автомобиль жолын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен соғыс жағдайы, төтенше жағдай енгізілген, сондай-ақ табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаған кезде пайдалануды тоқтата тұру белгілі бір мерзімге жүзеге асырылады.
3. Автомобиль жолының иесі осы баптың 2-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап ақылы автомобиль жолын пайдалануды тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.
6-бап. Автомобиль жолдарының атауы және оларды индекстеу. Автомобиль жолдарындағы ара қашықтықты есептеу
1. Қазақстан Республикасының жалпыға ортақ пайдаланылатын барлық автомобиль жолдарының атауы мен индексі болуға тиіс. Автомобиль жолдарының атауына - бастапқы және соңғы елді мекеннің, ал қажет болған жағдайда аралық мекендердің атауы кіреді.
Автомобиль жолдарының индексі латын әліпбиінің әріптерінен және цифрлар тобынан тұрады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Автомобиль жолдарының атаулары мен индекстері автомобиль жолдарының карталары мен атластарында, сондай-ақ арнаулы белгілер және таңбалар қою арқылы автомобиль жолында көрсетілуге тиіс.
Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін халықаралық автомобиль жолдарының атаулары мен индекстері халықаралық келісімдермен белгіленеді.
Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерiн облыстардың жергілікті атқарушы органдары автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша бекiтедi.
Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерiн аудандардың жергілікті атқарушы органдары облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша бекiтедi.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының қашықтығы бастапқы және соңғы елді мекендер аралығымен есептеледі. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының километрін есептеу.
Қазақстан Республикасының астанасынан шығатын автомобиль жолдары үшін - Қазақстан Республикасы Парламентінің үйінен;
басқа елді мекендерден шығатын автомобиль жолдары үшін - жергілікті атқарушы органдар үйлерінен, ал олар болмаған жағдайда елді мекендердің шекараларынан бастап жүргізіледі.
Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының ұзындығына:
елді мекендерді жалғастырып жатқан автомобиль жолдары үшін - тиісті елді мекендер шекаралары арасындағы қашықтық;
жалпыға ортақ пайдаланылатын басқа автомобиль жолдарын өзара жалғастырып жатқан және оларға қосылатын автомобиль жолдары үшін түйісетін автомобиль жолдары осьтерінің қиылысу аралығы алынады.
Елді мекендер көшелерінің ұзындығына тиісті қалалар мен елді мекендер шекарасы шегіндегі қашықтық алынады.
2-тарау. Автомобиль жолдарының жері
7-бап. Автомобиль жолдарын орналастыру үшін жер беру
2006.07.07. № 168-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Жер пайдаланушыларға жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу және күтіп ұстау үшін жол санатына байланысты және жобалау құжаттамасына сәйкес белгіленген нормалардың негізінде жолға бөлінген белдеу үшін жер беріледі. Концессияға берілген автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін қоса алғанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының қажетіне арналған жер жол органына - жерді тұрақты пайдалануға, жол салуды, реконструкциялау мен жөндеуді жүзеге асыратын қызмет көрсетушілерге - жерді уақытша пайдалануға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бөлінеді.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Жобаланатын жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеудің мөлшері жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары үшін жер бөлу нормаларына сәйкес оның санатына байланысты белгіленеді, атап айтқанда: I техникалық санаттағы жолдар үшін - жолдардың осінен 35 метрден, II техникалық санаттағы жолдар үшін - 20 метрден, III техникалық санаттағы жолдар үшін - 15 метрден, IV техникалық санаттағы жолдар үшін - 13 метрден, V техникалық санаттағы жолдар үшін - 12 метрден болып белгіленеді.
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді
3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына арналған жерлер тиісті жергілікті атқарушы органның шешімімен беріледі және оны жергілікті жерде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдар бөледі.
4. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары алып жатқан жерлер мемлекеттік меншікке жатады, бөлінбейді және жеке меншікке берілмеуге тиіс. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жерінде, осы жерлерді пайдаланудың белгіленген келісу тәртібін бұза отырып салынған кез келген құрылыстар заңсыз деп танылады және заңдарда белгіленген тәртіппен оларды өз еркімен құрылыс салуды жүзеге асырған тұлға бұзады не соның есебінен бұзылуға тиіс.