Норма шығармашылығы қызметiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 30 мамырдағы № 598 Қаулысы
(2010.12.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 5 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 217 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қоса берiлiп отырған ғылыми сараптама жүргiзу ережесi бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 217 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Заң жобаларын және заң жобаларының тұжырымдамаларын әзiрлеушi уәкiлеттi мемлекеттік органдар көрсетiлген Ереженiң талаптарына сәйкес барлық заң жобасы және заң жобаларының тұжырымдамалары бойынша ғылыми сараптама жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 217 Қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Көрсетілген Ережеде айқындалған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге жіберу өлшемдеріне сәйкес келетін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуші уәкілетті мемлекеттік органдар көрсетілген Ереже талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Орталық атқарушы және өзге де мүдделi мемлекеттік органдар белгiленген тәртiппен:
2002 жылы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігімен бірлесiп 2002 жылға арналған республикалық бюджетте «Заң жобалау жұмыстары» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен заң жобаларына ғылыми сараптама жүргiзудi қамтамасыз етсiн;
мемлекеттік тiлде заң жобаларын дайындаудың жай-күйiн жақсартсын және тиiстi мәселелерге тiкелей жетекшiлiк ететiн лауазымды адамдардың жауапкершiлiгiн арттыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;
2002 жылдың үшiншi тоқсаны iшiнде жоғары тұрған кесiмдердiң орындалуы үшiн қабылдануы тиiс қолда бар ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдерге талдау жасасын және талдау нәтижелерi бойынша олардың уақытында қабылдануын қамтамасыз етсiн.
4. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар 2002 жылдың үшiншi тоқсаны iшiнде бұл органдардың тиiстi бекітілген штат саны лимитiнiң шегiнде әрi оларды ұстауға көзделген әкiмшiлiк шығындардың есебiнен заңгерлiк қызметтердi толық жинақтауды және заңгерлiк бөлiмшелер құрылмаған органдарда оларды құруды жүргiзудi жүзеге асырсын әрі жұмыстың нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Yкіметін хабардар етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі:
2002 жылдың үшiншi тоқсанында орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың заңгерлiк қызмет қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын бiлуiн тестiлеудi жүргiзсiн және тестiлеу нәтижелерi туралы тиiстi мемлекеттік органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Yкіметін хабардар етсiн.
6. Премьер-Министрдiң 2001 жылғы 2 шiлдедегi № 51 өкімінде көрсетiлген мемлекеттік органдар:
дайындау мерзiмi аяқталған нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын Қазақстан Республикасының Yкіметіне 2002 жылдың 1 шiлдесiне дейiн енгiзсiн;
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң лауазымды адамдарының шешiмдерiмен бақылаудан алынған тармақтар бойынша көрсетiлген өкiмге белгiленген тәртiппен тиiстi өзгерістер енгiзсiн.
7. Осы қаулының iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.Ә.Мұхамеджановқа жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң 2002 жылғы
30 мамырдағы № 598 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 217 Қаулысымен тақырыбы және кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)
Ғылыми сараптама жүргiзу
ережесi
Осы Ереже «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді әзiрлеу бойынша мемлекеттік органдар қызметiнiң тиiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында әзiрлендi.
1. Жалпы қағидалар
ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 217 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Нормативтік құқықтық актілер жобаларының және заң жобалары тұжырымдамаларының ғылыми сараптамасын қаралатын жобалардың және заң жобалары тұжырымдамаларының мазмұнына қарай, тиiстi бейіндегі ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындары, ғалымдар мен мамандар арасынан тартылатын сарапшылар (бұдан әрi - Сарапшылар) жүргiзедi.
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 12 қарашадағы № 1198 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Осы Ереже халықаралық шарттарды жасасу, орындау және денонсациялау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларына таралмайды. Көрсетілген мәселелер бойынша ғылыми сараптама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 938 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми сараптама жүргізу қағидасына сәйкес жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 04.09.03 ж. № 898 (бұр. ред. қара); 2005.03.11. № 1096; 2007.20.03. № 217 (бұр. ред. қара); 2009.04.06. № 822 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2010.15.01. № 13 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
2. Нормативтік құқықтық актілердің реттейтін құқық қатынастарына карай осы актілердің жобалары бойынша ғылыми (құқықтық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргізілуі мүмкін.
Заң жобаларының тұжырымдамалары бойынша ғылыми құқықтық сараптама жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша олармен реттелетін құқықтық қатынастарға қарай ғылыми сараптама, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізілуге міндетті, бұған заңнамалық актілердің жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізіліп, онда ғылыми сараптама жүргізілмеуі мүмкін болатын жағдайлар қосылмайды.
1. Сондай-ақ мына нормативтік құқықтық актілердің:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулыларының;
Қолданысқа енгізілгенге дейін орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу өлшемдері болған кезде олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптауға жатады. ҚР Үкіметінің 2010.15.01. № 13 Қаулысымен 2, 3 тармақшалары 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларының;
3) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерінің, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларының, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерінің жобалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама міндетті түрде жүргізілуге тиіс.
Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының жобалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізілмейді.
Қабылдау салдары экологиялық, оның ішінде радиациялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндіретін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларына міндетті экологиялық сараптама жүргізілуге тиіс.
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге жіберу өлшемдері мыналар болып табылады:
1) мемлекеттік органның және/немесе лауазымды тұлғаның бақылау-қадағалау өкілеттіктеріне қатысты нормалардың болуы;
2) рұқсат беру рәсімдеріне қатысты нормалардың болуы;
3) жеке және заңды тұлғаларға міндеттер енгізуді немесе қолданыстағы міндеттерді өзгертуді көздейтін нормалардың болуы;
4) санкциялар салу, жауапкершілікке тарту, оларды беру жөніндегі мемлекеттік органның және/немесе лауазымды тұлғаның өкілеттіктерін, сондай-ақ мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажыратуды көздейтін нормалардың болуы.
Өзге де қажетті жағдайлар заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу өлшемдері болуы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 217 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.04.06. № 822 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, заң жобаларының тұжырымдамаларына ғылыми сараптама жүргiзудi ұйымдастыру әзiрлеушi уәкiлеттi мемлекеттік органдарға (бұдан әрi - Сараптаманы ұйымдастырушылар) жүктеледi. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, заң жобаларының тұжырымдамаларын ғылыми сараптама жүргізуге жіберуді Әділет министрлігі Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына материалдар дайындау барысында, оның отырысының нәтижелері бойынша, жоспарлы және бағдарламалық құжаттарды қалыптастыру кезінде, заң жобаларын тездетіп әзірлеу қажет болған жағдайларда да жүзеге асыра алады.
Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми және криминологиялық сараптамалар жүргізуге жіберуді ғылыми құқықтық сараптама жүргізген сарапшының немесе келісуші мемлекеттік органдардың ұсынымдары бойынша да Сараптаманы ұйымдастырушылар жүзеге асыруы мүмкін.
4. ҚР Үкіметінің 04.09.03 ж. № 898 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 217 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Ғылыми сараптаманың мiндеттерi
ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 217 Қаулысымен 6), 7), 8), 9) тармақшалармен толықтырылды, 6) тармақша 10) тармақша болып саналсын; 2010.15.01. № 13 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Ғылыми сараптаманың негiзгi мiндеттерi:
1) нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдаудың сапасын, негiздiлiгiн және уақтылылығын бағалау;
2) нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасының Конституциясына, жоғары деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерге, Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiне сәйкестiгiн тексеру;
3) нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдаудың әлеуметтiк, экономикалық, ғылымитехникалық, экологиялық және өзге де салдарларын бағалау;
4) нормативтік құқықтық актінің жобасының мүмкiн болатын тиiмдiлiгiн айқындау;
5) нормативтік құқықтық актінің жобасы қабылдануына байланысты сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар жасау үшiн жағдайлар пайда болуын айқындау;
ҚР Үкіметінің 2009.04.06. № 822 Қаулысымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдауға байланысты гендерлік теңдік құқығына қысым жасайтын себептер мен жағдайлардың болуын айқындау;
6) осы нормативтік құқықтық актінің жобасы қабылданған жағдайда қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігін анықтау;
7) нормативтік құқықтық актінің жобасы нормаларының ғылыми пысықталуының сипаттамасы, заңнамалық базаны жақсарту жөнінде ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу;
8) құқықтың тиісті саласының қағидаттарына ықтимал қайшылықтарды анықтау;
9) нормативтік құқықтық актінің жобасында қамтамасыз етілетін айқын немесе жасырын ведомстволық немесе топтық мүддені анықтау;
10) Сараптаманы ұйымдастырушы қойған өзге де сұрақтарға жауаптар алу.
11) жобаның нормативтік құқықтық акт ретінде қабылдануының ықтимал теріс салдарын анықтау.
ҚР Үкіметінің 04.09.03 ж. № 898 қаулысымен 5-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 217 Қаулысымен 5-1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5-1. Заң жобаларының ғылыми криминологиялық сараптамасы мынадай мiндеттердi басшылыққа алады:
1) заң жобалау базасын жетiлдiру;
2) заң жобасының қабылдануына байланысты құқық бұзушылықтарды жасауға мүмкiн жағдайларды анықтау;
3) қылмыстық әрекеттiң үстiнен әлеуметтiк-құқықтық бақылаудың мүмкiн болатын тиiмдiлiгiн айқындау және заң жобасы қабылданған жағдайда оның алдын алу;
4) заң жобасында Қазақстан Республикасындағы қазiргi кездегi қылмыстың жай-күйiн, сипатын және құрылымын есепке алу;
5) заң жобасын қабылдаудың қылмысқа қарсы күрес жөніндегі шараларға қатысты салдарлары;
6) ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 217 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
7) заң жобасын қабылдаудың қылмыс субъектiлерiнiң әлеуметтiк-психологиялық қасиеттерi жүйесiне қатысты салдарлары;
8) жәбiрленушi тараптың өз құқықтарының қорғалуын жүзеге асыру мүмкiндiгi;
9) заң жобасымен реттелетiн құқық бұзушылықтардың түрлерi бойынша статистикалық деректердiң болуы;
10) заң жобасында көрсетiлген құқық бұзушылықтардың түрлерi бойынша жасырын қылмысты есепке алу мүмкiндiгi;
11) террорлық актiлер, қасақана құқық бұзушылықтар, сондай-ақ абайсыздықпен құқық бұзушылықтар жасау мүмкiндiгiн анықтау;
12) заң жобасы қабылданған жағдайда криминологиялық болжауды енгізу;
13) заң жобасы қабылданған жағдайда криминологиялық жоспарлауды жүзеге асыру;
14) экономикалық қылмыстың криминологиялық сипаттамасын талдау.
ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 217 Қаулысымен 5-2-тармақпен толықтырылды
5-2. Нормативтік құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасының негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін нормаларды анықтау;
2) нормативтік құқықтық актінің қаралатын жобасында анықталған олқылықтарды жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кедергі келтіретін нормативтік құқықтық актілер жобаларының нормаларын ұсынымдар нысанында әзірлеу;
4) нормативтік құқықтық акт жобасын қабылдаудың салдарларын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасау ықтималдығы бөлігінде жалпы бағалау;
5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің ықтимал тиімділігін айқындау.
ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 217 Қаулысымен 5-3-тармақпен толықтырылды
5-3. Заң жобаларының тұжырымдамаларына ғылыми құқықтық сараптаманың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) заң жобасын қабылдаудың негізділігін және уақтылығын бағалау не заң жобасын қабылдау қажеттігінің жоқтығы немесе орынсыздығы туралы ғылыми негізделген дәлелдемелер әзірлеу;
2) заң жобасы тұжырымдамасының сапасын бағалау және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
3) заң жобасын қабылдаудың құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалау;
4) заң жобасы тұжырымдамаларының құқықтың негіз қалаушы қағидаттарына сәйкестігін айқындау;
5) тұжырымдамада айқындалатын құқықтық қатынастардың қолданыстағы заңнамада реттелуі мәнін бағалау;
6) тұжырымдамада айқындалған құқықтық қатынастардың Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 3-тармағына сәйкестігі мәнін бағалау;
7) халықаралық тәжірибені анықтау және оны тұжырымдамада айқындалатын құқықтық қатынастарда қолдану мүмкіндігін бағалау;
8) заң жобасының тұжырымдамасы, оның мазмұны бойынша жалпы қорытынды;
9) заң жобасы қабылданған жағдайда қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігін анықтау;
10) Сараптаманы ұйымдастырушы қойған өзге де мәселелерге жауаптар алу.
3. Ғылыми сараптаманы жүзеге асыратын сарапшылар.
Ғылыми сараптама жүргiзудiң тәртібі мен шарттары
ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 217 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Сарапшылар ретiнде жобаны және заң жобаларының тұжырымдамаларын дайындауға тiкелей қатыспаған ұйымдар мен адамдар тартылады.
ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 217 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Сарапшылар ретiнде басқа да мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан мамандар тартылуы мүмкiн.
Жоба және заң жобасының тұжырымдамасы ғылыми сараптау үшiн шетелдiк және халықаралық ұйымдарға жiберiлуi мүмкiн.
ҚР Үкіметінің 04.09.03 ж. № 898 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
8. Сарапшының жоғары білімi және ғылыми сараптамасының белгiлi бiр түрi саласында арнаулы ғылыми білімi және (немесе) ғылыми дәрежесi болуы тиiс.
ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 217 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
9. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына және заң жобаларының тұжырымдамаларына ғылыми сараптама жүргiзу үшiн сарапшыларды iрiктеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 04.09.03 ж. № 898 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
10. Ғылыми сараптама жүргiзудiң тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сараптаманы ұйымдастырушы мен сарапшы арасында жасасылған азаматтық-құқықтық шартта немесе еңбек шартында белгiленедi.
ҚР Үкіметінің 04.09.03 ж. № 898 қаулысымен 10-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 217 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.04.06. № 822 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.15.01. № 13 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 10-1-тармақ өзгертілді
10-1 Ғылыми сараптама заң жобасын әзiрлеудiң мынадай сатыларында жүргiзiледi:
заң жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Регламентiне (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті) сәйкес мүдделi мемлекеттік органдармен келіскенге дейін;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіне сәйкес мүдделі мемлекеттік органдармен заң жобасын келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзгенге дейiн.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама заңға тәуелді нормативтік құқықтық акті жобасын әзірлеудің мынадай сатыларында жүргізіледі:
мүдделі мемлекеттік органдармен келіскенге дейін;
мемлекеттік органдармен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізгенге дейін.
Мемлекеттік тіркеуге жататын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне енгізгенге дейін жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2009.04.06. № 822 қаулысымен 10-2-тармақпен толықтырылды
10-2. Заң жобасын әзірлеудің әрбір сатысында ғылыми сараптама мәтінінің заң жобасының мәтініне сәйкестігіне Сараптаманы ұйымдастырушылар жауапты болады.
4. Ғылыми сараптамалардың әр түрлiлiгi
ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 217 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.04.06. № 822 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 11-тармақ өзгертілді
11. Нормативтік құқықтық актілердің жобалары, заң жобасының тұжырымдамалары бойынша кешендi, дербес, комиссиялық, қайталама және қосымша ғылыми сараптамалар жүргiзiлуi мүмкiн.
Кешендi ғылыми сараптама нормативтік құқықтық актінің жобасын, заң жобасының тұжырымдамасын білімнiң түрлi салалары негiзiнде зерттеу қажет болған жағдайларда жүргiзiледi.
Дербес ғылыми сараптама нормативтік құқықтық актінің жобасын, заң жобасының тұжырымдамасын білімнiң бiр саласы негiзiнде зерттеу қажет болған жағдайларда жүргiзiледi.
Комиссиялық сараптаманы бiр мамандық сарапшыларының комиссиясы жүргiзедi.
Қайталама ғылыми сараптама осы мәселелер бойынша алдыңғы ғылыми сараптама нәтижелерi жөніндегі сарапшы қорытындысы жеткiлiктi негiзделмеген не оның дұрыстығы күмән туғызған жағдайларда жүргiзiледi.
Қосымша ғылыми сараптама нормативтік құқықтық актінің жобасына, заң жобасын пысықтау нәтижесінде оның тұжырымдамасына тұжырымды өзгерістер енгізілген жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіне сәйкес заң жобасын мүдделі мемлекеттік органдармен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізгенге дейін жүргізіледі.
5. Ғылыми сараптама жүргiзудi қаржыландыру
12. Ғылыми сараптама жүргiзудi қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
6. Ғылыми сараптама жүргiзу үшiн ұсынылатын құжаттар
ҚР Үкіметінің 04.09.03 ж. № 898 (бұр. ред. қара); 2006.14.02. № 99 (бұр. ред. қара); 2007.20.03. № 217 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 13-тармақ өзгертілді
13. Сараптаманы ұйымдастырушы нормативтік құқықтық акт жобасының көшiрмесiмен бiрге сарапшыға мынадай құжаттардың көшiрмелерiн ұсынады:
нормативтік құқықтық актінің жобасына түсiндiрме жазба (мемлекеттік және орыс тiлдерiнде);
нормативтік құқықтық актінің жобасына салыстырмалы кесте, қолданыстағы заңнамаға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемелерімен өзгерістер мен толықтырулар туралы нормативтік құқықтық актінің жобасын енгiзген кезде (мемлекеттік және орыс тілдерiнде);
зерделенетiн мәселелер бойынша статистикалық деректер.
Сарапшының сұратуы бойынша Сараптаманы ұйымдастырушы сол сияқты нормативтік құқықтық актінің жобасында және заң жобасының тұжырымдамасында қозғалған мәселелерге қатысты өзге материалдарды да ұсынуы мүмкiн.
ҚР Үкіметінің 04.09.03 ж. № 898 қаулысымен 14-тармақ алып тасталды (бұр. ред. қара)
14. алып тасталды
ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 217 Қаулысымен 7-бөлімнің тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Ғылыми сараптама жүргiзу мерзiмдерi
ҚР Үкіметінің 04.09.03 ж. № 898 (бұр. ред. қара); 2007.20.03. № 217 (бұр. ред. қара); 2009.04.06. № 822 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 15-тармақ өзгертілді
15. Ғылыми сараптама нормативтік құқықтық актінің жобасын немесе заң жобасының тұжырымдамасын және оларға материалдарды сарапшыға ұсынған күннен бастап он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жүргізілуі тиіс.
Қосымша және қайталама ғылыми сараптама нормативтік құқықтық актінің жобасын немесе заң жобасының тұжырымдамасын және оларға материалдарды сарапшыға ұсынған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізілуі тиіс.
Қажет болған ретте ғылыми сараптаманы жүргiзу мерзiмi Сараптаманы ұйымдастырушының келісімi бойынша ұзартылуы мүмкiн. Бұл ретте ғылыми сарапшыға мемлекеттік немесе орыс тіліне аудару үшiн қосымша бес күнтiзбелiк күн берiледi.
ҚР Үкіметінің 04.09.03 ж. № 898 қаулысымен 15-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 217 Қаулысымен 15-1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
15-1. Сараптаманы ұйымдастырушы сарапшының ұсыныстары бойынша нормативтік құқықтық актінің жобасын немесе заң жобасының тұжырымдамасын пысықтаған жағдайда ғылыми сараптаманы жүргiзу мерзімдері жаңартылған заң жобасының ұсынылған күнінен бастап белгіленеді.
ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 217 Қаулысымен 8-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
8. Сарапшы
ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 217 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
16. Сарапшы:
ғылыми сараптама жүргiзу үшiн қажеттi, соның iшiнде сарапшылық жұмыс жүргiзу барысында туындаған мәселелер бойынша да барлық ақпаратты алады;
орындаған жұмысы үшiн сыйақы алады;
Сараптаманы ұйымдастырушының келісімi бойынша өзiнiң алдына қойылған мәселелер бойынша ғана емес, өз құзыретi шегіндегі өзге мәселелер бойынша да қорытындылар береді;
ғылыми сараптаманы жүзеге асыру кезiнде оның орындалуына, егер шартта өзгесi көзделмесе, үшiншi тұлғаларды тартуы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 217 Қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
17. Сарапшы:
Сараптаманы ұйымдастырушы оның алдына қойған мәселелер бойынша уәждi, ғылыми негiзделген, шынайы және толық қорытынды береді;
өз күшiмен, өз есебiнен және Сараптаманы ұйымдастырушы белгiлеген мерзiмде ғылыми сараптама жүргiзу барысында өз кiнәсiнен жiберiлген кемшiлiктердi жояды;
Сараптаманы ұйымдастырушыға күтiлген нәтижелердi алу мүмкiн болмайтынын анықтағаны немесе одан әрi ғылыми сараптама жүргiзудiң орынсыздығы туралы дереу хабарлайды;