Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 қыркүйектегі № 898 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 497 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Норма шығармашылығы қызметiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 16, 172-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген Заң, жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу ережесiнде:
1) 2-тармақ «қаржылық» деген сөзден кейiн «криминологиялық» деген сөзбен толықтырылсын;
2) 4-тармақ алынып тасталсын;
3) мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Криминологиялық сараптама мынадай мiндеттердi басшылыққа алады:
1) заң жобалау базасын жетiлдiру;
2) заң жобасының қабылдануына байланысты құқық бұзушылықтарды жасауға мүмкiн жағдайларды анықтау;
3) қылмыстық әрекеттiң үстiнен әлеуметтiк-құқықтық бақылаудың мүмкiн болатын тиiмдiлiгiн айқындау және заң жобасы қабылданған жағдайда оның алдын алу;
4) заң жобасында Қазақстан Республикасындағы қазiргi кездегi қылмыстың жай-күйiн, сипатын және құрылымын есепке алу;
5) заң жобасын қабылдаудың қылмысқа қарсы күрес жөніндегі шараларға қатысты салдарлары;
6) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қарсы күрестiң мүмкiн болатын тиiмдiлiгiн айқындау;
7) заң жобасын қабылдаудың қылмыс субъектiлерiнiң әлеуметтiк-психологиялық қасиеттерi жүйесiне қатысты салдарлары;
8) жәбiрленушi тараптың өз құқықтарының қорғалуын жүзеге асыру мүмкiндiгi;
9) заң жобасымен реттелетiн құқық бұзушылықтардың түрлерi бойынша статистикалық деректердiң болуы;
10) заң жобасында көрсетiлген құқық бұзушылықтардың түрлерi бойынша жасырын қылмысты есепке алу мүмкiндiгi;
11) террорлық актiлер, қасақана құқық бұзушылықтар, сондай-ақ абайсыздықпен құқық бұзушылықтар жасау мүмкiндiгiн анықтау;
12) заң жобасы қабылданған жағдайда криминологиялық болжауды енгізу;
13) заң жобасы қабылданған жағдайда криминологиялық жоспарлауды жүзеге асыру;
14) экономикалық қылмыстың криминологиялық сипаттамасын талдау.»;
4) 8-тармақ «ғылыми білімi» деген сөздерден кейiн «және (немесе) ғылыми дәрежесi» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 10-тармақ «шартта» деген сөзден кейiн «немесе еңбек шартында» деген сөздермен толықтырылсын;
6) мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
«10-1 Сараптама заң жобасын әзiрлеудiң мынадай сатыларында жүргiзiледi:
заң жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Регламентiне сәйкес мүдделi мемлекеттік органдармен келiсу;
Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзгенге дейiн.»;
7) 13-тармақта:
екiншi абзац»(мемлекеттік және орыс тiлдерiнде)»деген сөздермен толықтырылсын;
үшiншi абзац», қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар туралы заң жобасын енгiзген кезде (мемлекеттік және орыс тілдерiнде)»деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:
«зерделенетiн мәселелер бойынша статистикалық деректер»;
8) 14-тармақ алынып тасталсын;
9) 15-тармақтың екiншi абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: «Бұл ретте сарапшыға мемлекеттік немесе орыс тіліне аудару үшiн қосымша он күнтiзбелiк күн берiледi.»;
10) мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
«15-1. Сараптаманы ұйымдастырушы сарапшының ұсыныстары бойынша заң жобасын пысықтаған жағдайда сараптаманы жүргiзу мерзімдері жаңартылған заң жобасының ұсынылған күнінен бастап белгіленеді.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д. Ахметов |