Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының стационарлық көлiктiк бақылау посттарының тiзбесiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 238 қаулысы
(2010.28.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 5 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2010.28.06. № 655 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Автомобиль көлiгі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2010.28.06. № 655 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерiнiң және Қазақстан Республикасының стационарлық көліктік бақылау посттарының тiзбесi бекiтілсiн.
2. «Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль тасымалдарына бiрыңғай мемлекеттік бақылау жүйесiн құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 8 қыркүйектегі № 1358 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 38-39, 451-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1-тармақтың 3) тармақшасында:
«бiрлескен бақылау-өткізу бекеттерiн» деген сөздер «посттарын» деген сөзбен ауыстырылсын;
«мен Iшкi iстер министрлігінiң Жол полициясы департаментiнiң» деген сөздер алынып тасталсын.
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы автомобильдік өткізу бекеттерiнің тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 3 желтоқсандағы № 1556 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 3 желтоқсандағы № 1556 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 25 қарашадағы № 1251 қаулысы.
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткізу пункттерiнiң тiзбесi туралы ақпаратты белгiленген тәртiппен мүдделi шетел мемлекеттерi өкiлдiктерінің назарына жеткiзсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 27 ақпандағы № 238 қаулысымен
бекiтілген
ҚР Үкіметінің 2010.28.06. № 655 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінің және
Қазақстан Республикасының стационарлық көлiктiк бақылау посттарының
тiзбесi
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 23 желтоқсандағы № 1275 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2010.28.06. № 655 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттері
Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен Мемлекеттік шекарасы учаскесіндегі халықаралық өткізу пункттері:
көп жақты қатынас үшін ашық:
Қорғас | Алматы облысы |
Достық | Алматы облысы |
Қалжат | Алматы облысы |
Бақты | Шығыс Қазақстан облысы |
Майқапшағай | Шығыс Қазақстан облысы |
| |
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен Мемлекеттік шекарасы учаскесіндегі халықаралық өткізу пункттері:
көп жақты қатынас үшін ашық:
Құрманғазы | Атырау облысы |
Тасқала | Батыс Қазақстан облысы |
Сырым | Батыс Қазақстан облысы |
Ақсай | Батыс Қазақстан облысы |
Әлімбет | Ақтөбе облысы |
Жайсан | Ақтөбе облысы |
Қайрақ | Қостанай облысы |
Ақбалшық | Қостанай облысы |
Жаңа Жол | Солтүстік Қазақстан облысы |
Қарақоға | Солтүстік Қазақстан облысы |
Қызыл Жар | Солтүстік Қазақстан облысы |
Үрлітөбе | Павлодар облысы |
Қосақ | Павлодар облысы |
Шарбақты | Павлодар облысы |
Ауыл | Шығыс Қазақстан облысы |
Үбе | Шығыс Қазақстан облысы |
Жезкент | Шығыс Қазақстан облысы |
екі жақты қатынас үшін ашық:
Жәнібек | Батыс Қазақстан облысы |
Орда | Батыс Қазақстан облысы |
Шаған | Батыс Қазақстан облысы |
Қарашатау | Ақтөбе облысы |
Қондыбай | Қостанай облысы |
Желқуар | Қостанай облысы |
Аят | Қостанай облысы |
Обаған | Қостанай облысы |
Бидайық | Солтүстік Қазақстан облысы |
Амангелді | Павлодар облысы |
Найза | Павлодар облысы |
Байтанат | Шығыс Қазақстан облысы |
Қоянбай | Шығыс Қазақстан облысы |
Құпия.
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасымен Мемлекеттік халықаралық өткізу пункттері:
көп жақты қатынас үшін ашық:
Тәжен | Маңғыстау облысы |
Жібек Жолы | Оңтүстік Қазақстан облысы |
Б. Қонысбаев | Оңтүстік Қазақстан облысы |
Қапланбек | Оңтүстік Қазақстан облысы |
Қазығұрт | Оңтүстік Қазақстан облысы |
екі жақты қатынас үшін ашық:
Атамекен | Оңтүстік Қазақстан облысы |
Қазақстан Республикасының Түрікменстанмен Мемлекеттік шекарасы учаскесіндегі халықаралық өткізу пункттері:
көп жақты қатынас үшін ашық:
Темірбаба | Маңғыстау облысы |
ҚР Үкіметінің 2006.11.07. № 652 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара ); ҚР Үкіметінің 2010.28.06. № 655 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының стационарлық көліктік бақылау посттары
Р/с №№ | Посттың атауы | Облыстың немесе қаланың атауы | Автожолдың атауы |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Жақсы | Ақмола | Екатеринбург - Алматы, 913 км |
2. | Бурабай | Ақмола | Астана - Петропавл, 241 км |
3. | Еркін | Алматы | Алматы - Өскемен, 270 км |
4. | Қарабұтақ | Ақтөбе | Самара - Шымкент, 960 км |
5. | Қобда | Ақтөбе | Орал - Ақтөбе, 612 км |
6. | Темір | Ақтөбе | Ақтөбе - Атырау - Ресей Федерациясының шекарасы, 135 км |
7. | Атырау | Атырау | Орал - Атырау, 487 км |
8. | Семей | Шығыс Қазақстан | Омск - Майқапшағай, 751 км |
9. | Қордай-1 | Жамбыл | Ташкент - Шымкент - Тараз - Алматы -Қорғас, 216 км |
10. | Күйік | Жамбыл | Ташкент - Шымкент - Тараз - Алматы -Қорғас, 278 км |
11. | Шығанақ | Жамбыл | Екатеринбург - Алматы, 2061 км |
12. | Ақжайық | Батыс Қазақстан | Орал - Атырау, 126 км |
13. | Молодежный | Қарағанды | Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 1040 км |
14. | Заречный | Қарағанды | Екатеринбург - Алматы, 1497 км |
15. | Жезқазған | Қарағанды | Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 426 км |
16. | Денисовский | Қостанай | Қарабұтақ - Комсомол - Денисовка - Рудный - Қостанай, 388 км |
17. | Арал | Қызылорда | Самара - Шымкент, 1352 км |
18. | Ақтай | Қызылорда | Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 10 км |
19. | Жаңақорған | Қызылорда | Самара - Шымкент, 1996 км |
20. | Ақтау | Маңғыстау | Ақтау халықаралық теңіз порты |
21. | Бейнеу | Маңғыстау | Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сайөтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау порты, 844 км |
22. | Ленинский | Павлодар | Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 1364 км |
23. | Батыс | Солтүстік Қазақстан | Жезқазған - Петропавл, 673 км |
24. | Қызылту | Оңтүстік Қазақстан | Ташкент - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас, 46 км |
25. | Қызылжар | Астана қаласы | Екатеринбург - Алматы, 1278 км |