Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 3 желтоқсандағы № 1556
қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 25 қарашадағы № 1251 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 238 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы автомобильдiк өткізу бекеттерiнiң тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 3 желтоқсандағы № 1556 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзілсiн:
3-тармақ алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы автомобильдiк өткізу бекеттерiнiң тізбесiнде:
3-тармақта:
мынадай мазмұндағы жетiншi абзацпен толықтырылсын:
"Қapacy Жамбыл облысы";
мынадай мазмұндағы он екiншi абзац:
"Қapacy Жамбыл облысы" алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрлiктерi, Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келісім бойынша) осы қаулыдан туындайтын iс-шараларды жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі көп жақты қатынас үшiн "Қapacy" халықаралық өткізу бекетiнiң ашылғаны туралы ақпаратты белгiленген тәртiппен мүдделi шетелдiк мемлекеттер өкілдiктерiнiң назарына жеткiзсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |