Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының стационарлық көлiктiк бақылау посттарының тiзбесiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 238 Қаулысы
(2013.09.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2010.28.06. № 655 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Автомобиль көлiгі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2010.28.06. № 655 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. ҚР Үкіметінің 2013.09.07. № 697 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль тасымалдарына бiрыңғай мемлекеттік бақылау жүйесiн құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 8 қыркүйектегі № 1358 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 38-39, 451-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1-тармақтың 3) тармақшасында:
«бiрлескен бақылау-өткізу бекеттерiн» деген сөздер «посттарын» деген сөзбен ауыстырылсын;
«мен Iшкi iстер министрлігінiң Жол полициясы департаментiнiң» деген сөздер алынып тасталсын.
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы автомобильдік өткізу бекеттерiнің тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 3 желтоқсандағы № 1556 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 3 желтоқсандағы № 1556 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 25 қарашадағы № 1251 қаулысы.
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткізу пункттерiнiң тiзбесi туралы ақпаратты белгiленген тәртiппен мүдделi шетел мемлекеттерi өкiлдiктерінің назарына жеткiзсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |
Тiзбесi. ҚР Үкіметінің 2013.09.07. № 697 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)