Тарату көрсеткішінің дұрыс ресімделуі үшін, сондай-ақ оған қажетті лауазымды адамдардың, мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың кіргізілгені немесе кіргізілмегені үшін жобаның Кеңседе өтуі үшін жауап беретін Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің басшысы жауапты болады.
Орындаушы шығаруға толық дайын қаулыны (өкімді) және оның ақпаратты электрондық жеткізгіштегі көшірмесін келісу парағына қолын қойғызып, үкіметтік шешімдерді шығару секторының меңгерушісіне тапсырады (немесе электрондық құжат форматында жібереді).
154. Үкімет қаулыларының жобалары Үкімет мәжілісінде қарағаннан немесе сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғаннан кейін үш күн ішінде Премьер-Министрге қол қоюға баяндалуға тиіс.
155. Үкіметтік шешімдерді шығару секторы Үкіметтің қол қойылған қаулысын ала отырып, істі түпкілікті қалыптастырады, онда бастапқы материалдардың және оларға қосымшалардың бар-жоғын, қажетті келісулер мен тарату көрсеткішінің бар-жоғын тексереді, жобалардың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің дәлме-дәлдігін 1 жұмыс күні ішінде қайта тексереді.
156. Істе барлық қажетті құжаттар болғанда және олар тиісінше орындалған кезде үкіметтік шешімдерді шығару секторының меңгерушісі Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісіне бұл туралы хабарлайды, одан кейін үкіметтік шешімдерді шығару секторының шығаруға жауапты тиісті қызметкері жобаны тіркейді және оны Үкіметтің елтаңбалық мөрімен куәландыруды және Кеңсенің осы жобаны дайындауды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесінің меңгерушісі қол қойған тарату көрсеткішіне сәйкес адресаттарға жөнелту үшін қызметтік хат-хабар секторына беруді қамтамасыз етеді. Жекелеген жағдайларда тарату көрсеткішіне сәйкес адресаттарға қаулылардан оларға қатысты бөлігіндегі үзінді көшірме ғана жіберіледі.
157. Үкімет қаулылары адресаттарға Үкіметтің елтаңбалық мөрімен, тиісті бланкілерде орындалған көшірмелердің мөрімен куәландырылған түрде ғана таратылады, ал олардың төлнұсқалары үкіметтік шешімдерді шығару секторында қалады.
158. Қаулыларды таратқаннан кейін үкіметтік шешімдерді шығару секторының шығаруға жауапты қызметкері істе бар құжаттардың тізбесін жасайды, оған қол қояды, істің парақтарын нөмірлейді, тарату көрсеткішінде даналар (тиражы) саны, жөнелту күні туралы белгілердің бар-жоғын тексереді, одан кейін сақтауға арналған істі ағымдағы мұрағатқа орналастырады және электрондық құжат айналымы жүйесі тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына есептік деректерді енгізеді.
159. Үкімет актілерінің, Премьер-Министр өкімдерінің және Кеңсенің басқа да құжаттарының ресімделуін бақылауды Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады.
160. Кеңсенің, басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне қаулылар мен өкімдердің көшірмелерін өз бетінше түсіруге тыйым салынады.
Қаулылар мен өкімдердің Үкімет мөрінің ксерокөшірмесі бар көшірмелері жарамсыз болады.
161. Қаулылардың (өкімдердің) түпнұсқалары танысу үшін осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның нұсқауы бойынша ғана Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі арқылы ұсынылуы мүмкін.
Қаулының (өкімнің) түпнұсқасын сұрату және қайтару туралы мәліметтерді үкіметтік шешімдерді шығару секторының тиісті қызметкері есепке алу журналында көрсетеді. Журнал нөмірленген, қатталып тігілген және мөрмен бекітілген болуы тиіс. Журналдың дұрыс толтырылуы және оның сақталуы үшін Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі бекіткен міндеттерді бөлуге сәйкес үкіметтік шешімдерді шығару секторының қызметкері жауапты болады.
8. Қызметтік құжаттарды, мөрлерді, бланкілерді және есепке
алу нысандарын сақтау мен пайдалану ережелерін сақтау
162. Кеңсе қызметкерлері құжаттармен жұмыс істеген кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларымен жұмыс істеу жөнінде белгіленген талаптарды қатаң сақтауға, мемлекеттік және қызметтік құпияны жария етпеуге, құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, жұмыс орнында қызметтік кабинеттерге бөгде адамдардың рұқсатсыз кіруі және олардың қызметтік құжаттармен танысуы, компьютерлерді, жазу машинкаларын, жазатын және көшіргіш қағаздарды, телефондарды және басқа да ұйымдастыру техникасы құралдарын пайдалануы мүмкіндігін болдырмайтындай тәртіп сақтауға міндетті. Қызметтік кабинеттердің кілтін есіктің сыртқы құлпында қалдыруға тыйым салынады.
Кеңсе құжаттары көшірмелерін Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің рұқсатынсыз кімге болса да беруге үзілді-кесілді тыйым салынады.
163. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Премьер-Министр берген өкілеттіктер сертификаттары көшірмелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Сертификаттар көшірмелері оларға қол қойылған күні бойынша жеке топтастырылады және құпия іс жүргізу секторында сақталады.
164. Елтаңбалы мөрлерді сақтау және қолдану тәртібі Үкіметтің жеке қаулысымен белгіленеді.
165. Кеңсе бланкілері құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторының өтінімдері бойынша, ал Кеңсе Басшысының бұйрықтары мен іссапар куәліктерінің бланкілері - Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімінің тапсырысы бойынша баспаханалық тәсілмен дайындалады.
Қаулылардың, өкімдердің және хаттардың бланкілері баспаханалық тәсілмен нөмірленеді.
Бланкілердің есебін жүргізу және Кеңсе бөлімшелеріне беру құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторына жүктеледі.
166. Кеңсе қызметкерлері құжаттарды жоғалтқаны, қызметтік ақпаратты жария еткені, құжаттармен жұмыс істеудің ережелерін және осы Нұсқаулықтың басқа да ережелерін бұзғаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.
9. Кеңсе қызметкері жұмысынан босаған немесе басқа
жұмысқа ауысқан кезде істер мен құжаттарды қабылдап алу,
беру, құжаттарды бір бөлімшеден екіншісіне беру
167. Кеңсе қызметкері жұмысынан босаған немесе басқа жұмысқа ауысқан кезде Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесі басшысының нұсқауы бойынша өзіндегі орындауға арналған барлық істер мен құжаттарды, жинақталған анықтамалық материалдарды осы бөлімшенің басқа қызметкеріне береді.
Бұл жағдайда құжаттарды беруші қызметкер екі данада қызметтік істерді қабылдап алу-беру туралы акт жасайды, онда берілетін құжаттар көрсетіледі және беру күніне шешілмеген мәселелердің орындалу жай-күйі сипатталады. Актінің екі данасына да құжаттарды беруші және қабылдап алушы қызметкерлер қол қояды және құрылымдық бөлімше басшысы бекітеді. Бір данасы Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің мұрағатына (бұдан әрі - Мұрағат) сақтауға беріледі, ал екінші данасы Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі құжаттарының есебін жүргізу және сақтау үшін жауапты адамда қалады.
Актінің негізінде осы құрылымдық бөлімшенің қызметкері құжаттарды басқа қызметкерге беру туралы тіркеу-бақылау карточкасына белгі қояды.
168. Құрылымдық бөлімшенің қабылдау бөлмесінің қызметкері жұмысынан босаған немесе басқа жұмысқа ауысқан кезде өзіндегі барлық құжаттарды (оның ішінде істерді, картотеканы, өзге де қызметтік құжаттарды) екі данада жасалған акт бойынша жаңадан тағайындалған қызметкерге (немесе бөлім меңгерушісінің нұсқауы бойынша басқа адамға) береді. Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің басшысы бекіткен актінің бір данасы мұрағатта сақтау үшін Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне беріледі.
169. Қызметкер демалысқа кеткенде немесе ұзақ іссапарға шыққанда ондағы орындауға арналған қызметтік құжаттар Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі басшысының нұсқауы бойынша басқа қызметкерге беріледі. Осы бөлімшенің қызметкері тіркеу-бақылау карточкаларына құжаттардың берілгені туралы белгі қояды. Егер қызметкер оралғаннан кейін құжаттар орындалмай қалса, олар карточкаға тиісті белгі соғыла отырып, оған қайтадан беріледі.
170. Құжаттарды Кеңсенің бір құрылымдық бөлімшесінен екіншісіне беру мынадай тұрғыда жүзеге асырылуы тиіс:
Үкімет немесе Кеңсе Басшылығының қарары болмаған жағдайда - құрылымдық бөлімшелер басшыларының (олардың орынбасарларының) уағдаласуы бойынша;
құжатқа Үкімет немесе Кеңсе Басшылығының Кеңсенің бір құрылымдық бөлімшесінің атына тапсырмасы бар қарары болған жағдайда, мұндай құжаттарды басқа бөлімшеге орындауға беру тек Кеңсе Басшысының немесе оның орынбасарларының нұсқауы негізінде қызметтік хат-хабар секторы арқылы мүмкін болады.
10. Істер номенклатурасын жасау және құжаттарды іске жинақтау
171. Істер номенклатурасы орындалған құжаттарды жинақтау және жүйелеу, істерді Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері мен мұрағатта сақтау, есепке алу мерзімдерін айқындау үшін қызмет етеді.
Номенклатураға кіргізілген істердің тақырыптары жұмыстың мазмұнын көрсетуі тиіс, ол бойынша құжаттар олардың түрлері (қаулылар, өкімдер, хаттамалар, жоспарлар, есептер, хат жазысулар және басқалары) көрсетіле отырып, істерге топтастырылады.
Жыл сайын (желтоқсанда) Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріндегі істер номенклатурасы нақтыланады және мұрағатпен келісіледі. Осы номенклатураның негізінде Кеңсе істерінің жиынтық номенклатурасы жасалады, ол Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатымен келісіліп, Кеңсе Басшысы бекітеді және жаңа жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. Жыл ішінде мұрағатпен келісім бойынша істердің бекітілген жиынтық номенклатурасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Ағымдағы іс жүргізуде құжаттарды істерге қалыптастыру
172. Істің нөмірі Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің индексі мен істің номенклатура бойынша нөмірінен тұрады (мысалы, № 5 - 8, мұнда 5 - құрылымдық бөлімшенің индексі, 8 - номенклатура бойынша істің нөмірі).
173. Істерді жинақтауды Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің осы бөлімшелердің ағымдағы мұрағаттарын жүргізуге жауапты қызметкерлері номенклатураға сәйкес жүзеге асырады. Құжаттардың мазмұны номенклатура бойынша істің тақырыбына сәйкес келуі тиіс. Іске керексіз нобайлықтарды, көбейтілген көшірмелерді және т.с.с. қосуға жол берілмейді.
Іске шешілген мәселелер бойынша құжаттар тігіледі, бұл ретте құжаттардың болуы, сондай-ақ олардың ресімделуінің дұрыстығы (қолдар, күндері, тіркеу нөмірлері, бұрыштамалар, қосымшалары, қарарлары, орындалғаны және «Іске» жіберілгені туралы белгілер) карточкамен салыстырылады. Орындалмаған және дұрыс ресімделмеген құжаттар орындаушыға қайтарылады.
Іске, әдетте, бір күнтізбелік жылдың құжаттары қосылады.
Ағымдағы жылда қойылған мәселелердің шешімі келесі жылдың іс қағаздарын жүргізумен аяқталған жағдайда, құжаттар индексі сақтала отырып, олар шешілген жылдың істеріне тігіледі.
Тұрақты және уақытша сақталатын құжаттар жеке істерге топтастырылады.
Әр іс көп дегенде 250 парақты (қалыңдығы 30-40 мм) қамтуы тиіс. Егер істе құжаттар көп болса, онда олар томдарға бөлінеді.
Әрбір том беттері дербес нөмірленген жеке істі білдіреді. Барлық томдағы тақырыптар бірыңғай болуы тиіс, осы томның ерекшеліктері ғана қосымша көрсетіледі.
Істің тақырыптары қысқа, қорытылған нысанда іс құжаттарының негізгі мазмұны мен құрылымын білдіруі тиіс.
174. Бір мәселе бойынша құжаттар мынадай тәртіппен қалыптастырылады:
мәселенің пайда болуына негіз болған құжат;
мәселе шешілген құжат;
осы мәселені шешуді негіздейтін қорытындылар, анықтамалар және басқа да құжаттар (хронологиялық тәртіппен немесе қисындық ретпен).
Тұрақты және уақытша сақтау мерзімді құжаттары бар істі Мұрағатқа тапсыруға дайындау кезінде ол кері қарай мынадай тәртіппен қайта қалыптастырады: күнтізбелік жылда соңғы түскен құжат істің соңында, ал күнтізбелік жылдың бірінші құжаты - бірінші болуы тиіс.
Үкімет мәжілістерінің хаттамаларына құжаттарды қалыптастыру
175. Үкімет мәжілістері хаттамаларының түпнұсқалары істе жеке топтастырылады және нөмірлері бойынша хронологиялық тәртіппен орналастырылады.
176. Үкімет мәжілістерінің хаттамаларына құжаттарды үкіметтік шешімдерді шығару секторы ресімдейді, олар әр хаттама бойынша жеке томдарға топтастырылады.
Бір хаттамаға қатысты құжаттар мәселелерді қараудың ретіне орай жүйеленеді және орналастырылады. Істің басында - өзіне қатысты құжаттармен бірге хаттаманың бақылау данасы, одан әрі әрбір мәселе бойынша мынадай тәртіппен топтастырылатын құжаттар:
мәселенің реттік нөмірі, оның қысқаша мазмұны және орындаушының тегі көрсетілген тақырыптық парақ;
осы мәселе бойынша мәжіліс хаттамасынан үзінді;
тарату көрсеткіші мен Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің анықтамасы;
осы мәселені шешуге қатысты хронологиялық тәртіппен жинақталған басқа да құжаттар.
Егер мәжілістің бір хаттамасына материалдар екі және одан көп томдарға жинақталса, онда барлық томның толық мазмұны бірінші томға, ал екіншісіне және одан кейінгілеріне - мазмұнның тек осы томға қатысты бөлігі ғана орналастырылады.
Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдеріне
құжаттарды қалыптастыру
177. Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің түпнұсқалары істе бөлек жинақталады. Әр томға мазмұны жасалады.
178. Орындаушы үкіметтік шешімдерді шығару секторына осы қаулыны немесе өкімді шығаруға негіз болған барлық құжатты: шешім жобасын, келісу парағын, келіспеушіліктер хаттамасын, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің анықтамаларын және басқа да қажетті құжаттарды (қорытындыларды, ұсынуларды, хаттамалық шешімдерді, Басшылық қарарларын, министрліктер қорытындыларын, мәліметтерді және т.с.с.) беруге міндетті.
179. Қаулылар мен өкімдерге құжаттар істе айлар бойынша жинақталады.
Істің ішінде құжаттар қаулылар мен өкімдердің нөмірлері ретімен орналастырылады.
Әрбір қаулыға (өкімге) құжаттар арнайы мұқабада мынадай тәртіппен орналастырылады: қаулы немесе өкім жобасының келісу парағы, қаулының (өкімнің) бақылау данасы, оларға қосымшалар, әзірлеушінің түсіндірме жазбасы, тарату көрсеткіші, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің анықтамалары, барлық қосымшасымен және бұрыштамалармен қоса жоба мен оның нұсқалары, қорытындылар және Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің өзге де анықтамалары (хронологиялық тәртіппен орналастырылады).
Әр іске мазмұны жасалады.
Президент актілерінің, Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің орындалуын
бақылау жөніндегі құжаттарды қалыптастыру
180. Бақылау жасалатын актілерге, қаулыларға, өкімдерге номенклатураға сәйкес бақылаулық жинақтаушы папкалар (істер) жүргізіледі.
Ондағы құжаттар мынадай тәртіппен топтастырылады:
бақылаудағы актінің, қаулының, өкімнің көшірмесі;
бақылаудан алу туралы анықтама (бақыланатын құжаттан кейін тігіледі);
жекелеген тармақтардың орындалу барысы туралы ақпарат пен басқа да құжаттар (хронологиялық тәртіппен орналастырылады).
181. Президент актілерін, Үкімет қаулыларын, Премьер-Министрдің өкімдерін орындау жөніндегі құжаттарды қамтитын істер ауыспалы болуы мүмкін және олар толық шешілгенге және бақылаудан алынғанға дейін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде сақталуы тиіс, одан кейін мұрағатқа беріледі.
11. Құжаттарды дайындау және бөлімдерден мұрағатқа беру
182. Мұрағат Кеңсе қызметінде пайда болған барлық іс жүргізілуі аяқталған құжаттарды және тұрақты да, уақытша да сақталатын істерді қабылдайды, есепке алады және сақтайды.
183. Өткен жыл ішінде іс жүргізілуі аяқталған істер Кеңсе Басшысы бекіткен кесте бойынша келесі жылдың наурызынан желтоқсанына дейін мұрағатқа қабылданады. Істерді тапсыруды Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің осы бөлімшелердің ағымдағы мұрағаттарын жүргізу үшін жауапты қызметкерлері жүзеге асырады.
184. Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда осы бөлімшенің қызметкері ол таратылған немесе қайта ұйымдастырылған сәттен бастап екі айдың ішінде барлық қолда бар құжатты істерге жинақтайды, істерді ресімдейді және сақтау мерзімдеріне қарамастан мұрағатқа береді.
185. Істермен қоса олармен мұрағаттың анықтамалық қорын толықтыру үшін құжаттарға арналған тіркеу-есеп карточкалары да беріледі.
186. Егер жекелеген істерді одан әрі жұмыс істеу үшін Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінде қалдыру қажет болса, онда мұрағат қызметкерлері құжаттарды есеп карточкаларымен салыстырғаннан және тиісті өңдегеннен кейін бұл істерді уақытша пайдалануға беруді ресімдейді.
187. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері істерді мұрағатқа тапсырар алдында мынадай дайындау жұмыстарын орындайды:
карточкаларды, электрондық құжат айналымы жүйесі тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына есептік деректерді әрбір іс бойынша құжаттардың іс жүзінде болуымен салыстыру;
төлнұсқада басқа ұйымдарға жолданған, келесі жылы орындауға ауыстырылатын, бөлімшеде басшылыққа алу үшін қалған және т.с.с. құжаттарды карточкалар бойынша салыстыру;
құжаттардың осы іске дұрыс тігілуін (құжаттар мазмұнының іс номенклатурасы бойынша тақырыпқа сәйкестігін) тексеру;
артық даналарын, керексіз нобайлық жазбаларды алып тастау (құжаттар тігілгенге дейін қыстырғыштар алынбайды).
188. Тұрақты сақталатын істер және жеке құрам жөніндегі құжаттар қатты мұқабаға (8-қосымша) тігіліп, металл қыстырғыштар алынып тасталады, парақтар оң жоғарғы жағында қара графит қаламмен мәтінге тигізілмей нөмірленеді, ішкі тізімдеме (9-қосымша) жасалады. Ішкі тізімдеме оларды сақтау мерзіміне қарамастан, «Ескертпе» деген бағанда тиісті негіздемелерге (актілерге, қызметтік жазбаларға) сілтемемен жоқ құжаттар көрсетіле отырып, барлық істе жасалады.
Істің соңында қызметкер санмен және жазумен істегі парақтардың саны көрсетілетін куәландыру жазбасын (10-қосымша) ресімдейді.
189. Тұрақты сақталатын істердің мұқабаларындағы барлық жазба қара сиямен немесе қара тушьпен анық жазылады.
190. Уақытша сақталатын құжаттары бар істер тігілмейді, тігінділерде қалдырылады, олардағы парақтар нөмірленбейді.
191. Мұрағат қызметкерлері құжаттардың іске жинақталуын тақырыптары мен сақталу мерзімдері бойынша тексереді.
Мұрағат істерді Кеңсенің осы құрылымдық бөлімшесінің істері номенклатурасының жылдық бөлімдері бойынша қабылдайды, онда тұрақты және уақытша сақтауға қабылданған істер саны туралы белгі қойылады.
Осы Нұсқаулықты бұза отырып ресімделген істер қайта ресімдеу үшін Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесіне қайтарылады.
192. Құжаттарды Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінен Мұрағатқа қабылдап алу және тапсыру осы бөлімшенің басшысы мен қызметкері және мұрағаттың меңгерушісі қол қойған актімен (11-қосымша) ресімделеді. Істердің бекітілген номенклатурасына мұрағат осы бөлімше бойынша қабылданған істер саны туралы белгі қояды.
Мұрағат қызметкерлері құжаттарды өңдеуді жүргізеді, сақталатын істердің құрамы мен мазмұнын ашатын тізімдеме жасайды.
193. Мұрағаттық құжаттардың мұрағатта сақталуы үшін жауапкершілік мұрағат меңгерушісіне жүктеледі.
Тұрақты сақтау мерзімі бар құжаттарды мұрағаттық істен алуға және оларға өзгерістер енгізуге тыйым салынады. Іс жүргізудегі немесе ағымдағы мұрағаттағы құжаттар зерттеушілерге берілмейді. 1990 жылға дейін Орталық мемлекеттік мұрағатта және 1994 жылдан бастап Ұлттық мұрағатта сақталатын Кеңсе құжаттары зерттеушілерге Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының Орталық мемлекеттік мұрағаты басшысының жазбаша өтінішінің негізінде және Кеңсе Басшысының рұқсатымен беріледі. Қажет болған кезде құжаттар Кеңсенің ағымдағы мұрағатынан Кеңсе қызметкерлеріне тиісті журналға белгі қойыла отырып, Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің рұқсатымен ғана 10 күннен аспайтын мерзімге берілуі мүмкін.
194. Мұрағат қызметкеріне мұрағаттық құжаттарды Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатына мемлекеттік сақтауға белгіленген мерзімдерде дайындау және тапсыру жүктеледі.
195. Мұрағат мекемелерге де, жекелеген азаматтарға да Үкіметтің мұрағаттық құжаттары бойынша анықтамаларды олардың жазбаша өтініші негізінде Кеңсе Басшысының рұқсатымен ғана береді.
196. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі мұрағаттық құжаттық материалдарды тұрақты, уақытша сақтауға немесе жоюға түпкілікті іріктеу жүргізетін, тұрақты жұмыс істейтін Сараптау комиссиясын құрады.
12. Машинамен жазу, көшіру-көбейту жұмыстары және диктофон жазбасы
197. Кеңсе Басшылығының құжаттарын басуды, Үкімет мәжілістерінің фонограммаларын толық жазуды және оларды қағазға басып шығаруды жедел басқарылуын Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асыратын «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМҚК-ның компьютерлік-диктофондық бюросы (бұдан әрі - компьютерлік-диктофондық бюро) қамтамасыз етеді. Барлық қалған машинамен жазу жұмыстарын Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері өз бетінше орындайды.
Компьютерлік-диктофондық бюрода қызметтік қажеттілікке байланысты өзге де құжаттарды басуға жол беріледі, ол Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің немесе оның орынбасарларының нұсқауы бойынша жүзеге асырылады. Құпия құжаттар компьютерлік-диктофондық бюроға құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторы арқылы беріледі.
198. Басу үшін компьютерлік-диктофондық бюроға берілетін қолжазбалар орфографиялық ережелер сақтала отырып, анық жазылған болуы тиіс. Қалай болса солай және түсініксіз жазылған нобайлық жазбалар немесе қаламмен түзетілген құжаттар басуға қабылданбайды.
199. Құжаттарды басу кезінде пайдаланылған нөмірі бар бланкілер арнайы журналда есепке алынады, онда бланкінің нөмірі, орындаушының тегі, басылған күні көрсетіледі.
200. Құжаттарды ксерокөшіру «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМҚК-ның кешіру-көбейту бюросында (бұдан әрі - көбейту-көшіру бюросы) Премьер-Министр Кеңсесінде құжаттар ксерокөшірмесін жасау тәртібіне (12-қосымша) сәйкес жүзеге асырылады.
Құпия құжаттарды Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің немесе оның орынбасарларының рұқсатымен құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторының қызметкерлері ғана ксерокөшіруге береді.
201. Үкімет мәжілістерінің, Үкімет пен Кеңсенің Басшылығында өткен кеңестердің фонограммаларын жазу және оларды толық жазу Кеңсе Басшысының нұсқауы бойынша жүзеге асырылады.
202. Премьер-Министрдің орынбасарларында өткен кеңестердің фонограммалары олардың нұсқауы бойынша ғана жазылады және, әдетте, толық жазылмайды, кеңестердің хаттамаларын дайындау үшін жауапты Кеңсе қызметкерлері хаттамаларды жасау кезінде тұжырымдарды нақтылау мақсатында дербес тыңдау үшін пайдаланылады.
13. Осы Нұсқаулықтың орындалуын бақылау
203. Осы Нұсқаулықтың орындалуын бақылауды Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады, оның Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде осы Нұсқаулықтың бұзылуы фактілерін анықтау мақсатында тексерулер жүргізуге және олардың нәтижелері бойынша Кеңсе Басшысына осы Нұсқаулықтың бұзылуына кінәлі қызметкерлерді жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізуге құқығы бар.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша
Құжаттарды тіркеуге арналған