Кеңседе тіркелген көрсетілген жобалар Басшылықтың қарауына енгізілгенге дейін бақылау секторымен келісілуге (бұрыштама соғылуға) тиіс. Басшылық кеңесшілеріне (көмекшілеріне) және қабылдау бөлмелерінің аға мамандарына мұндай жобаларды бақылау секторының келісімінсіз (бұрыштамасынсыз) қабылдауға тыйым салынады.
10. Орындаушы Президенттің және Yкіметтің бақылауға алынған әрбір кесіміне, Премьер-Министрдің өкіміне жинақтаушы папка (ic) ашады, және тіркеу-бақылау кәртішкесін толтырады.
Жинақтаушы папкалардағы құжаттар мынадай тәртіппен топталады:
бақылаудағы кесімнің (қаулының, өкімнің) көшірмесі;
құжатты бақылаудан алу туралы анықтама;
бақылаудағы құжаттың және оның жекелеген тармақтарының орындалу барысы туралы ақпарат пен басқа да құжаттар (хронологиялық тәртіппен орналастырылады).
Президенттің кесімдерін, Үкіметтің қаулыларын, Премьер-Министрдің өкімдерін орындау жөніндегі құжаттар бар істер көшірілуі және олар толық шешіліп, бақылаудан алынғанға дейін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде сақталуы мүмкін, одан кейін мұрағатқа тапсырылады.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 11-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан келіп түсетін бақылаудағы құжаттар мен олардың жекелеген тармақтарын орындау туралы есептер Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі. Бұл ретте есептердің төлнұсқалары - құжаттың тұтастай орындалуын бақылау бекітіліп берілген Кеңсенің құрылымдық бөлімшесіне, ал олардың көшірмелері Кеңсе Басшысы (оның міндетін атқарушы тұлға) бекіткен немесе оның тапсырмасымен бекітілген бекітіп беруге сәйкес бақылаудағы құжаттардың жекелеген тармақтарының орындалуына жауапты құрылымдық бөлімшелерге жіберіледі.
Егер орталық немесе жергілікті атқарушы органдар бақылаудағы құжаттың орындалуы туралы есептерді белгіленген мерзімде немесе толық көлемде тапсырмаса, онда нақты құжаттың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесі мемлекеттік органдар үшін белгіленген мерзім өткеннен кейін орындалу мерзімінің бұзылу себептері туралы Басшылыққа хабарлауға және осы бақылаудағы құжаттың одан әрі орындалуы жөнінде ұсыныс енгізуге тиіс.
ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300; 2005.14.04. № 358 Қаулыларымен 12-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12. Тұтастай алғанда, құжаттың немесе оның жекелеген тармақтарының бақылауы үшін жауапты Кеңседегі орындаушы мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан есепті алғаннан кейін құжаттың, сондай-ақ құпия сипаттағы құжаттың әрбір бақылаудағы тармағы бойынша есептің орындалу уақтылылығы, толықтығы және сапасы мәніне талдау жүргізеді, оның нәтижелері бойынша нақты қорытындылар мен ұсыныстары бар анықтама дайындайды. Есептерге талдау жүргізу мерзімі олардың Кеңседе тіркелген күнінен бастап 5 күннен аспауы тиіс.
Келіп түскен ақпараттың негізінде және талдау нәтижелеріне қарай орындаушы орындалу мерзімі аяқталғанға дейін үш күннен кешіктірмей Басшылыққа:
1) Президенттің кесімдері мен тапсырмалары бойынша - оларды бақылаудан алу туралы не орындау мерзімін ұзарту туралы, не құжаттарды Үкіметтің және/немесе Премьер-Министр Кеңсесінің жұмыс бабындағы бақылауына көшіру туралы Үкіметтің Басшылығы немесе Кеңсе Басшысы (ол болмаса - оның міндетін атқарушы адамның) атынан Президенттің Әкімшілігіне негізді хаттың белгіленген тәртіппен дайындалған жобасын;
2) үкіметтік шешімдер, хаттамалық шешімдер және Басшылықтың тапсырмалары бойынша - оларды бақылаудан алу, орындау мерзімін ұзарту немесе тиісті мемлекеттік органның жұмыс бабындағы бақылауына көшіру туралы ұсыныстармен бірге талдау нәтижелері бойынша анықтаманы ұсынады.
Бақылаудан алу, орындау мерзімін ұзарту немесе жұмыс бабындағы бақылауға көшіру Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның қарауы бойынша бөлімнің анықтамасы бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте орындаушы мемлекеттік органдарды үкіметтік шешімдер мен Басшылықтың тапсырмаларының орындалу мерзімінің ұзартылғаны немесе мемлекеттік органдардың жұмыс бабындағы бақылауына көшірілгені туралы хабардар етеді;
3) Үкіметтің Басшылығы мен Премьер-Министр Кеңсесінің тапсырмалары бойынша жекелеген бақылаудағы тармақтарды орындау орталық атқарушы органдардың жұмыс бабындағы бақылауына көшірілуі мүмкін.
13. Оларға Басшылықтың қарарлары бар, орындалу мерзімі көрсетілген құжаттарды, соның ішінде «шұғыл» немесе «жеделдетілсін» белгісімен, не оны бақылауға қою туралы нұсқау болса немесе «баяндалсын», «ұсыныс енгізілсін» және т.с.с. белгілері бар құжаттар адресаттарға жіберілуден бұрын міндетті түрде бақылау секторына тапсырылады да, ол құжатқа «БАҚЫЛАУҒА» немесе «БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ» мөртабанын қояды да, одан кейін құжаттар нысанасына қарай жіберу үшін қызметтік хат-хабар секторына тапсырылады.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 14-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14. Премьер-Министрде, оның орынбасарларында, Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысында өткен кеңестер хаттамаларының тармақтарын бақылауға қоюды Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстары бойынша Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 14-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 14-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14-1. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларын, Үкімет Бағдарламасын, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкімет мәжілістерінің хаттамаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын бекіту туралы Үкімет қаулыларының орындалуын бақылауды тұтастай алғанда Макроэкономикалық талдау және бағдарламалық мониторинг бөлімі жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15. Басшылықтың аймақтар әкімдеріне берген тапсырмаларының орындалуын бақылауды Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімі жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16. Құпия құжаттардың орындалу мерзімдерін бақылау Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің құпия іс жүргізуінде жүзеге асырылады.
17. ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 17-1-тармақпен толықтырылды
17-1. ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
18. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Кеңсенің Басшысымен келісім бойынша осы Нұсқаулықтың орындалуына тексеру жүргізуге және бұзылуы анықталған фактілер туралы шешім қабылдау үшін Басшылыққа баяндауға құқылы.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдарда
19. Бақылаудағы құжаттардың уақытылы әрі сапалы орындалуына, заңнамалық және нормативтік құқықтық кесімдер жобаларының әзірленуіне, олардың Қазақстан Республикасының Президенті мен Премьер-Министрдің қарауына ұсынылуы үшін жауапкершілік орталық атқарушы органдардың бірінші басшыларына, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне жүктеледі. Бұл ретте, көрсетілген органдардың басшылары бақылау жұмысын ұйымдастыруға жауапты бөлімшелер мен лауазымды адамдарды белгілейді.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 20-тармақ өзгертілді
20. Тапсырмаларды бірнеше мемлекеттік орган орындаған жағдайда атауының жанында «(шақыру)» белгісі бар орган жауапты болып табылады. Ол қосарлы орындаушылармен келіскеннен кейін ғана орындау мерзімін ауыстыру туралы ұсыныс енгізуге құқылы. Бұл ретте, қосарлы орындаушылар оған шақыру бекітілген жауапты органға, егер тиісті тапсырмамен өзгеше белгіленбесе, ол үшін белгіленген орындау мерзіміне дейін кемінде 3 күн бұрын, ал орындау мерзімі 5 күннен кем тапсырмалар бойынша - тапсырма келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өз ұсыныстарын енгізеді.
Ал, тапсырмада жауапты орындаушы белгіленбеген жағдайда, яғни «(шақыру)» белгісі болмаса, тапсырмада аталған барлық органдар тапсырма берушіге өз жауаптарын жібереді.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 20-1-тармақпен толықтырылды
20-1. Бақылаудағы құжаттарды орындау үшін дайындалған құжаттар оларды Кеңсеге енгізгенге дейін ведомстволық бақылау қызметтерімен оларда Басшылық тапсырмаларына сілтемелердің болуы, олардың ресімделуінің дұрыстығы, сондай-ақ Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдері жобаларының мәтіндерінде және оларда бекітілетін іс-шаралар жоспарларында келіспеушіліктердің жоқтығы мәніне келісілуі (бұрыштама қойылуы) тиіс.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 20-2-тармақпен толықтырылды
20-2. Үкімет мәжілістерінің және Премьер-Министрде өтетін кеңестердің хаттамаларындағы тапсырмаларды орындау туралы есептерді мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар, егер тапсырмада өзгеше белгіленбесе, оларды орындау мерзімі аяқталғанға дейін 3 күннен кешіктірмей, ал орындау мерзімі 5 күннен кем тапсырмалар бойынша - тиісті хаттама келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Кеңсеге ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 20-3-тармақпен толықтырылды
20-3. ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен 21-тармақ жаңа редакцияда
21. Бақылаудағы құжаттарды бақылаудан алу, орындалу мерзімдерін ұзарту мен орындалуы туралы жауаптарды (есептерді) ұсыну Қазақстан Республикасы Yкіметінің Регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.
22. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен алып тасталды
23. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен алып тасталды
24. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен алып тасталды
25. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен алып тасталды
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен нұсқаулық жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 қаңтардағы
№ 168 қаулысымен
бекітілген
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және
олардың орындалуын бақылау тәртібі туралы
НҰСҚАУЛЫҚ
1. Осы Нұсқаулық «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне (бұдан әрі - Кеңсе) келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін регламенттейді.
2. Осы Нұсқаулықтың сақталуын бақылауды Кеңсенің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады.
3. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініштер Кеңсеге келіп түскен күні белгіленген нысандағы есеп карточкалары бойынша (1-қосымша) Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің қызметтік хат-хабар секторында (бұдан әрі - қызметтік хат-хабар секторы) тіркеледі. Өтініштің бірінші бетіне мөртабан қойылады, онда жеке өтініштер үшін автордың тегінің бастапқы әрпінен және өтініштің реттік нөмірінен (мысалы, А-1780), ұжымдық өтініштер үшін индекс К/Е, нөмірі мен күнінен тұратын тіркеу индексі көрсетіледі. Күнді белгілеу мынадай кезектілікпен жүргізіледі: күні, айы, жылы (мысалы, 01.01.2008). Тіркеу индексі бір мезгілде кіріс және шығыс болып табылады және өтініштер бойынша барлық жауаптар осы нөмірмен тіркеледі. Бұдан кейін өтініш сипаттамасының коды қойылады. Бұдан кейін хатқа аннотация жасалады, ол жүйелі, қысқа, өтініштің (ұсыныстың, арыздың не шағымның) мазмұнын көрсетуге тиіс. Бұл ретте есеп карточкасындағы жазба өтінішті қарауға жіберудің адрестілігін негіздеуі қажет.
Жеке тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізу және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың және осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес басқа іс жүргізу түрлерінен бөлек жүргізіледі.
Осы Нұсқаулықтың ережелері электрондық цифрлық қолтаңбаны тексерудің оң нәтижесін белгіленген тәртіппен анықтау туралы растамасы бар электрондық құжаттарды қоса алғанда, тасымалдаушының түріне қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыруға қолданылады.
Өтініштерді қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.
4. Премьер-Министрдің Кеңсесіне тікелей жазбаша өтініш берген өтініш берушіге күні мен уақытын, қызметтік хат-хабар секторының өтінішті қабылдаған қызметкерінің тегі мен аты-жөні көрсетіліп, тиісті мөртабанмен куәландырылған А5 форматты талон беріледі.
5. Егер бірінші өтінішті тіркеген уақыттан бастап заңнамада белгіленген қарау мерзімі аяқталса немесе өтініш беруші өзінің өтініші бойынша қабылданған шешіммен келіспесе, сол адамнан сол бір мәселе бойынша келіп түскен жеке немесе заңды тұлғалардың өтініштері қайталама болып саналады. Сол автордың әр түрлі мәселелер бойынша өтініштері бастапқы болып саналады.
Сол бір адамның мүддесімен сол бір мәселе бойынша бірнеше өтініш түскен кезде бірінші өтініш негізгі өтініш ретінде тіркеледі, ал кейінгілері негізгі өтінішке толықтырылады және өтініш берушілерді бірінші өтініш келіп түскен күннен бастап есептелетін белгіленген мерзім шегінде оларды шешу нәтижелері туралы хабарлай отырып, бір өтініш ретінде қаралады.
Олар бойынша авторға толымды жауап берілген сол бір мәселе бойынша көп мәрте келген өтініштер қайталама болып саналмайды және қаралмайды.
Автор күнтізбелік бір жылдың ішінде сол бір мәселені қоятын жеке тұлғалардың қайталама өтініштеріне «екінші», «үшінші» деп және одан әрі көрсетіле отырып, бастапқы өтініштің тіркеу нөмірі қойылады, ал «қайталама» деген белгісі бар есеп карточкасы бастапқысымен бірге ағымдағы жылдың картотекасына орналастырылады. Қайталама өтініштерге оның алдындағы өтініштерді қарау материалдары қосып қойылады.
Кеңсенің қызметтік хат-хабар секторында немесе құрылымдық бөлімшелерінде толымды жауаптары бар жеке немесе заңды тұлғалардың бұрын қаралған қайталама өтініштері қосымша қарауға жатпайды, өтініш берушіге үш күн мерзімде бұл туралы хабарланады.
6. Өтініштер мазмұнына қарай Премьер-Министрге, оның орынбасарларына, Кеңсе Басшысына немесе оның орынбасарларына (бұдан әрі - Басшылық) баяндалады немесе Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі алдын ала қарау және Басшылық қарарын дайындау үшін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне береді не олардың құзыретіне сәйкес орталық және жергілікті атқарушы және өзге де органдардың атына үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жолдайды.
Өтініштерді Кеңсенің бір құрылымдық бөлімшесінен екіншісіне беру тек олардың басшыларының келісімі бойынша есеп карточкасында тиісті белгі жасалып, Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің қызметтік хат-хабар секторы арқылы жүргізіледі.
7. Жеке тұлғалардың өтініштері орталық және жергілікті атқарушы және өзге де органдардың атына олар құзыретіне сәйкес қарауы үшін Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі қол қойған ілеспе хатпен бірге дереу жіберіледі.
8. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің қызметтік хат-хабар секторы Басшылықтың жеке тұлғалардың өтініштері бойынша Кеңсеге жауап ұсынуды талап ететін «баяндалсын», «хабарласын» деген және басқа да нақты мерзімдері көрсетілген белгісі бар тапсырмаларын бақылауға алады, бұл ретте өтініштер мен карточкаларға «БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ» («Взято на контроль») және «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жауаппен бірге қайтарылуға жатады» («Подлежит возврату в Канцелярию Премьер-Министра Республики Казахстан вместе с ответом») деген мөртабандар қойылады.
9. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне жіберілген Басшылықтың жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тапсырмаларының орындалуын бақылау олардың басшыларына жүктеледі.
Егер жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін қарау Кеңсенің бірнеше құрылымдық бөлімшелеріне тапсырылса, онда қарарда бірінші көрсетілген не атауының тұсында «(жинақтау)» деген белгі тұрған бөлімше орындалуын бақылау үшін жауапты болып табылады.
10. Басшылықтың нұсқауы бойынша жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, ол қосымша бақылауға алынады, хаттың есеп карточкасының тыс жағына қызметтік хат-хабар секторы бұл туралы белгі қояды, тиісті түзету енгізіледі және электрондық құжат айналымы жүйесінің тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына тиісті есепті деректер енгізіледі.
11. Жеке тұлғалардың өтініштеріне Басшылық тапсырмаларының орындалу мерзімі 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын, ал қосымша зерделеуді және тексеру жүргізуді талап етпейтіндер 15 (он бес) күнтізбелік күннен аспайтын болып белгіленеді және оларды Кеңсеге тіркеген күннен бастап есептеледі.
Егер оған жауапта өтініштерде қойылған мәселелерді іс жүзінде шешу бойынша қабылданған шаралар туралы деректер қамтылмаса, өтінішті қарауды аяқталды деп санауға болмайды.
Өтініштерді қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда оларды қарау мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспай ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 күнтізбелік күн ішінде өтініш берушіге хабарланады.
Өтініштердің нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірі қабылданады:
1) өтініштерді толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы;
2) мұндай шешім қабылдаудың негізділігімен өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы;
3) өтініштің мән-жайы бойынша түсініктеме беру туралы;
4) өтінішті қарауды тоқтату туралы.
12. Жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін бақылаудан, әдетте, оның тапсырмасы бойынша қаралған лауазымды тұлғаның өзі алады. Бұл ретте оның тиісті қарары өтінішті бақылаудан алу үшін негіздеме болып табылады.
Бақылаудағы өтініштерге жауаптар түскен кезде Кеңсенің олардың орындалуы үшін жауапты құрылымдық бөлімшелері өтініштерде қойылған мәселелерді шешудің сапасы мен толықтығын зерделейді және Басшылыққа қарау нәтижелері туралы бақылаудан алу, орындау мерзімін ұзарту немесе басқа да іс-әрекеттер туралы ұсыныспен бірге баяндайды. Жеке және заңды тұлғалардың бақылаудан алынған өтініштері бойынша Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріндегі орындаушылар есеп карточкасындағы тиісті бағанды толтырады, одан кейін өтініштер мен оларға материалдар құрылымдық бөлімшенің ағымдағы мұрағатына есеп карточкаларымен бірге тапсырылады.
13. Өтініш берушінің авторлығын белгілеу мүмкін емес, қолы, оның ішінде электрондық цифрлық қолы қойылмаған, почталық мекен-жайы көрсетілмеген өтініштері жасырын өтініштер деп саналады және оған мұндай өтініште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке қауіп-қатер туралы мәліметтер қамтылатын және мұндай жағдайда қызметтік хат-хабар секторы Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісіне баяндалғаннан кейін олардың құзыретіне сәйкес мемлекеттік органдарға жедел қайта жіберілетін жағдайларды қоспағанда, қаралуға жатпайды.
Сондай-ақ мәселенің мән-жайы баяндалмаған өтініштер қаралуға жатпайды.
14. Күнтізбелік жыл аяқталған соң жеке және заңды тұлғалардың қаралған өтініштері мен оларға барлық материалдар іске түзіледі және мұрағатқа тапсырылады.
Бүркеншік өтініштер қызметтік хат-хабар секторында бір жыл сақталады, одан кейін актімен жойылады.
15. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен оларға қатысты материалдар мұрағаттан Кеңсе қызметкерлеріне Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің немесе оның орынбасарының рұқсатымен ғана беріледі.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, азаматтардың өтініштерін қарау туралы статистикалық деректер есепті кезеңдерде белгіленген тәртіппен ұсынылады.
16. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды Кеңсе Басшысы бекіткен кестеге сәйкес бөлімдердің басшылары және ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторлары Кеңсенің Азаматтарды қабылдау бөлмесінде жүргізеді. Жеке қабылдау кестесі Кеңсенің Азаматтарды қабылдау бөлмесінің кіреберісінде ақпараттық қабырғаға ілінеді.
Азаматтарды қабылдаудың есебі өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, оның жұмыс орны, лауазымы, мекен-жайы, өтініштің және тапсырманың қысқаша мазмұны және қарау нәтижелері көрсетіле отырып, карточкалар (2-қосымша) бойынша жүргізіледі.
Егер өтініш немесе шағым қабылдау кезінде шешілмейтін болса, онда азаматтар көтеріп отырған мәселелер жазбаша түрде жазылады және онымен әрі қарай жұмыс істеу азаматтардың хаттарымен жұмыс сияқты жүргізіледі.
17. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және оларға Басшылық тапсырмаларының орындалуы мерзімдерін бақылауды Кеңсенің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады.
18. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды тікелей өздері басқаратын мемлекеттік органдарда жүргізеді.
* Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300, 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 358 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін
қарау және олардың орындалуын бақылау
тәртібі туралы нұсқаулыққа
1-қосымша
(карточканың беткі жағы)
Түскен өтінішті
ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ
ТІРКЕУ
___________________________________________________________________
Өтініш берушінің Т.А.Ә.
мекен-жайы Тіркеу нөмірі Тіркелген күні
___________________________________________________________________
Өтініш сипаттамасының коды
___________________________________________________________________
Әлеуметтік жағдайы Өтініштің қысқаша түсініктемесі
Ұсыныс, өтініші, шағым, лебіз, сауал
Өтініш қай тілде жазылған
Қарарды орындаушының шифрі
___________________________________________________________________
(карточканың артқы беті)
Күні | Өтінішті кім жіберді, кімге | Қолхат |
Істі сақтау/том:
Орындалуы дейін ұзартылды
Бақылаудан алынды:
Тексерудің қорытындысы:
Құрылымдық бөлімше бақылауға қойды:
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін
қарау және олардың орындалуын бақылау
тәртібі туралы нұсқаулыққа
2-қосымша
(карточканың беткі жағы)
КЕЛУШІЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ 200_жылгы «__»»____________№________ (қабылданған күн) Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты______________________ ______________________________________________________________ Жұмыс орны және атқарып отырған лауазымы______________________ ______________________________________________________________ Тұрғылықты мекен-жайы_________________________________________ ______________________________________________________________ Өтініштің қысқаша мазмұны_____________________________________ ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ Қабылдау жүргізушінің тегі____________________________________ ______________________________________________________________ |
_________________________________________________________
(карточканың артқы беті)
Кімге және не тапсырылды, күні________________________________ ______________________________________________________________ Өтінішті қарау нәтижелері_____________________________________ ______________________________________________________________ Жауапты қашан және кім берді__________________________________ ______________________________________________________________ |