12) сақтандыру сомасы - сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы;
13) сақтандыру сыйлықақысы - сақтанушы сақтандырушыға соңғысы сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттемелер қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы;
14) сақтандыру төлемi - сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы;
15) сақтандырушы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен, Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған сома (сақтандыру сомасы) шегiнде сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттi заңды тұлға;
16) сақтандырылушы - өзiне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға;
17) сақтанушы - сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға. Егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы бiр мезгiлде сақтандырылушы болып табылады;
18) стандартты шарт - сақтандыру полисiнде көрсетiлген көлiк құралының иесi болып табылатын жеке немесе заңды тұлғамен жасалатын және бiр немесе бiрнеше сақтандырылушы тұлғаға қатысты қолданылатын көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты;
19) тiкелей реттеу - көлiк оқиғасында жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеудi жәбiрленушiмен көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы жүзеге асыратын сақтандыру төлемiн жүзеге асыру тетiгi.»;
2) 5-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мынадай көлiк құралдары:
1) iшкi iстер органдарының жол полициясы бөлiмшелерiнде тiркелген (мемлекеттік тiркеуге жататын) жеңiл, жүк автомобильдерi, автобустар, шағын автобустар және олардың негiзiнде жасалған көлiк құралдары, мотокөлiк және олардың тiркемелерi (жартылай тiркемелерi), сондай-ақ трамвайлар мен троллейбустар;
2) Қазақстан Республикасының аумағына уақытша енген (әкелiнген) көлiк құралы;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген, жасаушы ұйымдардан, жөндеу және сауда ұйымдарынан, кедендiк бақылау органдарынан тiркеу орнына өз бетiнше жүргiзiлiп әкелiнген, сондай-ақ iшкi iстер органдарының жол полициясы бөлiмшесi көлiк иесiнiң тұрғылықты жерiнiң өзгеруiне немесе меншiк құқығының өзгеруiне байланысты тiркеуден шығарған көлiк құралы иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жатады.»;
3) 8-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорымен қатысу шартын жасасуға және көрсетiлген Қорды құру және оның қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңында айқындалған тәртiппен оның акционерi болуға;»;
3) тармақшадағы «агенттерiнiң болуы мiндеттi» деген сөздер «агенттерiнiң болуы;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөніндегі деректер базасын (бұдан әрi - деректер базасы) қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйыммен ақпарат беру және сақтандыру есептерiн алу туралы шарт жасасуға мiндеттi.»;
4-тармақ алып тасталсын;
4) 8-1-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1. Деректер базасы»;
1-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2- тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйым:
1) ақпарат жеткізушiлермен ақпарат беру туралы және (немесе) сақтандыру есептерiн алушылармен сақтандыру есептерiн алу туралы шарттар жасасуға;
2) ақпарат жеткізушiлерден сақтандыру есептерiн қалыптастыратын толық және шынайы ақпаратты талап етуге;
3) ақпарат жеткізушi берген ақпаратты, оның дұрыс немесе толық ресiмделмеуiне, ақпарат жеткізушiнiң, сақтандыру есебiн алушының, деректер базасы субъектiсiнiң деректерi пайдаланылатын ақпараттық жүйенiң талаптарына сәйкес келмеуiне байланысты, оны деректер базасында пайдаланбастан қайтаруға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Заңға сәйкес жасалған шарттарда көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
4-2. Деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйым:
1) сақтандыру есептерiн қалыптастыруды жүзеге асыруға;
2) осы Заңда және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген тәртiппен сақтандыру есептерiн ұсынуға;
3) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру есептеріндегі ақпараттың ашылуына жол бермеуге;
4) егер алушыға берiлген сақтандыру есебiнде деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйым қызметкерлерiнiң iс-әрекеттерi немесе әрекетсiздiктерi салдарынан деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымға ақпарат жеткізушiлер ұсынған ақпаратқа сәйкес келмейтiн ақпарат болса, көрсетiлген сәйкессiздiк анықталған кезден бастап, бес жұмыс күнi iшiнде сақтандыру есебiн алушыға және деректер базасының субъектiсiне түзетiлген сақтандыру есебiн ұсынуға мiндеттi.
Деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйым берген сақтандыру есебiнiң сәйкессiздiгi фактiсiн ақпарат жеткізушiнiң растауы қажет болған жағдайда, сақтандыру есебiн алушыға және деректер базасының субъектiсiне түзетiлген сақтандыру есебiн ұсыну мерзiмiнiң есептелуi деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйым ақпарат жеткізушiден тиiстi ақпаратты осы баптың 7-тармағының 7) тармақшасында белгiленген мерзiмде алған кезден бастап жүзеге асырылады;
5) деректер базасы субъектiсiнiң өтiнiшi бойынша, оған деректер базасының субъектiсi дау айтып отырған ақпаратты берген ақпарат жеткізушi туралы мәлiметтер ұсынуға;
6) егер сақтандыру есебiн ұсыну туралы сауал салу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптар бұзыла отырып жасалса, оны ұсынудан бас тартуға;
7) сақтандыру есептерiн ұсыну туралы сауал салуды есепке алу мен ұсынылған сақтандыру есептерiн есепке алуды жүргiзуге;
8) ақпарат жеткізушiге, тиiстi негiздер болған жағдайда, қайта ресiмдеуге немесе нақтылауға жататын келiп түскен ақпаратты түзету, толықтыру туралы талаппен жүгiнуге;
9) ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалануға;
10) осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген ақпарат жеткізушiлерге деректер базасының ақпараттық ресурстарын құруға қатысуда және оған қол жеткізуде тең жағдайларды қамтамасыз етуге;
11) уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамаcында көзделген өзiнiң функцияларын iске асыру мақсатында сұратқан ақпаратты, оның iшiнде:
осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген ақпарат жеткізушiлердiң, берiлуi осы Заңмен және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен талап етiлетiн ақпаратты бермегенi, уақтылы бермегенi не толық көлемде бермегенi туралы ақпаратты;
осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген ақпарат жеткізушiлермен осы Заңның 19-бабының талаптарын бұза отырып есептелген сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерi туралы ақпаратты беруге;
12) уәкiлеттi органның деректер базасына қол жеткізуiне жағдай жасауға;
13) субъект өтiнiш жасаған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оған деректер базасынан мiндетiне көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша мәлiметтердi деректер базасына енгізу кiретiн сақтандырушының (ақпарат берушiнiң) сақтанушымен жасасқан көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты туралы мәлiметтердiң бар екендiгi туралы ақпаратты беруге;
14) жәбiрленушiнiң немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жәбiрленушiнiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамның жазбаша өтiнiшiн алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде сақтандыру жағдайын растайтын құжат болған кезде көлiк оқиғасына кiнәлi болып табылатын сақтанушының сақтандыру полисiнiң (сақтанушының тегi, аты, болған жағдайда - әкесiнiң аты, көлiк құралын тiркеудiң мемлекеттік нөмiрi, нөмiрi және берiлген күнi) бар не жоқ екендiгi туралы мәлiметтердi жазбаша түрде беруге;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында және ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерiн алу туралы шарттарда белгiленген өзге де талаптарды сақтауға мiндеттi.»;
7-тармақтың 6) тармақшасындағы «қамтамасыз етуге мiндеттi.» деген сөздер «қамтамасыз етуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) осы баптың 4-2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымға үш жұмыс күн iшiнде ақпаратты беруге мiндеттi.»;
8-тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасындағы «мемлекеттік органдар сақтандыру есебiн алушылар болып табылады.» деген сөздер «мемлекеттік органдар;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) осы Заңда көзделген жағдайларда дауларды қараған кезде сақтандыру омбудсманы;
7) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 830-бабының 5-тармағында аталған тұлғалар сақтандыру есебiн алушылар болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 10-1 және 10-2-тармақтармен толықтырылсын:
«10-1. Деректер базасының субъектiсi:
1) осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес өзi туралы сақтандыру есебiн алуға;
2) сақтандыру шартын жасасқан кезде осы баптың 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген сақтандыру есебiн алушыдан сақтандыру есебiмен таныстыруды не осы алушының деректер базасынан алған сақтандыру есебiнiң көшiрмесiн өзiне берудi талап етуге;
3) ақпаратты жеткізушi туралы мәлiметтердi ала отырып, сақтандыру есебіндегі ақпаратпен келiспейтiнiн мәлiмдеуге;
4) ақпаратты жеткізушiге және деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымға дұрыс емес ақпаратты түзету туралы талаппен жүгiнуге;
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
10-2. Уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілері осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген ақпарат жеткізушiлердiң, олардың деректер базасын құруға және қорғауға қатысу жөніндегі ақпарат жеткізушiлер ретіндегі қызметiне қатысты бөлiгiнде орындауы үшiн мiндеттi.»;
5) 8-2-бапта:
тақырыпта «ұсынылатын ақпарат» деген сөздер кейiн «берiлетiн ақпарат және оны табыс ету мерзiмi» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сақтандырушылар осы Заңда және ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерiн алу туралы шартта көзделген тәртiппен, мерзiмдерде және көлемде өздерiмен сақтандыру шартын жасасқан сақтанушы (сақтандырылушы), көлiк құралы (көлiк құралдары), әрбiр жасалған сақтандыру шарты, сақтандыру сыйлықақыларының көлемi, сақтандыру жағдайлары, сондай-ақ сақтандыру төлемдерiнiң сомалары (мүлiк және денсаулық жөніндегі төлемдер бойынша) туралы ақпарат ұсынады.
Сақтандырушы деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымға табыс ететiн сақтанушы (сақтандырылушы), көлiк құралы (көлiк құралдары) туралы мәлiметтер осы Заңның 10-бабының 5-тармағында көзделген сақтанушының өтiнiшiнде көрсетiлген сақтанушы (сақтандырылушы), көлiк құралы (көлiк құралдары) туралы мәлiметтерге сәйкес келуге тиiс.»;
3-тармақ «пайдалана отырып,» деген сөздерден кейiн «уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген мерзiмдерде» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ алып тасталсын;
6) мынадай мазмұндағы 8-3-баппен толықтырылсын:
«8-3-бап. Ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерiн алу туралы шарттың мiндеттi талаптары
Ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерiн алу туралы шартта:
1) тараптардың толық атауы, олардың орналасқан жерi мен банк деректемелерi туралы мәлiметтер;
2) осы Заңға сәйкес келетiн шарттың нысанасы туралы нұсқау;
3) деректер базасын қалыптастыруға арналған ақпараттың түрлерi, көлемi, оны берудiң мерзiмдерi (кезеңдiлiгi), тәртібі;
4) сақтандыру есептеріндегі ақпараттың түрлерi, мерзiмдерi (кезеңдiлiгi), көлемi және сақтандыру есептерiн алу тәртібі;
5) тараптардың осы Заңға сәйкес келетiн құқықтары мен мiндеттерi;
6) деректер базасынан ақпарат беру жөніндегі қызметтерге ақы төлеу тәртібі;
7) шарттың қолданылу мерзiмi, осы Заңда көзделген жағдайларда шартты орындаудан бiржақты бас тартқан кезде оны өзгертудiң, бұзудың негiздерi мен тәртібі, сондай-ақ, шарт бойынша мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн тұрақсыздық айыппұлының мөлшерi;
8) ақпарат жеткізушiнiң деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымға жiберiлетiн барлық ақпаратқа қатысты құпиялылық режимiн сақтау туралы мiндеттемесi;
9) деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымның барлық алынатын ақпаратқа қатысты құпиялылық режимiн сақтау туралы мiндеттемесi;
10) ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерiн алу туралы шартты бұзғаны үшiн тараптардың жауапкершiлiгi туралы талаптар болуға тиiс.
Шартты орындаудан бiржақты бас тарту сақтандыру ұйымы көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензияны ерiктi түрде қайтарған, сондай-ақ одан айрылған жағдайларда ғана мүмкiн болады. Бұл ретте, сақтандыру ұйымы қолданыстағы көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарының мерзiмi аяқталғанға дейiн деректер базасына осы бапта көзделген ақпаратты беруге мiндеттi.
Осы Заңның 8-1-бабының 5-тармағында көрсетiлген ақпарат жеткізушiлермен ақпаратты беру туралы шарт жасасқан кезде ақпараттық жүйелердi қалыптастыру және пайдалану кезiнде қолданылатын деректер базасын және көрсетiлген ақпараттық жүйелердi қорғау құралдарын құру үшiн пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етудi қорғау жөніндегі ұйымдастырушылық, техникалық шаралар мен технологиялық талаптарды бiрлесiп iске асыру мiндеттілігi туралы талап мiндеттi түрде енгiзiлуге жатады.»;
7) 9-баптың 3-тармағында:
бiрiншi бөлiкте:
«сақтандыру жағдайының» деген сөздер «көлiк оқиғасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiк мынадай сөздермен толықтырылсын:
«, бұл ретте сақтандырушы өтiнiштi қабылдаудан бас тартуға құқылы емес»;
8) 10-бапта:
5-тармақта:
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
15-тармағы 8) тармақшасының төртiншi абзацы 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
«Сақтандыру полисi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнiң талаптарына сәйкес берiледi және онда деректер базасынан алынған ақпарат, сондай-ақ бiрегей нөмiр болады.»;
екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау үшiн сақтанушының өтiнiшi негiз болып табылады. Өтiнiштiң мазмұнына қойылатын талаптар және өтiнiште көрсетiлген мәлiметтердi растайтын құжаттар көшiрмелерiнiң тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Сақтандыру полисiне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берiлмейдi.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Сақтандыру полисi жоғалған жағдайда сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) жазбаша өтiнiшi негiзiнде оған сақтандыру полисiнiң телнұсқасын беруге мiндеттi.
Жоғалған сақтандыру полисi телнұсқа берiлгеннен кейiн жарамсыз деп есептеледi және ол бойынша сақтандыру төлемi жүргiзiлмейдi.
Сақтандыру полисi жоғалған жағдайда оның телнұсқасын ресiмдеу кезiнде iс жүргiзуге жұмсалған сақтандырушының шығынын сақтанушы (сақтандырылушы) тиiстi өтiнiш берiлген күнi Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңына сәйкес белгiленген 0,1 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде өтейдi.»;
мынадай мазмұндағы 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын:
«9. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеудi жеке тұлға бiржолғы төлеммен жүргiзедi.
10. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын оларды мемлекеттік техникалық тексерiп-қарау өткiзiлетiн жерлерде және iшкi iстер органдары жол полициясының тiркеу бөлiмшелерiнде жасауға тыйым салынады.»;
9) 11-баптың 4 және 6-тармақтары алып тасталсын;
10) 12-баптың 4 және 6-тармақтары алып тасталсын;
11) 13-бапта:
11) тармақшасының екiншi абзацы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi
1-тармақтың 3) тармақшасындағы «денсаулығына және өмiрiне зиян келтiргенi үшiн өз жауапкершiлiгiн» деген сөздер «оны жазатайым оқиғалардан» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын осы баптың 3-тармағында көзделгеннен өзгеше мерзiмге:
1) көлiк құралын маусымдық, бiрақ кемiнде алты ай пайдаланған кезде;
2) сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесiнiң мәжбүрлеп таратылатын қатысушысы-сақтандыру ұйымының кредиторларымен (сақтанушыларымен);
3) осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда, көлiк құралының мемлекеттік тiркелуiнiң алдындағы мерзiмге, бiрақ кемiнде күнтiзбелiк бес күнге;
4) көлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кiрген жағдайда уақытша кiрген бүкiл кезеңге, бiрақ кемiнде күнтiзбелiк бес күнге жасасуға жол берiледi.»;
5-тармақ алып тасталсын;
12) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату
1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген жағдайларда мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.
2. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату үшiн сақтанушы (сақтанушы қайтыс болған жағдайда - оның мұрагерi (мұрагерлерi) сақтандырушыға жазбаша өтiнiш бередi.
3. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату және осы сақтандырушымен жаңадан көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезiнде сақтанушының мына формула бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақысының бөлiгiн қайтарып алуға құқығы бар:
ССБ = СС*n / N, мұнда:
ССБ - сақтандырушы ұстап қалатын сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi (теңгемен);
СС - көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша төленген сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi (теңгемен);
n - көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты күшiне енген кезден бастап өтiнiш берiлген күндi қоса алғанда, оны мерзiмiнен бұрын тоқтатқан кезге дейiнгi мерзiм (күнмен);
N - көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының жасалған мерзiмi (күнмен).
4. Осы баптың 3-тармағында көзделген талаптар сақталмаған кезде, сақтанушының көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде сақтандыру сыйлықақысының бiр бөлiгiн мынадай мөлшерде қайтарып алуға құқығы бар:
Рет № | Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты күшіне енген кезден бастап оны мерзімінен бұрын тоқтатқан кезге дейін өткен мерзім | Сақтандырушы ұстап қалатын сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (жылдық сақтандыру сыйлықақысынан процент есебімен) |
1 | 2 | 3 |
1 | 15 күнге дейін, қоса алғанда | 15 |
2 | 16 күннен 1 айға дейін, қоса алғанда | 20 |
3 | 1 айдан 2 айға дейін, қоса алғанда | 30 |
4 | 2 айдан 3 айға дейін, қоса алғанда | 40 |
5 | 3 айдан 4 айға дейін, қоса алғанда | 50 |
6 | 4 айдан 5 айға дейін, қоса алғанда | 60 |
7 | 5 айдан 6 айға дейін, қоса алғанда | 70 |
8 | 6 айдан 7 айға дейін, қоса алғанда | 75 |
9 | 7 айдан 8 айға дейін, қоса алғанда | 80 |
10 | 8 айдан 9 айға дейін, қоса алғанда | 85 |
11 | 9 айдан 10 айға дейін, қоса алғанда | 90 |
12 | 10 айдан 11 айға дейін, қоса алғанда | 95 |
13 | 11 айдан жоғары | 100 |
»;
13) 16-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымнан мiндетiне сақтанушы жөніндегі мәлiметтердi деректер базасына енгізу кiретiн сақтандырушының сақтанушымен жасасқан көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты туралы мәлiметтердiң деректер базасында бар екендiгi туралы ақпаратты сұратуға құқылы. Осы құқық сақтандырылған адамға да қолданылады;»;
3) тармақшадағы «денсаулығына және (немесе)» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын мәселелердi реттеу үшiн сақтандыру омбудсманына өтiнiш жасауға;»;
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезiнде сақтандырушыға өзi, сақтандыру полисiне енгiзiлген әрбiр сақтандырылушы, көлiк құралы (көлiк құралдары), қосарланған сақтандыру, көлiк құралдарын маусымдық пайдалану, Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кiру және осы Заңда көзделген тәртiппен сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн азайтуға берiлген құқық туралы өтiнiшке енгізу үшiн қажеттi мәлiметтердi және өтiнiште көрсетiлген мәлiметтердi растайтын қажеттi құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға;»;
3) тармақшаның бiрiншi сөйлемi «бұл туралы» деген сөздерден кейiн «көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшадағы «олардың талабы бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
14) 17-баптың 2-тармағында:
3) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) жәбiрленушiнiң немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жәбiрленушiнiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтеткізуге құқығы бар адамдардың жазбаша өтiнiшiн алған күнiнен бастап жұмыс күнi iшiнде сақтандыру жағдайын растайтын құжат болған кезде көлiк оқиғасына кiнәлi болып табылатын сақтанушының сақтандыру полисiнiң (сақтанушының тегi, аты, болған жағдайда - әкесiнiң аты, көлiк құралын тiркеудiң мемлекеттік нөмiрi, нөмiрi және берiлген күнi) бар екендiгi туралы жазбаша мәлiметтi беруге;»;
6) тармақша «мерзiмде» деген сөзден кейiн «және тәртiппен» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) сақтанушы осы Заңның 25-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды табыс етпеген жағдайда, жетiспейтiн құжаттар туралы оны кiдiрiссiз, бiрақ үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей жазбаша хабардар етуге;»;
15) 18-баптың 1-тармағында:
3) тармақшадағы «денсаулығына және (немесе)» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) кез келген медициналық мекеменiң қызметiн пайдалануға;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiргенiне кiнәлi адамның сақтандырушысына осы Заңның 17-бабының 5-1) тармақшасында көзделген тәртiппен аталған адамның сақтандыру полисiнiң (сақтанушының тегi, аты, болған жағдайда - әкесiнiң аты, көлiк құралын тiркеудiң мемлекеттік нөмiрi, нөмiрi және берiлген күнi) бар екендiгi туралы мәлiметтердi растау жөнiнде жазбаша өтiнiш жасауға;
4-2) деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымға сақтандыру жағдайын растайтын құжат болған кезде жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiргенiне кiнәлi адамның сақтандыру полисiнiң (сақтанушының тегi, аты, болған жағдайда - әкесiнiң аты, көлiк құралын тiркеудiң мемлекеттік нөмiрi, нөмiрi және берiлген күнi) бар не жоқ екендiгi туралы мәлiметтердi беру жөнiнде жазбаша өтiнiш жасауға;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын мәселелердi реттеу үшiн сақтандыру омбудсманына өтiнiш жасауға;»;
16) 3-тарау мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:
«18-1-бап. Тәуелсiз сарапшыны аккредиттеу ережесi
1. Өтiнiш берушi аккредиттеуден өту үшiн уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленген нысан бойынша өтiнiш;
2) мүлiктi (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) бағалау бойынша бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензияның көшiрмесi;