Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мiндеттi және өзара сақтандыру,
салық салу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2010 жылғы 2 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсiпкерлiктiң жолын кесу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 45-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгiнде:
«ұйымын,» деген сөзден кейiн «Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорын,» деген сөздермен толықтырылсын;
«қайта құру» деген сөздерден кейiн «Қазақстан Республикасының» деген сөздермен толықтырылсын;
«сақтандыру қызметi» деген сөздер «сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi, Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры» деген сөздермен ауыстырылсын;
«заңнамада» деген сөз «заңнамасында» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 49-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгiнде:
«(қайта сақтандыру) ұйымын,» деген сөздерден кейiн «Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорын,» деген сөздермен толықтырылсын;
«тарату,» деген сөз «тарату Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«сақтандыру қызметi» деген сөздер «сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi, Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры» деген сөздермен ауыстырылсын;
«заңнамада» деген сөз «заңнамасында» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат):
1) 825-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандырушы сақтандыру ережелерiн сақтандырудың әрбiр түрi бойынша әзiрлейдi және олар осы баптың талаптарына сәйкес келуге тиiс.»;
4-тармақтағы екiншi сөйлем алып тасталсын;
5-тармақ алып тасталсын;
2) 826-бапта:
1-тармақтың 13) тармақшасы «салық төлеушiнiң» деген сөздердiң алдынан «сақтандыру шартында сақтандырылушы (пайда алушы) көрсетiлген жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Сақтандыру шартында көрсетiлуге тиiс талаптардың толық еместiгi үшiн сақтандырушы жауапты болады.»;
3) 828-баптың 1-тармағының 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) егер сақтандыру шарты сақтанушыға сақтандырудың ерiктi түрлерi бойынша сақтандыру полисiн бере отырып қосылу шарты нысанында жасалған болса, сақтанушыны сақтандыру ережелерiмен таныстыруға және ережелердiң көшiрмесiн беруге;»;
4) 841-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы «күшiне енгiзiлген реттерде мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.» деген сөздер «күшiне енген;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) сақтандырушы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртiппен беретiн сақтандыру полисiне енгiзiлген талаптар мен мәлiметтер өзгертiлген реттерде мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.».
3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат, № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар, № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; 2009 жылғы 14 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 13 қарашада «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметi мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 12 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 12 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне босқындар мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жеке өмiрiне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi одан әрi күшейту мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсiпкерлiктiң жолын кесу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 23 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне біліктi заң көмегiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 173-бапта:
тақырыптағы және мәтіндегі «Сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарда», «сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарға», «сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарды», «сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдардың», «заңдарда», «заң» деген сөздер тиiсiнше «Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында», «Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасына», «Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасын», «Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасының», «Қазақстан Республикасының заңнамасында», «Қазақстан Республикасы заңнамасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «айлық есептiк көрсеткiштiң отызға дейiнгi» деген сөздер «елу айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-1-бөлiктiң екiншi абзацындағы « айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi» деген сөздер «елу айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi» деген сөздер «төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-бөлiкпен толықтырылсын:
«2-1. Актуарийдiң Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы шектеулi ықпал ету шараларын уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде орындамауы -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
үшiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi» деген сөздер «бес жүз айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-1-бөлiкте:
бiрiншi абзацтағы «заңнамалық актiсiн» деген сөздер «заңнамасын» деген сөзбен ауыстырылсын;
екiншi абзацтағы «айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан екi жүзге дейiнгi» деген сөздер «екi жүз айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-2-бөлiкпен толықтырылсын:
«4-2. Актуарийдiң Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасын бұза отырып, өз қызметiн жүзеге асыруы -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
он бесiншi бөлiкте:
бiрiншi абзацтағы «қорға» деген сөз «ұйымға» деген сөзбен ауыстырылсын;
екiншi абзацтағы «айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде», «жүзден екi жүз елуге дейiнгi» деген сөздер тиiсiнше «елу», «екi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы он жетiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«17. Өзара сақтандыру қоғамының уәкiлеттi органды Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен өзiнiң тұрақты жұмыс iстейтiн органының, оқшауландырылған бөлiмшесiнiң орналасқан жерiнiң өзгеруi туралы дер кезiнде хабардар етпеуi -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
2) 175-бапта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде», «екi жүзден бес жүзге дейiнгi» деген сөздер тиiсiнше «елу», «бес жүз айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «айлық есептiк көрсеткiштiң үштен жетiге дейiнгi мөлшерiнде», «елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде», «екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде» және «бес жүзден мыңға дейiнгi» деген сөздер тиiсiнше «жиырма», «бiр жүз», «төрт жүз» және «бiр мың айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 548-баптың үшiншi бөлiгіндегі «айып мөлшерi он» деген сөздер «айыппұл мөлшерi жиырма» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 550-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«550-бап. Мемлекеттік еңбек инспекциясы органдары
1. Мемлекеттік еңбек инспекциясы органдары осы Кодекстiң 87, 87-1, 89-94, 175 (екiншi бөлiгiнде, жұмыс берушiлер жасаған құқық бұзушылықтарға қатысты), 396 (бiрiншi бөлiгiнде), 399-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. ұкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
мемлекеттік еңбек инспекторлары;
Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларына қатысты - Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның лауазымды адамдары құқылы.»;
5) 567-1-баптың бiрiншi бөлiгіндегі «175-бабында» деген сөздер «173 (1-1, 4-1-бөлiктерiнде) (өзара сақтандыру қоғамдарының өсiмдiк шаруашылығында жасаған құқық бұзушылықтары бөлiгiнде), 175» деген сөздермен ауыстырылып, «көзделген» деген сөздiң алдынан «баптарында» деген сөзбен толықтырылсын.
4. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi одан әрi күшейту мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 23-баптың 2-тармағында:
14) және 21) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
1) тармақшасының үшiншi абзацы ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi
«14) қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға;»;
«21) қызметкердiң еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындау кезiнде өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеуге;»;
2) тармақша ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi
2) 317-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға;»;
3) тармақша ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi
3) 323-баптың 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымына хабарлайды.».
5. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; 2009 жылғы 1, 2 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 2 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
5-тармағының 1) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
1) мазмұнында:
мынадай мазмұндағы жүз тоқсан жетiншi абзацпен толықтырылсын:
«161-1-бап. Мемлекеттік мекемелердiң салықты есептеу, ұстау және төлеу ерекшелiктерi»;
390-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«390-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеудiң, төлеудiң және салық бойынша есептіліктi табыс етудiң ерекшелiктерi»;
5-тармағының 2) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
2) 19-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы «объектiлер туралы ақпарат қамтылған» деген сөздерден кейiн «бухгалтерлiк және салық есептерiн автоматтандыруға арналған» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармағының 3) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
3) 37-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Таратудың салық есептілігi таратылатын заңды тұлға төлеушi және (немесе) салық агентi болып табылатын салықтың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түрлерi, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша, құжаттық тексеру жүргiзу туралы салықтық өтiнiш табыс етiлген салық кезеңiнiң басынан бастап осындай өтiнiш табыс етiлген күнге дейiнгi кезең үшiн жасалады.
Егер кезектi салық есептілігiн табыс ету мерзiмi таратудың салық есептілігiн табыс еткеннен кейiн басталса, осындай кезектi салық есептілігiн табыс ету таратудың салық есептілігi табыс етiлген күнге дейiн жүргiзiледi.»;
5-тармағының 4) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
4) 38-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Таратудың салық есептілігi заңды тұлғаның қызметi тоқтатылатын құрылымдық бөлiмшесi дербес төлеушi болып танылған салықтың, төлемақының түрлерi, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша, заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылданған салық кезеңiнiң басынан бастап қызметтi тоқтату туралы салықтық өтiнiш табыс етiлген күнге дейiнгi кезең үшiн жасалады.
Егер кезектi салық есептілігiн табыс ету мерзiмi таратудың салық есептілігiн табыс еткеннен кейiн басталса, осындай кезектi салық есептілігiн табыс ету таратудың салық есептілігi табыс етiлген күнге дейiн жүргiзiледi.»;
5-тармағының 5) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
5) 39-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық мiндеттемелерiн орындау оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледi.
1-2. Құқық мирасқорын (құқық мирасқорларын), сондай-ақ құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық берешегiн өтеуге қатысу үлесiн белгiлеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
5-тармағының 6) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
6) 40-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Таратудың салық есептілігi қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға төлеушi және (немесе) салық агентi болып табылатын салықтың, бюджетке төленетiн басқа мiндеттi төлемдердiң түрлерi, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша, құжаттық тексеру жүргiзу туралы салықтық өтiнiш табыс етiлген салық кезеңiнiң басынан бастап осындай өтiнiш табыс етiлген күнге дейiнгi кезең үшiн жасалады.
Егер кезектi салық есептілігiн табыс ету мерзiмi таратудың салық есептілігiн табыс еткеннен кейiн басталса, осындай кезектi салық есептілігiн табыс ету таратудың салық есептілігi табыс етiлген күнге дейiн жүргiзiледi.»;
мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-тармақтармен толықтырылсын:
«6-1. Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық мiндеттемелерiн орындау оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледi.
6-2. Құқық мирасқорын (құқық мирасқорларын), сондай-ақ құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық берешегiн өтеуге қатысу үлесiн белгiлеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
5-тармағының 7) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
7) 43-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Патент, оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкер қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдаған жағдайда орналасқан жерi бойынша салық органына бiр мезгiлде:
1) қызметiн тоқтату туралы салықтық өтiнiштi;
2) таратудың салық есептілігiн;
3) дара кәсiпкердiң мемлекеттік тiркелуi туралы куәлiктi немесе ол жоғалған немесе бүлiнген кезде қағаз жеткiзгiштегi түсiндiрменi;
4) дара кәсiпкердiң қызметiн тоқтату туралы ақпараттың мерзiмдi баспа басылымында жарияланғанын растайтын құжатты табыс етедi.
Осы бап қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайтын және осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген мерзiм iшiнде не дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттік тiркелген кезден бастап патент және (немесе) оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн үздiксiз пайдаланатын дара кәсiпкерлерге қолданылады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Салық органы барлық мәлiметтердi алған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей камералдық бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi, оның нәтижелерi бойынша осы Кодексте белгiленген тәртiппен қорытынды жасалады. Қорытындыда камералдық бақылаудың нәтижелерi, оның iшiнде анықталған бұзушылықтар көрсетiледi. Анықталған бұзушылықтар туралы деректер көрсетiлген қорытындының негiзiнде камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама салық төлеушiге осы Кодекстiң 84-тарауында белгiленген тәртiппен жiберiледi.
Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды салық төлеушi осы Кодекстiң 587-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.»;
11-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) камералдық бақылау нәтижесiнде анықталған бұзушылықтарды жою;»;
5-тармағының 8) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
8) 60-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) осы Кодекстiң 120-бабы 2-тармағының ережелерiн ескере отырып, тiркелген активтердiң әрбiр кiшi тобы, тобы бойынша амортизация нормалары;
10) қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылатын резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi осы Кодекске сәйкес шот-фактураларды жазып берген жағдайда - шот-фактураны жазып беретiн құрылымдық бөлiмшелер бойынша:
осындай құрылымдық бөлiмшелердi сәйкестендiру үшiн шот-фактураларды нөмiрлегенде пайдаланылатын осындай құрылымдық бөлiмшелердiң әрқайсысының коды;
шот-фактураларды жазып берген кезде оларды нөмiрлегенде пайдаланылатын цифрлардың ең жоғарғы саны.»;
5-тармағының 9) тармақшасы 2012 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiледi
9) 65-баптың 1-тармағында:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) ережелерiнде салық режимiнiң тұрақтылығы тiкелей көзделген, өнiмдi бөлу туралы келісім (келісімшарт) немесе Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар;»;
5) тармақшадағы «осы тармақта» деген сөздер «осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармағының 10) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
10) 68-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы «қабылдау» деген сөзден кейiн «және өңдеу» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармағының 11) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
11) 69-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«69-бап. Салық есептілігiн керi қайтарып алу тәртібі
1. Салық төлеушi (салық агентi) осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген салық есептілігiн керi қайтарып алу туралы салықтық өтiнiштi салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) тiркелу есебiнiң орны бойынша салық органына және (немесе) уәкiлеттi салық органына табыс етедi.