6-тармағының 4) тармақшасы 2009 жылғы 21 ақпаннан қолданысқа енгiзiлдi
4) 40-баптың 6-1-тармағындағы «Банктiң акционерi» деген сөздер «Осы баптың мақсаттары үшiн банктiң акционерi» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 50-баптың 4-тармағының бiрiншi бөлiгіндегі «берiлген қарыздар» деген сөздер «банктiк қарыз, лизинг операцияларын, факторингтiк, форфейтингтiк операциялар, вексельдердi есепке алу, сондай-ақ банк шығарған кепiлдiктер, кепiлгерлiктер, аккредитивтер» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. «Мемлекеттік статистика туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 9, 91-құжат; 2001 ж., № 4, 23-құжат; 2002 ж., № 1, 3-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 143-құжат; 2007 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 81-құжат; № 18, 84-құжат):
11-бап мынадай мазмұндағы он екiншi абзацпен толықтырылсын:
«еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органына және қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының өлiм-жiтiмi (мүгедектiгi) бойынша статистикалық деректердi жыл сайын 30 сәуiрден кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.».
8-тармақ 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
8. «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 13, 196-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат):
9-1-бап «мүлiк кепiлiн» деген сөздерден кейiн «, тiркелген кепiлдiң өзгерістерiн, толықтыруларын және тоқтатылуын» деген сөздермен толықтырылсын.
9. «Сақтандыру қызметi туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат):
1) 1-бапта:
тақырыптағы және 1-тармақтағы «Сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «өзге де заң актілерінiң» деген сөздер «Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) актуарий - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабiлеттілігi мен қаржылық тұрақтылығының қажеттi деңгейiн қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша мiндеттемелер мөлшерiнiң, сақтандыру сыйлықақысы ставкаларының экономикалық-математикалық есептеулерiн жүргiзуге байланысты қызметтi жүзеге асыратын, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүргiзiп жатқан және жүргiзудi жоспарлап отырған сақтандыру түрлерiнiң пайдалылығы мен кiрiстілігiн бағалауды жүргiзетiн, уәкiлеттi органның лицензиясы бар жеке тұлға;
2) ассистанс - сақтандыру ұйымдарының, заңды тұлғалардың сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) саяхатта не тұрғылықты жерiнен алыста жүрген уақытта қиын жағдайға душар болғанда сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан оған техникалық, медициналық жәрдемдесу арқылы ақшалай және (немесе) табиғи-заттай нысанда көмек көрсетуi;
3) бақылау - бiр заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның шешiмдерiн айқындау мүмкiндiгi, ол мынадай:
бiр тұлға басқа тұлғаның дауыс беретiн акцияларының елу процентiнен астамын дербес не бiр немесе бiрнеше тұлғамен бiрлесiп тiкелей немесе жанама иеленетiн не басқа заңды тұлғаның акцияларының елу процентiнен астамымен дербес дауыс беру мүмкiндiгi болатын;
бiр заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесi немесе басқармасы құрамының кемiнде жартысын сайлау мүмкiндiгi болатын;
бiр заңды тұлғаның қаржылық есептілігi аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есептілігiне қосылатын;
бiр заңды тұлғаның шартқа (растайтын құжаттарға) орай немесе уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде көзделген жағдайларда өзгеше түрде басқа заңды тұлғаның шешiмдерiн айқындау мүмкiндiгi болатын жағдайлардың бiрi болған кезде туындайды;
4) бас ұйым - басқа заңды тұлғаға бақылау жасайтын заңды тұлға;
5) еншiлес ұйым - өзiне қатысты басқа заңды тұлға бақылау жасайтын заңды тұлға;
6) заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн жанама иелену не акцияларын иелену (олармен дауыс беру) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның iрi қатысушысының немесе басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiн) иелену (олармен дауыс беру) арқылы бiрлесiп заңды тұлғаның iрi қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешiмдерiн айқындау мүмкiндiгi;
7) заңды тұлғаның iрi қатысушысы - заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң немесе дауыс беретiн акцияларының он немесе одан көп процентiн тiкелей немесе жанама иеленетiн (мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг осындай иелiк етушi болып табылатын жағдайларды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлға;
8) капиталға қомақты қатысу - дауыс беретiн акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) жиырма және одан да көп процентiн тiкелей немесе жанама, дербес немесе, бiр немесе бiрнеше тұлғамен бiрлесiп иелену не акциялардың жиырма және одан да көп процентiмен дауыс беру мүмкiндiгiнiң болуы;
9) қайта сақтандыру - өздерiнiң арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сәйкес бiр жағынан қайта сақтанушының сақтандыру тәуекелдерiнiң бәрiн немесе бiр бөлiгiн қайта сақтандыруға беруiне және екiншi жағынан осы тәуекелдердi қайта сақтандыру ұйымының қабылдауына байланысты туындайтын қызмет және соған байланысты қатынастар;
10) қайта сақтандыру ұйымы (қайта сақтандырушы) - уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы негiзiнде қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
11) қайта сақтанушы (цедент) - өзi қабылдаған сақтандыру тәуекелдерiн қайта сақтандыруға берудi жүзеге асыратын сақтандыру немесе қайта сақтандыру ұйымы;
12) мiнсiз iскерлiк бедел - кәсiпқойлықты, адалдықты, алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығы жоқ екенiн растайтын фактiлердiң болуы;
13) ортақ сақтандыру - бiр мезгiлде бiрнеше сақтандыру ұйымдарымен сақтандыру шарты бойынша сақтандыру тәуекелдерiн қабылдап, олардың жауапкершiлiгiн өздерiнiң арасында жасалған ортақ сақтандыру шартына сәйкес бөлуге байланысты туындайтын қызмет және соған байланысты қатынастар;
14) өздiгiнен ұстап қалу - жауаптылық көлемiнiң бiр бөлiгi, соның шегiнде сақтандырушы немесе қайта сақтанушы (цедент) сақтандыру немесе қайта сақтандыру шартына сәйкес өз есебiнен жауапты болады;
15) пруденциялық нормативтер - уәкiлеттi орган белгiлейтiн және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтауы үшiн мiндеттi нормативтер;
16) сақтандыру агентi - берiлген өкiлеттiктерiне сәйкес бiр немесе бiрнеше сақтандыру ұйымдарының атынан және олардың тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметтi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
17) сақтандыру брокерi - сақтанушының тапсыруы бойынша сақтандырушымен сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты қатынастарда сақтанушының атынан өкiлдiк ететiн немесе өз атынан сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты қызмет көрсету жөніндегі делдалдық қызметтi, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелерi бойынша консультациялық қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
18) сақтандыру ережелерi - сақтандыру ұйымының белгiлi бiр сақтандыру түрi бойынша сақтандыруды жүзеге асыру талаптарын айқындайтын құжаты;
19) сақтандыру қызметiнiң субъектiлерi - сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары;
20) сақтандыру нарығына кәсiби қатысушылар - өз қызметiн уәкiлеттi органның тиiстi лицензиялары негiзiнде жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокерi, актуарий;
21) сақтандыру омбудсманы - сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы өзара қатынастарды реттеудi жүзеге асыратын, өз қызметiнде тәуелсiз жеке тұлға;
22) сақтандыру портфелi - сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының, сондай-ақ олар бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) жиынтығы;
23) сақтандыру резервтерi - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша актуарий есептеулерi негiзiнде бағаланатын мiндеттемелерi;
24) сақтандыру ұйымы - сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметiн уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы негiзiнде жүзеге асыратын заңды тұлға;
25) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын жанама иелену (олармен дауыс беру) - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы iрi қатысушысының немесе заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталына қатысу үлестерiн) иелену арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бiрлескен iрi қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешiмдерiн айқындау мүмкiндiгi;
26) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы -уәкiлеттi органның жазбаша келісімiне сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акцияларының он немесе одан да көп процентiн тiкелей немесе жанама иелене алатын немесе:
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының он немесе одан да көп процентiмен тiкелей немесе жанама дауыс беру;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешiмдерге шартқа орай не уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде айқындалатын тәртiппен өзгеше түрде ықпал ету мүмкiндiгiне ие жеке немесе заңды тұлға (осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда);
27) сатып алу сомасы - жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылу мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының алуына құқығы бар ақша сомасы.»;
3) 4-баптың 2-тармағындағы «уәкiлеттi мемлекеттік органның лицензиясы негiзiнде не» деген сөздер «уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын қызметi, сондай-ақ өзара сақтандыру қоғамдарының сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты,» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 6-баптың 5-тармағындағы екiншi сөйлем алып тасталсын;
5) 9-баптың 8-тармағы алып тасталсын;
6) 10-бап мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) сақтандыру омбудсманы;»;
7) 11-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақпен толықтырылсын:
«3-1) Сақтандыру ұйымы өзiнде iрi қатысушысы (iрi қатысушылары) болмаған кезде мазмұны мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен айқындалатын мiндеттi сақтандыру түрлерiн жүзеге асыруға құқылы емес.»;
4-тармақта:
«кепiлдiк беретiн қор», «кепiлдiк беретiн қорға» деген сөздер тиiсiнше «кепiлдiк беретiн ұйым», «кепiлдiк беретiн ұйымға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қордың» деген сөз «Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйымның» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 11-1-бапта:
1-тармақтың екiншi бөлiгi алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Сақтандыру ұйымының сақтандыру, оның iшiнде сақтандыру нарығына қатысушылармен өзара қарым-қатынастағы қызметiн жүзеге асыруына қойылатын талаптары уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.»;
9) 14-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актiсiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi органның лицензиясынсыз сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға тыйым салынады.»;
10) 18-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру агентiнiң сақтандыру нарығында делдалдық қызметтi жүзеге асыруға өкiлеттiгi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінiң талаптары ескерiле отырып, сақтандыру ұйымының тиiстi құжаттарында айқындалады.
Сақтандыру агентi сақтандыру ұйымы уәкiлеттiк берген iс-әрекеттердi өзi жасайды және оларды жасауды өзге адамға қайта сенiм бiлдiрiп тапсыруға құқылы емес.
Сақтандыру агентiнiң өкiлеттiгi болмаған жағдайда оның сақтандыру агентi ретіндегі қызметiне жол берiлмейдi.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Сақтандырушының сақтандырудың мiндеттi түрлерiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінiң талаптарына сәйкес жасалатын сақтандыру шарттарын жасасу бойынша делдалдық қызмет көрсеткенi үшiн сақтандыру агентiне төлейтiн комиссиялық сыйақының мөлшерi:
жеке тұлға үшiн - осы шарт бойынша төленуге жататын есепке жазылған сыйлықақы мөлшерiнiң он процентiнен;
заңды тұлға үшiн - осы шарт бойынша төленуге жататын есепке жазылған сыйлықақы мөлшерiнiң он бес процентiнен аспауға тиiс.»;
11) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«22-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құқықтық мәртебесi
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық ұйым болып табылады және өз қызметiн осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құқықтық мәртебесi заңды тұлғаның әдiлет органдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ретiнде мемлекеттік тiркелуiмен және сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясының болуымен айқындалады.»;
12) 37-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi бөлiк мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезiнде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйымның акцияларын ұстаушылар тiзiлiмiнiң жүйесiнде ашылған сақтандыру ұйымының, егер Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамалық актiсiнде осы ұйымның акционерi ретiнде мiндеттi қатысуы көзделген болса, жеке шотынан үзiндi көшiрменi;»;
12) тармақшадағы «құжаттарды табыс етедi.» деген сөздер «құжаттарды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы (iрi қатысушылары) бар екенiн растайтын құжатты (мiндеттi сақтандыру түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн) табыс етедi.»;
екiншi бөлiк «жазылған талаптар» деген сөздерден кейiн «, осы тармақтың 13) тармақшасын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезiнде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйымның акцияларын ұстаушылар тiзiлiмiнiң жүйесiнде ашылған сақтандыру ұйымының, егер Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамалық актiсiнде осы ұйымның акционерi ретiнде мiндеттi қатысуы көзделген болса, жеке шотынан үзiндi көшiрменi;»;
4) тармақшадағы «көшiрмесiн табыс етедi.» деген сөздер «көшiрмесiн;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы (iрi қатысушылары) бар екенiн растайтын құжатты (мiндеттi сақтандыру түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн) табыс етедi.»;
13) 40-бапта:
3-тармақтағы «екi» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Актуарий уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен бекітілген актуарийлердi оқытудың ең төменгi мiндеттi бағдарламасы бойынша емтихан тапсыруға мiндеттi.»;
14) 43-баптың 22) тармақшасы «белгiлейдi» деген сөзден кейiн «, сондай-ақ сақтандыру полисiнiң бiрыңғай нысанын әзiрлейдi» деген сөздермен толықтырылсын;
15) 54-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-3) тармақшамен толықтырылсын:
«2-3) осы Заңның 11-бабының 3-1-тармағында белгiленген тыйым салуды бұзған;»;
2-тармақтың бiрiншi сөйлемi «шарттарын ұзартуды» деген сөздерден кейiн «және сақтандыру сыйлықақыларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жауапкершiлiгiнiң көлемiн арттыруды көздейтiн өзгертудi» деген сөздермен толықтырылсын;
16) 55-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-3) тармақшамен толықтырылсын:
«2-3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген пруденциялық нормативтердiң талаптарын және сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) сақтамаған;»;
9-тармағының 17) тармақшасы 2012 жылғы 1 қаңтардаң қолданысқа енгiзiледi
17) 59-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы «асырмаған жағдайда алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұра алады.» деген сөздер «асырмаған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) актуарий уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен бекітілген актуарийлердi оқытудың ең төменгi мiндеттi бағдарламасы бойынша емтихан тапсырмаған жағдайда алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұра алады.».
10-тармағы ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi
10. «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат):
1) 7-баптың 2-тармағында:
бiрiншi бөлiктiң 2) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Қызметкерлер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындаған кезде Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес жазатайым оқиғалардан мiндеттi түрде сақтандырылуға жатады.»;
2) 28-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кеме иесi кеме экипажының мүшелерi еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындаған кезде оларды Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес жазатайым оқиғалардан сақтандыруға мiндеттi.».
11. «Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 11, 63-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат):
1) кiрiспе «шарттарын» деген сөздерден кейiн «және оның қызметiне бақылауды қамтамасыз ету принциптерiн» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) агент-банк - банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын, Cақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорымен агенттiк келісім негiзiнде кредиторларға кепiлдiк төлемдерiн жүзеге асыру жөнiнде қызмет көрсететiн банк немесе ұйым;
2) жәбiрленушi - өзге тұлғаның көлiк құралын пайдалануы нәтижесiнде өмiрiне, денсаулығына зиян келтiрiлген тұлға;
3) зиянды өтеу резервi - Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры бастапқы бiржолғы жарналар мен қосымша жарналар есебiнен қалыптастыратын, осы Заңда көзделген жағдайларда жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына келтiрiлген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалатын шығыстарды өтеу үшiн ғана пайдаланылатын ақша сомасы;
4) кепiлдiк төлемi - «Сақтандыру қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының мiндеттi сақтандыру шарты бойынша басталған сақтандыру жағдайлары бойынша Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының осы Заңда және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген тәртiппен және шарттармен сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) төлейтiн ақша сомасы;
5) кредитор - мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде кепiлдiк төлемiн алуға құқығы бар сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы);
6) қатысу шарты - Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры мен қатысушы-сақтандыру ұйымының арасында осы Заңда белгiленген тәртiппен және шарттармен жасалған сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесiне қатысу шарты;
7) қосымша жарна - осы Заңда көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымы Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорына төлейтiн, көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларының бiр бөлiгi түріндегі ақша сомасы;
8) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы - өзiне қатысты мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енген қатысушы-сақтандыру ұйымы;
9) меншiктi капитал - Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының оның мiндеттемелерiне азайтылған активтерi мен сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру резервi;
10) мiндеттi жарналар - осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінде айқындалған тәртiппен Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорына қатысушы-сақтандыру ұйымы төлейтiн, Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамалық актiсiнде Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорына сақтандыру ұйымының мiндеттi қатысуы көзделген мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақылары бөлiгi түріндегі ақша сомасы;
11) мiндеттi сақтандыру - Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорына сақтандыру ұйымының мiндеттi қатысуын көздейтiн, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленген мiндеттi сақтандыру түрi;
12) мiндеттi сақтандыру шарты - Қазақстан Республикасының сақтандырудың мiндеттi түрiн реттейтiн заңнамалық актiсi негiзiнде сақтанушының сақтандыру ұйымымен жасасқан шарты;
13) өтемақы төлемдерi - Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторымен жасалған мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақылары төлемiне орай қатысушы-сақтандыру ұйымына төленетiн ақша сомасы;
14) өтiнiш берушi - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлға не мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алуға ниет бiлдiрген сақтандыру ұйымы;
15) сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесi - қатысушы-сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылған жағдайда мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған осы Заңда көзделген ұйымдық-құқықтық шаралар кешенi;
16) сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесiнiң қатысушысы болып табылатын сақтандыру ұйымы (қатысушы-сақтандыру ұйымы) - Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорымен қатысу шартын жасасқан және оның акционерi болып табылатын сақтандыру ұйымы;
17) Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына келтiрiлген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерi - осы Заңда көзделген жағдайларда өмiрiне, денсаулығына зиян келтiрiлген жәбiрленушiге және осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген адамдарға төленетiн ақша сомасы;
18) сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру резервi - мiндеттi жарналар, сондай-ақ Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының талаптарын қанағаттандыру тәртібімен ол мәжбүрлеп таратылған сақтандыру ұйымынан алған және кепiлдiк, өтемақы төлемдерiн, сондай-ақ сақтандыру жағдайын, келтiрiлген зиян мөлшерiн анықтауға байланысты шығыстар мен кепiлдiк және өтемақы төлемдерiн және жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу жөніндегі төлемдердi жүзеге асыруға байланысты шығыстарды және (немесе) осы Заңда көзделген жағдайларда жерлеуге жұмсалған шығыстарды жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын ақша есебiнен Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры қалыптастыратын ақша сомасы;