3) өтiнiш берушiнi дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi - дара кәсiпкер үшiн;
4) заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң және құрылтай құжаттарының көшiрмесi;
5) өтiнiш берушiнi салық органында есепке қою туралы куәлiктiң көшiрмесi;
6) растайтын құжаттар (мүлiктi (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) бағалау бойынша бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензияның көшiрмесi) қоса берiлiп, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленген нысан бойынша мүлiктi бағалау бойынша бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар кемiнде екi қызметкердiң штатта бар екендiгi туралы мәлiметтер (заңды тұлғалар үшiн).
2. Мүлiктi (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) бағалау бойынша бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиялары бар заңды тұлға қызметкерлерiнiң құрамы өзгерген кезде заңды тұлға мұндай өзгерту күнiнен бастап бiр ай мерзiмде уәкiлеттi органға растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жаңа қызметкерлердiң тiзiмiн ұсынады.
3. Құжаттарды қарау және аккредиттеу туралы куәлiк беру туралы шешiм немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдау мерзiмi өтiнiш табыс етiлген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
4. Аккредиттеу туралы куәлiк қолданылу мерзiмi шектелместен берiледi.
5. Осы баптың 1-тармағында белгiленген талаптардың сақталмауы уәкiлеттi органда аккредиттеуден өту үшiн бас тартуға негiз болып табылады.
6. Уәкiлеттi орган мынадай:
1) аккредиттеуге табыс етiлген құжаттарда дұрыс емес немесе бұрмаланған деректер анықталған;
2) бағалаудың уақтылы жүргiзiлмеуiнiң және (немесе) пайда алушыға және сақтандырушыға бағалау туралы есептiң уақтылы жiберiлмеуiнiң екi және одан да көп фактiсi анықталған;
3) мүлiктi (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) бағалау бойынша бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған;
4) бүлiнген мүлiктi бағалау кезiнде уәкiлеттi орган бекiткен әдiстеме сақталмаған;
5) тәуелсiз сарапшы сақтандырушыға қатысты аффилиирленген тұлға болып табылса не оның лауазымды тұлғаларымен немесе осы сақтандырушының аффилиирленген тұлғалары ұйымдарының лауазымды тұлғаларымен бағыныстылық байланыста болған;
6) Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңнамасының және осы Заңның талаптары бұзылған жағдайларда аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданылуын алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұрады.
7. Аккредитеу туралы куәлiк мынадай:
1) мүлiктi (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) бағалау бойынша бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензияның қолданылуы тоқтатылған;
2) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған, дара кәсiпкер банкрот болған;
3) аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданылуын ерiктi түрде тоқтату туралы өтiнiш ұсынылған;
4) уәкiлеттi органның аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданылуы тоқтатыла тұруының себептерi жойылмаған;
5) аккредиттеу туралы куәлiк бiрнеше рет (соңғы он екi ай iшiнде екi рет) тоқтатыла тұрған жағдайларда өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
Осы баптың 5-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша тұлғада тәуелсiз сарапшының аккредиттеу туралы куәлiгiнiң қолданылуы тоқтатылған жағдайда, осы тұлға екi жыл iшiнде аккредиттеуден өту мақсатында уәкiлеттi органға жүгiнуге құқылы емес.»;
17) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi
1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде төленуге тиiс жылдық сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшiн базалық сақтандыру сыйлықақысы пайдаланылады, оған көлiк құралының тiркелген жерiне, көлiк құралының түрiне, сақтанушының (сақтандырылушының) жасына және жүргiзу стажына, көлiк құралының пайдаланылу мерзiмiне, азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi сақтандырылған адамдардың кiнәсiнен сақтандыру жағдайларының болуына немесе болмауына қарай («бонус-малус» жүйесi) осы баптың 3-10-тармақтарында белгiленген коэффициенттер қолданылады.
Осы Заңда көзделмеген өзге негiздер бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн азайтуға немесе ұлғайтуға жол берiлмейдi.
2. Базалық сақтандыру сыйлықақысы 1,9 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде белгiленедi.
3. Көлiк құралын тiркеу аумағы бойынша коэффициенттер мынадай мөлшерде белгiленедi:
Рет № | Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы | Көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициент мөлшері (астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін) |
1 | 2 | 3 |
1. | Алматы облысы | 1,78 |
2. | Оңтүстік Қазақстан облысы | 1,01 |
3. | Шығыс Қазақстан облысы | 1,96 |
4. | Қостанай облысы | 1,95 |
5. | Қарағанды облысы | 1,39 |
6. | Солтүстік Қазақстан облысы | 1,33 |
7. | Ақмола облысы | 1,32 |
8. | Павлодар облысы | 1,63 |
9. | Жамбыл облысы | 1,00 |
10. | Ақтөбе облысы | 1,35 |
11. | Батыс Қазақстан облысы | 1,17 |
12. | Қызылорда облысы | 1,09 |
13. | Атырау облысы | 2,69 |
14. | Маңғыстау облысы | 1,15 |
15. | Алматы | 2,96 |
16. | Астана | 2,2 |
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетiлген облыстардағы өзге де қалалар мен елдi мекендер үшiн жылдық сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшiн 0,8 мөлшеріндегі түзету коэффициентi қосымша пайдаланылады.
5. Көлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кiрген жағдайларға тiркеу аумағы бойынша 2,96 мөлшеріндегі коэффициент қолданылады.
Осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларға көлiк құралын тiркеу аумағы бойынша коэффициенттер қолданылмайды.
6. Көлiк құралының түрi бойынша коэффициенттер мынадай мөлшерде белгiленедi:
Рет № | Көлік құралының түрі | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес жіктеу | Көлік құралының түрі бойынша коэффициент мөлшері |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Жеңіл автомобильдер | «В» - толық массасы 3500 кг аспайтын және жүргізушінің отыратын орнынан басқа отыратын орындарының саны 8-ден аспайтын автомобильдер | 2,09 |
2 | Жолаушылар орны қоса алғанда 16-ға дейінгі автобустар | «Д» - жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізуші отыратын орыннан басқа, 8-ден астам отыратын орны бар автомобильдер | 3,26 |
3 | Жолаушылар орны 16-дан артық автобустар | «Д» - жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізуші отыратын орыннан басқа, 8-ден астам отыратын орны бар автомобильдер | 3,45 |
4 | Жүк автомобильдері | «С» - толық массасы 3500 кг асатын жүк автомобильдері | 3,98 |
5 | Троллейбустар, трамвайлар | Троллейбустар, трамвайлар | 2,33 |
6 | Мотокөлік | «А» - мотоциклдер, мотороллерлер және басқа мотокөлік құралдары | 1,00 |
7 | Тіркемелер (жартылай тіркемелер) | «Е» - көлік құралдарының «В», «С» немесе «Д» санаттарына жататын сүйреуіштері бар көлік құралдарының құрамдары | 1,00 |
7. Жеке тұлғалар үшiн жасына және жүргiзу стажына қарай коэффициент мөлшерi мынадай мөлшерде белгiленедi:
Рет № | Жасы және жүргізу стажы | Жасына және жүргізу стажына қарай коэффициент мөлшері |
1 | 2 | 3 |
1. | 25 жасқа толмаған/жүргізу стажы 2 жылдан аз | 1,10 |
2. | 25 жасқа толмаған/жүргізу стажы 2 жылдан астам | 1,05 |
3. | 25 жас және одан үлкен/жүргізу стажы 2 жылдан аз | 1,05 |
4. | 25 жас және одан үлкен/жүргізу стажы 2 жылдан астам | 1,00 |
8. Заңды тұлғалар үшiн осы баптың 7-тармағында көзделген коэффициент 1,2 мөлшерiнде белгiленедi.
9. Көлiк құралының пайдаланылу мерзiмiне қарай коэффициенттер мынадай мөлшерде белгiленедi:
Рет № | Көлік құралының пайдаланылу мерзімі | Көлік құралының пайдаланылу мерзіміне қарай коэффициент мөлшері |
1 | 2 | 3 |
1. | 7 жылға дейін, қоса алғанда | 1,00 |
2. | 7 жылдан жоғары | 1,10 |
10. Сақтандыру мерзiмi аяқталған соң тиiстi сынып берiле отырып, «бонус-малус» жүйесi бойынша коэффициенттер мынадай мөлшерде белгiленедi:
Сақтандыру мерзімі басталғандағы сынып | Коэффициент мөлшері | Сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған сақтандыру жағдайларының болғаны ескерілген, сақтандыру мерзімінің аяқталуы бойынша сынып |
0 сақтандыру жағдайы | 1 сақтандыру жағдайы | 2 сақтандыру жағдайы | 3 сақтандыру жағдайы | 4 және одан көп сақтандыру жағдайы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
М сыныбы | 2,45 | 0 | М | М | М | М |
0-сыныбы | 2,30 | 1 | М | М | М | М |
1-сыныбы | 1,55 | 2 | М | М | М | М |
2-сыныбы | 1,40 | 3 | 1 | М | М | М |
3-сыныбы | 1,00 | 4 | 1 | М | М | М |
4-сыныбы | 0,95 | 5 | 2 | 1 | М | М |
5-сыныбы | 0,90 | 6 | 3 | 1 | М | М |
6-сыныбы | 0,85 | 7 | 4 | 2 | М | М |
7-сыныбы | 0,80 | 8 | 4 | 2 | М | М |
8-сыныбы | 0,75 | 9 | 5 | 2 | М | М |
9-сыныбы | 0,70 | 10 | 5 | 2 | 1 | М |
10-сыныбы | 0,65 | 11 | 6 | 3 | 1 | М |
11-сыныбы | 0,60 | 12 | 6 | 3 | 1 | М |
12-сыныбы | 0,55 | 13 | 6 | 3 | 1 | М |
13-сыныбы | 0,50 | 13 | 7 | 3 | 1 | М |
Сақтанушыға (сақтандырылушыға) берiлетiн «бонус-малус» жүйесi бойынша сыныптың есебi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде көзделген тәртiппен жыл сайын жүргiзiледi.
11. Сақтанушыға (сақтандырылушыға) берiлген сынып туралы ақпараты бар, сақтандырушы деректер базасынан алған сақтандыру есебi сақтандырушының «бонус-малус» жүйесi бойынша коэффициенттердi қолдануы үшiн негiз болып табылады.
Деректер базасында сақтанушы (сақтандырылушы) туралы ақпарат болмаған жағдайда, сақтанушы көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың алдыңғы шартының түпнұсқасын берген жағдайда, сақтандырушы көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жаңа мерзiмге жасасу кезiнде осы баптың 10-тармағында келтiрiлген кестеге сәйкес төмендетiлген коэффициенттi қолданады.
Сақтандырушы бұл туралы деректер базасын қалыптастырып, жүргiзудi жүзеге асыратын ұйымды және уәкiлеттi органды көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты жасалған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей хабардар етуге мiндеттi.
12. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын алғаш рет жасасқан кезде сақтанушыға 3-сынып берiледi.
13. Осы баптың 10-тармағында көзделген коэффициенттер азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi осы Заңның 11 және 12-баптарының 5-тармағында көзделген жағдайларда басталған жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға қолданылмайды.
14. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты он екi айдан аз мерзiмге жасалған кезде көлiк құралының бiрлiгiне сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi мына формула бойынша есептеледi:
СС = ЖСС*n / N, мұнда:
СС - он екi айдан аз мерзiмге жасалған көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi (теңгемен);
ЖСС - жылдық сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi (теңгемен);
n - көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу мерзiмi (күнмен);
N - 365 күн (кiбiсе жылы 366 күн).
15. Кешендi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы көлiк құралының бiр бiрлiгi үшiн төленедi, бұл ретте сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi сақтандыру полисiнде көрсетiлген көлiк құралдары үшiн белгiленген сақтандыру сыйлықақылары мөлшерiнiң ең көп шамасына тең болып белгiленедi.
16. Стандартты шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысы әр сақтандырылушы бойынша есептеледi және әр сақтандырылушы бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақылары мөлшерiнiң ең көп шамасына тең мөлшерде сақтанушының төлеуiне жатады.»;
18) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«22-бап. Сақтандыру жағдайын және келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындау
1. Сақтандырылушының көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлген көлiк құралдарын пайдалануы нәтижесiнде жәбiрленушi деп танылған адамдардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу бойынша сақтандырылушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң басталу фактici сақтандыру жағдайы деп танылады.
2. Жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның мөлшерi тиiстi ұйымдар берген құжаттар негiзiнде осы Заңға сәйкес айқындалады.
3. Мүлiктiң бүлiнуi кезiнде келтiрiлген зиянның мөлшерi бүлiнген мүлiктi қалпына келтiру құнының есебi негiзге алынып, мүлiктiң сақтандыру жағдайы басталғанға дейiн болған, есептелген амортизациясы (тозуы) шегерiле отырып айқындалады.
Бүлiнген мүлiктi қалпына келтiру құны сақтандыру жағдайы басталған күнгi қолданыстағы нарықтық бағалар негiзге алынып есептелiнедi.
4. Мүлiк жойылған кезде келтiрiлген зиянның мөлшерi оның сақтандыру жағдайы басталған күнгi нарықтық құны негiзге алынып айқындалады.
Егер мүлiктi қалпына келтiру техникалық жағынан мүмкiн болмаса немесе экономикалық тұрғыдан негiзсiз болса ол жойылған болып есептеледi. Мүлiктi қалпына келтiру, егер бұл ретте мүлiктi қалпына келтiруге арналған шығыстар оның сақтандыру жағдайы басталған күнгi нарықтық құнының сексен процентiнен асып кетсе, экономикалық тұрғыдан негiзсiз болып есептеледi.
5. Мүлiкке келтiрiлген зиянның мөлшерiн тәуелсiз сарапшы жетi жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген нысан бойынша бағалау жүргiзуге берiлген өтiнiштiң негiзiнде бағалайды.
Көлiк құралына келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалауды тәуелсiз сарапшы бағалау стандарттарын ескере отырып, уәкiлеттi органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасы ұдiлет министрлігі белгiлеген нормативтiк құқықтық актiге сәйкес жүзеге асырады.
Бағалаудың нәтижесi сақтандырушы үшiн мiндеттi болып табылады.
6. Сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбiрленушi (пайда алушы) немесе олардың өкiлдерi тәуелсiз сарапшы көрсететiн қызметтердi дербес пайдалануға құқылы. Мүлiкке келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалауға жұмсалған шығындарды сақтандырушы көтередi.
Тәуелсiз сарапшының бағалау жүргiзу шартына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi.
Осы баптың 5-тармағында белгiленген мерзiм бұзылған жағдайда тәуелсiз сарапшы өтiнiш берушiге тиiстi қаржы жылына арналып белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң елу процентi мөлшерiнде өтiп кеткен әр күн үшiн тұрақсыздық айыппұлын төлейдi.
Тәуелсiз сарапшы, егер ол осы сақтандырушыға қатысты аффилиирленген тұлға болса не оның лауазымды адамдарына немесе осы сақтандырушы ұйымдарының - аффилиирленген тұлғаларының лауазымды адамдарына бағыныстылық байланыста болса, сақтандырушының өтiнiшi бойынша бағалауды жүзеге асыруға құқылы емес.
7. Сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбiрленушi (пайда алушы) немесе олардың өкiлдерi өтiнiш берген кезде сақтандырушы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген нысан бойынша бағалауды ұйымдастыруға сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбiрленушi (пайда алушы) немесе олардың өкiлдерi табыс еткен өтiнiш негiзiнде мүлiкке келтiрiлген зиян мөлшерiнiң аталған тұлғалар таңдаған тәуелсiз сарапшыда бағалануын он жұмыс күнi iшiнде өз есебiнен ұйымдастырады.
Бүлiнген мүлiктi бағалауды ұйымдастыру мынадай:
1) тәуелсiз сарапшылардың сақтандырушы берген тiзбесiне және олардың орналасқан орны, байланыс телефондары туралы ақпаратқа сәйкес пайда алушының немесе оның өкiлiнiң тәуелсiз сарапшыны таңдауы;
2) пайда алушымен және тәуелсiз сарапшымен келісім бойынша бағалауды жүргiзу орнын айқындау;
3) бүлiнген мүлiктi тексерiп-қарау;
4) тәуелсiз сарапшының бүлiнген мүлiкке бағалау жүргiзуi;
5) пайда алушыға танысу үшiн бағалау жөніндегі есептi беру кезеңдерiн қамтиды.
Мүлкiне зиян келтiрiлген пайда алушы өзi немесе сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандырушыға бағалау ұйымдастыруға өтiнiш берген күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде көлiк оқиғасынан кейiн қандай жағдайда болса, сол жағдайда осы мүлiктi сақтауға және сақтандырушының бүлiнген мүлiктi тексерiп-қарауына, сондай-ақ тәуелсiз сарапшының келтiрiлген зиянға бағалау жүргiзуiне мүмкiндiк жасауға мiндеттi.
Өзгеше дәлелдеуге құқығы бар сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбiрленушi (пайда алушы) немесе олардың өкiлдерi үшiн бағалаудың нәтижелерi мiндеттi болып табылмайды.
Сақтандырушы пайда алушыға тиесiлi сақтандыру төлемiнен бағалау жүргiзуге жұмсалған өз шығыстарын ұстап қалуға құқылы емес.
8. Егер сақтандырушы келтiрiлген зиянды тәуелсiз сарапшының бағалауын осы баптың 7-тармағында белгiленген мерзiмде ұйымдастырмаса, онда сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбiрленушiнiң (пайда алушының) немесе олардың өкiлдерiнiң тәуелсiз сарапшы көрсететiн қызметтердi дербес пайдалануына және мүлiктi қалпына келтiрудi (кәдеге жаратуды) бастауына болады. Сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбiрленушiнiң (пайда алушының) немесе олардың өкiлдерiнiң тәуелсiз сарапшы көрсететiн қызметке жұмсаған шығындарын сақтандыру төлемiне қарамастан өтеуге тиiс.
9. Сақтандыру жағдайын қасақана жасау, сондай-ақ сақтандыру төлемiн заңсыз алуға бағытталған өзге де алаяқтық iс-әрекеттер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.»;
19) 22-1-бап мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Көлiк оқиғасының схемасын жасау тәртібі мен үлгi нысандары уәкiлеттi органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi.»;
20) 24-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы сегiзiншi абзацының екiншi сөйлемiнде:
«Бұл ретте сақтандыру» деген сөздер «Сақтандыру» деген сөзбен ауыстырылсын;
«2» деген цифр «10» деген цифрлармен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жәбiрленушi қайтыс болған жағдайда сақтандырушы жәбiрленушiнi жерлеген адамға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жерлеу шығыстарын өтейдi.»;
21) 25-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты сақтанушы (сақтандырылушы) немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға пайда алушының тұрғылықты жерiн, байланыс телефондарын, банктiк деректемелерiн (қажет болғанда), сақтандыру төлемiн қолма-қол ақшамен не банктiк шотқа аударым жасау арқылы сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға қажеттi құжаттарды қоса тiркей отырып, алу тәртібін көрсетiп, жазбаша нысанда қояды.»;
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi басталған тұлғаның сақтандыру полисi (оның телнұсқасы), ол болмаған жағдайда сақтандыру полисiнiң көшiрмесi не бар болған кезде көрсетiлген сақтандыру полисi бойынша (сақтандырушының атауы, сақтандыру полисiнiң нөмiрi, берiлген күнi) немесе сақтанушы туралы (сақтанушының тегi, аты, болған жағдайда - әкесiнiң аты, көлiк құралын тiркеудiң мемлекеттік нөмiрi) мәлiметтердiң бiрi;»;
4-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4-2) осы Заңның 22-бабының 7-тармағында көзделген жағдайда, бағалауды ұйымдастыруға арналған өтiнiш;»;
5) тармақша «келтiрiлген зиянның» деген сөздердiң алдынан «осы Заңның 22-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда» деген сөздермен толықтырылып, «, олар болған кезде» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтың үшiншi бөлiгi алып тасталсын;
22) 26-баптың 1-тармағындағы «жетi» деген сөз «он бес» деген сөзбен ауыстырылсын;
23) 26-1-баптың 1-тармағында:
«өтiнiш жасайды» деген сөздер «өтiнiшi жасауға құқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Зиян келтiрiлген мүлiктiң меншiк иесi болып табылмайтын жәбiрленушi осы Заңда көзделген тәртiппен өз кiнәсiнен сақтандыру жағдайы туындаған адамның сақтандырушысына жүгiнедi.»;
24) 28-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «оны жүргiзу» деген сөздер «көлiк оқиғасы жасалған кезде оны жүргiзуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 29-бапта:
2-тармақта:
1) тармақшадағы «сақтанушының» деген сөз «пайда алушының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша алып тасталсын;
6) тармақшадағы «6-тармағының» деген сөз «7-тармағы үшiншi бөлiгiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ алып тасталсын;
26) 30-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мынадай:
1) сақтандырушылар арасында көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру мәселелерi бойынша туындайтын;
2) сақтанушы (пайда алушы) мен сақтандырушы арасында көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарынан туындайтын өзара қарым-қатынастарды реттеудi жүзеге асыратын, өз қызметiнде тәуелсiз жеке тұлға сақтандыру омбудсманы болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Өкiлдер кеңесiнiң құзыретi:
1) сақтандыру омбудсманының құрылымын және штатын (офисiн) бекiтедi;
2) сақтандыру омбудсманының қызметiн қаржыландыру тәртібі;
3) осы Заңға сәйкес сақтандыру омбудсманының қызметiн жүзеге асыруға байланысты өзге де мәселелер.»;
27) 30-3-бапта:
1-тармақтың бiрiншi бөлiгіндегі «сақтандыру омбудсманының өкiлдер кеңесiнiң құрамына кiретiн сақтандырушының» деген сөздер «дауға қатысатын тараптардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сақтандыру омбудсманының сақтандырушылар арасындағы өзара қарым-қатынастар туралы шешiмi мiндеттi болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Сақтандыру омбудсманының сақтанушы (пайда алушы) мен сақтандырушы арасындағы өзара қарым-қатынастар туралы шешiмi сақтанушы (пайда алушы) оны қабылдаған жағдайда сақтандырушы үшiн мiндеттi болады.
Сақтанушы (пайда алушы) сақтандыру омбудсманының шешiмiмен келiспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құқығын қорғау үшiн сотқа жүгiнуге құқылы. Бұл ретте сақтанушы (пайда алушы) үшiн сақтандыру омбудсманының шешiмiн орындау мiндеттi болып табылмайды.»;
28) 30-4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«30-4-бап. Сақтандыру омбудсманының қызметi
1. Сақтандыру омбудсманының қызметi, оның iшiнде дауды шешу және шешiмдердi қабылдау бойынша өтiнiштердi қарау тәртібі мен мерзiмдерi уәкiлеттi органмен келісілген және өкiлдер кеңесi бекiткен iшкi ережелердiң негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Жүктелген функцияларды тиiсiнше атқару мақсатында сақтандыру омбудсманының қызметi сақтандырушылардың жарналары есебiнен қаржыландырылады. Сақтандыру омбудсманы өкiлдер кеңесiмен келісім бойынша құрылымы мен штатын (сақтандыру омбудсманының офисiн) құруға құқылы.
3. Сақтандыру омбудсманы дауды шешу барысында алынған ақпаратқа қатысты құпиялықты сақтауға және оны үшiншi тұлғаларға жария етпеуге мiндеттi.
Сақтандыру омбудсманы өз функцияларын жүзеге асыру барсында алынған мәлiметтердi жария еткенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
4. Осы Заңның 30-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда өзара қарым-қатынастарды реттеудi сақтандыру омбудсманы тегiн жүзеге асырады.
5. Сақтандыру омбудсманы осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, өкiлдер кеңесi оның өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтатады.»;
29) мынадай мазмұндағы 32-баппен толықтырылсын:
«32-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың халықаралық жүйелерi
Трансшекаралық қозғалысқа қатысатын көлiк құралдары иелерi үшiншi тұлғаларға келтiрген зиянды өтеудi қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік шекара арқылы көлiк құралдары иелерiнiң жүрiп-тұру режимiн жеңiлдету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың халықаралық жүйелерiнде Қазақстан Республикасының қатысуына жол берiледi.».
16. «Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 24, 179-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; № 17, 81-құжат):
7-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1-бап. Туроператордың және турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi
1. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлға туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейiн:
1) Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорымен қатысу шартын жасасуға және көрсетiлген Қорды құру және оның қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңында айқындалған тәртiппен оның акционерi болуға;
2) астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерiнiң болуы мiндеттi.
2. Туроператордың және турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушы өзiнiң қаржылық есептілігiн Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын кемiнде екi мерзiмдi баспасөз басылымында қазақ және орыс тiлдерiнде, Қазақстан Республикасы ёлттық Банкінің жылдық қаржылық есептіліктi жариялау тәртібі туралы нормативтiк құқықтық актiсiнде көзделген көлемде және мерзiмдерде жыл сайын жариялап отыруға мiндеттi.