Салық төлеушінің құрылу күнінен (салық салу объектілерін пайдалануға, сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға беру күнінен) кейінгі кезекті мерзім осы Кодекстің 394-бабы 4-тармағының 2)-4) тармақшаларында аталған жаңадан құрылған салық төлеушілер мен заңды тұлғалар бойынша ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілер мен осы Кодекстің 394-бабы 4-тармағының 2)-4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салық салу объектілерін пайдалануға, сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға берген кезде салық сомасын ағымдағы салық кезеңі үшін осы баптың 7-тармағында көзделген мерзімдерде төлейді.
2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Салық кезеңі ішінде салық салу объектілері келіп түскен жағдайда, мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық салу объектілері келіп түскен айдан бастап салық кезеңінің соңына дейінгі ағымдағы салық кезеңі айларының санына көбейтілген, келіп түскен күніне бухгалтерлік есеп деректері бойынша айқындалған, келіп түскен салық салу объектілерінің бастапқы құнының 1/13-іне салық ставкасын қолдану жолымен айқындалады. Ағымдағы төлемдер көбейтілуі тиіс сома осы баптың 5-тармағында белгіленген мерзімдер бойынша тең үлестермен бөлінеді, бұл ретте салық салу объектілері келіп түскен күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
Салық кезеңі ішінде салық салу объектілері шығып қалған жағдайда, ағымдағы төлемдер салық салу объектілері шығып қалған айдан бастап салық кезеңінің соңына дейінгі ағымдағы салық кезеңі айларының санына көбейтілген, шығып қалған салық салу объектілерінің құнының 1/13-іне салық ставкасын қолдану жолымен айқындалатын сомаға азайтылады.
Бұл ретте мыналар:
келіп түскен күнге бухгалтерлік есеп деректері бойынша бастапқы құны - ағымдағы салық кезеңінде келіп түскен салық салу объектілері бойынша;
салық кезеңі басындағы бухгалтерлік есеп деректері бойынша баланстық құны - басқа салық салу объектілері бойынша шығып қалған салық салу объектілерінің құны болып табылады.
Ағымдағы төлемдер азайтылуға жататын сома ағымдағы төлемдерді төлеудің қалған мерзімдеріне тең үлестермен бөлінеді.
7. Салық төлеуші салық кезеңі ішінде декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей түпкілікті есеп айырысуды жүргізеді және мүлік салығын төлейді.
8. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер мүлік салығын салық кезеңі ішінде декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей төлейді.
400-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу және төлеу
Дара кәсіпкер кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша салықты осы тарауда белгіленген ставкалар бойынша және тәртіппен есептейді және төлейді.
401-бап. Салық кезеңі
1. Мүлік салығын есептеу және төлеу үшін салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.кара)
2. Осы Кодекстің 394-бабы 4-тармағының 2)-4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар үшін салық кезеңі салық салу объектілерін пайдалануға, сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға берген кезден бастап мұндай пайдаланудың аяқталу кезіне дейін айқындалады.
402-бап. Салық есептілігі
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.кара)
1. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын және декларацияны табыс етуге міндетті.
Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына декларацияны табыс етуге міндетті.
Осы Кодекстің 394-бабы 4-тармағының 2)-4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар пайдалануға, сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша салық есептілігін осы бапта белгіленген тәртіппен табыс етеді.
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.кара)
2. Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабы есепті салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірілмей табыс етіледі.
Жаңадан құрылған салық төлеушілер ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын салық органдарына тіркеу есебіне қойылған айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді.
Осы Кодекстің 394-бабы 4-тармағының 2)-4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар пайдалануға, сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын объектілерді пайдалануға немесе жалға берген айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді.
3. Салық кезеңі ішінде мүлік салығы бойынша салық міндеттемелері өзгерген кезде, ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы салық салу объектілері бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиісінше ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан кешіктірмей табыс етіледі.
4. Декларация есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.
58-тарау. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МҮЛІК САЛЫҒЫ
403-бап. Салық төлеушілер
1. Осы Кодекстің 405-бабына сәйкес салық салу объектісі бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер болып табылады.
2. Мыналар жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды:
1) мерзімді қызметті өткеру (оқу) кезеңіндегі мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер;
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшері шегінде - Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық қа?арманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарын алған, үш дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
3) меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 1500 еселенген мөлшері шегінде - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдар, І және ІІ топтағы мүгедектер;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
4) меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 1500 еселенген мөлшері шегінде - Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар.
Осы тармақтың 1) - 4) тармақшаларында аталған адамдар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша салықты осы тарауда белгіленген тәртіппен есептейді және төлейді;
5) кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша дара кәсіпкерлер.
404-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушіні айқындау
1. Меншік иесі салық салу объектілерін сенімгерлік басқаруға берген кезде, салық төлеуші осы Кодекстің 35, 36-баптарына сәйкес айқындалады.
2. Егер салық салу объектісі бірнеше тұлғаның ортақ үлестік меншігінде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеуші деп танылады.
3. Бірлескен ортақ меншіктегі салық салу объектілері бойынша өздерінің арасындағы келісіммен осы салық салу объектісі меншік иелерінің бірі салық төлеуші бола алады.
405-бап. Салық салу объектісі
Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар және аяқталмаған құрылыс объектілері қоныстану, пайдалану кезінен бастап оларға мүлік салығын салу объектісі болып табылады.
406-бап. Салық базасы
1. Әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін, мынадай тәртіппен айқындалған салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары немесе аяқталған құрылыс объектілері бойынша салық базасы болып табылады:
Қ = Қ б х S х К таб х К функц х К айм х К аек. өзг, мұнда:
Қ - салық салу мақсаты үшін мүліктің құны,
Қ б - тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің бір шаршы метрінің базалық құны,
S - тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің шаршы метрмен пайдалы ауданы,
К таб - табиғи тозу коэффициенті,
К функц - функционалдық тозу коэффициенті,
К айм - аймақтау коэффициенті,
К аек. өзг - айлық есептік көрсеткіш өзгерісінің коэффициенті.
2. Тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің теңгемен көрсетілген бір шаршы метрінің базалық құны (Қ б) елді мекеннің түріне байланысты мынадай мөлшерде айқындалады:
| Рет № | Елді мекеннің түрі | Базалық құн, теңгемен |
| 1 | 2 | 3 |
| | Қалалар: | |
| 1. | Алматы | 30000 |
| 2. | Астана | 30000 |
| 3. | Ақтау | 18000 |
| 4. | Ақтөбе | 18000 |
| 5. | Атырау | 18000 |
| 6. | Қарағанды | 18000 |
| 7. | Қызылорда | 18000 |
| 8. | Көкшетау | 18000 |
| 9. | Қостанай | 18000 |
| 10. | Павлодар | 18000 |
| 11. | Петропавл | 18000 |
| 12. | Талдыкорган | 18000 |
| 13. | Тараз | 18000 |
| 14. | Орал | 18000 |
| 15. | Өскемен | 18000 |
| 16. | Шымкент | 18000 |
| 17. | Облыстық маңызы бар қалалар | 12000 |
| 18. | Аудандық маңызы бар қалалар | 6000 |
| 19. | Кенттер | 4200 |
| 20. | Селолар (ауылдар) | 2700 |
3. Әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мынадай формула бойынша есептеген осындай объектінің құны тұрғын үйлердің салқын жапсаржайлары, шаруашылық (қызметтік) құрылыстары, шығыңқы ірге қабаттары, жертөлелері, гаражы бойынша салық базасы болып табылады:
Қ = Қ б x S x К таб х К аек өзг. х K айм, мұнда:
Қ - салық салу мақсаты үшін құн,
Қ б - осы баптың 2-тармағында белгіленген базалық құнның мынадай мөлшерінде айқындалған бір шаршы метрдің базалық құны:
тұрғын үйлердің салқын жапсаржайлары, шаруашылық (қызметтік) құрылыстары, шығыңқы ірге қабаттары, жертөлелері бойынша -25 процент, гараж бойынша - 15 процент,
S - тұрғын үйлердің салқын жапсаржайларының, шаруашылық (қызметтік) құрылыстарының, шығыңқы ірге қабаттарының, жертөлелерінің, гаражының шаршы метрмен жалпы ауданы,
К таб - осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған табиғи тозу коэффициенті
К аек. өзг - осы баптың 7-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған айлық есептік көрсеткіш өзгерісінің коэффициенті,
К айм - осы баптың 6-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған аймақтау коэффициенті.
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
4. Тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің табиғи тозу коэффициенті амортизация нормаларын және тиімді уақытын есепке ала отырып, мына формула бойынша айқындалады:
К таб = 1 - М таб, мұнда:
М таб - тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің табиғи тозуы.
Табиғи тозу мына формула бойынша айқындалады:
М таб = (Т баз - Т п.б) х Наморт/100, мұнда:
Т баз - салық есептелген жыл,
Т п.б - объектінің пайдалануға берілген жылы,
Н аморт - амортизация нормасы.
Ғимараттың сипаттамасына байланысты табиғи тозуды айқындаған кезде мынадай амортизация нормалары қолданылады:
| Рет № | Күрделік тобы | Ғимараттың сипаттамасы | Н аморт % | Қызмет ету мерзімі (жыл) |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1. | 1 | Тастан салынған, ерекше күрделі, қабырғаларының қалыңдығы 2,5 кiрпiштен астам немесе темірбетонды немесе металл қаңқалы кiрпiшті, аражабындары темірбетонды және бетонды ғимараттар; қабырғалары iрi панельдi, аражабындары темір бетонды ғимараттар; | 0,7 | 143 |
| 2. | 2 | Қабырғалары қалыңдығы 1,5-2,5 кірпіштен қаланған, аражабындары темір-бетонды, бетонды немесе ағаш; ірі блокты қабырғасы бар, аражабындары темірбетонды ғимараттар | 0.8 | 125 |
| 3. | 3 | Қабырғалары жеңілдетіліп қаланған кірпіштен, монолитті шлакты бетоннан, жеңіл шлак блогынан, ұлу тастан қаланған, аражабындары темірбетонды немесе бетонды ғимараттар; ірі блокты немесе кірпіштен, жеңілдетіліп монолитті шлакты бетоннан, ұсақ шлакты блоктардан қаланған ғимараттар | 1,0 | 100 |
| 4. | 4 | Қабырғалары аралас, кесілген ағаштан немесе бедерлі кірпіштен қаланған ғимараттар | 2,0 | 50 |
| 5. | 5 | Шитіден жасалған, жиналмалы-қалқанды, құйма қаңқалы, балшықтан соғылған, саман ғимараттар | 3,3 | 30 |
| 6. | 6 | Қамыс-қаңқалы және басқа да жеңілдетілген ғимараттар | 6,6 | 15 |
Егер тастан қаланған немесе тасымалы панелді тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің табиғи тозуы 70 проценттен жоғары болса, оның ішінде материалдардан салынған үйлерде 65 проценттен жоғары болса, онда 0,2-ге тең табиғи тозу коэффициенті қолданылады.
5. Тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің сапасына қойылатын талаптарды ескеретін функционалдық тозу коэффициенті (К функц.) мына формула бойынша есептеледі:
К функц = К қаб х К бұр х К қ. мат х К жайл х К жылу, мұнда:
К қаб - тұрғын үй-жайдың немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің орналасу қабатына байланысты базалық құнның өзгеруін есепке алу коэффициенті,
К бұр - тұрғын үй-жайдың немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің құрылыстың бұрыштағы учаскелерінде орналасуын есепке алу коэффициенті,
К қ. мат - қабырға материалын есепке алу коэффициенті,
К жайл - тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің жайлылығы мен оның инженерлік-техникалық құрылғылармен қамтамасыз етілу деңгейін есепке алу коэффициенті,
К жылу - жылыту түрін есепке алу коэффициенті.
Қабатына байланысты мынадай қабаттылықтың түзету коэффициенті (К қаб) қолданылады:
| Рет № | Қабат | К қабат |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Бірінші | 0,95 |
| 2. | Аралық немесе жеке тұрғын үй | 1,00 |
| 3. | Соңғы | 0,9 |
Биіктігі үш қабаттан аспайтын көп пәтерлі тұрғын үйлер үшін кез келген қабат үшін 1-ге тең қабаттылық коэффициенті қолданылады.
Тұрғын үй-жайдың немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің құрылыстың бұрыштағы учаскелеріндегі орналасуына байланысты мынадай түзету коэффициенттері (К бұр) қолданылады:
| Рет № | Тұрғын үй-жайдың немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің құрылыстың бұрыштағы учаскесінде орналасуы | К бұр |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Бұрыштағы пәтер | 0,95 |
| 2. | Бұрышта орналаспаған пєтер немесе жеке тұрғын үй | 1,0 |
Қабырға материалына байланысты мынадай түзету коэффициенті (К қаб. мат.) қолданылады:
| Рет № | Қабырға материалы | Коэффициент |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Кірпіштен | 1,1 |
| 2. | Керамзит бетон блоктардан құралған | 1,0 |
| 3. | Керамзит бетон блоктардан құралған, кірпішпен қапталған | 1,05 |
| 4. | Темірбетон панелден | 1,0 |
| 5. | Кiрпiшпен қапталған темірбетон панелден | 1,05 |
| 6. | Балшықтан - саманнан | 0,5 |
| 7. | Саманнан, сыртынан 0,5 кiрпiшпен қапталған | 0,6 |
| 8. | Монолитты шлакты-бетонды | 0,7 |
| 9. | Темірбетон блоктардан | 1,0 |
| 10. | Жиналмалы-қалқанды | 0,6 |
| 11. | Жиналмалы-қалқанды, 0,5 кірпiшпен қапталған | 0,75 |
| 12. | Кесiлген ағаштан | 0,85 |
| 13. | Шпалдан | 0,75 |
| 14. | Шпалдан, кiрпiшпен қапталған | 0,95 |
| 15 | Қамыс қаңқалы | 0,6 |
Тұрғын үй-жайды, саяжай құрылыстары немесе аяқталмаған құрылыс объектісін барлық тиісті инженерлік жүйелермен және техникалық құрылғылармен қамтамасыз ету кезінде 1-ге тең жайлылық коэффициенті (К жайл) қолданылады.
Адамдардың тұруы (тұрмыстық), келуі үшін нормативтік не қолайлы жағдай туғызатын инженерлік жүйелер мен техникалық құрылғылар (су құбыры, кәріз, басқа да жайлылық түрлері) болмаған кезде, 0,8-ге тең К жайл. қолданылады.
Жылыту түріне байланысты мынадай жылытудың түзету коэффициенттері (К жылу) қолданылады:
| Рет № | Жылыту түрі | К жылу |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Орталықтан жылыту | 1,0 |
| 2. | Газбен немесе мазутпен жергiлiктi жылыту | 0,98 |
| 3. | Қатты отын арқылы сумен жергiлiктi жылыту | 0,95 |
| 4. | Пешпен жылыту | 0,9 |
6. Салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын есепке алатын аймақтау коэффициентін (К айм.) жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша айқындайды.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
7. Айлық есептiк көрсеткiштiң өзгеру коэффициентi (К аек. өзг) мынадай формула бойынша айқындалады:
К аек. өзг = ағ. ж. аек/өткен ж. аек, мұнда:
ағ. ж. аек - Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш;
өткен ж. аек - Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және өткен қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш.
8. Тұрғын үйлердің салқын жапсаржайлары, шаруашылық (қызметтік) құрылыстары, шығыңқы ірге қабаттары, жертөлелері, гаражы тұрғын үй-жайлардың немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің бір бөлігі болып табылған жағдайда, салық базасы осы бапқа сәйкес жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған осындай салық салу объектілерінің жиынтық құны ретінде айқындалады.
9. Бірнеше салық салу объектілері бойынша бір жеке тұлға салық төлеуші болып табылса, жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган салық базасын әрбір объект бойынша дербес есептейді.
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 407-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.кара)
407-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу мен төлеу
Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырмайтын жеке тұлғалар, оның iшiнде жекеше нотариустар, адвокаттар (осы баптың үшiншi бөлiгiнде көрсетiлгендердi қоспағанда) меншiк құқығындағы тұрғын үй емес үй-жайлары бойынша осы Кодекстiң 398-бабының 2-тармағында белгiленген ставкаларды қолдана отырып, патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер үшiн осы Кодекстiң 57-тарауында белгiленген мүлiк салығын тәртiппен есептейдi, төлейдi және осы салық бойынша салық есептілігiн табыс етедi.
Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көрсетiлгендердi қоспағанда, мұндай тұрғын үй емес үй-жайлар бойынша салық базасы осы Кодекстiң 397-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.
Осы баптың ережелерi салық базасы осы Кодекстiң 406-бабына сәйкес айқындалатын тұрғын үй емес үй-жайлар бойынша жеке тұлғаларға қолданылмайды.
408-бап. Салық ставкалары
Салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес айқындалатын жеке тұлғалардың мүлік салығы салық салу объектілерінің құнына қарай, мынадай ставкалар бойынша есептеледі:
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | 1 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | салық салу объектілері құнының 0,05 проценті |
| 2. | 1 000 000 теңгеден жоғары 2 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда | 500 теңге + 1 000 000 теңгеден асатын соманың 0,08 процентi |
| 3. | 2 000 000 теңгеден жоғары 3 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда | 1 300 теңге + 2 000 000 теңгеден асатын соманың 0,1 процентi |
| 4. | 3 000 000 теңгеден жоғары 4 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда | 2 300 теңге + 3 000 000 теңгеден асатын соманың 0,15 процентi |
| 5. | 4 000 000 теңгеден жоғары 5 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда | 3 800 теңге + 4 000 000 теңгеден асатын соманың 0,2 процентi |
| 6. | 5 000 000 теңгеден жоғары 6 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда | 5 800 теңге + 5 000 000 теңгеден асатын соманың 0,25 процентi |
| 7. | 6 000 000 теңгеден жоғары 7 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда | 8 300 теңге + 6 000 000 теңгеден асатын соманың 0,3 процентi |
| 8. | 7 000 000 теңгеден жоғары 8 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда | 11 300 теңге + 7 000 000 теңгеден асатын соманың 0,35 процентi |
| 9. | 8 000 000 теңгеден жоғары 9 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда | 14 800 теңге + 8 000 000 теңгеден асатын соманың 0,4 процентi |
| 10. | 9 000 000 теңгеден жоғары 10 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда | 18 800 теңге + 9 000 000 теңгеден асатын соманың 0,45 процентi |
| 11. | 10 000 000 теңгеден жоғары 50 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда | 23 300 теңге + 10 000 000 теңгеден асатын соманың 0,5 процентi |
| 12. | 50 000 000 теңгеден жоғары 120 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда | 223 300 теңге + 50 000 000 теңгеден асатын соманың 0,75 процентi |
| 13. | 120 000 000 теңгеден жоғары | 748 300 теңге + 120 000 000 теңгеден асатын соманың 1 процентi |
409-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі
Жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық кезеңінің 1 тамызынан кешіктірмей тиісті салық ставкасын салық базасына қолдану арқылы, салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдары жүргізеді.
Егер салық салу объектісі салық кезеңі ішінде меншік құқығында он екі айдан аз болса, төленуге жататын мүлік салығы осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалған салық сомасын он екіге бөлу және салық салу объектісінің меншік құқығында болған айларының санына көбейту жолымен есептеледі.
Бірнеше жеке тұлғаның ортақ үлестік меншігіндегі салық салу объектісі үшін салық олардың осы мүліктегі үлесіне барабар есептеледі.
Бірнеше салық салу объектілері бойынша салық төлеуші бір жеке тұлға болған жағдайда, салықты есептеу әрбір салық салу объектісі бойынша бөлек жүргізіледі.
5. Салық салу объектісі жойылған, қираған, бұзылған кезде жойылу, қирау, бұзылу фактілерін растайтын, уәкілетті орган беретін құжаттар болған жағдайда, салық сомасын қайта есептеу жүргізіледі.
6. Салық кезеңі ішінде салық төлеушінің салық төлеуден босатылу құқығы туындаған кезде, осы құқық туындаған айдың бірінші күнінен бастап салық сомасын қайта есептеу жүргізіледі.
7. Бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінің 1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі.
8. Салық кезеңі ішінде салық салу объектілеріне меншік құқықтары берілген жағдайда, салық сомасы мүлікке меншік құқықтарын іске асырудың нақты кезеңі үшін есептеледі.
Меншік құқығын берген тұлға салық салу объектісін иеленудің нақты кезеңі үшін төленуге жататын салық сомасын меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеу кезіне дейін немесе тіркеу кезінде бюджетке енгізуге тиіс. Бұл ретте бастапқы төлеушіге ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап, ол меншік құқығын берген айдың басына дейін есептелген салық сомасы көрсетіледі. Одан кейінгі төлеушіге мүлік салығының есептелген сомасы туралы салық органы жіберетін хабарламада оның меншік құқығы туындаған айдың басынан басталатын кезең ішінде есептелген салық сомасы көрсетіледі.