Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін жер салығының ставкаларын жеке-дара төмендетуге немесе жоғарылатуға тыйым салынады.
2. Мынадай төлеушілер салықты есептеген кезде тиісті ставкаларға 0,1 коэффициентті қолданады:
1) балаларды сауықтыру мекемелері;
2) діни бірлестіктерді қоспағанда, осы Кодекстің 134-бабында айқындалған заңды тұлғалар;
3) осы Кодекстің 135-бабының 2-тармағында айқындалған заңды тұлғалар;
4) қызметінің негізгі түрі ормандарда өртке қарсы жұмысты ұйымдастыру, өртке, орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес, табиғи биологиялық ресурстарды ұдайы молайту және ормандардың экологиялық әлеуетін арттыру жөніндегі жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар;
5) балықты ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттік кәсіпорындар;
6) ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын;
7) психоневрологиялық және туберкулез мекемелері жанындағы емдеу-өндірістік кәсіпорындар.
3. Осы Кодекстің 135-бабының 3-тармағында айқындалған заңды тұлғалар салықты есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициентін қолданады.
4. Осы баптың 2-тармағында аталған жер салығын төлеушілер жер учаскесін немесе оның бір бөлігін (ондағы үйлермен, құрылыстармен, ғимараттармен бірге не оларсыз) жалға, өзге де негіздерде пайдалануға беру немесе коммерциялық мақсаттарда пайдалану кезінде салықты 0,1 коэффициентті қолданбай, осы Кодекстің 55-тарауында белгіленген тәртіппен есептейді.
5. Арнаулы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар жер салығын осы Кодекстің 151-бабының 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген ережелерді ескере отырып есептейді.
55-тарау. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ МЕРЗІМДЕРІ
388-бап. Салықты есептеу мен төлеудің жалпы тәртібі
1. Салықты есептеу әрбір жер учаскесі бойынша жеке салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер салықты осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып есептейді.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2. Егер осы тарауда өзгеше белгiленбесе, мемлекет жер учаскесiне меншiк құқығын, тұрақты немесе бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығын берген кезде, жер салығы салық төлеушiге жер учаскесiне осындай құқықтар берiлген айдан кейiнгi айдан бастап есептеледi.
3. Жер учаскесін иелену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда, жер салығы жер учаскесін пайдаланудың нақты кезеңі үшін есептеледі.
4. Бюджетке жер салығын төлеу жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.
5. Салық жылы ішінде елді мекенді қоныстың бір санатынан басқа санатына ауыстыру кезінде салық төлеушілерден ағымдағы жылғы жер салығы - осы елді мекендер үшін бұрын белгіленген ставкалар бойынша, ал келесі жылы қоныстардың жаңа санаты үшін белгіленген ставкалар бойынша алынады.
6. Елді мекен таратылған және оның аумағы басқа елді мекеннің құрамына қосылған кезде, таратылған елді мекеннің аумағында жаңа ставка тарату іске асырылған жылдан кейінгі жылдан бастап қолданылады.
7. Салық төлеушілер орналасқан жер учаскелері бонитетінің балдарын анықтау мүмкін болмаған жағдайда, жер салығының мөлшері шектесіп орналасқан жерлердің бонитет балы негізге алына отырып айқындалады.
8. Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша салық олардың осы жер учаскесіндегі үлесіне барабар есептеледі.
389-бап. Заңды тұлғалардың салықты есептеу тәртібі мен төлеу мерзімдері
1. Заңды тұлғалар жер салығының сомаларын салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейді.
2. Заңды тұлғалар салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеуге және төлеуге міндетті.
3. Ағымдағы төлемдердің сомасы ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан, 25 қарашасынан кешіктірілмей тең үлестермен төленуге жатады.
Жаңа құрылған салық төлеуші құрылған күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілер ағымдағы салық кезеңі үшін салық сомасын осы баптың 9-тармағында көзделген мерзімдерде төлейді.
4. Ағымдағы төлемдердің мөлшері салық кезеңінің басында болған салық салу объектілері бойынша салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану арқылы айқындалады.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5. Жер салығын төлеу бойынша салық міндеттемелері туындаған күннен кейінгі, осы баптың 3-тармағында белгіленген кезекті мерзім салық міндеттемелері туындаған кезде салық кезеңі ішінде салықтың ағымдағы сомаларын төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
Осы Кодекстің 373-бабы 3-тармағының 2), 3), 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар салық салу объектілерін пайдалануға немесе жалға берген кезде салық салу объектілерін пайдалануға, сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға беру күнінен кейінгі кезекті мерзім салықтың ағымдағы сомасын төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
6. Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салық міндеттемелері туындаған кезде түпкілікті есеп айырысу және салық сомасын төлеу осы баптың 9-тармағында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.
Осы Кодекстің 373-бабының 3-тармағының 2), 3), 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғаларға пайдалануға, сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін түпкілікті есеп айырысу мен салық сомасын төлеу осы баптың 9-тармағында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.
7. Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша міндеттемелер өзгерген жағдайда, ағымдағы төлемдер салық міндеттемелерінің өзгеру сомасына жер салығын төлеудің алдағы мерзімдері бойынша тең үлестермен түзетіледі.
8. Салық салу объектілеріне құқықтар салық кезеңінің ішінде берілген жағдайда, салық сомасы жер учаскесіне иелік етудің нақты кезеңі үшін есептеледі.
Осы құқықтарды беретін тұлғаның жер учаскесіне іс жүзінде иелік еткен кезеңі үшін төлеуге жататын салық сомасы құқықтарды мемлекеттік тіркеуге дейін немесе тіркеген кезде бюджетке енгізілуге тиіс. Бұл ретте бастапқы төлеуші ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап өзі жер учаскесін беретін айдың басына дейін салық сомасын есептейді. Одан кейінгі төлеуші өзінің жер учаскесіне құқығы пайда болған айдың басынан басталатын кезең үшін салық сомасын есептейді.
Жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде салықтың жылдық сомасын бюджетке тараптардың бірі (келісім бойынша) енгізуі мүмкін. Жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде төленген салық сомасы кейіннен қайта төленбейді.
9. Салық төлеуші салық кезеңі үшін декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей түпкілікті есеп айырысуды жүргізіп, жер салығын төлейді
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 390-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.кара)
390-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеудiң, төлеудiң және салық есептілігiн табыс етудiң ерекшелiктерi
1. Бiрнеше салық төлеушiлердiң пайдалануындағы үйлер, құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi үшiн жер салығы олардың бөлек пайдалануындағы үйлер мен құрылыстардың алаңына барабар әр салық төлеушi бойынша жеке есептеледi.
2. Осы Кодекстiң 373-бабы 3-тармағының 2), 3), 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар үйдiң бiр бөлiгiн не ғимараттың бiр бөлiгiн пайдалануға, сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға берген кезде жер салығы осы жер учаскесiнде орналасқан барлық үйлердiң, ғимараттардың жалпы алаңындағы пайдалануға, сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға берiлген үйдiң бiр бөлiгi не ғимараттың бiр бөлiгi алаңының үлес салмағына қарай есептелуге жатады.
3. Тұрғын үй қорының құрамындағы жылжымайтын мүлiктi заңды тұлға сатып алған жағдайда, жер салығы тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлердi қоспағанда, елдi мекендердiң жерлерiне осы Кодекстiң 381-бабында белгiленген салықтың базалық ставкалары бойынша есептелуге жатады.
4. Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырмайтын жеке тұлғалар, оның iшiнде жекеше нотариустар, адвокаттар, осы тармақтың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген жер учаскелерiн қоспағанда, меншiк құқығындағы тұрғын үй емес үй-жайлары орналасқан жер учаскелерi бойынша патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер үшiн осы бөлiмде белгiленген тәртiппен жер салығын есептейдi, төлейдi және жер салығы бойынша салық есептілігiн табыс етедi.
Осы тармақтың ережелерi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырмайтын жеке тұлғалардың салық базасы осы Кодекстiң 406-бабына сәйкес айқындалатын тұрғын үй емес үй-жайлары орналасқан жер учаскелерiне қолданылмайды.
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 391-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.кара)
391-бап. Жеке тұлғалардың салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзiмдерi
1. Жеке тұлғалар (осы тармақтың екiншi бөлiгiнде аталған тұлғаларды қоспағанда) төлеуге жататын жер салығын есептеудi салық органдары тиiстi салық ставкалары мен салық базасын негiзге ала отырып, 1 тамыздан кешiктiрмей жүргiзедi.
Осы тармақтың ережелерi:
дара кәсiпкерлерге;
салық базасы осы Кодекстiң 406-бабына сәйкес айқындалатын тұрғын үй емес үй-жайлар орналасқан жер учаскелерiн қоспағанда, меншiк құқығындағы тұрғын үй емес үй-жайлары орналасқан жер учаскелерi бойынша кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырмайтын жеке тұлғаларға, оның iшiнде жекеше нотариустарға, адвокаттарға қолданылмайды.
2. Салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерiне құқықтар берiлген жағдайда, салық сомасы осы Кодекстiң 389-бабы 8-тармағының ережелерi ескерiле отырып есептеледi.
3. Жеке тұлғалар салық органдары есептеген жер салығын бюджетке ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей төлейдi.
4. Салық мiндеттемелерi ағымдағы жылдың 1 қазанынан кейiн туындаған кезде, салық сомасын төлеу салық салу объектiсiне меншiк құқығы мемлекеттік тiркелгеннен кейiн отыз жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
5. Дара кәсiпкерлер өз қызметiнде пайдаланатын жер учаскелерi бойынша жер салығын осы Кодекстiң 389-бабында белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi.
6. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер өз қызметiнде пайдаланатын жер учаскелерi бойынша жер салығын осы Кодекстiң 389-бабында белгiленген тәртiппен есептейдi. Бұл ретте, жер салығы салық кезеңi үшiн декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей төленуге жатады.
56-тарау. САЛЫҚ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ
392-бап. Салық кезеңі
Жер салығын есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.
393-бап. Салық есептілігі
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.кара)
1. Салық төлеушiлер (патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда) декларацияны салық салу объектiлерi орналасқан жердегi салық органдарына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей, сондай-ақ ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабын осы бапта белгiленген мерзiмдерде табыс етедi.
Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер декларацияны салық салу объектiлерi орналасқан жердегi салық органдарына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.
Жеке тұлғалар салық органдары есептеген жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабын және декларацияны табыс етпейдi.
2. Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірілмей табыс етіледі.
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.кара)
3. Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілерді қоспағанда, жаңадан құрылған салық төлеушілер ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын салық төлеушіні тіркеу есебіне қойған айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді.
Осы тармақтың ережелерi дара кәсiпкерлерге (патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда) және заңды тұлғаларға қолданылады.
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.кара)
4. Осы Кодекстің 373-бабы 3-тармағының 2), 3), 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар пайдалануға, сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын осы баптың 5-тармағында көзделген мерзімдерде табыс етеді.
5. Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша салық міндеттемелері өзгерген кезде, ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы салық салу объектілері бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиісінше ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан кешіктірілмей табыс етіледі.
15-БӨЛІМ. МҮЛІК САЛЫҒЫ
57-тарау. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР МЕН ДАРА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ САЛЫНАТЫН МҮЛІК САЛЫҒЫ
394-бап. Салық төлеушілер
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар;
2) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында салық салу объектісі бар дара кәсіпкерлер;
3) концессия шартына сәйкес концессия объектісі болып табылатын салық салу объектісін иеленуге, пайдалануға құқығы бар концессионер мүлік салығын төлеушілер болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген құқықтарда салық салу объектілері бар заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері дербес салық төлеушілер ретінде қарастырылады.
3. Осы баптың 2-тармағында аталған салық төлеушілер мүлік салығын осы тарауда заңды тұлғалар үшін белгіленген тәртіппен есептейді және төлейді.
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.кара)
4. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, мыналар мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:
1) өз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланатын, меншік құқығында бар салық салу объектілері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер.
Өз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланбайтын салық салу объектілері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер мүлік салығын осы бөлімде белгіленген тәртіппен төлейді;
2) мемлекеттік мекемелер;
3) уәкілетті мемлекеттік органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;
4) діни бірлестіктер.
Осы тармақтың 2)-4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар пайдалануға, сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салық төлеушiлер болып табылады.
395-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушіні айқындау
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
1. Меншiк иесi салық салу объектiсiн сенiмгерлiкпен басқаруға берген кезде салық төлеушi осы Кодекстiң 35 және 36-баптарына сәйкес айқындалады.
Бұл ретте сенiмгерлiкпен басқарушының салық төлеуi салық салу объектiсi меншiк иесiнiң салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.
2. 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
3. Егер салық салу объектісі пайлық инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін салық салу объектілерін қоспағанда, бірнеше тұлғаның ортақ үлестік меншігінде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеуші деп танылады.
4. Бірлескен ортақ меншіктегі салық салу объектілері бойынша осы салық салу объектілерінің меншік иелерінің бірі олардың арасындағы келісім бойынша салық төлеуші бола алады.
5.Қаржылық лизингке берілген объектілер бойынша лизинг алушы салық төлеуші болып табылады.
6. Пайлық инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін салық салу объектілері бойынша пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы салық төлеуші болып табылады.
396-бап. Салық салу объектісі
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
1. Дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының аумағындағы:
1) техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын және негiзгi құралдар құрамында есепке алынатын ғимараттар, құрылыстар немесе қаржы есептілігiнiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетiн жылжымайтын мүлiкке инвестициялар;
2) концессия шартына сәйкес концессия объектiлерi болып табылатын ғимараттар, құрылыстар салық салу объектiсi болып табылады.
2. Мыналар:
1) осы Кодекстің 375 және 376-баптарына сәйкес жер салығын салу объектісі ретіндегі жер;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасы Yкіметінің шешімі бойынша консервацияда тұрған ғимараттар, құрылыстар;
3) ортақ пайдаланылатын мемлекеттік автомобиль жолдары мен олардағы жол құрылыстары:
бұрылу белдеуі;
жолдардың конструкциялық элементтері;
жол жағдайы мен оны абаттандыру;
көпірлер;
өткерме жолдар;
виадуктар;
жол тарамдары;
тоннельдер;
қорғаныш галереялары;
жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға арналған құрылыстар мен құрылғылар;
су бұрғыш және су өткізгіш құрылыстар;
жол бойындағы орман алаптары;
желілік тұрғын үйлер және жол пайдалану қызметінің кешендері;
4) аяқталмаған құрылыс объектілері салық салу объектілері болып табылмайды.
397-бап. Салық базасы
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша айқындалатын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық баланстық құны дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салық базасы болып табылады.
Концессия объектiлерiнiң орташа жылдық баланстық құны болмаған жағдайда бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен айқындалған осындай объектiлердiң құны салық базасы болып табылады.
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.кара)
2. Салық салу объектілерінің орташа жылдық баланстық құны ағымдағы салық кезеңінің әр айының бірінші күні мен есепті кезеңнен кейінгі кезең айының бірінші күніндегі салық салу объектілерінің баланстық құнын қосу кезінде алынған соманың он үштен бірі ретінде айқындалады.
Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт талаптарында салық салу объектiлерiн демонтаждау және жою жөніндегі мiндеттемелердi орындау көзделген болса, онда халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған осындай мiндеттемелердi бағалау салық салу объектiлерiнiң баланстық құнына кiрмейдi.
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.кара)
3. Осы Кодекстің 394-бабы 4-тармағының 2)-4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салық базасы пайдалануға, сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға берілген осы салық салу объектілерінің үлесін негізге ала отырып айқындалады.
4. Салық салу объектілерін сатып алу құны патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлердің салық салу объектілері бойынша салық базасы болып табылады.
Осындай құн болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша өткізілген бағалау деректері бойынша нарықтық құн салық базасы болып табылады.
398-бап. Салық ставкалары
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
1. Заңды тұлғалар (осы баптың 2, 3-тармақтарында аталғандарды қоспағанда) мүлік салығын салық базасының 1,5 процент ставкасы бойынша есептейді.
2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2. Мүлік салығын салық базасының 0,5 процент ставкасы бойынша мына салық төлеушілер:
1) дара кәсіпкерлер;
2) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар есептейді.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
3. Төменде аталған заңды тұлғалар мүлік салығын салық базасының 0,1 процент ставкасы бойынша есептейді:
1) діни бірлестіктерді қоспағанда, осы Кодекстің 134-бабында айқындалған заңды тұлғалар;
2) осы Кодекстің 135-бабында айқындалған заңды тұлғалар;
3) негізгі қызмет түрі кітапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын ұйымдар;
4) ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар;
5) мемлекеттік меншіктегі және бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының және табиғат қорғау мақсатындағы басқа да су шаруашылығы құрылыстарының объектілері бойынша заңды тұлғалар;
6) ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші заңды тұлғалардың және шаруа немесе фермер қожалықтарының жерін суландыру үшін пайдаланылатын гидромелиорациялық құрылыс объектілері бойынша заңды тұлғалар;
2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) ауыз сумен қамту объектілері бойынша заңды тұлғалар.
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.кара)
4. Осы Кодекстің 135-бабының 3-тармағында айқындалған тұлғаларды қоспағанда, осы баптың 3-тармағында аталған заңды тұлғалар пайдалануға, сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша мүлік салығын осы баптың 1-тармағында белгіленген салық ставкасы бойынша есептейді және төлейді.
5. Арнаулы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар мүлік салығын осы Кодекстің 151-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында белгіленген ережелерді ескере отырып есептейді.
399-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі
1. Салық төлеушілер салықты есептеуді салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргізеді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер салықты осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып есептейді.
2. Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша әрбір салық төлеуші үшін мүлік салығы мүлік құнындағы оның үлесіне барабар есептеледі.
3. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық кезеңі ішінде мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеуге міндетті, олар салық кезеңінің басындағы бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша айқындалған салық салу объектілерінің баланстық құнына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы айқындалады.
4. Бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.кара)
5. Салықтың ағымдағы төлемдерінің сомасын, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеуші салық кезеңіндегі 25 ақпаннан, 25 мамырдан, 25 тамыздан және 25 қарашадан кешіктірмей тең үлестермен енгізеді.