2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
5) жұмыс берушінің қызметкерлерге пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін төлейтін өтемақы төлемдері;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналары салық салу объектісі болып табылмайды.
4. Осы Кодекстің 355-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған төлеушілер үшін, төлеушілердің өздерін қоса алғанда, қызметкерлер саны әлеуметтік салық салу объектісі болып табылады.
5. Егер төлемдер грант алушымен не грант мақсаттарын (міндеттерін) жүзеге асыру үшін грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келісімшартқа) сәйкес жүргізілсе, осы бапты 3-тармағы 1) тармақшасының ережелері қолданылады.
358-бап. Салық ставкалары
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, әлеуметтік салық 11 проценттік ставка бойынша есептеледі.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2. Арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар өзі үшін Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және төленетiн күнi қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінде және әрбір қызметкер үшін айлық есептік көрсеткіштің бір еселенген мөлшерінде әлеуметтік салық төлейді.
Осы тараудың ережесі салық төлеушілер осы Кодекстің 73-бабына сәйкес салық есептілігін табыс етуді уақытша тоқтата тұру кезеңінде оларға қолданылмайды.
3. Тірек-қимыл мүшесі бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабілетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдар осы Кодекстің 135-бабы 3-тармағының шарттарына сәйкес 4,5 процент ставка бойынша әлеуметтік салық төлейді.
4. Шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін әлеуметтік салық ставкалары осы Кодекстің 445-бабында белгіленген.
5. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын төлеушілер үшін әлеуметтік салық ставкалары осы Кодекстің 61-тарауында белгіленген.
48-тарау. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ
359-бап. Әлеуметтік салықты есептеу тәртібі
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Кодекстің 355-бабы 1-тармағының 3, 4) тармақшаларында аталған төлеушілер салық кезеңінде әлеуметтік салықты есептеуді осы Кодекстің 358-бабының 1 және 3-тармақтарында белгіленген ставкаларды осы Кодекстің 357-бабына сәйкес айқындалған салық салу объектісіне қолдану арқылы жүргізеді.
2. Арнаулы салық режимін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар әлеуметтік салықты есептеуді осы Кодекстің 358-бабының 2-тармағында белгіленген ставкаларды осы Кодекстің 357-бабының 4-тармағында айқындалған әлеуметтік салық салу объектісіне қолдану арқылы жүргізеді.
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
3. Әлеуметтік салықтың сомасы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасына азайтылуға жатады.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтік салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.
360-бап. Әлеуметтік салықты төлеу
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, әлеуметтік салықты төлеу салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық кезеңiнен кейінгі айдың 25-нен кешіктірілмей жүргізіледі.
2. Құрылымдық бөлімшелері бар әлеуметтік салық төлеушілер әлеуметтік салық төлеуді осы Кодекстің 362-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 361-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
361-бап. Мемлекеттік мекемелердiң әлеуметтiк салықты есептеу ерекшелiктерi
1. Мемлекеттік мекемелер есептi айға есептеген әлеуметтiк салық сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша қабiлетсiздiгi бойынша төленген әлеуметтiк жәрдемақы сомасына азайтылады.
2. Есептi айда осы баптың 1-тармағында көрсетiлген әлеуметтiк жәрдемақының төленген сомасы есептелген әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен жағдайда, асып түскен сома келесi айға ауыстырылады.
3. Төлеушi осы Кодекстiң 355-бабында айқындалған мемлекеттік мекемелер бойынша төленуге жататын әлеуметтiк салық сомасын есептеудi осы Кодекстiң 359 және 360-баптарында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жүргiзедi.
4. Төлеушi жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық жөніндегі декларацияны осы Кодекстiң 364-бабының 1-тармағында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде табыс етедi.
362-бап. Құрылымдық бөлімшелер бойынша салықты есептеу және төлеу тәртібі
1. Құрылымдық бөлімшелер бойынша төленуге жататын әлеуметтік салықтың сомасы осы құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің табыстары бойынша есептелген әлеуметтік салықтың негізінде есептеледі.
2. Төлеушілер құрылымдық бөлімшелер үшін тиісті бюджеттерге әлеуметтік салық төлеуді құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.
49-тарау. САЛЫҚ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
363-бап. Салық кезеңі
Күнтізбелік ай әлеуметтік салықты есептеу үшін салық кезеңі болып табылады.
364-бап. Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларация
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. Төлеушiлер жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей тоқсан сайын табыс етеді.
Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымша жыл қорытындысы бойынша жасалады және есепті жылдың төртінші тоқсанының декларациясымен бірге табыс етіледі.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. Құрылымдық бөлiмшелерi бар төлеушiлер құрылымдық бөлiмшенiң орналасқан жеріндегі салық органына құрылымдық бөлiмше бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық бойынша декларацияға құрылымдық бөлiмше бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салықтың сомасын есептеу жөніндегі қосымшаны табыс етедi.
13-БӨЛІМ. КӨЛІК ҚҰРАЛЫ САЛЫҒЫ
50-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
365-бап. Салық төлеушілер
1. Егер осы бапта өзгеше көрсетілмесе, меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі - заңды тұлғалар) көлік құралы салығын төлеушілер болып табылады.
2. Лизинг алушы қаржы лизингі шарты бойынша берілген (алынған) салық салу объектілері бойынша көлік құралы салығын төлеуші болып табылады.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, мыналар:
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
1) жалпы меншiк құқығында өзiнiң мүшелерiне тиесiлi және өзiнiң ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру, сақтау және өңдеу процесiнде тiкелей пайдаланылатын, меншiк құқығындағы мынадай көлiк құралдары бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер:
двигателiнiң көлемi 2500 текше сантиметрге дейiнгiнi қоса алғанда, бiр жеңiл автомобиль;
1:1 қатынасты сақтай отырып двигателiнiң шектi жиынтық қуаты 1000 гектар егiстiкке 1000 кВт мөлшеріндегі жүк автомобильдерi.
Бұл ретте, егер есептеу қорытындылары бойынша көлiк құралдарының саны 0,5-тен бастап және одан жоғары бөлшектi мәнiмен бiреуден көп бiрлiктi құрайтын жағдайларда, мұндай мән тұтас бiрлiкке дейiн дөңгелектеуге жатады, егер 0,5-тен төмен болса, дөңгелектеуге жатпайды.
Егер есептеу қорытындылары бойынша жүк автомобильдерiнiң саны бiр бiрлiктен аз болған жағдайда, двигателiнiң қуаты барынша аз бiр жүк автомобилi босатылуға жатқызылады.
2) өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде пайдаланылатын мынадай мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер:
сүт немесе ауыл шаруашылығы мақсаттарына су тасымалдауға арналған автомобиль-цистерналар;
ветеринария қызметінің автомобильдері,
автозообиологиялық зертханалар,
автожемтасығыштар;
автотиеуіштер,
дән сепкіштерге автоқұйғыштар;
тыңайтқыш енгізуге арналған автомашиналар;
ұшақтарға минералдық тыңайтқыштарды және улы химикаттарды
автотиеуіштер;
тең штабельдерін автотасымалдауыштар;
автоулыжемшашқыш;
пәлекжинағыш машиналар;
а/ш АН-2 әуе кемесі;
өздігінен жүретін дестелегіштер;
астық жинағыш комбайндар;
доңғалақты тракторлар, өздігінен жүретін шассилер және оңтайлы энергетикалық құралдар;
мал азығын жинағыш комбайндар;
ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі автомобиль-шеберханалар;
өздігінен жүретін шөп шапқыштар;
маялағыштар;
жинағыш комбайндар (тамыржемістілерді, картопты, қызанақты, көк бұршақты, мақтаны және басқа да ауыл шаруашылығы өнімін жинауға арналған);
3) мемлекеттік мекемелер;
4) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар, соларға теңестірілетін адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар;
5) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша - меншігінде мотоколяскалары мен автомобильдері бар мүгедектер;
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша - Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық қа?арманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
7) ауыл шаруашылығы құрылымынан шығу нәтижесінде пай ретінде алынған, пайдалану мерзімі жеті жылдан асқан жүк автомобильдері бойынша жеке тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылмайды.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi)
4. Осы баптың 3-тармағының 3) тармақшасында аталған тұлғалар пайдалануға, сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салық төлеушiлер болып табылады.
366-бап. Салық салу объектілері
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуге жататын және (немесе) есепте тұрған, тіркемелерді қоспағанда, көлік құралдары салық салу объектілері болып табылады.
2. Мыналар:
1) жүк көтергіштігі 40 тонна және одан асатын карьерлік автосамосвалдар;
2) мамандандырылған медициналық көлік құралдары салық салу объектілері болып табылмайды.
51-тарау. САЛЫҚ СТАВКАЛАРЫ, САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ МЕРЗІМДЕРІ
367-бап. Салық ставкалары
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ згертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
1. Салықты есептеу айлық есептік көрсеткіштермен белгіленген мынадай ставкалар бойынша жүргізіледі:
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен кесте өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
| Рет № | Салық салу объектiсi | Салық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Двигателінің көлемi мынадай жеңiл автомобильдер (текше см.): 1100-ге дейiн қоса алғанда 1100-ден жоғары 1500-ді қоса алғанда 1500-ден жоғары 2000-ды қоса алғанда 2000-нан жоғары 2500-ді қоса алғанда 2500-ден жоғары 3000-ды қоса алғанда 3000-нан жоғары 4000-ды қоса алғанда 4000-нан жоғары | 1 2 3 5 8 15 117 |
| 2. | Жүк көтергiштiгі мынадай жүк таситын арнаулы автомобильдер (тiркемелердi есептемегенде): 1 тоннаға дейiн қоса алғанда 1 тоннадан жоғары - 1,5 тоннаны қоса алғанда 1,5 тоннадан жоғары - 5 тоннаны қоса алғанда 5 тоннадан жоғары | 3 5 7 9 |
| 3. | Шынжыр табанды машиналар мен механизмдердi қоспағанда, өздiгiнен жүретiн машиналар мен пневматикалық жүрiстегi механизмдер | 3 |
| 4. | Автобустар: отыратын 12 орынға дейiн қоса алғанда отыратын 12-ден жоғары - 25 орынды қоса алғанда отыратын 25 орыннан жоғары | 9 14 20 |
| 5. | Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, шағын кемелер, двигателiнiң қуаты: | |
| | 55 кВт-ға дейiн қоса алғанда | 1 |
| | 55 кВт-дан асатын | 10 |
| 6. | Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталар (двигателінің қуаты мынадай ат күшiне тең): 160-қа дейiн қоса алғанда 160-тан жоғары 500-ді қоса алғанда 500-ден жоғары 1000-ды қоса алғанда 1000-нан жоғары | 6 18 32 55 |
| 7. | Ұшу аппараттары | әрбір киловатт қуаттан айлық есептiк көрсеткiштiң 4,0 процентi |
| 8. | Мыналарды: магистральды жолдар бойымен поездардың кез келген санатын жүргiзу үшiн; магистральды, станциялық және тар және (немесе) кең табанды кiрме жолдарда маневр жұмыстарын жүргiзу үшiн; өнеркәсiптiк теміржол көлiгi және магистральды және станциялық жолдарға шықпайтын жолдарда пайдаланылатын темір жолдың тарту қозғалмалы құрамы; Тар және кең табанды магистральды және станциялық жолдармен жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру үшiн пайдаланылатын мотор-вагонды қозғалмалы құрам | көлiк құралының жалпы қуатының әрбiр киловатынан айлық есептiк көрсеткiштiң 1 процентi көлiк құралының жалпы қуатының әрбiр Киловатынан айлық есептiк көрсеткiштiң 1 процентi |
Бұл ретте салықты есептеу үшiн республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш қолданылады.
2. Жеңіл автомобильдердің үш айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын двигателінің көлемі 1500-ден жоғары - 2000 текше сантиметрді қоса алғандағы, бес айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын 2000-нан жоғары - 2500 текше сантиметрді қоса алғандағы, сегіз айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын 2500-ден жоғары - 3000 текше сантиметрді қоса алғандағы және он бес айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын двигателінің көлемі 3000-нан жоғары - 4000 текше сантиметрді қоса алғандағы көлемде болған кезде салық сомасы двигательдің аталған көлемінен асып түскен әрбір бірлік үшін 7 теңгеге ұлғайтылады.
3. Пайдаланылу мерзіміне қарай ұшу аппараттарының салық ставкаларына мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:
1) 1999 жылғы 1 сәуірден кейін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден сатып алынған ұшу аппараттарына:
пайдаланылу мерзімі 5 жылдан жоғары - 15 жылды қоса алғанда - 2,0;
пайдаланылу мерзімі 15 жылдан жоғары - 3,0;
2) 1999 жылғы 1 сәуірге дейін сатып алынған, сондай-ақ 1999 жылғы
1 сәуірден кейін сатып алынған және (немесе) Қазақстан Республикасында
1999 жылғы 1 cәуіpгe дейін пайдалануда болған ұшу аппараттарына:
пайдаланылу мерзімі 5 жылдан жоғары - 15 жылды қоса алғанда - 0,5;
пайдаланылу мерзімі 15 жылдан жоғары - 0,3.
4. Көлік құралының пайдаланылу мерзімі көлік құралдарының паспортында (әуе кемесін ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқамада) көрсетілген көлік құралы шығарылған жыл негізге алына отырып есептеледі.
368-бап. Салықты есептеу тәртібі
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ згертілді
1. Салық төлеуші салық салу объектілерін, әрбір көлік құралы бойынша салық ставкасын негізге ала отырып, салық кезеңі үшін салық сомасын дербес есептейді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер салықты осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып есептейді.
Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, көлiк құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында салық кезеңінен аз уақыт болған жағдайда, салық сомасы көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында іс жүзінде болған кезең үшін салықтың жылдық сомасын он екіге бөлу және көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында іс жүзінде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледі.
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ згертілді
2. Салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерiне меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқықтарын берген кезде салық сомасы мынадай тәртiппен есептеледi:
1) беруші тарап үшін:
салық кезеңінің басында қолда бар көлік құралдары бойынша салық сомасы салық кезеңінің басынан бастап көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептеледі;
салық кезеңінің ішінде сатып алынған көлік құралдары бойынша салық сомасы көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бірінші күнінен бастап көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептеледі;
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша згертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
2) алушы тарап үшін - салық сомасы көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе жедел басқару құқығын алған айдың бірінші күнінен бастап, салық кезеңінің соңына дейін немесе алушы тарап одан кейін аталған көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе жедел басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезеңге есептеледі.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
3. Дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғалар арасында салық салу объектiлерiне меншiк құқығын берген кезде, егер ағымдағы салық кезеңi iшiнде берушi тарап салықтың жылдық сомасын төлеген болса, салықтың осындай төлемi тараптардың келісімi бойынша сатып алу-сату шартының талаптарына негiзделiп сатып алатын тараптың берiлетiн салық салынатын объект бойынша ағымдағы салық кезеңiнiң салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
4. Жеке тұлғалар сатып алу кезiнде Қазақстан Республикасында есепте тұрмаған көлiк құралын сатып алған кезде салық сомасын көлiк құралына меншiк құқығы туындаған айдың бiрiншi күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi немесе меншiк құқығы тоқтатылған айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептейдi.
5. Иелерінен айдап әкетілген және (немесе) ұрланған деп саналған көлік құралдарын тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органда көлік құралын есептен шығару кезінде көлік құралына іздеу салу кезеңінде салық төлеуден босату үшін осы негіз бойынша көлік құралын есептен шығарылғанын растайтын құжат негіз болып табылады.
Салық міндеттемесін орындау іздеу салынған көлік құралының иесіне қайтарылған кезден бастап, осы Кодекстің 51-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi)
6. Заңды тұлғалар салық кезеңiнiң басында меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында болған көлiк құралдары бойынша, сондай-ақ салық кезеңiнiң басынан бастап салық кезеңiнiң 1 шiлдесiне дейiнгi кезеңде мұндай құқықтар туындаған және (немесе) тоқтатылған көлiк құралдары бойынша ағымдағы төлемдердi:
1) көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы салық кезеңiнiң басынан бастап салық кезеңiнiң 1 шiлдесiне дейiнгi кезеңде туындаған және салық кезеңiнiң 1 шiлдесiне дейiн тоқтатылмаған жағдайда - көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған айдың бiрiншi күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi кезең үшiн есептелген салық сомасы мөлшерiнде;
2) салық кезеңiнiң басынан бастап салық кезеңiнiң 1 шiлдесiне дейiнгi кезеңде көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы:
тоқтатылған жағдайда - салық кезеңiнiң басынан бастап көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептелген салық сомасы мөлшерiнде;
туындаған және тоқтатылған жағдайда - көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған айдың бiрiншi күнiнен бастап мұндай көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептелген салық сомасы мөлшерiнде;
3) қалған жағдайларда - жылдық салық сомасы мөлшерiнде есептейдi. Бұл ретте, салық кезеңiнiң 1 шiлдесiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi кезеңде көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған жағдайда, декларацияда салық кезеңiнiң басынан бастап көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептелген салық сомасы көрсетiледi.
Заңды тұлғалар салық кезеңiнiң 1 шiлдесiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi кезеңде меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған көлiк құралдары бойынша ағымдағы төлемдердi есептемейдi және ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабын табыс етпейдi. Бұл ретте, декларацияда осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында белгiленген тәртiппен есептелген салық сомасы көрсетiледi.
369-бап. Салық төлеу мерзімдері
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12 № 234-IV Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. Заңды тұлғалар ағымдағы төлемдер сомасын төлеудi ағымдағы төлемдердi енгізу арқылы салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрмей жүргiзедi.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. Көлiк құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын салық кезеңінің 1 шілдесінен кейін алған жағдайда, заңды тұлғалар салық кезеңі үшін декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей көрсетілген көлік құралы бойынша салық төлеуді жүргізеді.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)