2) оларға сәйкес мемлекеттік заттай грант берілген келісім-шарттар бойынша - мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететін уәкілетті мемлекеттік органға, мемлекеттік мүлікті және (немесе) жер ресурстарын басқару саласындағы мемлекеттік органдарға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі.
8. Қазақстан Республикасының келісім-шарт жасасқан заңды тұлғасының келісім-шарттың қолданысы барысында:
1) берілген мемлекеттік заттай гранттың, сондай-ақ жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған мүліктің нысаналы бағытын өзгертуге;
2) берілген мемлекеттік заттай грантты, сондай-ақ жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған мүлікті оқшаулауға құқығы жоқ.
22-бап. Келісім-шартты бұзу жағдайлары
1. Инвестициялық преференциялардың қолданылуы келісім-шарттың қолданылу мерзімі біткен сон тоқтатылады не осы бапта белгіленген тәртіппен осындай мерзім біткенге дейін тоқтатылуы мүмкін.
2. Келісім-шарттың қолданылуы:
1) тараптардын келісімі бойынша;
2) бір жақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
3. Уәкілетті орган мынадай жағдайларда:
1) өтініш беруші табыс еткен мәліметтердін бұрмаланғаны немесе жасырылғаны анықталған және бұл инвестициялық преференциялар беру жөніндегі шешімге ықпал еткен жағдайда;
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) Қазақстан Республикасының келісім-шарт жасасқан заңды тұлғасы келісім-шарт бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда;
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) осы Заңның 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының келісім-шарт жасасқан заңды тұлғасы табыс еткен есептiлiктегi мәлiметтердiң бұрмаланғаны немесе жасырылғаны анықталған жағдайда, бұл туралы Қазақстан Республикасының келісім-шарт жасасқан заңды тұлғасына жазбаша түрде хабарлаған кезден бастап үш ай өткен соң келісім-шартты бiржақты тәртiппен бұзуға құқылы.
Бұл жағдайларда аталған заңды тұлға келісім-шарт бойынша берiлген инвестициялық преференциялар салдарынан төленбеген салықтар мен кеден баждарының сомасын Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген айыппұл санкцияларын қолдана отырып төлейдi.
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Қазақстан Республикасының келісім-шарт жасасқан заңды тұлғасының бастамасы бойынша келісім-шарт бiржақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде, аталған заңды тұлға келісім-шарт бойынша берiлген инвестициялық преференциялар салдарынан төленбеген салықтар мен кеден баждарының сомасын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өсiмпұлды есептей отырып төлейдi.
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
5. Келісім-шарт тараптардың келісімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда Қазақстан Республикасының келісім-шарт жасасқан заңды тұлғасы келісім-шарт бойынша берілген инвестициялық преференциялар нәтижесінде төленбеген салықтар мен кеден баждарының сомасын төлейді.
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
6. Келісім-шарт мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда Қазақстан Республикасының келісім-шарт жасасқан заңды тұлғасы өзіне мемлекеттік заттай грант ретінде берілген мүлікті заттай, не келісім-шарттың талаптарына сәйкес оның берілген күнгі бастапқы құнын қайтарады.
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Мемлекеттік заттай грантты қайтаруды Қазақстан Республикасының келісім-шарт жасасқан заңды тұлғасы уәкiлеттi орган келісім-шартты мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiм қабылдағаннан кейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде жүзеге асырады.
4-тарау. Қорытынды ережелер
2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 23-бап редакцияда жазылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
23-бап. Келісімшарттардың тұрақтылығы
1. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін инвестициялар бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен жасалған келісімшарттар негізінде берілген жеңілдіктер осы келісімшарттарда белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өзінің қолданылуын сақтайды.
2. Осы Заңның салықтар сомасын төлеу бөлігіндегі 21-1-бабының 2-тармағы 1) тармақшасы үшінші абзацының және 2) тармақшасының, 22-бабының 3, 4 және 5-тармақтарының нормалары уәкілетті органмен жасалған келісім-шарттар бойынша 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылуын сақтайды.
24-бап. Қазақстан Республиканын кейбір заң актілерінің күші жойылды деп танылсын
1) «Шетелдік инвестициялар туралы» 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазакстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінін Жаршысы, 1994 ж., № 23-24, 280-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 11, 143-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 17-18, 218-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; 1999 ж., № 21, 786-құжат; 2000 ж» № 10, 244-құжат);
2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Шетелдік инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын күшіне енгізу тәртібі жөніндегі» 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24, 281-кұжат; 1995 ж., № 1-2, 15-құжат);
3) «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» 1997 жылғы 28 ақпандағы Кэзақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 4, 50-құжат; 1999 ж., № 21, 786-құжат).
Қазақстан Республикасының