Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қарашадағы № 1834 Қаулысы
(2015.10.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 28 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 13 қарашадағы
№ 1834 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 367 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 12, 98-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Төлебаев Ғазиз Тұрысбекұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Айтбайұлы Өмірзақ | - «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы (келісім бойынша) |
Ибраим Самат Бектенұлы | - «Ана тілі» ұлт газетінің бас редакторы (келісім бойынша); |
мына:
«Абдрахманов Сауытбек | - «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» ашық акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша) |
Құрманбайұлы Шерубай | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі, профессор, филология ғылымдарының докторы»; |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Абдрахманов Сауытбек | - «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша) |
Құрманбайұлы Шерубай | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, профессор, филология ғылымдарының докторы»; |
көрсетілген құрамнан Майлыбаев Бағлан Асаубайұлы, Хұсайын Көбей Шахметұлы, Құлкенов Мереке Әбдешұлы шығарылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 12, 99-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының құрамына:
Төлебаев Ғазиз Тұрысбекұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, төрағаның орынбасары енгізілсін; |
көрсетілген құрамнан Майлыбаев Бағлан Асаубайұлы, Сейдімбек Ақселеу Сланұлы шығарылсын.
3. «Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 1 наурыздағы № 311 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 9, 97-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына:
Бөрібаев Асқар Исмайылұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, төрағаның орынбасары енгізілсін; |
мына:
«Нұразхан Алмас Шайкенұлы | - «Қазақстан Республикасындағы мәдениет пен өнерді қолдау мемлекеттік қорының директоры (келісім бойынша)» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Нұразхан Алмас Шайкенұлы | - «Қазақстан халқының рухани даму қоры» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)»; |
көрсетілген құрамнан Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы шығарылсын.
4. ҚР Үкіметінің 2015.10.08. № 621 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1262 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 49, 624-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:
Төлебаев Ғазиз Тұрысбекұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, төрағаның Орынбасары |
Вощенкова Тамара Анатольевна | - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі |
Жақсылықов Тимур Мекешұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі |
Тұрмағамбетов Мәжит Әбдіқалықұлы | - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі |
Әбдікәрімов Сержан Оралбайұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы департаментінің директоры; |
мына:
«Соловьева Айгүл Сағадибекқызы | - «Қазақстан азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Соловьева Айгүл Сағадибекқызы | - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Азаматтық альянсінің президенті (келісім бойынша)»; |
көрсетілген құрамнан Майлыбаев Бағлан Асаубайұлы, Омаров Қадыр Тоқтамысұлы, Мамытбеков Еділ Құламқадырұлы, Сәрсембаев Зейнолла Сәкенұлы, Ақынжанов Еркін Қадырбекұлы шығарылсын.
6. ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 453 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
7. «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бойынша Үкіметке берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы № 1025 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 40, 123-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Түсіпбеков Рашид Төлеутайұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
Әбіқаев Нұртай Әбіқайұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары |
Әбдіғалиев Берік Бақытұлы | - «Мемлекеттік тілді дамытудың Президенттік қоры» қоғамдық қорының директоры (келісім бойынша) |
Құрманбайұлы Шерубай | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, профессор, филология ғылымдарының докторы |
Ибраим Самат Бектенұлы | - «Ана тілі» ұлт газетінің бас редакторы (келісім бойынша); |
көрсетілген құрамнан Балиева Зағипа Яхияқызы, Тәжин Марат Мұханбетқазыұлы, Майлыбаев Бағлан Асаубайұлы, Хұсайын Көбей Шахметұлы, Құлкенов Мереке Әбдешұлы шығарылсын.
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 қарашадағы № 1080 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 44, 500-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы «Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі» акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына:
Төлебаев Ғазиз Тұрысбекұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, хатшы енгізілсін; |
көрсетілген құрамнан Майлыбаев Бағлан Асаубайұлы шығарылсын.