Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қарашадағы № 1834 Қаулысы
(2016.19.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 23 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 13 қарашадағы
№ 1834 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 367 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 12, 98-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Төлебаев Ғазиз Тұрысбекұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Айтбайұлы Өмірзақ | - «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы (келісім бойынша) |
Ибраим Самат Бектенұлы | - «Ана тілі» ұлт газетінің бас редакторы (келісім бойынша); |
мына:
«Абдрахманов Сауытбек | - «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» ашық акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша) |
Құрманбайұлы Шерубай | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі, профессор, филология ғылымдарының докторы»; |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Абдрахманов Сауытбек | - «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша) |
Құрманбайұлы Шерубай | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, профессор, филология ғылымдарының докторы»; |
көрсетілген құрамнан Майлыбаев Бағлан Асаубайұлы, Хұсайын Көбей Шахметұлы, Құлкенов Мереке Әбдешұлы шығарылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 12, 99-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының құрамына:
Төлебаев Ғазиз Тұрысбекұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, төрағаның орынбасары енгізілсін; |
көрсетілген құрамнан Майлыбаев Бағлан Асаубайұлы, Сейдімбек Ақселеу Сланұлы шығарылсын.
3. «Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 1 наурыздағы № 311 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 9, 97-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына:
Бөрібаев Асқар Исмайылұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, төрағаның орынбасары енгізілсін; |
мына:
«Нұразхан Алмас Шайкенұлы | - «Қазақстан Республикасындағы мәдениет пен өнерді қолдау мемлекеттік қорының директоры (келісім бойынша)» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Нұразхан Алмас Шайкенұлы | - «Қазақстан халқының рухани даму қоры» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)»; |
көрсетілген құрамнан Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы шығарылсын.
4. ҚР Үкіметінің 2015.10.08. № 621 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. ҚР Үкіметінің 2016.19.07. № 415 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
6. ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 453 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
7. ҚР Үкіметінің 2015.28.09. № 800 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 қарашадағы № 1080 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 44, 500-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы «Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі» акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына:
Төлебаев Ғазиз Тұрысбекұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, хатшы енгізілсін; |
көрсетілген құрамнан Майлыбаев Бағлан Асаубайұлы шығарылсын.