9. Үйлестiру кеңесiнiң хатшысы оны өткізу үшiн отырыстың күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажеттi құжаттар мен материалдарды дайындайды және хаттаманы ресiмдейдi.
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 737 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
10. Үйлестiру кеңесiнiң отырыстары тоқсанына кемiнде бір рет өткiзiледi.
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 737 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
11. Үйлестiру кеңесiнiң шешiмдерi міндетті түрде оның барлық мүшелері қол қоятын хаттамалармен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады.
12. Шешімдер ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға Үйлестiру кеңесi мүшелерiнiң жалпы санының басым бөлiгі дауыс берген болса, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
13. Үйлестiру кеңесiнiң отырысын өткізуге қажетті материалдар дайындауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi Үйлестiру кеңесiнiң жұмыс органы болып табылады, бұл ретте барлық қажетті материалдарды отырысқа дейін кемінде 3 күн қалғанда Үйлестiру кеңесiнiң мүшелерiне жiбередi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2005 жылғы 3 ақпандағы № 99 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң күшi жойылған
кейбір шешiмдерiнiң тізбесi
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі Үйлестiру кеңесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 25 маусымдағы № 853 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 25 маусымдағы № 853 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 4 ақпандағы № 166 қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 25 маусымдағы № 853 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 12 шiлдедегi № 952 қаулысы.
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 3 сәуірдегi № 397 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 10, 98-құжат).
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын icкe асыру жөніндегі Үйлестiру кеңесiнiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 10 қазандағы № 1045 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 41, 434-құжат).
6. "Жұқтырылған қоздырғыш тапшылығы белгiсiнiң және туберкулездiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі Үйлестiру кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 1 қыркүйектегi № 922 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 33, 442-құжат).