Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі
ұлттық үйлестiру кеңесiн құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 3 ақпандағы № 99 қаулысы
(2007.05.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 19 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегi Жарлығын, «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Үйлестіру кеңесi) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Үйлестіру кеңесiнiң құрамы;
2) Үйлестiру кеңесi туралы ереже бекітілсiн.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкiметінің
2005 жылғы 3 ақпандағы № 99 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 737 (бұр. ред. қара); 2007.11.04. № 293 (бұр.ред.қара); 2007.05.10. № 899 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен құрам өзгертілді
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң жанындағы
Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестiру
кеңесiнiң құрамы
Дерновой Анатолий Григорьевич - Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі, төраға;
Омаров Қадыр Тоқтамысұлы - Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау вице-министрі,
төрағаның орынбасары;
Жалмағамбетова Светлана Жақияқызы - Қазақстан Республикасының Парламенті
Сенатының депутаты (келісім бойынша);
Әбдіхалықова Гүлшара Наушақызы - Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау вице-министрі;
Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы - Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым вице-министрі;
Бектұров Азат Ғаббасұлы - Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация вице-министрі;
Жанасаев Болат Бақытжанұлы - Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің орынбасары;
Қазыханов Ержан Хозеұлы - Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің орынбасары;
Нүсіпова Әсем Бекқызы - Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау вице-министрі;
Петров Валерий Викторович - Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар вице-министрі;
Машкеев Батырбек Әукенұлы - Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Фармация
комитетінің төрағасы;
Мусин Ерік Мазанұлы - Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық
қызмет көрсету саласындағы бақылау
комитетінің төрағасы;
Тастемір Қайрат Өрнекұлы - Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару
жүйесі комитетінің төрағасы;
Абоимов Виктор Андреевич - Қазақстан Республикасы Туризм
және спорт министрлігінің
Спорт комитеті төрағасының орынбасары;
Ысқақов Ержан Сағиұлы - Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі;
Ысмайылов Жұмағали Қазыбайұлы - Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Емдеу-алдын алу жұмысы департаментінің директоры;
Нерсесов Александр Витальевич - Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму
және халықаралық ынтымақтастық
департаментінің директоры;
Хамзина Нұргүл Қалиқызы - Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі Білім,
ғылым және кадр ресурстары
департаментінің директоры;
Текежанов Болат Тұрғанұлы - Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық
департаменті директорының орынбасары, хатшы;
Омаров Тобылбек Есенжолұлы - Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
аппарат басшысы;
Ысмайылов Ғабит - Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымының Қазақстандағы Елдік офисінің басшысы;
Белоног Анатолий Александрович - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы;
Тұтқышев Бексұлтан Серiкпайұлы - Қазақстан Республикасының Парламентi
Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Досжан Ардақ Дүкенбайұлы - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
Әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі;
Өскембаев Қажымұрат Бейiсұлы - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-
министрi
Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
ақпарат вице-министрі;
Баталов Асқар Болатұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және
сауда вице-министрі;
Сүлейменов Нәсіполла Зейнолұлы - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі Табиғат қорғауды
бақылау комитетінің төрағасы;
Құрманғалиева Аида Дәденқызы - Қазақстан Республикасы Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік
сала шығыстарын жоспарлау департаментінің
директоры;
Зуев Александр - Қазақстандағы ЮНИСЭФ өкiлi (келісім бойынша)
Пейванд Халегиан - Дүниежүзiлiк Даму Банкінің (ДДБ)
Қазақстандағы денсаулық сақтау мәселелерi
жөніндегі тобының басшысы (келісім бойынша)
Сейітмағанбетова - Қазақстан Республикасының
Гүлнәр Сүлейменқызы Парламенті Мәжілісінің
депутаты (келісім бойынша)
Саудабаев - Қазақстан Республикасының
Дәулет Советұлы Қаржы вице-министрі
Тұрғанов - Қазақстан Республикасының
Дүйсенбай Нұрбайұлы Энергетика және минералдық
ресурстар вице-министрі
Савченко - ЮНЭЙДС-тің Қазақстандағы,
Ирина Қырғызстандағы, Түрікменстандағы
үйлестірушісі (келісім бойынша)
Бутина - Қазақстан Республикасы
Мереке Сағымбайқызы денсаулық сақтау қызметкерлері
кәсіподағының төрайымы
(келісім бойынша)
Садықова - Қазақстан дәрігерлері мен
Айжан Бегайдарқызы провизорлары қауымдастығының
президенті (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2005 жылғы 3 ақпандағы № 99 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы Денсаулық сақтау
жөніндегі ұлттық үйлестiру кеңесi туралы ереже
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 737 Қаулысымен ереженің мәтіндегі «Бағдарламалар», «Бағдарламаларда», «Бағдарламалардың» деген сөздер тиісінше «Бағдарлама», «Бағдарламада», «Бағдарламаның» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестiру кеңесiнiң мiндеттерiн, функцияларын, қызметiнiң құқықтық және ұйымдастыру негiздерiн белгiлейдi.
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 737 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Үйлестiру кеңесi) Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегi Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен (бұдан әрі - Бағдарлама) көзделген азаматтардың денсаулығын қорғау жөніндегі iс-шараларды өткізуде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, халықаралық және басқа да ұйымдардың өзара iс-қимылдарын қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
2. Үйлестiру кеңесі Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы консультациялық-кеңесшi орган болып табылады.
3. Үйлестiру кеңесiнiң құрамына құзыретiне заңнамаға сәйкес Үйлестiру кеңесiне жүктелген мiндеттердi шешу енетiн министрлiктердiң, ведомстволар мен ұйымдардың өкiлдерi, сондай-ақ олардың келісімi бойынша үкiметтiк емес және басқа да ұйымдардың өкiлдерi кiредi.
4. Үйлестiру кеңесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2. Yйлестiру кеңесiнiң негiзгi мiндеттері мен функциялары
5. Мыналар:
1) Бағдарламада көзделген iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
2) азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты, заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру;
3) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың жұмысын үйлестiру және Қазақстан Республикасының аумағында азаматтардың денсаулығын қорғау жөніндегі iс-шараларды өткізу мақсатында халықаралық және басқа да ұйымдармен өзара iс-қимылдарын қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын қорғау жөніндегі негiзгi бағыттарды белгiлеу жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстарды дайындау Үйлестiру кеңесiнiң негiзгi мiндеттерi болып табылады.
6. Мыналар Үйлестіру кеңесiнiң негiзгi функциялары болып табылады:
1) Бағдарламаның iс-шараларын орындау жөніндегі iстердiң жай-күйiн талдау;
2) мынадай:
азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, заңнамалық және нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру;
азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметтерiн жетiлдiру;
денсаулық сақтау мәселелерi бойынша салааралық ынтымақтастықты және реформалар мониторингiн үйлестiрудi күшейту;
3) денсаулық сақтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік, салалық, (секторалдық) өңiрлiк бағдарламаның iске асырылуын талдау;
4) азаматтардың денсаулығын қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттік органдардың халықаралық, қоғамдық және басқа да ұйымдармен тиiмдi өзара iс-қимылы мен ынтымақтастығы саласындағы жәрдемдесу;
5) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың азаматтардың денсаулығын қорғау жөніндегі, оның iшiнде АҚТҚ/ЖҚТБ-мен, туберкулезбен, диабетпен, жүрек-қан тамыры ауруларымен сырқаттанудың және басқа да әлеуметтiк мәнi бар және айналадағылар үшiн қауiп төндiретін аурулардың алдын алу мен төмендету жөніндегі iс-шараларды орындау мәселелерiн қарау.
3. Yйлестiру кеңесiнiң құқықтары
7. Үйлестiру кеңесi жүктелген мiндеттердi iске асыру және функцияларды жүзеге асыру мақсатында:
1) орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасасуға;
2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан Үйлестiру кеңесiнiң мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
3) Үйлестiру кеңесiнiң отырыстарына мiндеттердi iске асыруға байланысты мәселелер бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың өкiлдерiн шақыруға және тыңдауға;
4) өзiнiң құзыретiне енетiн мәселелер бойынша ұсынымдар әзiрлеуге және ұсыныстар енгізуге;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламада көзделген iс-шаралардың уақтылы орындалуы жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
6) азаматтардың денсаулығын қорғау жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдауға байланысты өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқығы бар.
4. Yйлестіру кеңесiнiң қызметiн ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 737 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
8. Үйлестiру кеңесiн оның қызметiне басшылық жасайтын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi басқарады, ол отырыстарына төрағалық жасайды, жұмысын жоспарлайды және Үйлестіру кеңесінің шешімдерін іске асыруға жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Үйлестіру кеңесі жүзеге асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіруге және Yйлестіру кеңесі әзірлейтін шешімдерге дербес жауапты болады. Төраға болмаған кезде, оның функцияларын орынбасары атқарады.