Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің
(тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 Қаулысы
(2008.16.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 26 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Мемлекет реттейтін баға қолданылатын әуежайлар қызметтерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1348 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 49, 562-құжат);
2) «Мемлекет реттейтін бағалар қолданылатын телекоммуникациялар қызметтерінің және телекоммуникациялар қызметтерін ұсынумен технологиялық байланысты қызметтердің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қазандағы № 1064 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 38, 503-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы № 1194 және 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1348 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қаңтардағы № 63 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 4, 34-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 14 наурыздағы
№ 155 қаулысымен
бекітілген
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін
қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесi
1. Мұнай және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыр жолдары арқылы тасымалдау саласында:
мұнайды магистральдық құбыр жолдары арқылы тасымалдау жөніндегі қызмет:
1) бірыңғай бағыттау бойынша операторлық қызмет;
2) мұнайды магистральдық құбыр жолының жүйесі арқылы қайта айдау;
3) мұнайды темір жол цистерналарынан құйып алу;
4) мұнайды темір жол цистерналарына құю;
5) мұнайды танкерлерге құю;
6) мұнайды автоцистерналардан құйып алу;
7) мұнайды автоцистерналарға құю;
8) мұнайды сақтау;
9) мұнайды ауыстырып құю;
10) мұнайды араластыру.
2. Газды немесе газ конденсатын магистральдық және (немесе) таратушы құбыр жолдары, газ таратушы қондырғыларды және оларға байланысты газ таратушы газ құбырларын пайдалану арқылы сақтау, тасымалдау саласында:
табиғи газды магистральдық құбыр жолдары арқылы тасымалдау;
Қазақстан Республикасының тұтынушылары үшін табиғи газды таратушы құбыр жолдары арқылы тасымалдау;
сұйылтылған көмірсутекті газды топтық резервуарлық қондырғыдан тұтынушының енгізу шығыранына дейін газ құбырлары арқылы тасымалдау;
табиғи газды сақтау.
3. Электр энергиясын беру және (немесе) бөлу саласында:
электр энергиясын беру және (немесе) бөлу.
4. Жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау саласында:
жылу энергиясын өндіру;
жылу энергиясын беру және бөлу;
жылу энергиясымен жабдықтау;
жылу энергиясын өндіру, беру және бөлу;
жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау.
5. Электр энергиясын желіге босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру саласында:
электр энергиясын желіге босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру.
6. Магистральдық темір жол желілері саласында:
магистральдық темір жол желісін пайдалануға беру;
жылжымалы құрамды магистральдық темір жол желісі арқылы өткізуді ұйымдастыру;
магистральдық темір жол желісін пайдалануға беру және ол арқылы жылжымалы құрамды өткізуді ұйымдастыру.
ҚР Үкіметінің 2007.28.09. № 854 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Кірме жолдар саласында:
бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру;
бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда маневр жұмыстары, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды беру.
ҚР Үкіметінің 2008.16.05. № 458 қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)
8. Аэронавигация саласында:
әуе кеңістігіндегі әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету;
әуеайлақ маңындағы әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету.
ҚР Үкіметінің 2007.28.09. № 854 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара);
9. Порттар, әуежайлар саласында:
1) теңіз портының қызметтері:
теңіз портының күштерімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстары;
кейіннен порттан шығып жүк операцияларын жүргізу және/немесе өзге мақсаттар үшін кеменің теңіз портына кіргені үшін (кеменің кіруі) қызметтер;
ҚР Үкіметінің 2008.16.05. № 458 қаулысымен 2-тармақша жаңа редакцияда (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)
2) әуежайлардың қызметтері:
әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету;
авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
қону әуежайында өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (почталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін 3 сағаттан және жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған үлгілері үшін 6 сағаттан астам тұрақ орнын беру;
әуе кемесіне базалық әуеайлақта тұрақ орнын беру;
жолаушыларды тіркеуге арналған жұмыс орнын (алаңын) беру.
10. Телекоммуникациялардың әмбебап қызметтерін қоспағанда, қызметтің осы түрлерін көрсетудің технологиялық мүмкін болмауы не экономикалық орынсыздығы себебінен бәсекелес байланыс операторы болмауы шартымен телекоммуникациялар саласында:
байланыс операторларының телекоммуникациялар желілерін жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желісіне қосу:
1) жергілікті деңгейде;
2) аймақішілік және қалааралық деңгейде;
3) қалааралық және халықаралық деңгейде;
мыналарды:
1) жергілікті телефон трафигін;
2) аймақішілік телефон трафигін;
3) қалааралық телефон трафигін;
4) халықаралық телефон трафигін;
5) ұялы операторлар желісінен/желісіне телефон трафигін қосылатын байланыс операторларының желісінен (желісіне) қосылатын байланыс операторларының телефон трафигін;
ҚР Үкіметінің 2006.13.10. № 994 Қаулысымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) ІР-телефония (Интернет-телефония) операторларының телефон трафигін.
11. Телекоммуникация желілерін жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желісіне қосуға технологиялық жағынан байланысты кәбілдік кәріздер мен өзге де негізгі құралдарды мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөніндегі салада:
телефон кәрізін байланыс операторларына пайдалануға беру.
12. Су шаруашылығы және кәріз жүйелері саласында:
су шаруашылығы жүйесінің қызметтері:
1) тіреуші гидротехникалық ғимараттардың көмегімен үстіңгі ағынды реттеу;
2) суды магистральдық құбыр жолдары арқылы беру;
3) суды таратушы желілер арқылы беру;
4) суды арналар арқылы беру;
кәріз жүйесінің қызметтері:
1) сарқынды суды бұру;
2) сарқынды суды тазарту.
13. Почта байланысы қызметтері саласында:
почта байланысының жалпыға қол жетімді қызметтері:
1) жай хаттарды жіберу;
2) жай почта карточкаларын жіберу;
3) жай бандерольдерді жіберу.