Мемлекет реттейтін бағалар қолданылатын телекоммуникациялар
қызметтерiнiң және телекоммуникациялар қызметтерiн ұсынумен
технологиялық байланысты қызметтердiң номенклатурасын бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қазандағы
№ 1064 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 Қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған мемлекет реттейтiн бағалар қолданылатын телекоммуникациялар қызметтерiнiң және телекоммуникациялар қызметтерiн ұсынумен технологиялық байланысты қызметтердiң номенклатурасы бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi заңнамада белгіленген тәртiппен бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық кесiмдердi осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 15 қазандағы
№ 1064 қаулысымен
бекітілген
Мемлекет реттейтiн бағалар қолданылатын телекоммуникациялар
қызметтерiнiң және телекоммуникациялар қызметтерiн ұсынумен
технологиялық байланысты қызметтердiң номенклатурасы
1. Телекоммуникациялар қызметтерi
1) Байланыс операторлары үшiн телефон трафигін өткізу қызметтерi:
жергiлiктi телефон трафигiн өткізу;
аймақiшiлiк телефон трафигiн өткізу;
қалааралық телефон трафигiн өткізу;
халықаралық телефон трафигiн өткізу;
ұялы операторлардың желiлерiнен/желілерiне телефон трафигiн өткізу.
2. Телекоммуникациялар қызметтерiн ұсынумен технологиялық байланысты қызметтер
1) Байланыс операторларының телекоммуникациялар желiлерiн жалпы пайдаланымдағы телекоммуникациялар желiсiне қосу жөніндегі қызметтер:
жергiлiктi деңгейде;
аймақiшiлiк және қалааралық деңгейде;
қалааралық және халықаралық деңгейде.
2) Инфрақұрылым элементтерiн (технологиялық мүлiктi) жалпы пайдаланымдағы телекоммуникациялар желiсiне қосу үшiн байланыс операторларына:
байланыс (icкe қосылмаған оптикалық талшықтардан басқа) желiлерi мен кәбiлдерiн;
телефон кәрiзiн;
үй-жайларды, құрылыстарды және байналыс тiреулерiн жалға беру.
3) Байланыс операторларына арналарды (ұқсас және сандық) жалға беру жөніндегі қызметтер:
жергiлiктi деңгейде;
аймақiшiлiк деңгейде;
қалааралық деңгейде;
халықаралық деңгейде.