Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 мамырдағы № 458 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 8, 71-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Аэронавигация саласында:
әуе кеңістігіндегі әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету;
әуеайлақ маңындағы әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету.»;
9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) әуежайлардың қызметтері:
әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету;
авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
қону әуежайында өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (почталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін 3 сағаттан және жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған үлгілері үшін 6 сағаттан астам тұрақ орнын беру;
әуе кемесіне базалық әуеайлақта тұрақ орнын беру;
жолаушыларды тіркеуге арналған жұмыс орнын (алаңын) беру.».
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К.Мәсімов |