Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы № 1022 қаулысы
(2008.20.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 28 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Қаулыға өзгерістер енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2008.30.07 № 720 Қаулысын қара (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiнiң 58-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттік басқару үлгi құрылымы бекітілсiн.
2. Облыстардың, Алматы, Астана қалаларының әкiмдерi:
1) жергілiктi мемлекеттік басқару құрылымын осы қаулыға сәйкес келтiрсiн;
2) әкiмдер аппараттарындағы салалық бөлiмшелердiң функцияларын жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарға бере отырып, оларды таратсын.
3. Орталық мемлекеттік органдар екi апта мерзiмде облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкiмдерiне Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен келiсілген департаменттердiң (басқармалардың, бөлiмдердiң) ұсынылып отырған құрылымын жiберсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енетiн 3-тармақты қоспағанда 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | Д.К. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2005.16.02. № 141-1 (бұр. ред. қара); 2005.27.12. № 1294 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2006.22.09. № 900 (бұр. ред. қара); 2006.20.12. № 1230 қаулыларымен құрылым өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2008.20.03. № 276 қаулысымен құрылым жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 4 қазандағы
№ 1022 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымы
1. Облыстық әкімдік
1. Облыс әкімінің аппараты
2. Сәулет және қала құрылысы басқармасы
3. Ішкі саясат басқармасы
4. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы
5. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы
6. Денсаулық сақтау басқармасы
7. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
8. Мәдениет басқармасы
9. Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы
10. Білім басқармасы
11. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
12. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы
13. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
14. Ауыл шаруашылығы басқармасы
15. Құрылыс басқармасы
16. Қаржы басқармасы
17. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
18. Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы
19. Мұрағаттар және құжаттама басқармасы
20. Жер қатынастары басқармасы
21. Тілдерді дамыту басқармасы
22. Дене шынықтыру және спорт басқармасы
2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі
1. Республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің аппараты
2. «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын әкімшілендіру басқармасы (Астана қаласы)
3. Сәулет және қала құрылысы басқармасы
4. Ішкі саясат басқармасы
5. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы
6. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы
7. Тұрғын үй басқармасы
8. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
9. Денсаулық сақтау басқармасы
10. Мәдениет басқармасы
11. Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы
12. Білім басқармасы
13. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
14. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы
15. Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау басқармасы
16. Құрылыс басқармасы
17. Қаржы басқармасы
18. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
19. Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы
20. Мұрағаттар және құжаттама басқармасы
21. Жер қатынастары басқармасы
22. Тілдерді дамыту басқармасы
23. Ауыл шаруашылығы басқармасы
24. Дене шынықтыру және спорт басқармасы
3. Ауданның және облыстық маңызы бар қаланың әкімдігі
1. Аудан, облыстық маңызы бар қала әкімінің аппараты
2. Ішкі саясат бөлімі
3. Сәулет және қала құрылысы бөлімі
4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
5. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
6. Жер қатынастары бөлімі
7. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
8. Білім бөлімі
9. Кәсіпкерлік бөлімі
10. Ауыл шаруашылығы бөлімі
11. Құрылыс бөлімі
12. Дене шынықтыру және спорт бөлімі
13. Қаржы бөлімі
14. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі