Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 4 қазандағы № 1022 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 16 ақпандағы № 141-1 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттік басқару үлгi құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 4 қазандағы № 1022 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 37, 487-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттік басқару үлгi құрылымына:
«Республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмдiгі» деген 2-бөлiмде:
2 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сәулет және қала құрылысы департаментi (басқармасы)»;
«6. Тұрғын үй департаментi (басқармасы)»;
мынадай мазмұндағы 1-1, 15-1 және 17-1-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын әкiмшiлендiру департаментi (басқармасы)»;
«15-1. Құрылыс департаментi (басқармасы)»;
«17-1. Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментi (басқармасы)».
2. Алматы, Астана қалаларының әкiмдерi «Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекітудiң кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысымен бекiтілген штат санын лимиті шегiнде осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |