«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымының
және жергілікті атқарушы органдарының штат саны лимиттерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 желтоқсандағы № 1294 Қаулысы
(2009.23.10. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2009.23.10. № 1654 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
«Барлығы, штат саны* (бірлік)» деген бағанда:
«Ақмола» деген жолдағы «3544» деген сандар «3628» деген сандармен ауыстырылсын;
«Ақтөбе» деген жолдағы «2665» деген сандар «2727» деген сандармен ауыстырылсын;
«Алматы» деген жолдағы «4171» деген сандар «4252» деген сандармен ауыстырылсын;
«Атырау» деген жолдағы «1720» деген сандар «1758» деген сандармен ауыстырылсын;
«Шығыс Қазақстан» деген жолдағы «4481» деген сандар «4559» деген сандармен ауыстырылсын;
«Жамбыл» деген жолдағы «3014» деген сандар «3071» деген сандармен ауыстырылсын;
«Батыс Қазақстан» деген жолдағы «2586» деген сандар «2649» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қарағанды» деген жолдағы «3874» деген сандар «3938» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қостанай» деген жолдағы «3811» деген сандар «3900» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қызылорда» деген жолдағы «2035» деген сандар «2078» деген сандармен ауыстырылсын;
«Маңғыстау» деген жолдағы «1162» деген сандар «1223» деген сандармен ауыстырылсын;
«Павлодар» деген жолдағы «3179» деген сандар «3236» деген сандармен ауыстырылсын;
«Солтүстік Қазақстан» деген жолдағы «2998» деген сандар «3066» деген сандармен ауыстырылсын;
«Оңтүстік Қазақстан» деген жолдағы «4456» деген сандар «4539» деген сандармен ауыстырылсын;
«Алматы қаласы» деген жолдағы «1777» деген сандар «1789» деген сандармен ауыстырылсын;
«Астана қаласы» деген жолдағы «996» деген сандар «1011» деген сандармен ауыстырылсын;
«ЖИЫНЫ:» деген жолдағы «46469» деген сандар «47424» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
1) өз кесімдерін осы қаулыға сәйкес келтірсін;
2) оларға Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдардың тиісті бөлімшелеріне ауыстыруды қамтамасыз ету ұсынылсын;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Орталық мемлекеттік органдар:
1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне үлгі құрылымға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, сондай-ақ мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажыратып, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен келісілген департаменттерінің (басқармалардың, бөлімдердің) ұсынылатын құрылымын жіберсін;
2) тиісті құжаттамалық, ақпараттық, материалдық-техникалық базаның аумақтық бөлімшелерден жергілікті атқарушы органдарға берілуін қамтамасыз етсін;
3) мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажыратуды ескере отырып, жергілікті атқарушы органдармен әкімдіктердің құрылатын немесе қайта ұйымдастырылатын құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру жөнінде тиісті түсіндіру жұмысын жүргізсін;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |