2015.02.11. № 384-V ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын Қоғамдық кеңес отырысында мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын; мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және бюджеттік бағдарламалардың орындалуын; мемлекеттік органдардың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы есептерді, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есептерді, қайырымдылықтан түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерді, ашық бюджеттердің интернет-порталында бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді жария талқылау қорытындылары бойынша есептерді талқылауды жүргізеді.
245-бапқа сәйкес 32-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді
2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 32-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
32-бап. Бюджеттік бағдарламалар
2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік органның даму жоспарын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы республикалық бюджет шығыстарының мемлекеттік органның даму жоспарында айқындалған мақсаттармен өзара байланысты бағытын айқындайды.
Мемлекеттік органның даму жоспарын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы республикалық бюджет шығыстарының мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланысты бағытын айқындайды.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы жергілікті бюджет шығыстарының облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті даму жоспарында айқындалған мақсаттармен, нысаналы индикаторлармен не мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланысты бағытын айқындайды.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік бағдарламаны жылжымалы негiзде жыл сайын жоспарлы кезеңге әзiрлейдi және ол тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштерін, жоспарлы кезеңге жоспарланатын бюджет қаражатының көлемдерін, бюджеттік инвестициялық жобаларға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, бюджеттік субсидияларға мәлімделетін шығыстардың экономикалық әсерінің көрсеткіштерін қамтиды.
Мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша бекітеді.
Мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.
Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарымен келісу бойынша бекітілетін бюджеттік бағдарламаларын қоспағанда, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер немесе кредиттер есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері нысаналы трансферттерді немесе кредиттерді аударатын жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісімен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдармен келісу бойынша бекітеді (қайта бекітеді).
Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттерін немесе кредиттерді беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаларында (кіші бағдармаларында) жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері немесе кредиттер есебінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесі жергілікті бюджеттік инвестициялардың атаулары мен жоспарлы кезеңге арналған шығыстар көрсетіле отырып, төмен тұрған бюджеттер бөлінісінде көрсетіледі.
Осы Кодекстің 46-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес төмен тұрған бюджеттердің кірістері бойынша шығындарды өтеуге бағытталған ағымдағы нысаналы трансферттерді қоспағанда, жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің ағымдағы нысаналы трансферттерді беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаларында (кіші бағдарламаларында) тікелей нәтиже көрсеткіштері төмен тұрған бюджеттер бөлінісінде көрсетіледі.
Республикалық немесе облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттерін немесе кредиттерді беруге бағытталған бекітілген (қайта бекітілген) бюджеттік бағдарламаларын олар бекітілген (қайта бекітілген) күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарының назарына жеткізеді.
Аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттерін немесе кредиттерді беруге бағытталған бекітілген (қайта бекітілген) бюджеттік бағдарламаларын олар бекітілген (қайта бекітілген) күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының назарына жеткізеді.
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Республикалық бюджеттік бағдарламалар:
бюджетті нақтылау кезінде олардың қаржыландыру көлемдері мен нәтижелер көрсеткіштері өзгерген жағдайда, осы баптың 2-тармағына сәйкес мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен немесе бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша;
бюджетті түзету кезінде олардың қаржыландыру көлемдері мен нәтижелер көрсеткіштері өзгерген жағдайда, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша қайта бекітіледі.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалар жергілікті бюджетті нақтылау немесе түзету кезінде олардың қаржыландыру көлемдері мен нәтижелер көрсеткіштері өзгерген жағдайда, осы баптың 2-тармағына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша қайта бекітіледі.
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 4-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-1. Бюджеттік бағдарламаларға бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бастамасы бойынша бюджеттік бағдарлама бойынша қаржыландырудың жылдық көлемін өзгертпей, мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдардың келісімінсіз немесе осы Кодекстің 85-бабы 9-тармағының екінші бөлігінде, 9-1 және 9-3-тармақтарында көзделген жағдайларда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша өзгерістер енгізіледі.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларға өз бастамасы бойынша өзгерістер енгізген кезде бюджеттік бағдарламаларға бекітілген өзгерістерді тиісінше бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға хабарлама тәртібімен үш жұмыс күні ішінде жібереді.
5. Бюджеттік бағдарламалар өзінің мазмұны бойынша біртекті мемлекеттік функциялары, өкілеттіктері мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтері немесе бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қызметінің бағыттары бойынша топтастырылуға тиіс.
2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарлама бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын нақтылайтын, мемлекеттік органның даму жоспарының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсатына және (немесе) бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесіне қол жеткізуге бағытталған кіші бағдарламаларға бөлінуі мүмкін.
Әртүрлі көздер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар үшін бюджеттік кіші бағдарлама қаржыландыру көздерінің әрқайсысы үшін бөлінеді.
Бюджеттік бағдарламаның кіші бағдарламалары болған кезде тікелей нәтиже көрсеткіштері кіші бағдарламалар деңгейінде көрсетіледі.
7. Төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы трансферттер бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштері жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша көрсетіледі.
Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебiнен іс-шараларды іске асыруға бағытталған жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша тікелей нәтиже көрсеткіштері жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар бөлінісінде көрсетіледі.
8. Әрбір бюджеттік бағдарламаға бюджеттік бағдарлама басшысы — бюджеттік бағдарламаның жоспарлануы мен орындалуын қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің лауазымды адамы бекітіледі.
Бюджеттік бағдарлама басшысы бюджеттік бағдарламаны сапасыз жоспарлағаны және оның нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізбегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
9. Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) тәртібін және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
245-бапқа сәйкес 32-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді
33-бaп. Бюджеттік бағдарламалардың түрлері
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мазмұнына байланысты бюджеттік бағдарламалар:
мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға;
трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беруге;
бюджеттік кредиттер беруге;
бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға;
күрделі шығыстарды жүзеге асыруға;
мемлекет міндеттемелерін орындауға;
нысаналы салым салуға;
нысаналы аударымға;
нысаналы жарнаға бағытталған бағдарламалар болып бөлінеді.
Мемлекеттік органның даму жоспарының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсатына, бірыңғай түпкілікті нәтижеге қол жеткізу үшін мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету, күрделі шығыстарды жүзеге асыру, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру, трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беру бойынша шығындар, көрсетілген шығындарды жекелеген кіші бағдарламаларға бөле отырып, бір бюджеттік бағдарламаға біріктірілуі мүмкін.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Бюджеттік бағдарламалар мемлекеттік басқару деңгейіне қарай:
1) республикалық бюджет құрамында бекітілетін республикалық;
2) облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері құрамында бекітілетін облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана;
3) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет құрамында бекітілетін аудандық (қалалық);
4) республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық маңызы бар қала бюджеттері құрамында бекітілетін қаладағы ауданның бюджеттік бағдарламалары;
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап, халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері құрамында бекітілетін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары болып бөлінеді.
Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалар, сондай-ақ қаладағы ауданның бюджеттік бағдарламалары және аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары жергілікті бюджеттік бағдарламалар болып табылады.
2012.23.11. № 55-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Бюджеттік бағдарламалар іске асыру тәсіліне байланысты:
1) бір әкімші іске асыратын дара бюджеттік бағдарламаларға;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) белгілі бір бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының құрамында бекітілетін және бюджеттік бағдарламалардың әртүрлі әкімшілері арасында ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлінуге жататын, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларға бөлінеді.
Мұндай бюджеттік бағдарламаларды бөлу бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті орталық мемлекеттік органдар айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Бөлінетін бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижелері бөлінетін бюджеттік бағдарламаны әртүрлі бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлетін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасында көрсетіледі.
Бөлінетін бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелері әртүрлі бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлген кезде бөлінетін бюджеттік бағдарламалар есебінен қаражат алатын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалануға бағытталған бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелері қаражатты осы бөлінетін бюджеттік бағдарламалар есебінен алатын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалануға бағытталған бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бекітілген (нақтыланған) бюджетте көзделген шығыстар толық бөлінбеген жағдайда, бөлінбеген сома бюджеттің атқарылмауы болып табылмайды.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бірыңғай бюджеттік сыныптаманың құрамында тиісті белгі (код) беріле отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) және бюджеттік даму бағдарламаларына (кіші бағдарламаларға) бөлінеді.
Бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджет шығыстары бюджеттік даму бағдарламаларына (кіші бағдарламаларға) жатады. Бюджеттің қалған шығыстары ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) жатады.
245-бапқа сәйкес 34-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 34-бап өзгертілді; 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34-бап. Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыруға және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар
1. Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыруға және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның құнына олармен байланысты барлық ағымдағы шығыстар кіреді.
2. Бюджеттік бағдарламалардың атауларында жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктердің мазмұны және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету немесе мемлекеттік орган қызметінің бағыттары көрсетілуге тиіс.
3. Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындауы мемлекеттік қызметтер көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылады.
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Өтеусіз негізде берілетін активтерге бюджет қаражатын жоспарлауға жол беріледі.
2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құны тиісті саланың (аяның) орталық уәкілетті органдары бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын тәртіппен белгіленеді.
245-бапқа сәйкес 35-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді
35-бап. Трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалар
1. Трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаларға:
1) бюджеттер деңгейлері арасындағы трансферттер;
1-1) 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен алып тасталды (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап, халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-2) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне арналған ақшалай төлемдерден басқа, жеке тұлғаларға арналған трансферттер;
3) жеке және заңды тұлғаларға арналған бюджеттік субсидиялар жатады.
2. Бюджеттер деңгейлері арасындағы трансферттер, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджеттің бір деңгейінен басқасына өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер болып табылады.
2-1. 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-2. 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік мекемелер қызметкерлеріне арналған ақшалай төлемдерден басқа, жеке тұлғаларға арналған трансферттер, бұл жеке тұлғаларға олардың иелігіндегі табыстарын өсіруге не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шығындардың немесе нұқсандардың белгілі бір түрлерін толық немесе ішінара өтеуге арналған ақшалай төлемдер.
4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда, мемлекеттік функцияларды орындаудың және республиканың немесе өңірдің дамуының әлеуметтік-экономикалық міндеттерін іске асырудың басқа да тәсілі болмаған кезде ғана жеке және заңды тұлғаларға, соның ішінде шаруа немесе фермер қожалықтарына берілетін бюджеттен қайтарымсыз төлемдер бюджеттік субсидиялар болып табылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Бюджеттен субсидиялар төлеу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар айқындайды.
6. 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
245-бапқа сәйкес 36-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді
36-бап. Бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалар
Бюджеттік кредиттер:
1) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға;
2) мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыруға;
3) қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруына;
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) төмен тұрған бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға;
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды; 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттерін шешуге;
2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады.
245-бапқа сәйкес 37-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
37-бап. Бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар
Бюджеттік инвестициялар бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы жүзеге асырылады.
245-бапқа сәйкес 38-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 38-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
38-бап. Күрделі шығыстарды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар
Күрделі шығыстарға, бюджеттік инвестициялардан басқа, шығыстардың экономикалық сыныптамасына сәйкес материалдық-техникалық базаны қалыптастыруға не нығайтуға, күрделі жөндеуді (қалпына келтіруді) жүргізуге және өзге де күрделі шығыстарға бағытталған шығыстар жатады.
245-бапқа сәйкес 39-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді
2012.23.11. № 55-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 39-бап өзгертілді
39-бап. Мемлекеттің міндеттемелерін орындауға бағытталған бюджеттік бағдарламалар
Мемлекеттің міндеттемелерін орындауға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға:
қарыз алу шарттарынан туындайтын, уақыттың белгілі бір кезеңінде сыйақының, комиссиялық алымдардың, айыппұлдардың және өзге де төлемдердің жиынтық төлемдері, хеджирлеу мәмілелері бойынша төлемдер;
қарыз алушының қарыз шартында белгіленген тәртіппен алған қарыз сомасын қайтаруы, мемлекеттің қарыз шартынан туындайтын басқа да міндеттемелерді орындауы;
Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдарға үлестік және донорлық жарналар;
мемлекеттік кепілдіктер мен кепілгерліктер бойынша міндеттемелерді орындау;
экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер жөніндегі міндеттемелерді орындау;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындау;
мемлекеттің Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардан және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінен немесе соттардың шешімдерінен туындайтын басқа да міндеттемелері жатады.
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 39-1-баппен толықытырылды
39-1-бап. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар
2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Дербес бiлiм беру ұйымдарының қызметiне және (немесе) қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйымға тек қана дербес бiлiм беру ұйымдары мен олардың ұйымдарының қызметiн қаржыландыруды қамтамасыз ету үшiн бюджеттен төленетiн өтеусiз және қайтарымсыз төлемдер нысаналы салым болып табылады.
2. Нысаналы салым Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған мақсаттарға бағытталады.
3. Нысаналы салым салу бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілері арқылы жүзеге асырылады.
2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда; 2015.21.07. № 337-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Дербес бiлiм беру ұйымдары мен олардың ұйымдарының қызметiне нысаналы салым нәтижелерінің көрсеткiштерi мемлекеттік органдардың даму жоспарларында және (немесе) бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларында айқындалады.