Кезекті қаржы жылында қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда қарыз алу қаржы жылы шегінде алты айға дейінгі мерзімге жүзеге асырылуы мүмкін және республикалық немесе жергілікті бюджеттерді нақтылауды талап етпейді.
5. Резерв құрамында көзделген ақша толық көлемінде пайдаланылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган қажет болған кезде Қазақстан Республикасының Парламентіне немесе тиісті мәслихатқа республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы Қазақстан Республикасының Yкіметі немесе жергілікті атқарушы орган резервтерінің мөлшерін ұлғайту туралы ұсыныстар енгізеді.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен бөлінген ақша қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда, бюджет бағдарламасының әкімшісі бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына дейін тиісті бюджетке қайтаруды қамтамасыз етеді.
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды
6-1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін уақтылы қайтармағаны үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулысына сәйкес ақша алған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
5-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру, пайдалану және басқару
21-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, материалдық емес активтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шоттарында шоғырландырылатын қаржы активтері, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалатын мөлшерде пайдалы қазбаларды өндіру салығын, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу бойынша үлесiн төлеу жөніндегі салық міндеттемелерін орындау есебіне заттай нысанда берілетін пайдалы қазбалар немесе оларды өткізуден түскен ақша түріндегі, сондай-ақ өзге де мүлік түріндегі мемлекет активтері болып табылады.
Ұлттық қордың активтерін пайдалану, талдау және болжау мақсаттарын қоса алғанда, фискальдық мақсаттарда Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтерінің, яғни міндеттемелерді, оның ішінде нысаналы талаптар сомасын шегергендегі активтердің мөлшері пайдаланылады.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Материалдық емес активтерді, экономиканың мұнай секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаржы активтерін және өзге де мүліктерді жинақтау жолымен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге арналған.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады.
Материалдық емес активтерді және тәуекелдің қалыпты деңгейінде ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры активтерінің кірістілігін қоспағанда, жинақтау функциясы қаржы активтері мен өзге де мүліктің жинақталуын қамтамасыз етеді.
Тұрақтандыру функциясы Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры активтері өтімділігінің жеткілікті деңгейін ұстап тұруға арналған.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тұрақтандыру функциясын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын бір бөлігі кепілдік берілген трансфертті қамтамасыз етуге қажетті мөлшерде айқындалады.
2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану әлемдік, ішкі тауар және қаржы нарықтарының конъюнктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдай, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық сақтала отырып және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының негізгі мақсаттары мен міндеттері сақталынып, жалпыұлттық басымдықтар ескеріле отырып айқындалады.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемдері мен бағыттары бойынша шешімдерді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімі және жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталармен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялары бойынша есепке алу мен есептілік ұлттық валютамен жүзеге асырылады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару нәтижелері бойынша қаржылық есептілік жасауды сенімгерлік басқару туралы шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.
22-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздері
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздері:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдер;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдер:
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) мұнай секторы ұйымдарының тікелей салықтарынан (жергілікті бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда) тұрады, оларға:
корпоративтік табыс салығы, үстеме пайда салығы, жер қойнауын пайдалануға баламалы салық;
пайдалы қазбаларды өндіру салығы, бонустар, өнімді бөлу жөніндегі үлестер;
экспортқа рента салығы;
өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі жатады;
2) мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдерден (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда), соның ішінде мұнай келісімшарттары талаптарының бұзылғаны үшін түсімдерден (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда);
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) республикалық меншікті жекешелендіруден түсетін түсімдерден;
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбе бойынша олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін түсімдерден;
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды
3-2) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның осы Кодекстің 39-2-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес сатып алынған активтерді сатуынан түсетін түсімдерден;
4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерден тұрады.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мұнай секторы ұйымдарына:
1) шикі мұнайды, газ конденсатын өндірумен айналысатын заңды тұлғалар;
2) шикі мұнайды, газ конденсатын барлауға келісімшарттар жасасқан заңды тұлғалар;
3) жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушы жатады.
Келесі қаржы жылына мұнай секторы ұйымдарының тізбесін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен жер қойнауын пайдалану, мұнай келісімшарттарын жасасу және орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын құзыретті орган бірлесе отырып, ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына қарай бекітеді.
4. Материалдық емес активтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қаржы құралдарына орналастырудан құралады.
23-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан түсетін республикалық бюджетке кепілді трансферт түрінде;
2) 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты шығыстарды жабуға;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша:
экономиканың құлдырауы немесе экономиканың өсу қарқынының баяулауы кезеңінде дағдарысқа қарсы бағдарламаларды;
ұлттық ауқымдағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды, стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырудың балама көздері болмаған кезде оларды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттер түрінде;
2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5) нысаналы талаптарды төлеу түрінде және нысаналы жинақтарды аудару мен төлеуге байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды жабу түрінде жұмсалады.
2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын осы баптың 1-тармағының 1), 3 және 4) тармақшаларында көрсетілген мақсаттарға пайдалану Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтерінің, яғни міндеттемелерді, оның ішінде нысаналы талаптар сомасын шегергендегі активтердің мөлшерімен шектеледі.
2. Материалдық емес активтерді қоспағанда:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сақталуын;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жеткілікті өтімділік деңгейін ұстап тұруды;
3) тәуекел деңгейі қалыпты болған кезде ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры кірістілігінің жоғары деңгейін;
4) ұзақ мерзімді перспективада инвестициялық кірістер алуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры рұқсат етілген қаржы құралдарына орналастырылады.
3. Материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын Басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп айқындайды.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жеке және заңды тұлғаларды кредиттеуге және міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде пайдаланыла алмайды.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану тәртібін айқындайды.
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан алынатын активтер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен айырбастауға немесе қайта айырбастауға жатады.
24-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін кепілдік берілген трансферт
2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін түсімдер Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт болып табылады.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферт мөлшері абсолюттік тіркелген мәнде айқындалады және Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі.
2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт кесімді баға кезінде мұнай секторы ұйымдарынан Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына болжамды түсімдердің көлемінен аспайтын мөлшерде жоспарланады.
Кесімді баға мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша айқындаған тәртіппен айқындалады.
Кесімді баға осы баптың 2-тармағында көзделген заңда белгіленеді.
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Есепті қаржы жылы ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке аударылмаған кепілдік берілген трансферт сомасын Республикалық бюджет комиссиясының ұсынысы бойынша және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің бюджетті түзету арқылы азаматтық-құқықтық мәмілелері осы Кодекстің 96-бабының 5-тармағына сәйкес жасалған тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша төленбеген тіркелген міндеттемелер сомасынан аспайтын көлемде өткен қаржы жылының республикалық бюджетінде бекітілген ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін ағымдағы қаржы жылында пайдалануға құқығы бар.
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан аударылмаған кепілдік берілген трансферт сомаларын тарту өткен қаржы жылының ағымдағы бюджеттік бағдарламалары, бюджеттік даму бағдарламалары бойынша тіркелген міндеттемелердің төленбеген бөлігінің және қаржы жылының басындағы бюджеттік қаражаттар қалдықтары айырмасының сомасында жүзеге асырылады.
25-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес материалдық емес активтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын тиімді пайдалану және оны қаржы құралдарына орналастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейтін, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультациялық - кеңесші органы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңестің функциялары:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану көлемдері мен бағыттары жөніндегі ұсыныстарды қарау және әзірлеу;
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін, материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару бөлігінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік Кодексінде белгіленген функциялар болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңесті құру туралы шешімді, оның құрамын және ол туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
6-тарау. Бірыңғай бюджеттік сыныптама
26-бап. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың анықтамасы
1. Бірыңғай бюджеттік сыныптама объектілерге топтамалық кодтар бере отырып, бюджет түсімдері мен шығыстарын функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыру болып табылады.
2. Бюджет процесі бірыңғай бюджеттік сыныптама негізінде жүзеге асырылады.
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан және облыстық маңызы бар қала мәслихатының шешімдері негiзiнде жасалады.
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
27-бап. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың құрамы
Бірыңғай бюджеттік сыныптама:
1) бюджет түсімдерінің сыныптамасын;
2) бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасын;
3) бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын қамтиды.
28-бап. Бюджет түсімдерінің сыныптамасы
1. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына негізделген белгілі бір сипаттамалар бойынша барлық деңгейдегі бюджеттер түсімдерінің топтамасы бюджет түсімдерінің сыныптамасы болып табылады.
2. Бюджет түсімдері сыныптамасының топтамасы санаттан, сыныптан, кіші сыныптан және өзіндік ерекшеліктен тұрады.
Санаттар түсімдерді экономикалық белгілер бойынша топтастыруды көрсетеді.
Сыныптар мен кіші сыныптарда түсімдер олардың көздері мен түрлері бойынша топтастырылады.
Өзіндік ерекшелік бюджетке төлем немесе түсім түрін айқындайды.
245-бапқа сәйкес 29-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді
29-бап. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Функционалдық және ведомстволық белгілер бойынша бюджеттік қаражаттың жұмсалу бағыттарын айқындайтын, мемлекет функцияларының орындалуын, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыруды көрсететін барлық деңгейлердегі бюджеттер шығыстарының топтамасы бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы болып табылады.
2. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының топтамасы мынадай деңгейлерден тұрады:
функционалдық топтар;
функционалдық кіші топтар;
бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері;
бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар).
3. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін және бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) топтастыру арқылы жасалатын бюджет шығыстарының ведомстволық сыныптамасы қалыптастырылуы мүмкін.
30-бап. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы
1. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру үшін мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын операцияларды көрсететін экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет шығыстарын топтастыру бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы болып табылады.
2. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын топтастыру санаттан, сыныптан, кіші сыныптан және өзіндік ерекшеліктен тұрады.
Санат шығыстарды экономикалық белгілері бойынша топтастырады. Сынып және кіші сынып шығыстарды мемлекеттік мекемелер жүргізетін операциялардың негізгі түрлері бойынша топтастырады. Өзіндік ерекшелік бюджеттік бағдарламаны іске асыру үшін мемлекеттік мекеме жүргізетін операцияның түрін айқындайды.
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
31-бап. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган болып табылады.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі өзіне жүктелген функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес айқындалады.
Бюджеттік бағдарламалардың бір әкімшісінің құзыретіне жатқызуға болмайтын, экономиканың әртүрлі салаларындағы жобаларды іске асыруды көздейтін, ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтің жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру жоспарланған бюджеттік бағдарламалар бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әкімші болады.
2. Егер бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бір мезгілде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі және мемлекеттік мекеме болып табылса, ол бюджет қаражатын дербес пайдаланады.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда; 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ішкі істер органдарын және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органының аумақтық бөлімшелерін қоспағанда, мемлекеттік органдардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелері бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бола алмайды.
4. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылады.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың базалық құрылымы және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасы негiзге алына отырып айқындалады.
2012.23.11. № 55-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Әкiмдердiң және облыстық мәслихаттардың, республикалық маңызы бар қалалар, астана мәслихаттарының аппараттары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкiмдiктерi уәкiлеттiк берген атқарушы органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың iшкi iстер органдары облыстық бюджеттiк бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшiлерi болып табылады.
7. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің және мәслихатының аппараттары, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі уәкілеттік берген атқарушы органдар аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылады.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің аппараттары осы әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылады.