Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
(2014.29.29. берілген өзгерістермен)
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., Заң-149 № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат):
1) мазмұнында:
мынадай мазмұндағы 65-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«65-1-бап. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер»;
68-баптың, 8-бөлімнің, 30-тараудың, 151, 152, 153, 154 және 155-2-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«68-бап. Стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді қарау»;
«8-бөлім. Бюджеттік инвестициялар және концессиялық жобалар»;
«30-тарау. Бюджеттiк инвестицияларды және концессиялық жобаларды жоспарлау»;
«151-бап. Бюджеттiк инвестициялар және концессиялық жобалар туралы жалпы ережелер
152-бап. Инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеу
153-бап. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды жоспарлау
154-бап. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жоспарлау»;
1-тармағының 1) тармақшасының он екінші абзацы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«155-2-бап. Концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу»;
155-3-баптың тақырыбындағы «сүйемелдеу» деген сөз «қолдау» деген сөзбен ауыстырылып, 155-4-баптың тақырыбы алып тасталсын;
156-баптың, 31-тараудың, 158 және 230-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«156-бап. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау негіздері»;
«31-тарау. Бюджеттік инвестициялар мен концессиялық жобаларды жүзеге асыру»;
«158-бап. Концессиялық жобаларды іске асыру»;
«230-бап. Мемлекет кепiлгерлiктерiн беру немесе олардың көлемiн ұлғайту үшiн концессиялық жобаларды iрiктеу»;
мынадай мазмұндағы 243-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«243-1-бап. 2014, 2015 қаржы жылдарына арналған бюджеттерді әзірлеу, бекіту және нақтылау ерекшеліктері»;
2) 3-баптың 1-тармағында:
16) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«16) бюджеттік инвестициялар - бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, мемлекеттің активтерін құруға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру;
17) бюджеттік инвестициялық жоба - жаңа объектілерді құруға (салуға) не қолда барларын реконструкциялауға, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құруға, енгізуге және дамытуға бағытталған, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен бюджеттік бағдарлама әкімшісі тікелей іске асыратын және аяқталған сипаттағы іс-шаралар жиынтығы;»;
мынадай мазмұндағы 29-3) тармақшамен толықтырылсын:
«29-3) заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестициялар - заңды тұлғаның жарғылық капиталын республикалық немесе жергілікті бюджеттен қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы оны дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыру;»;
30) және 30-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«30) инвестициялық ұсыныс - тиісті іс-шаралар жиынтығын қоса алғанда, стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекеттік, салалық бағдарламаларды және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру шеңберінде мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың орындылығын негіздейтін, оған қол жеткізу жолдарын және ықтимал қаржыландыру тәсілдерін көрсететін, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әзірлейтін тұжырымдамалық ұсыныс;
30-1) инвестициялық ұсыныстың экономикалық қорытындысы - салалық сараптаманың қорытындысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес талап етілетін сараптамалардың басқа да қорытындылары негiзінде жүргiзiлетiн, пайдалар мен шығындар талдауын пайдалана отырып, инвестициялық ұсыныста берілген ақпаратты кешенді бағалау;»;
мынадай мазмұндағы 33-1) және 57-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«33-1) концессиялық жоба - Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаттағы концессияны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;»;
«57-1) мемлекеттік инвестициялық жоба - бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру және концессиялық жобаларды іске асыру арқылы мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар кешені;»;
3) 4-баптың 6) және 14) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«6) нәтижелілік қағидаты - мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында және (немесе) бюджеттік бағдарламаларында көзделген тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджетті әзірлеу және атқару;»;
«14) бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты қағидаты - бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, бюджет қаражатын мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында және (немесе) бюджеттік бағдарламаларында, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталына қатысу арқылы бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелерінде көзделген нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағыттауы және пайдалануы.»;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) 32-бапта:
1-тармағының 4) тармақшасының екінші - төртінші абзацтары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бюджеттік бағдарламаларды мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдармен және (немесе) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдармен келісу бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әзірлейді және бекітеді.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жоспарлы кезеңге арналған жоспарланатын бюджет қаражатының көлемдері, нәтижелілік және тиімділік көрсеткіштері бар бюджеттік бағдарламаларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен әзірлейді.».
мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2-тармақтармен толықтырылсын:
«5-1. Төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы трансферттер бойынша нәтиже көрсеткіштері жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша көрсетіледі.
5-2. Әрбір бюджеттік бағдарламаға бюджеттік бағдарламаның жоспарлануы мен орындалуын қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің лауазымды адамы - бюджеттік бағдарламаның басшысы бекітіледі.
Бюджеттік бағдарламаның басшысы бюджеттік бағдарламаны сапасыз жоспарлағаны және оның нәтижелеріне қол жеткізбегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.»;
5) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«37-бап. Бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар
Бюджеттік инвестициялар бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы жүзеге асырылады.»;
6) 44-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттердiң нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған сомалары мемлекеттiк қаржылық бақылау органының актiсiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен бақылау актiсiне қол қойылғаннан кейiн үш айдан кешіктірілмей, осы трансферттер мен кредиттердi бөлген жоғары тұрған бюджетке міндетті түрде қайтарылуға жатады.»;
7) 45-бап мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңға (облыстық мәслихат шешіміне) мыналар:
жергілікті бюджеттен шығыстардың жекелеген бағыттарын қаржыландырудың ең төмен көлемдері;
қаржыландыру көлемдерін көрсете отырып, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша алғанда жалпы сипаттағы трансферттер көлемдерін айқындау кезінде жергілікті бюджеттер шығыстарының базасына қосымша енгізілген іс-шаралар қоса беріледі.
Шығыстардың бағыттары мен оларды қаржыландырудың ең төмен көлемдерін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен - мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган, облыстық бюджеттен, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган айқындайды.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының ең төмен көлемдері белгіленетін шығыстар бағыттары олардың басымдылығы мен әлеуметтік маңыздылығы ескеріле отырып айқындалады.
4-2. Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттен шығыстардың жекелеген бағыттарын жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңда (облыстық мәслихат шешімінде) белгіленген ең төмен көлемдерден төмен көлемде қаржыландырған жағдайда, белгіленген сома мен төленген сома арасындағы айырма өткен қаржы жылының қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылының 1 наурызынан кешіктірілмей жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға жатады.
Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттен шығыстардың жекелеген бағыттарын жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңда (облыстық мәслихат шешімінде) белгіленген көлемдерден төмен көлемде қаржыландырған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкімдері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.»;
8) 46-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері бюджеттік инвестицияларды төмен тұрған жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бөлінеді.»;
9) 53-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерін орындауға, халықаралық ынтымақтастыққа, қолданбалы ғылыми зерттеулерге және нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуге;»;
10) 54-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерін орындауға;»;
11) 55-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаларға, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін орындауға;»;
12) 56-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаларға, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін орындауға;»;
13) 58-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері және жаңа бастамаларға арналған лимиттер бойынша ұсыныстар әзірлеу;»;
14) 62-бапта:
1-тармағының 14) тармақшасының екінші абзацы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
4-тармақта:
14) тармақшаның төртінші абзацы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
үшінші бөлік алып тасталсын;
бесінші бөліктегі «аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен» деген сөздер «жергілікті бюджеттен» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ алып тасталсын;
6-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
15) тармақша 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
15) 63-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Операциялық жоспар бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштерімен өзара байланыста стратегиялық жоспарға сәйкес мемлекеттік органның ағымдағы қаржы жылындағы нақты іс-шараларын, мемлекеттік органның бекітілген мақсаттарына, міндеттеріне және олардың қызметі нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі осы іс-шаралардың жауапты орындаушылары мен оларды жүзеге асыру мерзімдерін қамтитын құжатты білдіреді.»;
16) мынадай мазмұндағы 65-1-баппен толықтырылсын:
«65-1-бап. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар елдің (өңірдің) әлеуметтік-экономикалық дамуы мен республикалық және жергілікті бюджеттердің болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, жоспарлы үш жылдық кезеңге арналған тиісті бюджет тапшылығының мөлшері негізінде айқындайды.
Шығыстар лимиттері бюджеттік бағдарламалардың әрбір әкімшісі үшін айқындалады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер тиісті бюджеттік комиссияның ұсыныстары ескеріле отырып айқындалады.
Мақұлданған лимиттер ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің назарына жеткізіледі.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
17) 66-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«66-бап. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынатын құжаттар
1. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджет шығыстарын жоспарлау үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.
2. Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.
3. Осы бапта көрсетілген құжаттардың нәтижелеріне бағалау жүргізілген жағдайда, бағалау нәтижелері қоса беріледі.»;
18) 67-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Бюджеттік өтінім бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары лимиттерінің, жаңа бастамаларға арналған лимиттердің негізінде және шегінде жасалады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделі шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобаларға және қабылданған мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындауға арналған шығыстар базалық шығыстар болып табылады.»;
6-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң әрбiр бюджеттiк бағдарламасы бойынша шығыстар түрлерi бойынша есеп-қисаптар;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) ағымдағы қаржы жылының бірінші тоқсанының қорытындылары бойынша нысаналы даму трансферттерін қоса алғанда, бюджеттік инвестициялық жобалар мониторингінің қорытындылары жөніндегі есеп;»;
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
«12-1. Бюджеттік өтінімнің негізділігі және бюджеттік өтінімге қатысты есеп-қисаптардың анықтығы үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімнің негізділігі және бюджеттік өтінімге қатысты есеп-қисаптардың анықтығы үшін дербес білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.»;
19) 68-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«68-бап. Стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді қарау
1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдау нәтижелерін, сондай-ақ жетекшілік ететін саладағы (аядағы) стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және оларды іске асыру және бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып:
1) стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын олардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына сәйкес келуі тұрғысынан;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға және стратегиялық жоспарлардың жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына сәйкес келуі тұрғысынан;
3) стратегиялық жоспарлар әзірлейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалар жобаларының көрсеткіштерін олардың стратегиялық мақсаттармен, стратегиялық бағыттардың міндеттерімен өзара байланысы тұрғысынан;
4) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды.
2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдау және бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, аумақтарды дамыту бағдарламасының көрсеткіштеріне және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкес келуі тұрғысынан;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды.
3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік өтінімдерін, бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары, бюджеттік өтінімдер және бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды тиісті бюджеттік комиссияның қарауына жібереді.
4. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдар арасындағы келіспеушіліктерді тиісті бюджеттік комиссия қарайды. Тиісті бюджеттік комиссия осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген материалдарды қарайды және олар бойынша ұсыныстар әзірлейді.
5. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік комиссияның ұсыныстарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдарға стратегиялық жоспарлардың пысықталған жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады.
6. Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдарға бюджеттік бағдарламалардың пысықталған жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады.»;
20) 74-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасындағы «стратегиялық жоспарлар әзiрлемейтiн бюджеттік бағдарламалар әкімшілері» деген сөздер «бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 75-баптың 1-тармағының үшінші бөлігінде:
2) тармақша алып тасталсын;
2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;»;
22) 76-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Негізділік қағидаты депутаттардың бюджет жобасына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу туралы кез келген ұсыныстары осы түзетулерді енгізу қажеттілігін, оларға тиісті есеп-қисаптар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларының көрсеткіштерін, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаларда көзделген көрсеткіштерді түзету жөніндегі ұсыныстар қоса беріле отырып, олардың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкестігінің жазбаша баяндалып берілуге тиіс екендігін білдіреді.»;
23) 79-баптың 2-тармағында:
екінші бөліктің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді республикалық бюджеттен қаржыландыруды талап ететін жоспарлы кезеңге арналған концессиялық жобалардың тізбесі;»;
үшінші бөліктің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді жергілікті бюджеттен қаржыландыруды талап ететін жоспарлы кезеңге арналған концессиялық жобалардың тізбесі;»;
24) 84-бап мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) бюджеттік бағдарламалар;»;
25) 88-бапта:
1-тармақ 8) тармақшадағы «байланысты операцияларды есепке алуға арналады.» деген сөздер «байланысты;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шарттарға немесе байланысты гранттар туралы шарттарға сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан (бұдан әрі - сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау шоты) ұлттық валютаға қайта айырбасталатын үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар ақшаларын есепке жазуға және жұмсауға байланысты операцияларды есепке алуға арналады.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ақшаны бір мемлекеттік мекеменің кодынан басқа мемлекеттік мекеменің кодына аударуға жол берілмейді.»;
26) 89-баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы немесе байланысты гранттар бойынша халықаралық шартта айтылған, екінші деңгейдегі банкте немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда шетел валютасында ашылатын, үкіметтік сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың аванстық төлемдері арқылы жаңартылатын сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты;
3) ұлттық (шетелдік) валютада төлемдерді жүзеге асыру үшін екінші деңгейдегі банкте немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылатын сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына арналған шот;»;
27) 91-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына және сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына арналған шоттарға түсетін түсімдерді қоспағанда, бюджетке шетел валютасында түсетін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шоттарына шетел валютасында есепке жазған түсімдер қайта айырбасталуға және бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жазылуға тиіс.»;
28) 98-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Инкассолық өкімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ашылған шетел валютасындағы шоттарға, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына арналған шоттарға, тиісті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарыздарды немесе байланысты гранттарды қайта айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына ұсынуға жол берілмейді.»;
29) 99-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың қайта айырбастау шотына қайта айырбасталған ұлттық валютадағы ақшаны мемлекеттік мекеме бес жұмыс күні ішінде мақсаты бойынша пайдалануға тиіс.