қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
16. Министрлік, ведомстволар және оның аумақтық органдары, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің біртұтас жүйесін құрайды.
17. Министрді Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Министрдің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министрдің орынбасарлары (вице-министрлері) болады.
18. Министрлікке басшылық жасауды Министр жүзеге асырады және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауап береді.
19. Осы мақсатта Министр:
1) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Министрліктің еңбек қатынастары мәселелері құзыретіне жатқызылған қызметкерлерін заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Министрліктің еңбек қатынастары мәселелері құзыретіне жатқызылған қызметкерлеріне заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жазалар мен көтермелеу шараларын қолданады;
4) бұйрықтарға қол қояды;
5) барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;
6) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;
7) оның құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
20. Министрлік қабылдайтын шешімдер Министрдің немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрықтарымен ресімделеді.
21. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.
22. Үкіметтің, Министрдің отставкаға кетуі жауапты хатшының өкілеттігінің тоқтатылуына әкеп соқпайды.
23. Жауапты хатшы өзінің қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне, Министрге есеп береді.
24. Жауапты хатшы:
1) Министр қалыптастыратын білім және ғылым, балалар құқықтарын қорғау және жастар саясаты саласындағы саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді және оның актілері мен тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді;
2) Министрліктің ақпаратына басшылық жасауды жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) Министрліктің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін орталық атқарушы органның штат санының лимиті шегінде Министрмен келісілгеннен кейін Министрліктің, комитеттердің құрылымы мен штат санын бекітеді;
5) Министрмен келісілгеннен кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері және оның аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымының ұйымдастырылуын бақылайды;
7) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастырады;
8) Министрмен келісілгеннен кейін Министрлік департаменттерінің директорларын және басқарма бастықтарын, аумақтық бөлімшелерінің басшыларын және басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) комитеттердің төрағалары етіп тағайындау үшін ұсынылатын комитеттер төрағаларының орынбасарларын тағайындауды Министрмен келіседі;
10) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
11) Министрдің келісімі бойынша Министрліктің қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы және сыйлықақы төлеу мәселелерін шешеді;
12) Министрдің келісімі бойынша еңбек қатынастары мәселелері жоғары мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
13) Министрліктің Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрліктің басшысы бекітетін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
14) Министрліктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрге бекітуге ұсынады;
15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, бюджеттік өтінімді Министрге ұсынуды қамтамасыз етеді, оны ол Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді, сондай-ақ бюджеттік үдерістің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
16) органның қаржыландыру жоспарларын және мемлекеттік органның қаржылық есебін әзірлейді және Министрмен келісілгеннен кейін бекітеді;
17) мемлекеттік қызметтердің регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
18) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік актілердің жобаларын дайындауды ұйымдастырады;
19) Министрлікке келісуге түсетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша тұжырымдар дайындауды ұйымдастырады;
20) өз өкілеттілігі шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынаста Министрліктің атынан өкілдік етеді;
21) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
25. Жауапты хатшы өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін:
1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
2) мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжатты және материалды сұратуға және алуға;
3) жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдауға құқығы бар.
26. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты болады.
27. Министрліктің Министр жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатарынан Министр бекітеді.
28. Министрліктің қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреттері мен өкілеттіктері Министрліктің регламентімен және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелермен белгіленеді.
4. Министрліктің мүлкі
29. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлардан, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
30. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
31. Министрліктің өзіне бекітілген мүлікті өз бетімен оқшаулауға немесе өзге де әдіспен билік етуге құқығы жоқ.
Министрлікке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайда және шекте мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
32. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2005.29.04 № 405; 2005.19.07. № 741 (бұр.ред.қара); 2005.13.08. № 843 (бұр.ред.қара); 2005.20.09. № 929 (бұр.ред.қара); 2005.27.09. № 953 (бұр.ред.қара); 2005.24.11. № 1159; 2006.29.03. № 211 (бұр.ред.қара); 2006.13.06. № 544 ; 2006.21.07. № 700 (бұр.ред.қара); 2006.05.12. № 1170 (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі); 2006.29.12. № 1324 (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.24.07. № 624 (бұр.ред.қара); 2007.18.10. № 964 (бұр.ред.қара); 2007.15.01. № 15 (бұр.ред.қара) қаулыларымен тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң
қарауындағы ұйымдардың тiзбесi
1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар
1. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
2. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi
3. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетi
4. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi
5. Қазақ ұлттық аграрлық университетi
6. Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетi
7. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетi
8. Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты
9. Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институт
10. Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетi
11. Атырау мұнай және газ институты
12. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетi
13. Д. Серiкбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетi
14. Ілияс Жансүгiров атындағы Жетісу мемлекеттік университетi
15. Махамбет Өтемiсов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетi
16. Жәңгiр хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
17. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты
18. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 4 сәуірдегі № 300 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
19. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетi
20. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетi
21. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетi
22. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетi
23. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
24. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетi
25. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетi
26. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
27. Рудный индустриялық институты
28. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетi
29. Шәкәрiм атындағы Семей мемлекеттік университеті
30. Семей мемлекеттік педагогикалық институты
31. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетi
32. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
33. М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттік университетi
34. П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжi
35. А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесi
36. Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжi
37. О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндiк-қолданбалы өнер колледжi
38. ҚР Үкіметінің 2007.24.07. № 624 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
39. Семей қаржы-экономикалық колледжi
40. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы
41. 12 жылдық білім беру проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы
42. Республикалық білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институты
43. Білім беру мен тестілеудiң мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы
44. ҚР Үкіметінің 2007.18.10. № 964 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
45. ҚР Үкіметінің 2006.29.03. № 211 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
46. "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы
47. Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесi орталығы
48. "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы
49. "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығы
50. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
51. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
52. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
53. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
54. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
55. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
56. ҚР Үкіметінің 2005.19.07. № 741 қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара)
57. Салааралық ақпараттар ғылыми-техникалық орталығы
58. ҚР Үкіметінің 2006.21.03. № 195 қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара)
59. ҚР Үкіметінің 2006.21.03. № 195 қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара)
60. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
61. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
62. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
63. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
64. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
65. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
66. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
67. Қолданбалы математика институты
68. ҚР Үкіметінің 2005.27.09. № 953 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
69. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
70. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
71. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
72. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
73. ҚР Үкіметінің 2005.20.09. № 929 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
74. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
75 "Ғылым" ғылыми баспа орталығы
76. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
77. ҚР Үкіметінің 2005.13.08. № 843 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
77-1."Мектепке дейiнгi балалық шақ" республикалық орталығы
77-2. Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы
77-3. "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығы
77-4. Ұлттық аккредиттеу орталығы
77-5. Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы
77-6. Мұнай-газ саласы үшiн техникалық және қызмет көрсететiн еңбек кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсiптiк орталық
77-7. Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы
77-9. «Отын-энергетика саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталық».
2. Мемлекеттік мекемелер
78. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
79. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
80. Қазақ ұлттық музыка академиясы
81. Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы
82. Б. Момышұлы атындағы Республикалық Алматы әскери мектеп-интернаты
83. Республикалық Қарағанды әскери мектеп-интернаты
84. Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахимов атындағы Республикалық Шымкент әскери мектеп-интернаты
85. ҚР Үкіметінің 2006.29.12. № 1324 қаулысымен алып тасталды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
86. Күләш Байсейiтова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты
87. Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетiн тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты
88. О. Жәутiков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернаты
89. Республикалық ғылыми-педагогикалық кiтапхана
90. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
91. ҚР Үкіметінің 2005.01.06. № 541 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
92. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2005.04.04 № 301 қаулысымен тізбе 3-бөліммен толықтырылд; ҚР Үкіметінің 2005.01.06. № 541 қаулысымен өзгерді (бұр. ред. қара)
3. Акционерлік қоғамдар
1. Халықаралық бағдарламалар орталығы
2. Қаржы орталығы.
3. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерiне
енгізiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттік берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиялардың) тiзбесiнде:
2-бағандағы реттік нөмiрi 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Аэроғарыш комитеті";
2-бағандағы peттік нөмiрi 16-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетi".
2. "Инфракос" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 8 қаңтардағы № 27 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 2, 9-құжат):
3-тармақтағы "Энергетика және минералдық ресурстар" деген сөздер "Білім және ғылым" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Аэроғарыш комитетi" деген бөлiм және реттiк нөмiрi 72-жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген бөлiмдегi:
реттік нөмiрлерi 470-162, 470-163-жолдар алынып тасталсын;
кіші бөлiммен және мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 470-185-жолдармен толықтырылсын:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Аэроғарыш комитетi
470-185 "Инфракос" республикалық
мемлекеттік кәсiпорны
(шаруашылық жүргiзу құқығындағы) Байқоңыр қаласы;".
4. "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 қарашадағы № 1756 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 51, 506-құжат):
3-тармақтағы алтыншы абзац алынып тасталсын:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтың екiншi абзацындағы "Аэроғарыш комитетi" деген сөздер алынып тасталсын;
10-тармақтағы 9) тармақша алынып тасталсын;
11-тармақтағы 13-3) және 13-4) тармақшалары алынып тасталсын.
5. ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1395 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң күшi
жойылған кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1754 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 51, 504-құжат), 5-тармақтан басқасы.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 1824 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 53, 522-құжат) 1-тармағының 3) тармақшасы.
3. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң "Білім беру мен тестiлеудiң мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 1850 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы.
4. "Жоғары аттестациялық комиссия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 2001 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 58, 571-құжат).
5. "Қазақстан Республикасында білім мен ғылымды интеграциялау жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 14 ақпандағы № 236 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 7, 86-құжат) 5-тармағының 2) тармақшасы.
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1754 қаулысына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 16 наурыздағы № 407 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 15, 155-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметтiң 2000 жылғы 19 сәуірдегі № 604 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 20, 222-құжат) 4-тармағының 2) тармақшасы.
8. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесi орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 19 мамырдағы № 766 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 22, 267-құжат) 7-тармағының 2) тармақшасы.
9. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң "Ботаника және фитоинтродукция институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 шiлдедегi № 1018 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 28, 336-құжат) 3-тармағының 2) тармақшасы.
10. "Тағам институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 10 шілдедегi № 1043 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 28, 347-құжат) 3-тармағының 2) тармақшасы.
11. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң "Қаржы орталығы" мемлекеттік мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 12 қазандағы № 1523 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 42, 488-құжат) 5-тармағының 1) тармақшасы.
12. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң "Балдәурен" республикалық балаларды сауықтыру лагерi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 7 қарашадағы № 1679 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 46, 549-құжат) 6-тармағының 2) тармақшасы.
13. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгінiң жекелеген білім беру ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 29 қарашадағы № 1782 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 51, 583-құжат) 4-тармағының 2) тармақшасы.
14. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комиссиясын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 17 қаңтардағы № 61 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 1-2, 16-құжат) 5-тармағының 2) тармақшасы.
15. "Ғылым" ғылыми-баспа орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 20 қаңтардағы № 88 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 1-2, 23-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешiмдерiне енгiзілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.
16. "Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1754 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 20 қаңтардағы № 90 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 3, 27-құжат).
17. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң жекелеген республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындарын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 163 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 52-құжат) 3-тармағының 2) тармақшасы.
18. "Кейбір ұйымдарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң қарамағына беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 5 ақпандағы № 186 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 6, 61-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.