Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары
аттестациялық комиссиясын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 17 қаңтардағы № 61 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604; 28.10.04 ж. № 1111
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комиссиясының мәртебесін қолданылып жүрген нормативтік құқықтық кесімдермен сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комиссиясы мемлекеттік орган болып табылатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комитеті мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Комитеттің негізгі міндеті жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогтік кадрларды аттестаттау болып айқындалсын.
3. Комитеттің штат саны 45 бірлік болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бір айлық мерзімде Комитет туралы Ережені және оның құрылымын Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынсын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі № 1433 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген, 2000 жылдың 1 қаңтарынан қолданылатын Министрліктер, агенттіктер мен ведомстволар қызметкерлерінің штат санының лимиттеріндегі реттік нөмірі 6-жолда: "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 208" деген сөздер
"Қазақстан Республикасының Білім 251
және ғылым министрлігі, оның ішінде: 45";
Жоғары аттестациялық комитет
деген сөздермен ауыстырылсын;
2) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
3) ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі