Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1395 Қаулысы
(2012.11.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 77 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2012.11.01. № 22 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2012.11.01. № 22 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Заңды және жеке тұлғаларға ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия берудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 наурыздағы № 431 қаулысының;
2) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағының;
3) «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 438 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 17, 191-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Ереже. ҚР Үкіметінің 2012.11.01. № 22 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2012.11.01. № 22 Қаулысымен біліктілік талаптары жаңа редакцияда (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақтан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1395 қаулысымен
бекітілген
Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметке қойылатын
біліктілік талаптары
Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары мыналардың:
1) дара кәсіпкер ретінде ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін - біліктілігіне сәйкес кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімінің;
заңды тұлға үшін:
тиісті дипломдармен, сертификаттармен, аттестаттармен, еңбек кітапшасындағы жазулармен немесе шарттармен расталған жоғары білімінің және басшы лауазымда кемінде үш жыл жұмыс өтілімен ұйым басшысының;
штатта біліктілігіне сәйкес кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандардың кемінде 10% болуының;
2) меншік құқығында немесе өзге де заттық құқықта техникалық-өндірістік базаның (үй-жайлардың, арнайы зертханалық, стенділік, өндірістік, технологиялық, сынақтық және өлшегіш жабдықтың, бақылау-тексеру аппаратурасының);
3) жобаның мақсаты, өндіріс өрістейтін немесе қызметтер көрсетілетін аумақ, мәлімделген жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ететін техникалық процестің сипаты көрсетілген жобаның болуын қамтиды.