9-тарау. Артық төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасын қайтару және/немесе артық төленген салық сомасын есепке алу
68. Салық төлеушілерге түсімдердің бюджеттік сыныптамасының кодтары арасындағы, салық қызметі органдарының арасындағы артық төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасын қайтару және/немесе артық төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасын есепке алу (бұдан әрі - қайтару және/немесе есепке алу) үшін салық қызметі органы аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ережеге 29-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлем тапсырмаларының тізілімін, қорытындыны және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген нысан бойынша төлем тапсырмаларын екі данада береді.
Қайтаруды және/немесе есепке алуды жүзеге асырғаннан кейін қорытындының және орындалғаны туралы белгісі бар төлем тапсырмаларының бір данасы салық қызметі органына жіберіледі; төлем тапсырмаларының тізілімі және қорытынды мен орындалғаны туралы белгісі бар төлем тапсырмаларының бір данасы аумақтық қазынашылық бөлімшесінде қалады.
Салық қызметінің органдары әкімшілендірмеген түсімдерді қайтаруды және/немесе есепке жатқызуды уәкілетті орган ұсынған жоғарыда аталған артық төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомаларын қайтару үшін құжаттарға ұқсас құжаттардың негізінде аумақтық қазынашылық бөлімшесі жүзеге асырады.
69. Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) түсімдері бюджеттік сыныптамасының тиісті ішкі сыныбы бойынша жыл басынан бастап түсімдерді қайтару және/немесе есепке алу сомасы жетіспеген кезде қайтару және/немесе есепке алу облыс бойынша тұтастай алғанда түсімдердің бюджеттік сыныптамасының тиісті ішкі сыныбы бойынша жыл басынан бастап іс жүзінде түскен сома шегінде жүзеге асырылады. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша тұтастай алғанда түсімдердің бюджеттік сыныптамасының тиісті ішкі сыныбы бойынша жыл басынан бастап түсімдерді қайтару және/немесе есепке алу сомасы жетіспеген кезде қайтару және/немесе есепке алу республика бойынша тұтастай алғанда түсімдердің бюджеттік сыныптамасының тиісті ішкі сыныбы бойынша жыл басынан бастап іс жүзінде түскен сома шегінде жүргізіледі, бұл ретте облыс бойынша бюджет түсімдері сыныптамасының осы ішкі сыныбы бойынша дебеттік қалдықтарға жол беріледі.
70. Шетел валютасында артық төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасын қайтару үшін салық қызметі органы аумақтық қазынашылық бөлімшесіне қорытындыны, шетел валютасын айырбастауға арналған өтінімді, шетел валютасын аударуға арналған өтінішті береді.
Шетел валютасын айырбастау және аудару жөніндегі операциялар осы Ереженің 31-тарауына сәйкес жүзеге асырылады. Қайтару Түсімдердің жинақ шотынан оны кейіннен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның валюта түрлері бойынша шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарға есепке ала отырып жүзеге асырылады. Құжаттарды салық қызметі органдарына беру Астана қаласының уақыты бойынша сағат 11.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Салық қызметі органы не уәкілетті орган шетел валютасында артық төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасын қайтаруға арналған құжаттарды аумақтық қазынашылық бөлімшесіне уақтылы берілуін, олардың растығын және ресімделу дұрыстығын қамтамасыз етеді.
71. Қайтару және/немесе есепке алу жөніндегі құжаттарды орындау не оларды қайтару себебін көрсете отырып қайтару олардың аумақтық қазынашылық бөлімшесіне түскеннен кейін үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте шетел валютасын қайтару жөніндегі құжаттарды орындау не оларды қайтару себебін көрсете отырып қайтару олардың аумақтық қазынашылық бөлімшесіне түскен күні жүзеге асырылады.
10-тарау. Төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге бюджеттік алуларды аударудың тәртібі мен мерзімi
72. Бюджеттік алулар тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген сома шегінде төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге беріледі.
73. Бюджеттік алуларды ай сайынғы аударулардың мөлшерін республикалық бюджет туралы заңда немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде көзделген, келесі қаржы жылына арналып бекітілген төмен тұрған бюджеттің кірістері түсімдерінің (азаматтарға пәтерлерді сатудан түсетін соманы қоспағанда, салық, салықтан тыс түсімдер және негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер) сомасына бюджеттік алулар сомасының қатынасы ретінде пайызбен жоғары деңгейдегі бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган айқындайды және бекітеді.
Төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі жергілікті атқарушы орган 25 желтоқсаннан кешіктірмей жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі органға келесі қаржы жылына арналған кірістердің болжамды көлемін және түсімдердің жиынтық жоспарының жобасын алдын ала айға бөлуді (ерекшеліктер деңгейіне дейін) береді.
Жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган төмен тұрған бюджеттер кірістерінің мөлшері мен ай сайынғы болжамды көлемінің негізінде бюджеттік алуларды айға бөлуді айқындайды және түсімдер мен міндеттемелердің жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде тиісті жергілікті атқарушы органдарға жеткізеді.
74. Төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынылған төлеуге берілетін шоттың негізінде бюджеттік алулар сомасын төмен тұрған бюджеттің түсімдері мен оны қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген айлық сома шегінде жоғары тұрған бюджет түсімдері бюджеттік сыныптамасының тиісті кодын көрсете отырып, ағымдағы айдың жиырмасыншы күніне дейін аударады.
Осы талапты орындамаған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген бюджеттік алулар сомасын толық аударғанға дейін тиісті жергілікті бюджет бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
75. Бюджеттік алуларды аударудың толықтығын бақылауды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады. Бюджеттік алуларды аударудың уақытылылығын бақылауды аумақтық қазынашылық органдары жүзеге асырады.
5-бөлім. Шығыстар бойынша бюджетті атқару
11-тарау. Рұқсаттар беру
76. Рұқсат - бюджет қаражатының көлемін айқындайтын құжат, мемлекеттік мекемелер олардың шегінде міндеттемелер қабылдайды.
77. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне және олардың ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге рұқсаттарды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына және міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес береді.
Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге рұқсаттарды мемлекеттік мекемелердің орналасқан жері бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшелері жеткізеді.
78. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне және олардың ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге рұқсаттарды бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган береді.
79. Рұқсаттарды беру нысанын, тәртібін және мерзімін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
12-тарау. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді қабылдауы
80. Мемлекеттік мекемелер берілген рұқсаттар сомасы шегінде міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша міндеттемелер қабылдайды.
81. Міндеттемелер шарт нысанындағы азаматтық-құқықтық мәмілелерді (бұдан әрі - шарт) жасасу арқылы, сол сияқты оларсыз да қабылданады.
Шарт жасасу және оларды аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркеу міндетті болып табылатын шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің тізбесін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
Бұл ретте мемлекеттік мекемелердің шартты жасаспай тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуына Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларда жол беріледі.
Мемлекеттік мекеменің шығыстарды жүзеге асыру жөніндегі міндеттемесі мыналардың:
1) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алған жағдайларда шот-фактураның, хабарлама-шоттың, шоттың, орындалған жұмыстар актісінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да құжаттың;
2) мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне төленетін жалақы және басқа да ақша төлемдері, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар, бюджетке жүргізілетін аударымдар, стипендиялар мен жеке тұлғаларға төленетін төлемдер бойынша бастапқы құжаттардың;
3) бюджеттен трансферттер бөлінген жағдайда міндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарының;
4) инкассалық өкімнің;
5) осы тізбеге енгізілмеген, ерекше шығындарды және шығыстардың басқа да түрлері бойынша төлем жүргізген кезде төлеуге берілетін шоттардың негізінде қабылданған деп есептеледі.
13-тарау. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді қабылдауына қойылатын талаптар
82. Мемлекеттік мекеменің шарт жасасуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік мекеме шарт жасасқан кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды, сондай-ақ шарттағы деректердің растығын қамтамасыз етеді және оларды сақтамауына/олардың сәйкес келмеуіне жауап береді.
83. Мемлекеттік мекемелер шартты ағымдағы қаржы жылынан аспайтын мерзімге жасаса алады.
84. Мынадай:
мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткен үкіметтік сыртқы қарыз бойынша немесе байланысты гранттар бойынша келісім шеңберінде шарт (келісім-шарт) жасасқан (бұдан әрі - қарыз/грант туралы келісім шеңберіндегі шарт);
мемлекеттік мекеме бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру шеңберінде шарттар жасасқан;
мемлекеттік мекеме автокөлік құралдарын иеленушілердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға және мерзімді баспасөзді сатып алуға арналған шарттарды жасасқан жағдайларда қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асып кететін шартты жасасуға жол беріледі.
85. Қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асып кететін шартта жалпы соманы тиісті қаржы жылдары бойынша шартты түрде бөле отырып оны және тиісті қаржы жылдары бойынша орындалатын жұмыстардың (тауарларды жеткізудің, қызметтер көрсетудің) болжалды көлемін және түрлерін көрсете отырып жазады. Шарттың жалпы сомасы, жылдар бойынша оның бөлінуі және жұмыстарды (тауарларды жеткізудің, қызметтер көрсетудің) орындаудың көлемі өзгерген кезде оларды түзету қосымша келісімдерді жасасу жолымен жүзеге асырылады.
86. Мемлекеттік мекеме бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) шеңберінде рұқсаттың пайдаланылмаған қалдығы шегіндегі сомаға шарт жасасады.
Мемлекеттік мекеме ақша алушының біреуімен шығыстардың экономикалық сыныптамасының бірнеше ерекшеліктері бойынша шарт жасасқан жағдайда шартта жалпы соманы шығыстардың бюджеттік сыныптамасының әрбір коды бойынша бөле отырып көрсетеді.
87. Шығыстардың бюджеттік сыныптамасының әрбір коды бойынша шығыстардың экономикалық сыныптамасының мынадай:
131 "Тамақ өнімдерін сатып алу",
132 "Дәрі-дәрмектер және өзге де медициналық мақсаттағы құралдар сатып алу",
134 "Зат түріндегі мүліктік заттарды және басқа нысандық және арнайы киім-кешектерді сатып алу, тігу және жөндеу",
135 "Ерекше жабдықтар мен материалдар сатып алу",
139 "Өзге де тауарлар сатып алу",
411 "Негізгі құралдарға жататын тауарлар сатып алу",
412 "Үй-жайлар, ғимараттар мен құрылыстар сатып алу" ерекшеліктері үшін ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлем жасауға жол беріледі.
Осы Ереженің 87-89-тармақтарында көрсетілген шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша ерекшеліктер мен шығыстар түрлерін қоспағанда, осы тармақта көрсетілген тізбеге енбейтін шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша аванстық (алдын ала) төлемге ағымдағы қаржы жылына жасалған шарт сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшерде рұқсат етіледі.
88. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 149 "Өзге де қызметтер мен жұмыстар" ерекшелігі бойынша аванстық (алдын ала) төлемге ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының мынадай:
ауруларды шетелде емдеуді көздейтін шығыстарды төлеу үшін 70 пайыздан;
алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдардың ауылда қызмет көрсетуін көздейтін шығыстарды төлеу үшін 50 пайыздан;
осы тармақта көзделген шығыстардың тізбесіне енбейтін шығыстарды төлеу үшін 30 пайыздан аспайтын мөлшерде рұқсат етіледі.
Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 145 "Жылытқаны үшін ақы төлеу" ерекшелігі бойынша аванстық (алдын ала) төлемге ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшерде тек отын сатып алуға ғана рұқсат етіледі.
Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 148 "Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі қызметтерді төлеу" ерекшелігі бойынша төлемге үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындаған кезде оларға ғана ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде рұқсат етіледі.
ҚР Үкіметінің 2007.05.06. № 461Қаулысымен; 2007.08.10 № 918 (бұр.ред.қара) Қаулысымен 88-1-тармақпен толықтырылды
88-1. Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру үшін астықты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агентке ақша қаражатын аудару Қазақстан Республикасы Үкіметінің жыл сайынғы шешімімен анықталатын астықты көктемгі-жазғы қаржыландыруға және күзгі сатып алуға арналған сома мөлшерінде біржолғы төлемдермен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2007.17.08. № 701 Қаулысымен 89-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
89. Автокөлік құралдарын иеленушілердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру және мерзімді баспасөзді сатып алу кезінде аванстық (алдын ала) төлемге шарт сомасының 100 пайызы мөлшерінде жол беріледі.
Мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде әлеуметтік сала объектілерін салу кезінде ағымдағы қаржы жылына бір жылдан көп мерзімге жасалған шарт сомасынан 100 пайыз мөлшерінде, бірақ шарттың жалпы сомасының 30 пайызынан аспайтын аванстық (алдын-ала) төлеу рұқсат етіледі.
90. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 141 "Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу", 144 "Электр энергиясына ақы төлеу" ерекшеліктері бойынша аванстық (алдын ала) төлемге рұқсат етілмейді.
Егер жалға алу шартына сәйкес депозиттік соманы төлеу туралы банк кепілдігін беру туралы талап көзделсе, шығыстардың экономикалық сыныптамасының 147 "Үй-жайды жалдауға ақы төлеу" ерекшелігі бойынша аванстық (алдын ала) төлемге Қазақстан Республикасы шетелдік мекемелерінің жалға алу сомасын төлеуге ғана рұқсат етіледі.
91. Қазақстан Республикасының Парламенті ратификациялаған үкіметтік сыртқы қарыз бойынша келісім шеңберіндегі шарттарда (келісім-шарттарда) осы шартта (келісім-шартта) көзделген аванс беру тәртібі белгіленеді.
92. Аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркелген шарттарға қосымша келісімдер мынадай:
бюджетті нақтылаған, түзеткен, бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына тиісті өзгерістер енгізген;
сапасы, көлемдері өзгермеуі шарты және өнім берушіні таңдау үшін негіз болып табылатын басқа да шарттар кезінде бағаның кемітілуі бөлінісінде шарт сомасы кеміген;
табиғи немесе мемлекеттік монополия субъектілерімен, сондай-ақ үлесі осындай нарықта жүз пайызға тең белгілі бір тауар нарығында басым (монополиялық) жағдайға ие ақша алушылармен немесе бір көзден алуға баламасы болмаған кезде жасасқан шарттың сомасы өзгерген;
мемлекеттік сатып алу мәні болып табылмайтын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) берілген рұқсаттар шегінде сатып алуға арналған шарттың сомасы өзгерген;
шарттың жалпы сомасын өзгертпей, қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асып кететін ағымдағы қаржы жылына арналған шарттың сомасы берілген рұқсаттар шегінде өзгерген;
ББС-ке өзгерістер енгізген;
есеп айырысу тәртібі және/немесе мерзімі және/немесе тараптардың деректемелері және/немесе тауарды (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) мерзімі өзгерген;
жасасқан шарттың талаптарында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен шартты бұзған;
өткен жылы орындалмаған және бюджет қаражатының бос қалдықтары және/немесе кепілдік берілген трансферттің пайдаланылмаған сомасы есебінен ағымдағы қаржы жылында қаржыландыруға жататын, осы Ереженің 55 және 436-тармақтарында көрсетілген шығыстар бойынша шарттың қолданылу мерзімін ұзартқан жағдайларда жасалады. Көрсетілген шарттардың қолданылу мерзімін ұзарту тиісті бюджет комиссиясының ұсынысы бойынша жүргізіледі, оған оң қорытынды берген кезде, бюджеттік бағдарлама әкімшісі тиісті қаулының жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе тиісті жергілікті атқарушы органның әкімдігіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізеді.
93. Осы Ереженің 13-тарауында белгіленген талаптарды сақтамаған кезде қайтару себебіне жазбаша негіздеме бере отырып шарт тіркелмей қайтаруға жатады.
94. Мемлекеттік мекеменің екінші деңгейдегі банктермен және/немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдармен (бұдан әрі - банк) құқықтық қатынастары осы Ережеде белгіленген талаптарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы банк заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделеді. Бұл ретте жасасқан шарттар банктің мынадай:
мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне төленетін жалақы сомасын және басқа да ақша төлемдерін, стипендияларды карт-шоттарға немесе жинақ ақша шоттарына есепке алу бойынша;
қолма-қол ақшаны кейіннен тиісті қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына және/немесе мемлекеттік мекемелердің шоттарына есепке алу үшін мемлекеттік мекемелерден қолма-қол ақшаны қабылдау бойынша;
осы Ережеде көзделген мақсаттарды қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету бойынша көрсететін қызметтерін төлеу бөлігінде аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркеуге жатады.
14-тарау. Азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу үшін мемлекеттік мекемелер беретін құжаттардың тізбесi
95. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеу азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінім негізінде жүзеге асырылады, ол мемлекеттік мекеменің шартын немесе тіркелген шартқа қосымша келісімді тіркеу үшін жасалады және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне беріледі.
Шартты сот шешімі бойынша бұзған жағдайда мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесін қоса бере отырып, аумақтық қазынашылық бөлімшесіне тиісті хатты береді.
Азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімнің растығы және ресімделу дұрыстығы үшін жауапкершілік мемлекеттік мекемеге жүктеледі.
96. Азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінім шарттың (қосымша келісімнің) түпнұсқасын қоса бере отырып аумақтық қазынашылық бөлімшесіне беріледі.
Қарыз/грант туралы келісім шеңберінде шартты тіркеу үшін азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімді мемлекеттік мекеме осы шартты және Қазақстан Республикасының Парламенті ратификациялаған үкіметтік сыртқы қарыз жөніндегі келісімді (келісім-шартты) (байланысты гранттар бойынша келісімді (келісім-шартты) қоса береді.
Азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімге осы тармақта көзделген құжаттардан басқа, мемлекеттік мекеме мынадай:
1) заңды тұлға болып табылатын ақша алушының мынадай құжаттары:
заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесін;
клиентті салық есебіне қою фактісін растайтын, салық қызметі органы берген құжаттың нотариалды расталған көшірмесін;
ағымдағы шоттың нөмірін көрсете отырып, оның бар екендігі туралы банктің анықтамасын;
2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын ақша алушының мынадай құжаттары:
жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесін;
клиентті салық есебіне қою фактісін растайтын, салық қызметі органы берген құжаттың нотариалды расталған көшірмесін;
ағымдағы шоттың нөмірін көрсете отырып, оның бар екендігі туралы банктің анықтамасын;
3) біржолғы төлемдерден табыс алатын жеке тұлға болып табылатын ақша алушының мынадай құжаттары:
жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесін;
клиентті салық есебіне қою фактісін растайтын, салық қызметі органы берген құжаттың нотариалды расталған көшірмесін;
салымшы кітапшасының (жинақ ақша кітапшасының) (ақша алушының деректері және жинақ ақша шотының нөмірі көрсетілген парақтарды ғана) немесе төлем карточкасының нотариалды расталған көшірмесін қоса береді.
97. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 96-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Ережеге 30-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілесін тіркеуге арналған өтінімдердің тізілімін береді.
Мемлекеттік мекеме шарт жасасқан немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органдардың) шешімдеріне сәйкес міндеттеме қабылдаған кезде мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органдардың) тиісті шешімдерінің көшірмелерін қосымша береді.
98. Қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асып кететін шарт ағымдағы қаржы жылының сомасына аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркеледі. Келесі жылдары аталған шартты тіркеу азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімнің негізінде тиісті қаржы жылының шарт сомасына жүргізіледі.
99. Егер шарт талаптарында шарт талаптарын тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) ұстау көзделген жағдайда, мемлекеттік мекеменің ақша алушымен тиісті бюджеттің кірісіне мемлекеттік мекеменің ұсталған тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімақы) сомасын аудару туралы қосымша келісім жасасуға жол беріледі. Бұл ретте мемлекеттік мекеме екі өтінім (бірінші өтінім ұсталған айыппұл (өсімақы, тұрақсыздық айыбы) сомасын шегере отырып, шарт сомасына, екіншісі ұсталған тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімақы) сомасына беріледі) береді. Мемлекеттік мекеменің қосымша келісімді беруі негізгі шарт бойынша "түпкілікті" деген мәртебесі бар төлемді жүргізгенге дейін жүзеге асырылады.
15-тарау. Азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімді ресімдеу және беру
100. Азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінім (бұдан әрі - өтінім) осы Ережеге 31-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
ҚР Үкіметінің 2008.25.03. № 283 Қаулысымен 101-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
101. Өтінім мынадай жолмен толтырылады:
"Мемлекеттік мекеме" тор көзінде мемлекеттік мекеменің жеті белгіден тұратын коды көрсетіледі;
"Бюджет түрі" тор көзінде қаражаты есебінен мемлекеттік мекеме ұсталатын бюджет түрін білдіретін нышан көрсетіледі:
01 - республикалық бюджет;
02 - облыстық бюджет (республикалық маңызы бар қала (астана) бюджеті);
03 - аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті;
"Қаржыландыру көзі" тор көзінде қаражаты есебінен шарт жасасқан қаржыландыру көзінің түрін білдіретін нышан көрсетіледі:
1 - үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша ортақ қаржыландыру қаражатын қоспағанда бюджет қаражаты есебінен;
2 - үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша ортақ қаржыландыру қаражаты есебінен;
3 - мемлекеттік мекеменің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақша есебінен;
"N өтінім" тор көзінде мемлекеттік мекеменің жеті белгіден тұратын кодынан, бөлшек арқылы төлем немесе ақша аудару жүзеге асырылатын ағымдағы қаржы жылының соңғы екі санынан, дефис арқылы мемлекеттік мекеменің өтінімдерін тіркеу журналындағы жазбаның реттік нөміріне сәйкес келетін реттік нөмірден тұратын өтінім нөмірі көрсетіледі;
"Күні" тор көзінде өтінімді жасау күні көрсетіледі;
"Мемлекеттік мекеменің атауы" тор көзінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке сәйкес келетін мемлекеттік мекеменің толық атауы көрсетіледі;
"Шығыс сипаттамасы" тор көзінде шарттың мәні, сондай-ақ бюджеттік бағдарлама паспортынан іс-шара; қарыз/грант туралы келісім шеңберіндегі шарттың күні мен нөмірі көрсетіледі;
"Шығыстардың бюджеттік сыныптама коды" тор көзінде тоғыз белгіден тұратын шығыстардың бюджеттік сыныптамасының бірыңғай коды (бюджеттік бағдарлама әкімшісі, бюджеттік бағдарлама, кіші бағдарлама кодтарының үш белгісін білдіреді) және үш белгіден тұратын шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің коды көрсетіледі; мемлекеттік мекеменің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақша есебінен жасасқан шартты тіркеу үшін тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түрлерінің коды қосымша көрсетіледі;