"Ақша алушының атауы, СТН-і, ЖСК-сі және заңды мекен-жайы, ақша алушының банкі атауы және БСК-сі" тор көзінде ақша алушының толық атауы, заңды мекен-жайы, салық төлеушіні тіркеу нөмірі және оның банк деректемелері (оған қызмет көрсететін банктің ЖСК-сі, атауы және БСК-сі) көрсетіледі; егер ақша алушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған жағдайда осы тор көзде резидент еместің және ҚР ҰБ деректемелері көрсетіледі;
"Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауы" тор көзінде жасасқан шарттың талаптарына сәйкес жеткізілетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) не тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тобының атаулары көрсетіледі;
"Бағасы" тор көзінде тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) әрбір түрінің бірлігі үшін ҚҚС-ті есептей отырып, ұлттық валютадағы бағасы көрсетіледі;
"Саны" тор көзінде тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) әрбір түрі бойынша саны көрсетіледі;
"Сомасы" тор көзінде тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) әрбір түрі бойынша жалпы құны санмен көрсетіледі;
"БАРЛЫҒЫ" тор көзінде барлық тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) ұлттық валютадағы жалпы құны жазумен көрсетіледі;
"БАСШЫЛАРДЫҢ ҚОЛЫ" бөлімінде орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығына сәйкес бірінші және екінші қол қою құқығы бар мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғаларының аты-жөні көрсетіледі, қол қойылған күнін көрсете отырып олардың қолтаңбалары және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөрі қойылады. Қолтаңбалар қолтаңбалар мен мөртаңба үлгілері бар құжатқа сәйкес қойылады;
"ТӨЛЕМ КЕСТЕСІ" бөлімінде:
"негіздеме құжат" тор көзінде шарттың (қосымша келісімнің) нөмірі мен күні көрсетіледі;
"өтінім %" тор көзінде шарттың талаптарында көзделген аванстық (алдын ала) төлем мөлшерінің пайыздық және жиынтық арақатынасы көрсетіледі (егер шартта аванстық (алдын ала) төлем көзделмесе, бұл тор көз толтырылмайды);
"төлеу кезеңі" тор көзінде жеткізілген тауарларға (орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге) аванстық (алдын ала) төлемді өтеуді есептей отырып, ақы төлеуді жүзеге асыру жоспарланып отырған уақыт кезеңі (ай немесе тоқсан) көрсетіледі, "сомасы" тор көзінде сома санмен көрсетіледі.
102. Қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асып кететін шартты тіркеу үшін "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауы", "Бағасы", "Саны", "Сомасы" тор көздерінде тиісінше жеткізілетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) не тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тобының атаулары, тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) әрбір түрінің бірлігі үшін ҚҚС-ті есептей отырып, ұлттық валютадағы бағасы, ағымдағы қаржы жылында сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) әрбір түрі бойынша саны және ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасы көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2008.25.03. № 283 Қаулысымен 103-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
103. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілесін тіркеуге арналған өтінімдерін тіркеу журналын (бұдан әрі - Журнал) мемлекеттік мекеме осы Ережеге 32-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді. Журнал нөмірленген, тігінделген және біріктірілген болуы тиіс, беттердің жалпы санын көрсете отырып, елтаңбалы мөр таңбамен және орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысының немесе өзі өкілеттік берген тұлғаның қолтаңбасымен мөрленеді.
Жазбалар хронологиялық тәртіппен жүргізіледі, өтінімді жасау күні журналда көрсетілген күнге сәйкес келуі тиіс. Ағымдағы қаржы жылы аяқталғанда журналда бос беттер болған кезде оны келесі жылы пайдалануға болады, бұл ретте жазбалардың нөмірлері басынан басталады.
104. Түрлерінің тізбесі екі бірліктен асатын тауарларды сатып алу кезінде, не тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бірыңғай өлшеуіші болмаған кезде "Бағасы" тор көзі толтырылмайды, "Саны" тор көзіне бір саны қойылады, "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауы" тор көзінде тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тобының атауы көрсетіледі.
105. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының бірнеше ерекшелігі бойынша бір бюджеттік бағдарлама, кіші бағдарлама шеңберінде шарт жасасқан кезде өтінімдер шығыстардың әрбір бюджеттік сыныптама коды (бұдан әрі - шығыстардың БСК-сі) бойынша шарт сомасын көрсете отырып, шығыстардың әрбір БСК-сі бойынша жасалады және беріледі. Бұл ретте мемлекеттік мекеме барлық өтінімдерді бір уақытта береді.
106. Қол қою құқығы бар тұлғалар болмаған жағдайда өтінімге бұйрыққа сәйкес қол қою құқығы жүктелген тұлғалар қол қояды.
107. Өтінімді аумақтық қазынашылық бөлімшесі онда көрсетілген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде қабылдайды.
Өтінімдер қабылдауды аумақтық қазынашылық бөлімшесі жергілікті уақыт бойынша сағат 16.00-гe дейін жүзеге асырады.
108. Өтінімді аумақтық қазынашылық бөлімшесіне берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде орындалады не орындалмай қайтарылады.
Өтінім мемлекеттік мекемеге жазбаша негіздеме бере отырып, аумақтық қазынашылық органы басшысының немесе өзі өкілеттік берген тұлғаның қолтаңбасымен орындалмай қайтарылады.
109. Шарт шетел валютасында тіркелген кезде өтінім сомасы тіркеу күніне Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес белгіленген теңгенің шетел валютасына шаққандағы нарықтық бағамы бойынша есептелген ұлттық валютада келтіріледі.
110. Қосымша келісімді тіркеуге арналған өтінім қосымша келісімнің деректемелерін ескере отырып, осы Ережеде көзделген тәртіппен толтырылады.
Шарт сомасы өзгерген кезде мемлекеттік мекеме бұрын орындалған міндеттемелерді (кассалық шығыстарды) шегере отырып, шарттың жаңа сомасына арналған өтінімді береді.
Өткен қаржы жылында орындалмаған және бюджет қаражатының бос қалдықтары және/немесе кепілдік берілген трансферттің пайдаланылмаған сомасы есебінен ағымдағы қаржы жылында қаржыландыруға жататын шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға қосымша келісімді тіркеу үшін өтінім өткен жылдың бюджетінде бекітілген инвестициялық жобаның жылдық көлемінің он пайызынан аспайтын сомасына жасалады және беріледі.
Өткен қаржы жылында орындалмаған қолданылу мерзімі бір жылдан артық және кепілдік берілген трансферттің пайдаланылмаған сомасы есебінен ағымдағы қаржы жылында қаржыландыруға жататын шарт бойынша өтінім өткен қаржы жылындағы пайдаланылмаған шарт сомасының қалдығына және ағымдағы қаржы жылының шарт сомасына тең жалпы сомаға жасалады және беріледі.
16-тарау. Мемлекеттік мекемелердің шарттарын және азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуге
арналған өтінімдерді тексеру тәртібi
111. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне тіркеуге берілген шартты мыналарға:
мемлекеттік мекеме атауы көрсетілуінің дұрыстығына;
бюджеттік бағдарлама, кіші бағдарламалар, ерекшеліктер кодының және атауының болуына;
шарт мәнінің Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымына сәйкес шығыстардың бағытталуына сәйкестігіне;
шарт сомасының берілген рұқсаттар қалдығынан асып түспеуіне;
аванстық төлем пайызының осы Ережеде белгіленген мөлшерден асып түспеуіне;
жазумен көрсетілген соманың санмен көрсетілген сомаға сәйкестігіне;
шарттағы қолтаңбалардың және мөртаңбалардың қолтаңбалар мен мөртаңбалар үлгілері бар құжатқа сәйкестігіне тексеруді жүзеге асырады.
112. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі өтінімді мыналарға:
белгіленген нысанға сәйкестігіне;
өтінім деректемелерінің шарт деректемелеріне сәйкестігіне;
мемлекеттік мекеме атауының және кодының оның Мемлекеттік мекемелер анықтамалығында көзделген атауына және кодына сәйкестігіне;
ақша алушы деректемелерінің Ақша алушылар анықтамалығында көзделген деректемелерге сәйкестігіне;
өтінімдегі қолтаңбалардың және мөр таңбалардың қолтаңбалар мен мөртаңбалар үлгілері бар құжатқа сәйкестігіне;
осы Ереженің 96, 97-тармақтарында көзделген құжаттардың бар болуына;
жазылған соманың санмен берілген сомаға сәйкестігіне;
өтінімнің қолданылу мерзімінде берілуіне тексеруді жүзеге асырады.
113. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды олардың осы Ереженің 111, 112-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда қайтарады.
17-тарау. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелерін (міндеттемелерін)
тіркеу туралы хабарламаны қалыптастыру және беру
114. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелерін (міндеттемелерін) тіркеу туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) мемлекеттік мекеменің ақша алушымен жасасқан шартының тіркелуін растайтын құжат болып табылады.
Хабарлама аумақтық қазынашылық бөлімшесінде шарт нысанындағы азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеген кезде ғана беріледі.
Хабарлама ҚБАЖ-да бекітілген өтінім деректемелерінің негізінде ҚБАЖ-да қалыптастырылады.
115. Хабарлама аумақтық қазынашылық бөлімшесіне өтінімді берген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік мекемеге беріледі.
Шартты (қосымша келісімді) тіркеу кезінде хабарлама осы Ережеге 33-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.
116. Шартты (қосымша келісімді) мынадай:
5 (бес) миллион теңгеден аспайтын сомаға тіркеу кезінде хабарлама үш данада қалыптастырылады;
5 (бес) миллион теңгеден асатын сомаға тіркеу кезінде хабарлама төрт данада қалыптастырылады.
117. Мыналар:
тіркелген шарттың сомасы;
шарттың қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асып кететін ағымдағы қаржы жылына арналған тіркелген шарттың сомасы;
тараптардың атауларын қоспағанда, тараптардың деректемелері;
өзгертілетін қосымша келісімді тіркеген жағдайда бұрын ҚБАЖ-да қалыптастырылған хабарлама жабылады және жаңа хабарлама қалыптастырылады.
Тараптардың атаулары өзгерген жағдайда хабарлама жабылмай түзетіледі.
Негізінде қолданылу мерзімі бір қаржы жылынан асып кететін бұрын тіркелген шарттың ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасы тіркелетін өтінімді ҚБАЖ-да бекіткен кезде хабарлама ағымдағы қаржы жылының сомасына қалыптастырылады.
118. Хабарламаға бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы немесе өзі өкілеттік берген тұлға, және тіркеу күнін көрсете отырып қол қояды және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе өзі өкілеттік берген тұлғаның және мемлекеттік мекеменің гербтік мөрлерінің бедерлерімен куәландырылады.
119. Бұл ретте Хабарламаны бірнеше бетте қалыптастырған жағдайда Хабарламаның әр бетіне аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы тіркеу күнін көрсете отырып, қол қояды және мөртабан басады.
120. Хабарламаның бір данасы аумақтық қазынашылық бөлімшесінде қалады, қалған даналары мемлекеттік мекемеге шарт (қосымша келісім) түпнұсқасының әр бетіне мөртабан басып және ақша алушының осы Ереженің 96-тармағында көзделген құжаттарымен бірге береді.
ҚР Үкіметінің 2008.25.03. № 283 Қаулысымен 121-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
121. Мемлекеттік мекеме ақша алушыға орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеменің басшысы мен бас бухгалтері қол қойған және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөр таңбасымен расталған мыналарды:
шартты (қосымша келісімді) 5 (бес) миллион теңгеден аспайтын сомаға тіркеу кезінде алынған екі хабарламаның біреуін;
осы шартты (қосымша келісімді) 5 (бес) миллион теңгеден асатын сомаға тіркеу кезінде алынған үш хабарламаның екеуін береді.
122. Ақша алушы 5 (бес) миллион теңгеден асатын сомаға тіркелген шарт (қосымша келісім) бойынша алынған екі хабарламаны алған кезде хабарламаның бір данасын оған ағымдағы шотты ашқан екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға (бұдан әрі - банк) береді.
Ақша алушы мемлекеттік мекемеде қалатын хабарлама данасына ғана қол қояды және мөр таңбамен растайды. Бұл ретте ақша алушы қол қоюды және мөр таңба басуды мемлекеттік мекеменің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркелген шарт (қосымша шарт) бойынша түпкілікті есеп айырысуды жүргізуі үшін жүзеге асырады.
Егер ақша алушы жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлға болып табылатын жағдайда хабарламада оның қолтаңбасы ғана болады.
123. Мемлекеттік мекеме "түпкілікті" мәртебесі бар төлеуге берілетін шотқа қоса аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ақша алушының қолтаңбасы және мөр таңбасы бар хабарламаны береді.
Ақша алушы басқа елді мекенде орналасқан кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне қолтаңба мен мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөрінің түпнұсқасымен расталған ақша алушының қолтаңбасы және мөр таңбасы бар хабарламаның факстан алынған көшірмесін беруге жол беріледі.
"Түпкілікті" мәртебесі бар төлеуге берілетін шотты жүргізгеннен кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесі осы ережеге 34-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаны екі данада қалыптастырады. Хабарламаға тіркеу күнін көрсете отырып, жауапты орындаушы, аумақтық қазынашылық бөлімшесінің басшысы қол қояды, ол жауапты орындаушының мөртабанымен және аумақтық қазынашылық бөлімшесінің елтаңбалы мөр таңбасымен расталады. Хабарламаның бір данасы мемлекеттік мекемеге орындалған және тіркелген міндеттемелердің есебін жүргізу үшін беріледі, екінші данасы мемлекеттік мекеменің қабылдаған міндеттемелерін жабу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесінде қалады.
18-тарау. Ұлттық валютада төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібi
124. Мемлекеттік мекемелердің төлемдері мен ақша аударымдары қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы немесе мемлекеттік мекемелер шоттарындағы қалдықтар шеңберінде жүргізіледі. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарының және мемлекеттік мекемелер шоттарының жеке сәйкестендіру кодтары бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен белгіленген тәртіппен беріледі және тиісті аумақтық қазынашылық бөлімшелері мен мемлекеттік мекемелерге дейін жеткізіледі.
Жеке жоспар шығыстарының бюджеттік сыныптамасының тиісті коды бойынша жоспарлы тағайындау болмаған не жеткіліксіз болған жағдайда, аумақтық қазынашылық бөлімшесі төлеуге берілетін шотты орындаусыз қайтарады.
Қолма-қол ақшаның тиісті бақылау шоттарында ақша жеткіліксіз болған жағдайда аумақтық қазынашылық бөлімшесі шұғыл тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың шешімдері айқындаған бюджет шығыстарының басым бағыттары бойынша төлемдер жүргізіледі, қалған төлемдер төлеуге берілетін шоттардың түсу кезектілігіне қарай жүргізіледі. Бұл ретте, ҚБАЖ-ға енгізілген төлеуге берілетін шотты орындау үшін оның жұмыс істеу мерзімі ішінде жеткілікті сомада ақша болмаған не жеткіліксіз болған жағдайда, төлеуге берілетін шоттар мемлекеттік мекемеге орындалмастан қайтарылады.
БҚШ-дан ақшаны есептен шығару бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ҚР ҰБ белгілеген тәртіппен төлем жүйелері арқылы жіберілген электрондық төлем құжаттары негізінде жүргізіледі.
125. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі мемлекеттік мекемелерден төлеуге берілетін шотты қабылдауды аумақтық қазынашылық бөлімшесінің басшысы бекіткен және мемлекеттік мекемелерге жеткізілген мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету кестесіне сәйкес жергілікті уақыт бойынша сағат 16.00-ге дейін жүзеге асырады. Бұл ретте, банк кассасынан чек бойынша қолма-қол ақшаны алуға арналған құжаттар жергілікті уақыт бойынша сағат 13.00-гe дейін қабылданады.
126. Мемлекеттік мекеме:
мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету кестесінің сақталуын;
төлеуге берілетін шоттардың дұрыс толтырылуын және көрсетілген деректемелердің растылығын;
төлеуге берілетін шоттарды беру негізділігін;
осы Ережеде көзделген жағдайларда төлеуге берілетін шоттармен бірге ұсынылатын құжаттарда көрсетілген деректемелердің растылығын қамтамасыз етеді.
127. Қолма-қол емес және қолма-қол ақша түрінде төлемдер мен ақша аударуды мыналардың:
бюджет қаражаты;
мемлекеттік мекемелер өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақша;
жеке немесе заңды тұлға оны қайтарып алу шартымен мемлекеттік мекемеге беретін ақша;
демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер есебінен жүзеге асыру;
мемлекеттік мекеменің төлеуге берілетін шоттарды қалыптастыруын және аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жүргізуін;
аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркеуге жататын шарт нысанындағы азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша мемлекеттік мекемелерге өтінімді беру және аумақтық қазынашылық бөлімшесінде хабарламаны қалыптастыруды қамтиды.
ҚР Үкіметінің 2008.25.03. № 283 Қаулысымен 128-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
128. Мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне төлеуге берілетін шотты ұсынғанға дейін оны төлеуге берілетін шоттарды тіркеу журналына тіркейді. Төлеуге берілетін шоттарды тіркеу журналы журналдағы беттердің жалпы санын көрсете отырып, нөмірленген, тігілген және елтаңба мөрі қойылған және орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысының немесе өзі өкілеттік берген тұлғаның қолымен расталған осы Ережеге 35-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі. Төлеуге берілетін шоттарды тіркеу журналындағы жазу төлеуге берілетін шоттарды қалыптастыру шамасына қарай хронологиялық тәртіпте жүргізіледі. Бұл ретте, төлеуге берілетін шотта көрсетілген күн төлеуге берілетін шоттарды тіркеу журналында көрсетілген тіркеу күніне сәйкес келуі тиіс. Төлеуге берілетін шоттарды тіркеу журналында ағымдағы қаржы жылы аяқталғанда бос беттер болған кезде келесі жылғы жазулар үшін пайдалануға болады, бұл ретте, жазулардың нөмірленуі қайтадан басталады.
129. Осы Ережеге 36-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлеуге берілетін шот аумақтық қазынашылық бөлімшесіне онда көрсетілген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде ұсынылады.
130. Мемлекеттік мекеме төлемдерді және ақша аударымдарын жүргізу үшін қазынашылық аумақтық бөлімшелеріне осы Ережеге 37-қосымшаға сәйкес төлеуге берілетін шоттардың тізілімін, осы Ережеде көзделген құжаттардың қосымшаларын қоса бере отырып, төлеуге берілетін шоттарды ұсынады.
Төлеуге берілетін шоттар және төлеуге берілетін шоттардың тізілімі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада ұсынылады.
Төлеуге берілетін шоттардың тізілімінде мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынатын барлық төлеуге берілетін шоттар, және осы Ережеде көзделген жағдайларда төлеуге берілетін шоттарға қоса берілетін құжаттар көрсетіледі.
131. Аумақтық қазынашылық бөлімшелерінің жауапты орындаушысы төлеуге берілетін шоттары және оларға құжаттары қоса берілген төлеуге берілетін шоттардың тізілімін екі данада қабылдайды, олардың жинақтылығын, 19-23-тарауларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді. Төлеуге берілетін шоттар және төлеуге берілетін шоттар тізіліміне қоса берілген құжаттар санының төлеуге берілетін шоттар тізілімінде көрсетілген олардың санына және 19-23-тарауларда белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде тізілімнің екі данасына қолтаңбасын, күнін және мөртаңбасын қояды. Төлеуге берілетін шоттар тізілімінің қол қойылған және мөрленген данасы мемлекеттік мекемеге қайтарылады, төлеуге берілетін шоттары мен оларға құжаттары қоса берілген төлеуге берілетін шоттар тізілімінің екінші данасы аумақтық қазынашылық бөлімшесінде одан әрі орындау үшін қалады.
Шарт жасаспай, тек осы тармақта көрсетілген құжаттардан басқа тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу кезінде мемлекеттік орган ақша алушының мынадай болып табылатын құжаттарды:
1) заңды тұлға болып табылатын ақша алушының мынадай құжаттары:
заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесін;
клиентті салық есебіне қою фактісін растайтын, салық қызметі органы берген құжаттың нотариалды расталған көшірмесін;
ағымдағы шоттың нөмірін көрсете отырып, оның бар екендігі туралы банктің анықтамасын;
2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
өзін растайтын құжаттың нотариалдық расталған көшірмесі;
салық қызметі органы берген клиенттің салықтық есептегі фактісін растайтын құжаттың нотариалдық расталған көшірмесі;
жеке сәйкестендіру кодын көрсете отырып, ағымдағы шоттың болуы туралы банк анықтамасы;
3) біржолғы төлемдерден табыс алатын жеке тұлға;
өзін растайтын құжаттың нотариалдық расталған көшірмесі;
салық қызметі органы берген клиенттің салықтық есептегі фактісін растайтын құжаттың нотариалдық расталған көшірмесі;
ақша салымшысының кітапшасы (жинақ кітапшасы) (ақша алушының деректері және жинақ ақша шотының нөмірі көрсетілген парақтарды ғана) немесе төлем карточкасының нотариалдық расталған көшірмелері ұсынылады.
132. Төлем жүргізілгеннен кейін төлеуге берілетін шоттың және 5-15 "Мемлекеттік мекемелердің төлемдерін жүргізу жөніндегі күнделікті көшірмесі" нысаны бойынша қалыптастырылған есебінің екінші данасы төлем жүргізілген күнін көрсете отырып, қазынашылық аумақтық бөлімшелері жауапты орындаушысының қолымен және мөрімен растайды және оны ақша алушының құжатымен бірге осы Ереженің 131-тармағында көзделген мемлекеттік мекемеге беріледі.
133. Төлеуге берілетін шот орындалады не аумақтық қазынашылық бөлімшесі оны қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күні ішінде орындалмай қайтарылады.
Төлеуге берілетін шот мемлекеттік мекемеге аумақтық қазынашылық бөлімшесі басшысының немесе өзі өкілеттік берген тұлғаның қолымен жазбаша негіздемесі бар атқарусыз қайтарылады.
134. Мемлекеттік мекеменің төлеуге берілетін шотының атқарылу күні бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бекіткен 5-15 "Мемлекеттік мекеменің төлемдерін жүргізу жөніндегі күнделікті үзінді көшірме" нысанындағы есепке бекітілген төлеуге берілетін шотты енгізген күні болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2008.25.03. № 283 Қаулысымен 135-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
135. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі және қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекеме арасындағы кассалық шығыстарды салыстыру бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органмен бекітілген 4-20 "Шығыстар бойынша жиынтық есеп" нысаны бойынша тоқсанның соңғы айынан кейінгі келесі айдың бірінші күні жүргізіледі. Нысан аумақтық қазынашылық бөлімшелері және оның құрылымдық бөлімшелері басшыларының, орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшылары және бас бухгалтерінің қолдарымен, және олардың елтаңбалы мөр таңбаларымен расталады.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесі және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган 5-34 "Тиісті қолма-қол ақшаны бақылау шоттарының ахуалы туралы есеп" нысаны бойынша тиісті жергілікті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттары бойынша айналымдар мен қалдықтарды ай сайын тексеруді жүргізеді.
19-тарау. Төлеуге берілетін шотты ресімдеу тәртібi
ҚР Үкіметінің 2008.25.03. № 283 Қаулысымен 136-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
136. Төлеуге берілетін шот былайша толтырылады:
"N төлеуге берілетін шот" тор көзінде мемлекеттік мекеменің жеті санды кодынан тұратын, төлем мен ақша аудару жүзеге асырылатын ағымдағы қаржы жылының соңғы екі саны бөлшек сызығы арқылы, дефис арқылы - төлеуге берілетін шоттарды тіркеу журналындағы жазбаның реттік нөміріне сәйкес келетін реттік нөмірінен тұратын төлеуге берілетін шоттың нөмірі көрсетіледі;
"Күні" жолында төлеуге берілетін шот үзінді көшірмесінің күні көрсетіледі;
"Мемлекеттік мекеме" бөлімінде:
"Бюджеттік шот" тор көзінде Мемлекеттік мекемелердің анықтамалығына сәйкес мемлекеттік мекеменің жеті белгіден тұратын коды көрсетіледі;
"Атауы" тор көзінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке сәйкес келетін мемлекеттік мекеменің толық атауы көрсетіледі;