Қазақстан Республикасы Yкіметінiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысы
(2007.20.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 жылғы 5 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Заң жобалау қызметiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Yкіметінiң 02.04.01 ж. № 430; 27.09.01 ж. № 1256; 20.02.02 ж. № 231; 03.04.02. № 397;10.06.03 ж. № 547; 12.08.03 ж. № 802 (бұр.ред. қара); 25.11.03 ж. № 1175; 08.04.04 ж. № 389; 23.11.04 ж. № 1227; 21.12.04 ж. № 1352 (бұр.ред. қара); 2005.28.04. № 398 (бұр. ред. қара); 2005.23.05. № 493 (бұр. ред. қара); 2005.22.09. № 941 (бұр.ред.қара); 2005.30.12. № 1327 (бұр. ред. қара); 2006.15.03. № 172 (бұр.ред.қара); 2006.07.09. № 846 (бұр. ред. қара); 2007.20.03. № 217 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Заң жобалау қызметi мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия мынадай құрамда құрылсын:
Қосдәулетов - Қазақстан Республикасының
Дулат Рашитұлы Әділет вице- министрі,
төрайымның орынбасары;
Әбдімомынов - Қазақстан Республикасының
Азамат Құрманбекұлы Білім және ғылым вице-министрі;
Бектұров Азат - Қазақстан Республикасының
Ғаббасұлы Көлік және коммуникация
вице-министрі;
Жаңбыршин Қазақстан Республикасы
Қозы-Көрпеш Есімұлы - Қорғаныс министрінің экономика
және қаржы жөніндегі орынбасары;
Супрун - Қазақстан Республикасының Экономика
Виктор Васильевич және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының
Бақыт Тұрлыханұлы Қаржы вице-министрі;
Шпекбаев Алик Қазақстан Республикасының
Жатқамбайұлы - Ішкі істер вице-министрі;
Калюжный Вячеслав Адам құқықтары жөніндегі ұлттық
Афанасьевич - орталық басшысы (келісім бойынша);
Баймаханов Мұрат "Қазақ гуманитарлық заң университеті"
Тәжімұратұлы - акционерлік қоғамының
мемлекет және құқық теориясы
мен тарихы кафедрасының меңгерушісі,
заң ғылымдарының докторы,
профессор, Қазақстан
Республикасы Ұлттық ғылым
академиясының академигі
(келісім бойынша);
Жиреншин Қазбек "Қазақ гуманитарлық заң университеті"
Әбусағитұлы - акционерлік қоғамы
Конституциялық құқық
және мемлекеттік басқару
кафедрасының меңгерушісі,
заң ғылымдарының докторы,
профессор (келісім бойынша);
Балиева Зағипа -Қазақстан Республикасының
Яхияқызы Әдiлет министрi, төрайым;
Ыбырайым Нұрлан Мұхтарбекұлы -Қазақстан Республикасының Парламентi
Мәжілiсiнiң Аппараты Басшысының
орынбасары (келісім бойынша);
Жошыбаев Рәпiл Сейiтханұлы -Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
министрiнiң орынбасары;
Құдайбергенов - Қазақстан Республикасы Табиғи
Ескендір Көпбосынұлы монополияларды реттеу агенттігі
төрағасының орынбасары;
Божко Владимир -Қазақстан Республикасының
Карпович Ұлттық қауiпсiздiк Комитеті
төрағасының бiрiншi орынбасары
(келісім бойынша);
Уақпаев Марат Сұлтанұлы -Қазақстан Республикасы Парламентi
Сенатының Аппараты Құқықтық сараптама
бөлiмiнiң меңгерушiсi (келісім бойынша);
Уәйісов - Қазақстан Республикасы Бас
Мерей Құрманұлы прокурорының орынбасары (келісім
бойынша)
Тәжияқов - Қазақстан Республикасының
Бейсенғали Шамғалиұлы Ұлттық Банк төрағасының
орынбасары (келісім бойынша);
Баталов - Қазақстан Республикасының Индустрия
Асқар Болатұлы және сауда вице-министрi
Жәкенов Асқар Серiкжанұлы - Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi Кеңсесiнiң
Заң бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары;
Ағатаева - Қазақстан Республикасының Парламентi
Күләш Әбдібекқызы Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша);
Бірәлиев - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Әлжан Хамидолаұлы ортаны қорғау вице-министрі;
Әріпханов - Қазақстан Республикасының Еңбек
Айдар Әбдіразақұлы және халықты әлеуметтік қорғау
вице-министрі;
Әлиев - Қазақстан Республикасының
Арыстанбек Мұхамедиұлы Мәдениет және ақпарат
вице-министрі;
Скрябин Сергей Васильевич - «Қазақстан Республикасының
Заңнама институты»
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің директоры;
Бекбаев - Қазақ гуманитарлық заң университетінің
Ерзат Зейноллаұлы Құқықтық қамтамасыз ету және сараптама
орталығы директорының орынбасары,
заң ғылымдарының кандидаты;
Бәшімов - Еуропалық құқық сараптау
Марат Советұлы институтының директоры, Қазақстан
Республикасы Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясының
профессоры, Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы Адам
құқықтары жөніндегі комиссияның
сарапшысы;
ҚР Yкіметінiң 21.08.03 ж. № 840 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді(бұр. ред. қара)
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Заң жобалау қызметi мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже;
2) алып тасталды
3. Ағымдағы және перспективадағы заң жобалау жұмыстары жобаларының орындалуына жалпы бақылау Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне жүктелсiн.
ҚР Yкіметінiң 2006.15.03. № 172 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Уәкiлеттi мемлекеттік органдар әр айдың 25-шi күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне шұғыл және басым заң жобаларын, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау, заң жобаларының Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Парламентiнде өтуi туралы ақпаратты, сондай-ақ заң жобалау жұмыстарының орындалу барысы туралы есептi ұсынсын.
ҚР Yкіметінiң 2006.15.03. № 172 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі:
Қазақстан Республикасының Yкіметі мен уәкілетті мемлекеттік органдардың заң жобалау қызметінің барысын ай сайын қорытсын, шұғыл және басым заң жобаларын, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау туралы ақпаратты, сондай-ақ заң жобалау жұмыстары жоспарларының орындалу барысы туралы ақпаратты дайындасын және есепті айдан кейінгі айдың бірі күніне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберсін;
уәкiлеттi мемлекеттік органдардың заң жобаларын әзiрлеу мерзiмдерiн бұзушылықтары туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне жедел хабарласын және анықталған тәртiп бұзушылықтарды жою жөнiндегі шараларды ұсынсын.
ҚР Үкіметінің 10.12.02 ж. № 1300; 2007.20.03. № 217 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді
6. Уәкiлеттi мемлекеттік органдар ?кіметтiң Парламентке енгізген заң жобаларының мәтiндерiне заңның тұжырымдамасымен, оның құқықтық мазмұнын өзгертумен байланысты және мемлекеттік кiрiстердi азайтуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтiн өзгерістер мен толықтыруларды ?кіметпен келiспей енгізудi болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі Регламентiнiң 79-тармағының талаптарын қатаң орындауды қамтамасыз етсiн.
7. Қазақстан Республикасы Yкіметінің Парламенттегi Өкiлдiгi Премьер-Министрдi, оның орынбасарлары мен Премьер-Министр Кеңсесiнің Басшысын Қазақстан Республикасының Үкіметі енгiзетiн заң жобаларының және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қызметiне қатысы бар Қазақстан Республикасының Парламентi қарайтын басқа да мәселелердің өту процесi туралы тұрақты хабардар етсiн.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2000 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 1376 қаулысымен
бекітілген
Заң жобалау қызметi мәселелерi жөніндегі
ведомствоаралық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Заң жобалау қызметi мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
ҚР Үкіметінің 24.06.02 ж. № 690 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Комиссия қызметiнiң басты мақсаты Республиканың қолданыстағы заңнамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және уәкiлеттi мемлекеттік органдарының заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды жасаудан тұрады.
3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын , өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның мiндеттерi
ҚР Үкіметінің 27.09.01 ж. № 1256; 24.06.02 ж. № 690; 10.12.02 ж. № 1300; 21.08.03 ж. № 840 (бұр. ред. қара); 2007.20.03. № 217 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 4-тармақ толықтырылды және өзгертілді
4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң және уәкiлеттi мемлекеттік органдарының заң жобалау қызметiн талдау;
Үкiметтiң Іс-қимыл бағдарламасын, Мемлекет басшысының тапсырмаларын, сондай-ақ елде жүргiзiлiп жатқан реформаларды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ағымдағы және перспективалық заң жобалау жұмыстарының жоспарын қалыптастыру жөніндегі ұсынымдарды әзiрлеу;
заң жобалау қызметiнiң басым бағыттары туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгізу;
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Парламентiнде заң жобаларының әзiрленуi және жүруi процесiнде туындайтын келiспеушiлiктердi реттеу жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу;
мемлекеттік органның өтініші бойынша мерзімдерді ауыстыру және тиісті жылға арналған Заң жобалау жұмыстарының жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелерді қарау;
Үкіметтің Парламент Мәжілісінен заң жобаларын қайтарып алу мәселелері бойынша ұсынымдарды алдын-ала әзірлеу;
Парламент депутаттары бастамашылық еткен заң жобалары Үкіметке түскен күнінен бастап 15 күндiк мерзімде оларды он не өзге бағалау жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатымен қарау;
Үкіметтің мемлекеттік және өзге де бағдарламаларының, тұжырымдамаларының, іс-шараларының жобалары нормаларын заң жобалаумен қамтамасыз ету бөлігінде келісу;
әзірлеушілер дайындаған заң жобаларын жобалар сараптамасын орындау мақсатында Үкіметке берудің ағымдағы жедел мерзімдерін айқындау;
заң кесімдерімен реттеліп қойған қатынастар бойынша заң жобаларының тұжырымдамаларын және заң жобаларын әзірлеу туралы ұсыныстарды алдын ала қарау;
заң жобаларын ғылыми, криминологиялық және өзге де сараптамаға жіберу туралы, сондай-ақ заң жобаларының тұжырымдамаларын ғылыми құқықтық сараптамаға жіберу туралы ұсынымдар әзірлеу.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын талдау және оны жүйелеу жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;
заңнаманы кодтау жөніндегі жұмыстың басым бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарауына енгізу;
кодталған және топтастырылған кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу.
3. Комиссияның негiзгi құқықтары
5. Комиссияның өз мiндеттерiне сәйкес:
1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара iс-әрекет жасауға;
2) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсынымдар жасауға және ұсыныстар енгізуге;
3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдарды мемлекеттік және басқа да ұйымдардан сұратуға және алуға;
4) Комиссияның мiндеттерiн iске асыруға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдар және ұйымдардың өкiлдерiн Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
5) уақытша және тұрақты жұмыс iстейтiн сарапшылық және жұмыс топтарын ұйымдастыруға құқылы.
4. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
ҚР Yкіметінiң 2006.15.03. № 172 қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарына төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды.
7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыруды, тиiстi материалдарды, ұсынымдарын әзiрлеудi оның мүшелерi сайлайтын Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
8. Комиссия хатшысы:
1) Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар әзiрлейдi, Комиссия шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi және бақылайды;
2) Комиссия мүшелерiнiң және оның қызметiне тартылған мамандардың жұмысын үйлестiредi.
ҚР Yкіметінiң 2006.15.03. № 172 қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Комиссияның отырыстары күнтізбелік жылғы айдың бірінші және үшінші дүйсенбісінде, қажет болған кезде, Комиссияның төрағасы белгілейтін өзге де күндерде де өткізіледі.
10. Отырыстың күн тәртібін, сондай-ақ оның өткiзiлетiн орны мен уақытын Комиссияның Төрағасы Комиссия мүшелерiнiң келісімi бойынша анықтайды және нақтылайды.
ҚР Yкіметінiң 2006.15.03. № 172 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Комиссияның шешiмi оның мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады, Комиссияға төрағалық етуші мен оның хатшысы қол қоятын хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады.
ҚР Yкіметінiң 2006.15.03. № 172 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
12. Комиссияның мүшелерi шешiм қабылдау кезiнде тең дауыстарға ие болады. Дауыстар тең түскен жағдайда төрағалық етуші дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады.
13. Заң жобалау қызметiн жетiлдiру мәселелерi жөніндегі ұсыныстарды Комиссияның атынан Комиссия құрамының кемiнде жартысының ауызша немесе жазбаша келісімi бойынша Комиссияның Терағасы немесе хатшысы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарауына енгiзедi.
14. Комиссияның құзыретiне қатысты қажетті материалдарды әзiрлеу үшiн ұйымдар, жоғары оқу орындары, сондай-ақ ғалымдар және жоғары біліктi мамандар тартылуы мүмкiн.
15. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Комиссияның жұмысшы органы болып табылады.
ҚР Yкіметінiң 2006.15.03. № 172 қаулысымен 16-тармақпен толықтырылды
16. Комиссияның отырысы, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, заңды деп саналады. Комиссия мүшелерінің отырысқа қатысу жөніндегі өз өкілеттіктерін басқа адамдарға беруге құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2000 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 1376 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының уәкiлетті органдарында
заң жобалау жұмысын ұйымдастыру
ережесi
1. "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Регламентiне сәйкес осы Ереже заң жобаларын әзiрлеушi - уәкiлеттi органдарда (бұдан әрi - Уәкiлеттi органдар) заң жобалау жұмысын ұйымдастыру тәртібін белгiлейдi.
2. Уәкiлеттi органдар заң жобаларын, әдетте, Қазақстан Республикасының ?кіметі заң жобалау жұмыстарының ағымдағы және перспективалық жоспарларына, сондай-ақ Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жекелеген тапсырмаларына сәйкес әзiрлейдi.