Жаңадан құрылған мемлекеттік мекемелерге мыналар сатып алынады:
«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі үшін: автомашина ВАЗ-Нива - 2 бірлік, патрульдік автомашина - 2 бірлік, өрт сөндіру автомашинасы - 2 бірлік, қайық моторы - 3 бірлік, моторлы қайық - 3 бірлік, дөңгелекті трактор - 1 бірлік, компьютер жиынтығымен - 5 бірлік, ксерокс - 1 бірлік, принтер - 2 бірлік, радиоорталық - 16 бірлік, кеңселік жиһаз - 1 бірлік, сейф - 1 бірлік, екітумбалы стол - 8 бірлік.
Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты үшін: автомашина ВАЗ-Нива - 1 бірлік, патрульдік автомашина - 10 бірлік, цифрлы бейнекамера - 3 бірлік, компьютер жиынтығымен - 10 бірлік, ксерокс - 2 бірлік, принтер - 5 бірлік, цифрлы фотокамера - 5 бірлік, радиоорталық - 18 бірлік, мылтық - 47 бірлік, кеңселік жиһаз - 2 бірлік, екі тумбалы стол - 10 бірлік, темір шкаф - 1 бірлік.
«Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватына 1 бірлік өрт-бақылау мұнарасы мен 1 бірлік әкімшілік ғимараты сатып алынады.
Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватына орталық кеңсе, бақылау-өткізу пункті және стационарлық-кардондар салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді.
Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының бірлік»Визит-орталық табиғат мұражайы, Алматы мемлекеттік табиғи қорығының электр беру желісіне күрделі жөндеу жасалады.
Алматы мемлекеттік табиғи қорығына 1 бірлік және Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне 1 бірлік «Лука бюджет» бағдарламалық қамтамасыз ету сатып алынады.
22 ерекше қорғалатын табиғи аумақ 532 бірлік жазғы нысанды киіммен, 594 бірлік қысқы нысанды киіммен жарақтандырылатын болады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың 35 маманы біліктілік деңгейін арттырады, көшеттіктерді отырғызу материалы 44,2 млн. данаға көбейеді, 1500 бас қасқыр атып алынады, киіктердің және жабайы тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері таралымдарының саны олардың табиғи өсімін молайту деңгейінде сақталады.
Түпкі нәтиже: табиғи-қорық қоры объектілерінің сақталуы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алқабы 7,5 % ұлғаяды, киіктердің және жабайы тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің саны тұрақтанады, сондай-ақ олардың таралу аймақтары бойынша олардың таралымдарын сан өсімінің есептік деректерімен тіркелген орнықты даму деңгейіне дейін қалпына келтіріледі.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың 1 гектарын қорғау, молықтыру және онда өртке қарсы іс-шаралар жүргізу 789,4 теңгені құрайды.
Уақтылығы: жұмыстар атқарудың, қызметтер көрсетудің және тауарлар сатып алудың бекітілген жоспарларына сәйкес өртке қарсы жұмыстар және ормандарды молықтыру жөнінде іс-шаралар жүргізу, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын өткізу, материалдық-техникалық жарақтандыру және 22 ерекше қорғалатын табиғи аумақтың кадрларының біліктілігін арттыру, Бағдарламаны іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарына сәйкес киіктерді және жабайы тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін сақтау және өсімін молайту үшін нормативтік құқықтық және ұйымдық-шаруашылық шараларын жүргізу.
Сапасы: орман өрттері қамтыған алқаптардың қысқаруы, қазіргі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өздерінің табиғи жағдайында сақталуы, табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерге сәйкес жаңа ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру, жабайы тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің санын қазіргі бар деңгейде сақтау, киіктер санын 10% көбейту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№1220 қаулысына
135-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Нұра-Есіл өзендері алабын қоршаған ортасын оңалту және басқару» деген 041 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1372844 мың теңге (бір миллиард үш жүз жетпіс екі миллион сегіз жүз қырық төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз (Нұра өзенін тазарту жобасы) туралы келісімді бекіту туралы» 2004 жылғы 26 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: өзен арнасы мен оған іргелес аудандарды сынаппен ластанудан тазарту арқылы Нұра өзені алабы аумағында тұратын халықтың әл-ауқатын жақсарту. Бұл жергілікті су пайдаланушылардың өспелі мұқтаждығын қанағаттандыруға қауіпсіз, тиімді, аз шығынды баламалы сумен қамтамасыз ету көзіне өспелі мұқтаждығын қанағаттандырады, сондай-ақ су тасқынын басқару үшін және экологиялық мақсатта судың шығынын бақылауды жаңартуға мүмкіндік береді.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жоба аумағында судағы, ауадағы, топырақтағы сынаптық мөлшерін азайту; Ынтымақ су қоймасын жобалық көлемді (240 миллион текше метр) реттеу мүмкіндігіне жеткізу үшін қайта жаңарту, қазіргі кезде реттелмейтін жылдық орташа көлемі - 40 миллион текше метр; Нұра өзеніндегі 17 гидрологиялық бекетті және Қарағанды облысының 4 зертханасын техникалық қайта жабдықтау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 041 | | Нұра-Есіл өзендері алабын қоршаған ортасын оңалту және басқару | | | |
2 | | 004 | Сыртқы қарыздар есебінен жобаны іске асыру | Жоба шеңберінде келісім-шарт бойынша құрылыс жұмыстары: ластанған аумақтарды тазарту, полигон құрылысын салу және оны пайдалану. | Сәуір -қараша | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
3 | | 016 | Жобаны республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен іске асыру | Жоба шеңберінде құрылыс жұмыстарының келісім-шарты бойынша бірлесе қаржыландырудың бөлігін төлеу; нақтыланған жобаны жасау бойынша кеңесшілердің қызметін төлеу; жоба шеңберінде кеңесшілердің құрылысқа бақылау жасау және құрылыс жұмыстарына техникалық бақылау жасау бойынша қызметіне төлеу; жоба шеңберінде институционалдық нығайту бойынша қызметке төлеу; ынтымақ су қоймасы құралымы шеңберінде тәуелсіз сарапшылардың қызметіне төлеу; жоба шеңберінде құрылыс жұмыстары бойынша салық және баж салығын төлеу; келісім-шарттар бойынша кеңес беру қызметінің салығын және баж салығын төлеу; жоба шеңберінде сынамаларды алу қызметіне төлеу; операциялар жүргізгені үшін екінші деңгейдегі банктің комиссиясын төлеу; жергілікті кеңесшілердің қызметіне операциялық шығындармен қоса төлеу; валюталық операциялар жасағаны үшін лицензиялық алымды төлеу; аудармашының қызметіне ақы төлеу; полигон құрылысы уақытындағы уақытша қолдануға бөлінген жерге арендалық төлемді төлеу. | Ақпан -желтоқсан | |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: тәуелсіз сарапшылар тобының есебі; медициналық зерттеулер бойынша есеп; жоба шеңберінде жоспарланған құрылыс жұмыстары ауқымының орындалуы; құрылыс жұмыстарына бақылау жасау бойынша есептер;
тәуелсіз сарапшылар панелінің Ынтымақ су қоймасы мәселелері бойынша шешімі; медициналық зерттеулер нәтижесі; сынап қалдықтарын көмуге арналған полигон құрылысын бастау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 текше метр сынап қалдықтарын көму құны - 2500 теңге.
Уақтылығы: қызмет көрсетудің және жұмыс берудің алғашқы кестеге сәйкестігі.
Сапасы: топырақтағы, судағы, ауадағы сынаптың мөлшерін мөлшерлі өткізу концентрациясы деңгейіне дейін азайту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
136-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Агроөнеркәсіп кешені саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» деген 042 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2660451 мың теңге (екі миллиард алты жүз алпыс миллион төрт жүз елу бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңының 26-бабы; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарды және агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 11 және 17-баптары; «Қазақстан Республикасы Президентінің 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялы дамуының стратегиясы туралы» 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 жарлығының 7.3.1.-бабы; «Республикалық бюджетінің қаражаты арқылы орындалатын қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламасын қалыптастыру және іске асыру кейбір сұрақтары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 145 қаулысы; «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамасын ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 1385 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 «2006-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына арналған концепциясын іске асыру шараларының жоспары туралы» қаулысы; «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының кейбір сұрақтары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қаңтардағы № 1150 қаулысы;»"Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: агроөнеркәсіп кешені салаларын тұрақты дамыту; ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру, халықаралық талаптарға сәйкес бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімін өндіру; агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі жағдайын талдау және дамуының перспективалық бағыттарын анықтау, әлемдік гендік типтерді пайдалану арқылы Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы малдарының гендік қорын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің гендік ресурстарын қалыптастыру, зерттеу және сақтау; ауыл шаруашылық, жеміс-жидек, орман құрастыратын және басқа дақылдардың сорттары мен гибридтерін, ауыл шаруашылық жануарлар, құстар, бал ара, балық және микроорганизмдердің тұқымдары, типтері, кросстары мен аталық іздерін шығару; ауыл шаруашылық дақылдардың сорттары мен гибридтерінің түпнұсқалық тұқым шаруашылығын ұйымдастыру; бүгінгі күннің генетикалық, биотехнологиялық әдістерін жетілдіру және оларды селекция мен биологиялық, химиялық және ветеринариялық препараттарды шығаруда қолдану; дақылдарды өсіру, жасанды орман құру және орман көбейту, экологиялық қауіпсіз және экономикалық жөнділік, ресурс сақтайтын, барынша бейімделген технологияларды және су ресурстарын басқару әдістерін жетілдіру және шығару; мал шаруашылығы экологиялық таза өнімдерін өндіру технологияларын жетілдіру және енгізу; ауыл шаруашылық жануарларының өнімді-асылтұқымды сапасын көтеру; жоғары иммуногендық вакциналарды және жануарлар, құс және балықтардың инфекциялық және паразитарлық ауруларына қарсы препараттарды шығару; бәсекеге қабілетті өндіріс, қайта өңдеу және өнімді сақтау экологиялық таза технологияларды және машиналардың жүйелерін шығару; азық-түлік кешенінің және ауыл аумақтардың тиімді функцияланатын экономикалық механизмдер шығару; Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің жоғарғы
ғылыми-зерттеу ұйымдарының және С.Сейфуллин атындағы қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің материалдық-техникалық базасын жаңғырту. Оңтүстік-батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталықтың«Мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты еншілес мемлекеттік кәсіпорнын материалды-техникалық жабдықтау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 042 | | Агроөнеркәсіп кешені саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер | І. Егіншілік, өсімдік шаруашылығы, орман және су шаруашылықтары салаларында қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарды мынадай 11 негізгі бағытта жүргізу, сонымен бірге: 5 жаңа бағытта: 1. Талшық және гендік инженерия, молекулярлық биология және т.б. арқылы жаңа биотехнологияларды қолданып әр түрлі дақылдардың жаңа жоғары өнімді сорттарын шығару және олардың тұқым шаруашылығын ұйымдастыру. 2. Осы заманғы ақпараттық технологияларды қолдана отырып жаңа, экономикалық тиімді және экологиялық қауіпсіз ауыл шаруашылығы дақылдарын егіп өсірудің ылғал қорын сақтаушы жаңа технологияларын әзірлеу. 3. Жаңа биотехнология әдістерімен карантиндік түрлерін жою және оқшаулау шараларын қолданып дақылдарды зиянкес организмдерден қорғаудың биологиялық тәсілдерін жетілдіру. 4. Негізгі өзен арнасы мен кіші өзендердің су ресурстарын қорғау және құрастырылған пайдалану сызбаларды әзірлеу; трансшекаралық су ағынын оңтайлы басқару методологиялық негіздерін әзірлеу. 5. Республикалық орман экожүйелерінің қазіргі заманға сай жағдайын, орман және экологиялық бағалауын жүргізу. 6 жалғасатын бағытта: 1. Ауыл шаруашылығы және басқа дақылдардың генқорын сақтау, қалыптастыру, толықтыру, зерделеу, сақтауын ұйымдастыру және ақпараттық банкін құру. 2. Дәстүрлік селекция негізінде әр түрлі дақылдардың жаңа жоғары өнімділік сорттарын шығару және олардың тұқым шаруашылығын ұйымдастыру. 3. Қазіргі заманға сай және жаңа технологияларын жетілдіру және әзірлеу арқылы өсімдік шаруашылығын диверсификациялау және жер құнарлылығының теориялық негізде ұдайы өндіру арқылы экономикалық тиімді және экологиялық қауіпсізді ылғал қорын сақтаушы ауыл шаруашылығы дақылдарын егіп өсіру. 4. Республиканың әрбір агроэкологиялық аумағында кездесетін зиянды организмдердің түр құрамын, экологиялық өзгешеліктерін зерделеу және олардың зияндылығын анықтау; шаруашылықты жүргізудің жаңа қалыптарына өтуге байланысты агроэкожүйелердің фитосанитариялық тұрақтылығын жоғарылату мақсатында теориялық негіздерін әзірлеу. 5. Су шаруашылығын оңтайлы басқару үшін методологиялық негіздерін әзірлеу; суландыру жүйесінде суару және су тарату, механикалық құрылғыларын, машиналарын, техникалық жабдықтарын, технологияларын және су көтеру техникасын автоматтандыру. 6. Орман шаруашылығы мен қорғайтын орман өсіру, ормантану және орманды жағадан өндіру теориялық негіздерін жетілдіру және оларды техникамен қамтамасыз ету. II. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және сақтау салаларында қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарды келесі 6 негізгі бағыттарда жүргізу, соның ішінде: 2 жаңа бағытта: 1. Экологиялық қауіпсіз ылғал қорын сақтау биотехнологиясын және қоршаған ортаны қорғауға арналған микроорганизмдердің ген қорын қалыптастыру және сақтау. 2. Пайдалануға дайын жоғары дәрежелі азық өнімін және азық қосымшаларын құру. 4 жалғасатын бағытта: 1. Қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібінде қолдану үшін микроорганизмдердің генқорын қалыптастыру және сақтау. 2. Өсімдік және мал шаруашылығының шикізаттарын қайта өңдеу және сақтау үшін қазіргі заман технологияларын және технологиялық жабдықтарын жетілдіру. 3. Әр түрлі ауылшаруашылық малдар, құстар және балықтар түрлеріне арналған құрама азық және азықты қосымшаларын өндіру үшін тиімді технологияларын әзірлеу. 4. Көпшілік пайдалану үшін және емдеу-сақтандыру бағытына және болашағы төмендеу халықтың тобына, оның ішінде балалар мен сәтсіздік экологиялық аудандардың тұрғындарына арналған ұлттық өнімдерді және жаңа ұрпақты денсаулық азықтарын бағытталған құрамының өзгеруімен құру. III. Мал шаруашылығы және медициналық ветеринария саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын келесі 7 негізгі бағыты бойынша жүргізу, соның ішінде: 5 жаңа бағытта: 1. Иммуногенетикалық мониторингті пайдалану негізінде ауыл шаруашылығы малдарының популяциясының және тұқымдарының генетикалық құрылымын иммуногенетикалық талдау тәсілдері арқылы зерттеу. 2. Ауыл шаруашылығы малдарының және құстардың аз және құрып бара жатқан түрлерін, тұқымдарын, сүлелерін, желілерін және кросстарының биоматериалдарын (эмбриондар мен гаметалар) банктерін жасау және жоғары өнімді, аса құнды генотиптерін жеделдетіп шығарудың мал өсіру бағытындағы биотехнологиясын жетілдіру. 3. Иммунологиялық және эпизоотологиялық мониторинг әдістемелерін әзірлеу және емдеу-профилактикалық, диагностикалық вакциналарды жасау, ауыл шаруашылығы малдарының және құстардың инфекциялық ауруларының қоздырғыштарының генетикалық және иммунобиологиялық қасиеттерін зерттеу. 4. Тиімді терапевтикалық, емдеу-профилактикалық және дезинвазия құралдарын жаңа дәрілердің нысандары мен препараттарын жетілдіру арқылы, сонымен қатар жергілікті өсімдіктер мен минералдарды пайдалану негізінде әзірлеу. 5. Ауыл шаруашылығы малдарының және құстардың инфекциялық, жұқпалы және жұқпайтын ауруларының диагностикалық, профилактикалық және терапиялық биопрепараттарын алудың биотехнологиялық әдістемелерін әзірлеу. 2 жалғасатын бағытта: 1. Отандық және әлемдік генофондты пайдалану арқылы ауыл шаруашылығы малдарының, құстардың және балықтардың жаңа тұқымдарын, сүлелерін, желілерін, кросстарын шығару және бар малдардың асыл тұқымдық және өнімділік қасиеттерін арттыруды жетілдіру. 2. Экологиялық таза сиыр, қой, жылқы және шошқа еттерін өндірудің прогрессивтік технологиясын әзірлеу негізінде жергілікті аймақтарға қолайлы күтіп баптау және азықтандыруды ескере отырып оңтайлы технологиясын шығару. IV. Ауыл шаруашылығын механикаландыру саласында қолданбалы ғылыми және тәжірибе конструкторлық зерттеулерді 3 негізгі бағыттары бойынша жүргізу, соның ішінде: 1 жаңа бағытта: 1. Ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу, ескірген тетіктерін қалпына келтіру және технологиялық қызмет көрсету үшін наноматериалдар пайдалану арқылы жаңа ресурс үнемдеу технологиялар мен құралдарды әзірлеу. 2 жалғасатын бағыттар: 1. Егіншілік және мал шаруашылығы салаларында баптау және малды ұстау жүйесінің аймақтық жағдайына қарап ресурс үнемдеу және бәсекелестікке төтеп бере алатын технологиялар және машиналар жүйесін әзірлеу, соның ішінде қайта қалпына келетін энергия көздерін пайдалану, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу; шалғайдағы фермерлік шаруашылықтарды энергия және сумен жабдықтау, еңбек және материалдық шығындарды үнемдейтін құралдарын әзірлеу. 2. Республикалық әрқилы жер-климаттық жағдайына қарай отандық және шетелдік ауыл шаруашылығы техникаларын мемлекеттік сынау, сертификациялау және ұсыныстар әзірлеу. V. Ауыл шаруашылығы экономикасы саласында қолданбалы ғылыми-зерттеулерді 5 негізгі бағыттар бойынша жүргізу, соның ішінде: 2 жаңа бағытта: 1. Агроөнеркәсіп кешенінің 2015 жылға дейін дамуының болжауын әзірлеу. 2. Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінде аумақтық-салалық кластерлерді ұйымдастыру экономикалық негіздерін қалыптастыру. 3 жалғасатын бағыттар: 1. Ауыл шаруашылығын дамытудың стратегиялық бағыттарын, қайта өңдеу жүйесінің және оның салаларының материалдық-техникалық жабдықтау мен қызмет көрсетудің ғылыми негіздерін әзірлеу. 2. Агроөнеркәсіп кешенінің көпсатылы экономика жағдайында, ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіп құрылымдарын кооперациялау және интеграциялау, жерді нарық кезеңінде ұқыпты пайдаланудың тиімділігінің экономикалық механизмін әзірлеу. 3. Ауыл тұрғындарының өмір сапасының индикаторларын қалыптастыру, ауылдық аумақтарды дамыту, еңбек қатынастарын, ауыл халқын оптималді орналастыру және жұмыспен қамтудың ғылыми негіздерін әзірлеу. VI. Мемлекеттік ғылыми-зерттеу экспертизасын өткізу қызметін өтеу. VII. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген қаржыландыру ретіне және тізімге сәйкес, ғылыми-зерттеу ұйымдар мен С. Сейфуллин атындағы мемлекеттік агротехникалық университетіне ғылыми қондырғылар мен жабдықтар және ауылшаруашылық техникалар сатып алу үшін күрделі трансферт аудару. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 1000 бастан көп жануарлардың және 112,0 мың нұсқаға жуық өсімдіктердің гендік қоры көбейтіледі, зерттеледі және құжатталады; ауыл шаруашылығы, жеміс-жидек және басқа дақылдарының жоғары өнімдік жаңа 30 сорты мен гибридтері шығарылады және мемлекеттік сынаққа жіберіледі; ауыл шаруашылығы жануарларының, құстардың, араның және балықтардың жоғары өнімдік 3 типтері мен 4 аталы іздері шығарылады; ауыл шаруашылығы және басқа дақылдарын өңдеу экологиялық қауіпсіз және экономикалық маңызды, ресурс сақтайтын, барынша бейімделген технологиялар әзірленеді және жетілдіріледі; орман қалыптастыру және орман көбейтудің жасанды технологиялары және су ресурстарын басқару әдістері әзірленеді және тен жануарларды, құсты, араны және балықты ұстау технологиялары жетілдіріледі; 2 өсімдік шаруашылығы және 3 мал шаруашылығы салаларына арналған ресурс сақтайтын және бәсекеге қабілетті жүйелер, технологиялар және машиналар әзірленеді және жетілдіріледі; 6 жуық тамақтың жаңа таза өнімдерін өндіру технологиясы, 5-ке жуық ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтаудың және қайта өңдеу технологиялары әзірленеді; қоршаған ортаны қорғау және ресурс сақтайтын экологиялық қауіпсіздік технологияларын қолдану үшін микроорганизмдердің гендік қоры қолданылады, қалыптастырылады және 10-ға жуық жобалармен толықтырылады; АӨК салаларында динамикалық дамуын қамтамасыз ететін 4-ке жуық ғылыми әдістемелер, экономикалық және ұйымдастыру шаралары әзірленеді.
Ғылыми-зерттеу ұйымдар мен С.Сейфуллин атындағы мемлекеттік агротехникалық университетіне 54 ғылыми жабдық пен техника атауларын, 18 ауыл шаруашылығы техникасын, 11 техникалық және станоктік жабдық және су техникаларын сатып алуға күрделі трансферт аудару.
Жетекші асыл тұқымдық зауыттарда жануарлардың жаңа генотиптерін көбейтуге арналған асыл тұқымды репродукторлар жасалады және жоғары өнімді аталық іздер салынады.
Қазақстанның солтүстік өңірлеріндегі асыл тұқымдық табындарында аталық таналарды 8 айдан 15 айға дейін орташа тәуліктік өсімі интенсивті өсіруде 1000 граммға жуық, 12 айдан - 15-18 айға дейін жайылымда 700-900 граммға жуық болатын жаңа зауыттың аталық іздері салынады.
Импорттық генофонның жергілікті биязы жүнді және етті-майлы қойлардың тұқымдары мен типтерінде пайдалануы олардың генетикалық әлеуетін көтереді және қой шаруашылығы өнімінің сапасын жақсартады.
Жыл сайын әрбір жоғары өнімді бұқалардың қатырылған ұрығының 1000-ға жуық дозалары дайындалады.
Түпкі нәтиже:
өңірдің табиғи-климаттық жағдайларының лайықтылығында қолданбалы ғылыми зерттеулердің жүргізілуі:
ауыл шаруашылығы жануарлардың, құстардың, балықтың және араның жоғары өнімді тұқымдары, типтері мен аталық іздерін шығару арқылы мал шаруашылығы өнімінің көлемін орташа 5-7 пайызға дейін көтерілуіне;
ауыл шаруашылығы, жеміс-жидек және басқа дақылдардың жоғары өнімді сорттары мен гибридтерін шығару арқылы өсімдік өнімінің орташа 15-20 пайызға дейін көтерілуіне;
ауыл шаруашылығы жануарларының, құстың, балықтың және араның ресурс және энергия сақтайтын баптау және көбейту технологияларын әзірлеу арқылы мал шаруашылығы өнімін өндіруінің тиімділігі 3-4 пайызға дейін көтерілуіне;
егін шығымдылығын өсуінің 5-10 пайызға дейін, еңбек шығынның 20 пайызға дейін, жағар-жанар май материалдарының шығынын 30 пайызға дейін төмендеуін қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы және басқа дақылдардың экологиялық қауіпсіз және экономикалық жәнділік, ресурс сақтайтын, барынша бейімделген өсіру технологияларды әзірлеу арқылы егіншілік және өсімдік шаруашылығы саласының өнімінің өндірудің тиімділігінің көтерілуіне;