7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Ауыл шаруашылығы өніміне сараптама жасау ұлттық орталығын құруды жобалау және инженерлік-құрылыс жұмыстарын қадағалау; зертханаларды жаңғырту (2 облыста, 2 ауданда.); техникалық регламенттерді үйлестіру; облыстық және аудандық деңгейлерде білім және технология тарату мен беру жөніндегі жүйе құру; гранттар бөлу.
Түпкі нәтиже: көптеген азаматтардың ауыл шаруашылығы біліміне қол жеткізуі; азаматтардың халықаралық стандарттарға сай өнімдерге қол жеткізуі.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: консультанттар тобын ұстап тұру, халықаралық және жергілікті консультанттарды қызметке тарту бойынша шығындар инвестициялық жобалар бойынша бекітілген лимиттерден аспайды. Қысқа мерзімдегі жергілікті консультанттың 1 адам/ай қызметі 127 мың теңгеден, халықаралық консультанттікі - 2 286 мың теңгеден аспайды. Бір облыстық зертхананы жаңғырту құны - 50 800 мың теңге және аудандық - 8 255 мың теңге.
Уақтылығы: бағдарлама бойынша іс-шаралар осы бағдарлама паспортымен көзделген мерзімдерде жасалады.
Сапасы: көзделген іс-шаралардың 100%-дық орындалуы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
144-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін және ауыл тұрғындарын өтеусіз негізде ақпараттық қамтамасыз ету»
деген 057 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 110000 мың теңге (бір жүз он миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 6 және 15-баптары; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы; «2006-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралардың бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: агроөнеркәсіптік кешені субъектілерінің ақпараттық деңгейін көтеру арқылы агробизнестің жұмыс істеу тиімділігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: агроөнеркәсіптік кешені субъектілерін ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 057 | | Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін және ауыл тұрғындарын өтеусіз негізде ақпараттық қамтамасыз ету | 161 ауылдық ақпараттық-консультациялық орталық арқылы 50 мыңнан кем емес шаруа (фермер) қожалықтарына және агроөнеркәсіптік кешенінің басқа да субъектілеріне өтеусіз негізде ақпараттық-маркетингтік, анықтамалық, баға ақпараттарын ұсыну. | Наурыз -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 50 мыңнан кем емес шаруа (фермер) қожалықтарына және агроөнеркәсіптік кешенінің басқа да субъектілеріне өтеусіз негізде ақпараттық-маркетингтік, анықтамалық, баға ақпараттарын ұсыну.
Түпкі нәтиже: агроөнеркәсіптік кешені субъектілерінің ақпараттық қызметке қол жеткізуін кеңейту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне ақпараттық қызметтерді ұсынудың бір субъектіге орташа шығыны 2200 теңге, агробизнесті қалыптастыру тиімділігін арттыру және саланың табыстылығын шамамен 0,5 - 1% арттыру күтілуде;
агробизнестің қызмет аясы тиімділігін жоғарылату.
Уақтылығы: бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын белгіленген мерзімде орындау.
Сапасы: 30% кем емес агроөнеркәсіптік кешені субъектілерін өтеусіз негізде ақпараттық-маркетингтік, анықтамалық, баға ақпараттарымен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
145-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейінгі қолдау жөніндегі жобаға кредит беру» деген 086 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1100000 мың теңге (бір миллиард бір жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасында Қарыз туралы (Ауыл шаруашылығын екінші жекешелендіруден кейінгі қолдау жобасы) Шарт жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 14 желтоқсандағы Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасында Қарыз туралы келісім (Ауыл шаруашылығын қолдаудың жекешелендіруден кейінгі екінші жобасы) жасасу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 наурыздағы № 255 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: фермерлердің, ауылдық шағын және орта кәсіпорындардың, ауылдық жерлердегі бизнес өкілдерінің қаржылық қызметіне қол жеткізуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: екінші деңгейдегі банктер арқылы жеңілдік несиелер алудағы ауыл аудандары тұрғындарының қамтылу %-ын ұлғайту; 2009 жылға дейін ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің, ауылдық жердегі бизнес өкілдерінің жобаға қатысушы екінші деңгейдегі банктердің несиелеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету; жобаға қатысушы лизингтік компаниялар арқылы лизинг негізінде жеңілдік несиелер алудағы ауылдық аудандар тұрғындарының қамтылу %-ын ұлғайту; 2009 жылға дейін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің, ауылдық жердегі бизнес өкілдерінің жобаға қатысушы лизингтік компаниялардың лизинг негізінде берілетін несиелеріне қол жеткізулерін қамтамасыз ету; ауылдық жерлердегі микроқаржылық мекемелердің қызметтерімен қамтылу %-ын ұлғайту, олардың микроқаржылық операцияларын жоғары деңгейге көтеру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 086 | | Ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейінгі қолдау жөніндегі жобаға кредит беру | | | |
2 | | 004 | Сыртқы қарыздар есебінен жобаны іске асыру | Жобаның шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге және аграрлық сектордың басқа да қатысушыларына тікелей және лизинг негізіндегі несиелер екінші дәрежедегі банктер және лизингтік компаниялар арқылы беру. Микронесие алу жолымен кіші бизнеспен шұғылданатын немесе шұғылданғысы келетін ауыл тұрғындарына кіші шаруақожалық (фермер) шаруашылықтарына берулері үшін, несие ресурстарын микроқаржылық мекемелерге ұсыну. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
3 | | 016 | Жобаны республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен іске асыру | Жобаның шеңберінде ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге және аграрлық сектордың басқа да қатысушыларына тікелей және лизинг негізіндегі несиелер екінші дәрежедегі банктер және лизингтік компаниялар арқылы беру. Микронесие алу жолымен кіші бизнеспен шұғылданатын немесе шұғылданғысы келетін ауыл тұрғындарына кіші шаруақожалық (фермер) шаруашылықтарына берулері үшін, несие ресурстарын микрокаржылық мекемелерге ұсыну. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге және аграрлық сектордың басқа да қатысушыларына 1100 000 мың теңге сомасына тікелей несиелер, микронесиелер және лизинг негізінде несиелер беру.
Түпкі нәтиже: ауыл шаруашылығын коммерциялық несиелер жүйесін дамыту, микроқаржыландырудың тұрақты жүйесін дамыту арқылы ауыл тұрғындарының, шағын шаруақожалықтардың ішкі айналым қаржыларын толықтыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: ауыл тұрғындарына, шаруақожалықтарына, өңдеуші кәсіпорындарға, және орта кәсіпорындармен жоба аясындағы бизнес өкілдеріне, екінші деңгейдегі банктер, лизинг компаниялары және микроқаржылық мекемелер беретін несиелердің жалпы көлемін арттыру.
Уақтылығы: соңғы қарыз алушылардың қосалқы жобаларын уақытылы қаржыландыру.
Сапасы: екінші деңгейдегі банктер мақұлдаған несиелер алу мақсатындағы тапсырыстар толық көлемде қанағаттандырылады, ауылдағы микроқаржыландыруды дамыту, микронесие алған тұрғындардың пайызын арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
146-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату шеңберінде берілетін әкімшілік функцияларға ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 111 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 195808 мың теңге (бір жүз тоқсан бес миллион сегіз жүз сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жыл 10 қаңтардағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жергілікті атқарушы органдарға жүктелген функцияларды жоғары деңгейде тиімді орындалуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жергілікті атқарушы органдардың аппаратын ұстап тұру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 111 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату шеңберінде берілетін әкімшілік функцияларға ағымдағы нысаналы трансферттер | 280 бірлік мөлшерінде бекітілген штат саны шегінде жергілікті атқарушы органдарының аппаратын ұстап тұруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату шеңберінде әкімшілік функцияларға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
жергілікті атқарушы органдардың аппаратына жүктелген функцияларды және міндеттерді уақтылы және сапалы орындау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
147-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Электрондық үкімет құру»
деген 112 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 345054 мың теңге (үш жүз қырық бес миллион елу төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет Кодексі; Қазақстан Республикасында «Электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараттық-маркетингтік жүйесін қалыптастыру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы 1627 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: басқарушылық шешімді қабылдау және бизнесті дамыту үшін қазіргі заманғы, біріктірілген және жоғары тиімді ақпаратты ортаны ұсыну арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды белсенді ынталандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстанның барлық аумағын қамтитын саланың ауқымды желін құру және алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияны енгізу есебінен, агроөнеркәсіп кешенін сипаттайтын жедел ақпаратты жинау, қайта өңдеу және сақтаудың біріккен жүйесін ұйымдастыру;
- мемлекеттік электронды қызметке және агроөнеркәсіп кешенінің ақпараттық инфрақұрылымына ауыл тұрғындарының қол жетуін қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені саласын басқару жүйесін біріккен автоматтандыруды қолданушылардың біріккен ұжымды жүйені алу және ауыл шаруашылығы өнімін өндіру саласында ақпаратты пайдалану ретінде мақсатты топтың ақпараттық ресурстарын біріктіруді қамтамасыз ету;
- аграрлық рыноктың дамуын талдау және мониторингін жүзеге асыру;
- мемлекеттік басқару органдары, агроөнеркәсіптік кешен субъектілері және ауыл тұрғындары арасындағы өзара іс-қимылының тиімділігін көтеру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/c | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 112 | | Электрондық үкімет құру | | | |
2 | | 100 | Агроөнеркәсіптік кешеннің субъектілерінің кәсіпкерлік белсенділігін арттыру | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараттық-маркетингтік жүйесінде «Е-Agriculture» агроөнеркәсіптік кешені салаларын басқарудың біріккен автоматтандырылған жүйесін құру: «Е-Agriculture» агроөнеркәсіп кешеннің салаларын біріккен автоматтандырылған басқару жүйесінің кіші жүйесін әзірлеу және дамыту; пилотты аймаққа енгізу және жүйені көбейту; жүйені пайдаланушылар мен әкмшіліктерді оқыту; бюджеттік бағдарламаның міндеттерін шешу үшін есептеуіш техниканы, желілік және телекомуникациялық құралдарды, пайдаланушылар лицензиясын және бағдарламамен қамтамасыз ету үшін сатып алу. | Ақпан -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық инспекцияларда - пилоттық аймақтарда «Е-Agriculture» 14-кіші жүйені 213 автоматтандырылған жұмыс орнына енгізу.
Түпкі нәтиже: отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттігін арттыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
1) аграрлық азық-түлік рыноктың тауар айналымын 1,7% ұлғайту;
2) өнімді өткізу барысында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің шығындарын 3-5% төмендету.
Уақтылығы: бюджеттік бағдарламаны іске асыру барысында шаралар Жоспарын белгіленген мерзімде орындау.
Сапасы: агроөнеркәсіп кешенінде мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ басқаруда қабылданатын шешімдердің сапалылығы және жеделділігі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№1220 қаулысына
148-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Өсімдіктер мен жануарлардың гендік ресурстарының ұлттық қоймасын салу» деген 743 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1000000 мың теңге (бір миллиард теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауыл шаруашылығы өсімдіктердің және жануарлардың гендік қорын сақтаудың, өсімін молайтудың, кеңейтудің және пайдаланудың тиімді жүйесін жасау, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ауыл шаруашылығы өсімдіктері мен жануарларының гендік қорын сақтауды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 743 | | Өсімдіктер мен жануарлардың гендік ресурстарының ұлттық қоймасын салу | Құрылыс аумағын отырғызылған босату, құнарлы қабатын алу және сақтау; кешеннің бірінші кезеңін заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-смета құжаттамаға (Технико-экономикалық негіздемеге мемлекеттік сараптама 2005 жылдың 29 желтоқсанынан № 2- 960/05) сәйкес: негізгі және лабораториялық корпустарды, энергоблокты, энергетикалық шаруашылық объектілерін салу, сыртқы инженерлік жүйелерінің құрылысын бастау және өсімдіктер мен жануарлардың гендік ресурстарының Ұлттық қоймасының аумағын грунттығы, қиыршықтастық негізі сатысында абаттандыру; объекттерді технологиялық қолдау; авторлық қадағалау; техникалық қадағалау. Кешенді салудың бірінші кезеңнің ғимаратты және инженерлік жүйелерін салу бойынша бітірілген жұмыстарды қабылдауды жүргізу. | Ақпан -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: кешенді салудың бірінші кезеңінің объектілері салынады: негізгі, лабораториялық корпустар, энергоблок, энергетикалық шаруашылық объектілері, сыртқы инженерлік жүйелерінің құрылысын бастау; грунттық, қиыршықтастық негізгі сатысында аумақты абаттандыру.
Түпкі нәтиже: кешен құрылысын аяқтаған соң және оны пайдалануға берген соң өсімдіктер мен жануарлардың гендік қоры жүйелерін жасау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: өсімдіктердің жаңа жоғары өнімді сорттары мен будандарының, жануарлардың тұқымдар, сүлелері мен түрлерінің құрылынған және сақталып жатқан гендік қорын пайдалану арқылы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Уақтылығы: жұмыстың жоспар-кестесіне және шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.