Түпкі нәтиже: агроөнеркәсіп кешенінің субъектілері ақпарат көздеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету; ауыл тұрғындары және агроөнеркәсіп кешенінің субъектілері ақпараттандырылуы және білім деңгейін жоғарлату.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: «Казагромаркетинг» акционерлік қоғамының облыстық өкілдіктері шығыны деңгейін 10% төмендету;
ауыл тұрғындары және агроөнеркәсіп кешенінің субъектілеріне қосымша ақпарат көздерін алуға қамтамасыз етуді ұйымдастыру жолымен кәсіпкерлік ортаның бастауларына іске асыруға қолайлы жағдай жасау.
Уақтылығы: іс-шаралар жоспары бойынша бюджеттік бағдарламаның жүзеге асырылуын бекітілген уақытта атқару.
Сапасы: агроөнеркәсіп кешенінің дамуының негізгі бағыттары бойынша ауыл тұрғындары мен агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің ақпаратты-маркетингтік және кеңестік қызметтерін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
138-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Ормандарды сақтау және республиканың орманды аумақтарын көбейту»
деген 044 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 506740 мың теңге (бес жүз алты миллион жеті жүз қырық мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы»Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін көбейту жобасын дайындауға грант бөлу туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 1 сәуірдегі Заңы; «2005-2007 жылдарға арналған «Жасыл ел» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 632 қаулысы; "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін көбейту жобасы) және Қазақстан Республикасы мен Ғаламдық экологиялық қордың атқарушы ұйымы ретінде қатысушы Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы траст-қордың гранты туралы келісімге (Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін көбейту жобасы) қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 984 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республиканың орманды алқаптарын сақтау және қалпына келтіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жобаны үйлестіру, орман шаруашылығы секторында консультациялық қызметті орындау, орманды қалпына келтіру және орманды қорғау жұмыстарына тауарлармен, материалдармен және тиісті техникамен жабдықтау, Қазақстан Республикасының аумағында ормандарды аумақтарды барынша көбейту және сақтау және өрттің алдын алу үшін орман питомниктерін, тұрғын үй-жайларды, өрт сөндіру станцияларын, өртті бақылау мұнараларын, суару арналарын және орман питомниктері қорғандарын салу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 044 | | Ормандарды сақтау және республиканың орманды аумақтарын көбейту | | | |
2 | | 004 | Сыртқы қарыздар есебінен жобаны іске асыру | Халықаралық консультанттардың қызметтерін және жобаны үйлестіру бойынша консультациялық қызметтерді, сондай-ақ операциялық шығындарды қоса алғанда орман шаруашылығы секторындағы қызметтерді төлеу. Орман питомниктеріне тауарлар мен материалдар, өртпен күресу және инфрақұрылымды ұстау үшін қол аспаптары мен жеке құрал-жабдықтарды сатып алу, орман питомниктері үшін екпе көшеттерін сатып алу. Кеңселік және компьютерлік құрал-жабдықтарды сатып алу. Орман тұқымы станциясы мен орман питомниктері үшін құрал-жабдықтар, тракторлар мен өсімдік отырғызатын машиналар сатып алу. Күзетуге және орман өрттерін жоюға арналған машина құралдарын және көлік сатып алу. Орман питомниктерін, тұрғын үй-жайларды, өрт сөндіру станцияларын, өртті бақылау мұнараларын, суару арналарын және орман питомниктері қорғандарын салу. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті |
3 | | 016 | Жобаны республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен іске асыру | Халықаралық консультанттардың қызметтерін және жобаны үйлестіру бойынша консультациялық қызметтерді, сондай-ақ операциялық шығындарды қоса алғанда орман шаруашылығы секторындағы қызметтерді төлеу. Орман питомниктеріне тауарлар мен материалдар, өртпен күресу және инфрақұрылымды ұстау үшін қол аспаптары мен жеке құрал-жабдықтарды сатып алу, орман питомниктері үшін екпе көшеттерін сатып алу. Кеңселік және компьютерлік құрал-жабдықтарды сатып алу. Орман тұқымы станциясы мен орман питомниктері үшін құрал-жабдықтар, тракторлар мен өсімдік отырғызатын машиналар сатып алу. Күзетуге және орман өрттерін жоюға арналған машина құралдарын және көлік сатып алу. Орман питомниктерін, тұрғын үй-жайларды, өрт сөндіру станцияларын, өртті бақылау мұнараларын, суару арналарын және орман питомниктері қорғандарын салу. Операциялық шығындарды қоса алғанда жобаны үйлестіру мен іске асыру жөніндегі жергілікті 27 консультанттың қызметтерін сатып алу. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті |
4 | | 018 | Жобаны грант есебінен іске асыру | Саяси құқықтық, ұйымдастыру және ақпараттық құрылымды жетілдіру. Орман серіктестіктерін дамыту. Жайылымдық сексеуіл алқаптарын басқаруды жетілдіру. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: жобаны үйлестіру жөніндегі, сондай-ақ орман шаруашылығы секторында консультанттар қызметі 100 пайызға ұсынылған, орман питомниктарына сатып алынған тауарлар мен материалдар, өртпен күресуге арналған қол аспаптары мен жеке құрал-жабдықтар және МОТР инфрақұрылымын ұстау 70 пайызға, үйлестіру жөніндегі топтар 100 пайызға жабдықталды, орман тұқымдары станциясы мен орман питомниктары үшін құрал-жабдықтар 65 пайыз сатып алынды: 1 ауыр трактор, 1 жеңіл трактор, 1 ауыр өсімдік отырғызатын машина, 2 жеңіл өсімдік отырғызатын машина, 1 өсімдік отырғызатын машина (гидродинамикалық), 1 бір осьті өрт сөндіру машинасы, 3 екі осьті өрт сөндіру машинасы, 1 жеңіл толық еріксіз келтірілген пикап, 1 толық еріксіз келтірілген жеңіл машина, 14 трактор жабдықталады. 4 орман питомниктары мен тұрғын үй-жайлар, 2 өрт станциясы, 3 бақылау өрт мұнарасы, суландыру арналары салынады және орман питомниктарын қоршау жасалады.
Түпкі нәтиже: іргелі зерттеулер, жаңғырту мен инфрақұрылымды салу және құрал-жабдықтар, тиімді орман басқару арқылы орман қорғау мен орманды қалпына келтіру бойынша шараларды күшейту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: ертіс бойы өңірінде орманды алқаптардың 1 гектарында ормандарды қалпына келтіру құны 70 пайызға жерсілкінуімен 27 000 теңге, Қызылорда облысында 55 пайызға жерсінуімен 25 650 теңге құрайды.
Уақтылығы: іс-шараларды орындауда белгіленген мерзімді ескере отырып, кесте бойынша жоспарланған жұмыстарды 80 пайызға орындау.
Сапасы: бағдарлама аяқталғаннан кейін мемлекеттік қызметтер тұтынушыларының қорытынды мөлшерін 100 пайызға деп алғанда, жобалық аумақ халқының 30 пайызға 2007 жылы мемлекеттік қызметтердің сапасына қанағаттанатын болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
139-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Агроөнеркәсіп кешені, су және орман шаруашылығы салаларының дамуын нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету»
деген 046 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 147527 мың теңге (бір жүз қырық жеті миллион бес жүз жиырма жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19-бабы, «Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: агробизнестің тиімді жүйесін құру және ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын көтеру үшін нормативтік-әдістемелік базамен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: агроөнеркәсіптік кешенді, су, орман және аңшылық шаруашылығы және ауылдық аумақтарды реттеу кезіндегі шаралар негізділік деңгейін көтеру үшін ұсынымдарды, нормативтерді, стандарттарды және әдістемелерді әзірлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 046 | | Агроөнеркәсіп кешені, су және орман шаруашылығы салаларының дамуын нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету | Ауыл шаруашылығын және ауылдық аумақтарды дамыту, су шаруашылығы, балық шаруашылығы, орман және аңшылық шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин, ветеринария, мал шаруашылығы саласында 45-50 шамасындағы нормативті-әдістемелік тақырыптарды (ұсыныстар, ережелер, нұсқаулықтар, бағдарламалар, нормативтер, мемлекеттік стандарттар) әзірлеу бойынша жыл сайын қызметке ақы төлеу. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: ұсынымдарды, нормативтерді, стандарттарды және әдістемелерді сатып алу агроөнеркәсіптік кешеннің, су, орман және аңшылық шаруашылығының қазіргі бар нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуінің рыноктық жағдайға және Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру процесі шеңберінде қажетті халықаралық талаптарға жылдам бейімделуіне мүмкіндік туғызады. Жеткізушілер әзірлеген 45-50 шамасындағы нормативті-әдістемелік тақырыптарды Ауыл шаруашылығы министрлігінің қабылдауы.
Түпкі нәтиже: осы бюджеттік бағдарламаны іске асыру агробизнестің тиімді жүйесін құру және ауылдық аумақтарды дамыту үшін әдістемелік, нормативтік, құқықтық базасын қамтамасыз етеді.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: агроөнеркәсіп кешенінің, су, орман шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы бір тақырыпты әзірлеуге орта есеппен 3 миллион теңге қажет болады.
Уақтылығы: іс-шаралар жоспарында көзделген қызмет көрсетуді белгіленген мерзімде орындау.
Сапасы: нормативтік-әдістемелік тақырыптың қабылдануы қазіргі кездегі агротехнологияларды және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу технологияларын қолдануға, ауыл шаруашылығы тиімділігінің және ауылдық аумақтарға қызмет көрсетуші инфрақұрылымдардың өсуіне, ауылдық елді мекендердің экономикалық әлеуетінің өсуіне, оларды экологиялық қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
140-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Тракторларды, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс
машиналары мен тетіктерін мемлекеттік есепке алу және тіркеу»
деген 047 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 67155 мың теңге (алпыс жеті миллион бір жүз елу бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық Кодексі) 410, 411, 412-баптары; «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Заңының 4-бабы; «Агроөнеркәсіптік кешенін және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 14-бабы; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі»Мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы" № 467 бұйрығы (2003 жылдың 8 қарашасында Әділет министрлігінде № 2564 тіркеуден өтті); Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі»"Жыл сайынғы мемлекеттік техникалық бақылаудан өткізу ережесін бекіту туралы"»№ 468 бұйрығы (2003 жылдың 8 қарашасында Әділет министрлігінде № 2563 тіркеуден өтті); Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы «Емтихан қабылдау және тракторист-машинист куәлігін беру ережесін бекіту туралы» № 33 бұйрығы (2003 жылдың 8 қарашасында Әділет министрлігінде № 2725 тіркеуден өтті); Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 14 қазандағы»"Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар механизмдерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердің кепілін тіркеу ережесін бекіту туралы"»№ 567 бұйрығы (2005 жылдың 10 қарашасында Әділет министрлігінде № 3928 тіркеуден өтті).
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: басқару құқығына емтихан қабылдау және тракторист-машинист куәліктерін беру, сондай-ақ тракторларға, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдеріне мемлекеттік тіркеу жүргізу жолымен жол жүрісіне қатысуға рұқсат беру жөніндегі заңнамаларда белгіленген мемлекеттік функцияларды қамтамасыз ету; тракторлардың, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерінің иелеріне қаржы ұйымдарының және екінші деңгейдегі банктің қаржы ресурстарын алуды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: тракторлардың, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерінің иелерін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерімен, техникалық паспорттармен және тракторист-машинист куәліктерімен, машинаның кепілін тіркеу туралы куәліктермен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 047 | | Тракторларды, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерін мемлекеттік есепке алу және тіркеу | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен нысандардың үлгісіне сәйкес 27 000 бірлік техникалық паспорттарды сатып алу. «Көлік құралдары және олардың тіркемелері үшін қаптамалы жарықшағылыстырғышты мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілер» 1176-2003 ҚР СТ стандартына сәйкес 45 000 бірлік мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін сатып алу. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен нысандардың үлгісіне сәйкес 10 000 бірлік тракторист-машинист куәліктерін сатып алу. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен нысандардың үлгісіне сәйкес 12 000 бірлік машинаның кепілін тіркеу туралы куәліктерін сатып алу | Наурыз -желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: тракторлардың, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерінің иелері:
- 27 000 дана техникалық паспортпен;
- 45 000 дана мемлекеттік тіркеу белгісімен;
- 10 000 дана тракторист-машинист куәлігімен;
- 12 000 дана машинаның кепілін тіркеу туралы куәлікпен қамтамасыз етіледі.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасындағы тракторларды, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін жол жүрісіне қатысуы қамтамасыз етіледі.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: мемлекеттік тіркеу жүргізу үшін тракторлардың, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерінің иелері мынадай арнайы өнімдермен төмендегідей бағада қамтамасыз етіледі:
- техникалық паспорт - 300 теңгеден;
- мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі - 1 235 теңгеден;
- тракторист-машинист куәлігі - 300 теңгеден;
- машинаның кепілін тіркеу туралы куәлігі - 40 теңге.
Уақтылығы: тракторлардың, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерінің иелеріне техникалық паспорттар, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілер, тракторист-машинист куәліктері, кепілдік тіркеу куәлігі өз уақытында беру. Кепілдемені тіркеу туралы куәлік.
Сапасы: сатып алынатын техникалық паспорттар, кепілдік тіркеу куәлігі, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілер, кепілдемені тіркеу туралы куәліктер, тракторист-машинист куәліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сәйкес болуы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
141-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Шаруашылықаралық арналар мен гидромелиоративтік құрылыстардың апатты учаскелерін күрделі жөндеу және қалпына келтіру»
деген 054 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 431335 мың теңге (төрт жүз отыз бір миллион үш жүз отыз бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 135-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: суландыру ғимараттары мен ауыл шаруашылық су пайдалану жүйелерін қызметін жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: шаруашылықаралық каналдар мен гидротехникалық ғимараттардағы апатты аудандарды қалпына келтіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 054 | | Шаруашылықаралық арналар мен гидромелиоративтік құрылыстардың апатты учаскелерді күрделі жөндеу және қалпына келтіру | Жобалау-сметалық құжатына сәйкес гидромелиоративтік ғимараттар мен шаруашылықаралық каналдарда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу. | Наурыз -желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: гидромелиоративтік ғимараттар мен шаруашылықаралық каналдардың 13 ерекше апатты аудандарындағы техникалық жағдайын жақсарту.
Түпкі нәтиже: ауыл шаруашылық су пайдаланушыларға суды тоқтаусыз беруді қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: арықтардың пайдалы әсер ету коэффициентін 80% дейін жоғарылату.
Уақтылығы: жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын 2007 жылғы желтоқсанда аяқтау.
Сапасы: орындалған жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын құрылыс нормаларының талаптары мен ережелеріне сәйкестендіру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
142-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Аграрлық ғылым саласындағы мемлекеттік сыйлықтар»
деген 055 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 630 мың теңге (алты жүз отыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 мамырдағы № 685 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ашқан жаңалықтары, өнер табыстары, шығарған және шығарылған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттары мен мал тұқымдары, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және қайта өндіру салаларындағы технологиялық және техникалық әзірлемелері үшін, сондай-ақ отандық ғылымның дамуына едәуір үлес қосқан аграрлық ғылым саласындағы республиканың ғалымдары мен мамандарын қолдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ғылыми жетістіктері үшін ғалымдарға сыйақы төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 055 | | Аграрлық ғылым саласындағы мемлекеттік сыйлықтар | Аграрлық ғылым саласындағы А.И. Бараев атындағы сыйлықтарға іздену конкурсын өткізу Заңнамада белгіленген тәртіппен. А.И. Бараев атындағы сыйлықтарды төлеу. Банк қызметтерін төлеу. Рамкаларды, дипломдарды, омырау белгілерін сатып алу. Конкурс өткізу туралы хабарландыруларды газеттерге төлеу. | Шілде -желтоқсан 2007 жыл | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: аграрлық ғылымның басым бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстардың жаңа нәтижелерін алу.
Түпкі нәтиже: талантты жастарды ғылымға тарту мақсатында ғылыми еңбекті ынталандыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: сыйақылардың мөлшері: бірінші сыйлық - 200 айлық есептік көрсеткішті, екінші - 150 айлық есептік көрсеткішті, үшінші - 100 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Уақтылығы: іс-шараларды белгіленген мерзімінде орындау.
Сапасы: аграрлық ғылымның дамуына үлес қосқан ғалымдарды, сондай-ақ талантты жас ғалымдарды қолдау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№№1220 қаулысына
143-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілетін арттыру» деген 056 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1018730 мың теңге (бір миллиард он сегіз миллион жеті жүз отыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттігін арттыру жобасы) бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі Заңы; «Ауыл шаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттігін арттыру жобасын қаржыландыру бойынша Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінен қарыз тарту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 тамыздағы № 854 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауыл шаруашылығы өндірісінің бәсекелестік қабілетін жақсарту жолымен ауыл шаруашылығы саласының экономикалық жағдайының дамуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: аграрлық ғылыми зерттеулер жетістіктерін енгізу негізінде ауылшаруашылығы тауарын өндірушілері ауылшаруашылық білімдерге және жаңа ауылшаруашылық технологияларын қолдануға қол жеткізуді қамтамасыз ету; ауылшаруашылығы тауарын өндірушілеріне және шикізат қайта өңдеушілерге жаңартылған және жетілдірілген зертханалар қызметіне қол жеткізуді қамтамасыз ету; халықаралық сапа стандарттарына сай өнімін өндіруші қайта өңдеу кәсіпорындарының санын көбейту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 056 | | Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілетін арттыру | | | |
2 | | 004 | Сыртқы қарыздар есебінен жобаны іске асыру | Конкурстық гранттар жүйесі (КГЖ) бойынша маркетингтік инфрақұрылымды дамыту үшін; қолданбалы зерттеулерді дамытуға арналған гранттарды үлестіру (соның ішінде Сенім білдірген институт қызметін сатып алу). Облыстық зертханалар үшін құрал-жабдықтар сатып алу. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
3 | | 016 | Жобаны республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен іске асыру | Жобаны іске асыру үшін 18 адамнан тұратын жергілікті консультанттардың, күнделікті шығындарды қоса алғандағы, қызметін төлеу. Конкурстық гранттар жүйесі бойынша қайта өңдеу мекемелерінде және зертханаларда сапа жүйелерін енгізу үшін, ауыл шаруашылық өнімдерінің имиджін арттыру үшін, білім тарату үшін кіші жобаларға арналған гранттар үлестіру (ХАССП) (соның ішінде Сенім білдірілген институт қызметін сатып алу). Ауыл шаруашылығы өніміне сараптама жасау ұлттық орталығын құруды жобалау және инженерлік-құрылыс жұмыстарын қадағалау. Зертхананың белді мамандарын шет елде оқыту курстарын ұйымдастыру үшін компания қызметін сатып алу. Зертхана мамандары мен Ұлттық жаттықтырушылар/оқытушыларды ішінде оқыту курстарын ұйымдастыру үшін компания қызметін сатып алу. Зертханалық практиканы жақсарту үшін 1 шетелдік консультантты қызметке тарту. Халықаралық техникалық көмекті тарта отырып ХАССП сапа жүйесін қолдану туралы жетекшілікті жасау. Халықаралық стандарттарға сәйкес ауыл шаруашылық өнімдері стандарттарын үйлестіру үшін 2 халықаралық кеңесшіні тарту. Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі саласында техникалық регламенттер және олармен үйлестірілген стандарттарды жасау. Ауыл шаруашылығы өнімінің имиджін арттыру үшін Конкурстық гранттар жүйесі (КГЖ) бойынша кіші жобаларға арналған гранттар бөлу (соның ішінде Сенім білдірілген институт қызметін сатып алу). Ауыл шаруашылық өнімдері имиджі бойынша компанияны іске асыру үшін компанияның консультанттық қызметін сатып алу. Ауыл шаруашылығы өнімдері имиджі бойынша компанияның мониторингі және іске асырылуын бағалау жөніндегі консультациялық компания. Білім беру жүйесін дамытуға арналған гранттар бөлу. Конкурстық өтінімдерді құрастыру бойынша оқытуды ұйымдастыру үшін компания қызметші сатып алу. Конкурстық гранттарды іске асыру бойынша оқытуды ұйымдастыру үшін компания қызметін сатып алу. Білім тарату бойынша жергілікті агенттерді оқыту курстарын ұйымдастыру үшін компания қызметін сатып алу. Республикалық, облыстық, аудандық деңгейдегі білім беру және тарату жүйесі қызметін қамтамасыз ету. Оқыту үлгілерін әзірлеу үшін білім беру бойынша 10 нұсқаушыны қызметке тарту. Әзірленген 4 үлгіні қазақ тіліне аударуды қамтамасыз ету үшін компанияны қызметке тарту. Білім тарату және конкурстық гранттар жүйесі (КГЖ) бойынша жарнамалық компанияны ұйымдастыру жөніндегі компания қызметін сатып алу. Білім тарату жөніндегі сынақ консультативтік кеңестерге қолдау көрсету. Шетелдерде оқыту және машықтанудан өтуді ұйымдастыру жөніндегі компанияны қызметке тарту (зертханалар қызметкерлерін; жас ғалымдарды ауыл шаруашылығы жоғарғы оқу орындары мен колледждердің оқытушылары; білім тарату бойынша нұсқаушылар). Жобаның басқару орталығының күнделікті шығындарын төлеу. Жобалық өтінімдерді бағалау үшін тәуелсіз сарапшылар қызметін сатып алу. Информациялық маркетингтік жүйені жасау үшін мамандар тобын тарту. Жобаның веб-парағын (Интернет) жасау және қамтамасыз ету. Стратегияны талдау және дамыту үшін компанияны және мамандар тобын тарту. Жобаның тиімділігін бағалау, конкурстық жүйе гранттары тиімділігін сараптау және мониторинг үшін компанияны немесе мамандар тобын тарту. Жобаның тиімділігін бағалау және мониторинг үшін компанияны немесе мамандар тобын тарту. Үйлестіру орталығы қызметкерлері үшін кіріспе семинар және жыл нәтижесі бойынша семинар ұйымдастыру. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша конкурстар өткізу туралы хабарландыруларды төлеу. Облыстық және аудандық зертханалар үшін жабдықтар сатып алу. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |