5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ормандарды күзету, қорғау, молайту жөніндегі орман қорғау мекемелері жұмысының тиімділігі.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- ламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 045 | | Облыстық бюджеттер- ге, Астана және Алматы қалалары- ның бюджет- теріне орман- дарды күзету, қорғау, молайту әрі орман өсіру жөніндегі берілетін ағымдағы нысаналы трансферт- тер | Қостанай облысы орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемелерінің материалды- техникалық базасын жарақтандыру. | шілде- желтоқсан | Қазақстан Республика- сы Ауыл шаруашылығы министрлігі- нің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қостанай облысының орман қорғау мекемелері мынадай техникамен жабдықталатын болады: өрт сөндіру машинасы - 8 бірлік; күзет машинасы - 3 бірлік; 5-6 тонналық трактор - 3 бірлік; 3 тонналық трактор - 23 бірлік; 1,4 тонналық трактор - 5 бірлік; экскаватор - 1 бірлік; бульдозер - 7 бірлік; 3-5 тонналық самосвал - 2 бірлік; төрткорпусты соқа - 10 бірлік; дискілі мала - 11 бірлік; орман ағашын отырғызатын машина - 9 бірлік.
Түпкі нәтиже: нормативтерге сәйкес өртке қарсы техника және құрал-жабдықтармен, күзет машиналарымен, өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: ормандарды молайтуды ұлғайту.
Уақыттылығы: өртке қарсы жұмыстарды және ормандарды молайту іс-шараларын жүргізу.
Сапасы: орман өрттерінің және заңсыз ағаш кесу көлемін қысқарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 13 шілдедегі
№ 597 қаулысына
8-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
193-1-ҚОСЫМША
217-Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Халықтың қаржы сауаттылығын арттыру»
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 800 000 мың теңге (сегіз жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негіздері: Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауы,»«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңы, Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 1284 қаулысымен мақұлданған, «Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысы 11.3 тармағы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Инвестициялық мәдениетті арттыру және елдің экономикалық өсуіне халықтың жинақ ақшасының қатысуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қаржы құралдарының инвестициялық мүмкіндіктерін кеңінен насихаттау арқылы Қазақстан халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу. Бағдарлама шеңберінде - нысаналы аудиторияны барынша қамтитын қажетті және жеткілікті коммуникация құралдарын қолдана отырып, республика халқының қаражатын экономиканың қаржы секторына тарту жөніндегі бірыңғай тұжырымдама құру және ілгері жылжыту. қарапайым және тиімді креативті идеяларды іске асыру арқылы халықтың инвестициялық санасына әсер ету бойынша оңтайлы шешімдерді таңдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Бағдар- ламаның (кіші бағдар- ламаның атауы) | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар (кіші бағдарламалар) | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 008 | | Халықтың қаржы сауатты- лығын арттыру | Халықтың дайындық деңгейін және аумақтық-өңірлік ерекшелігін ескеретін, халыққа ақпараттық іс-қимылдың бірыңғай РR-компаниясын құру және ілгері жылжыту үшін статистикалық деректер негізінде нысаналы топтарды айқындау. Медиа-жоспар жасау. Бағдарламаның жалпы РR-тұжырымдамасын, бірыңғай стилін әзірлеу. Бейне және аудио жарнама, ТД мен радиоға бағдарламалар мен хабарлар; баспасөз бен сыртқы жарнама үшін, тақырыптық жарнамалық және ақпараттық хабарламалар; оқыту әдебиетіне арналған материалдарды әзірлеу және шығару; лекциялар, ойындар, викториналар, промо-акциялар өткізу үшін сценариялар жазу. Сыртқы жарнама үшін дизайн мен рrе-рrеss, полиграфия мен кәде сый өнімдерін әзірлеу. Бағалы қағаздарға инвестициялау мәселелері бойынша телебағдарламалар мен роликтерді орыс және қазақ тілдерінде әзірлеу және орналастыру. Баспасөзде жарнамалық модульдерді, мақалаларды, материалдарды орналастыру. Сыртқы жарнаманы орналастыру және шығару. Жарнамалық және оқыту полиграфиялық өнімдерін өндіру және тарату. Лекция, промо-акциялар, ойындар, викториналар өткізу. Интернет жарнама, оның ішінде қаржы порталын құру. «Қазпочта» Акционерлік қоғамының трансфер-агенттік желісі базасында ақпараттық орталықтардың жұмыс істеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Қор нарығының мәселелері бойынша Алматы қаласында «call-орталығын» ашу және жұмыс істеу. Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақстан Экономикалық университетінің базасында орташа кәсіптік және жоғары кәсіптік білім беретін білім ұйымдары оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру. | шілде- желтоқсан | Қазақстан Республи-касының Қаржы министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: тікелей нәтиже: Қор нарығында инвестициялау тетігін пайдаланатын халықтың үлесін арттыру. Отандық нарықтағы инвестициялық процестердің оң имиджін құру. Инвестициялық жобаларға тартылған халықтың қаражатын арттыру. Экономикалық дамуды жеделдету мақсатында халықтың ақша қаражатын экономикаға тарту. Қаржы ағымының ашықтығын арттыру. Республика азаматтарының жинақ ақшаларының жылжымайтын мүлкін тәуекелді инвестициялық операцияларға тәуелділігін төмендету. Қаржылық инфрақұрылымды дамыту;
түпкі нәтиже: халықтың әл-ауқатын көтеру, сондай-ақ инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылықты арттыру арқылы республика экономикасына оның жинақ ақшасын тарту;
уақтылығы: белгіленген кестеге сәйкес іс-шараларды уақтылы орындау;
сапасы: қор нарығына халықтың қатысуын тарату үшін жағдай жасау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 13 шілдедегі
№ 597 қаулысына
9-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
237-1-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
020 «Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды оңалтуды ұйымдастыру және жүзеге асыру» деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 79 928 мың теңге (жетпіс тоғыз миллион тоғыз жүз жиырма сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 11-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды әлеуметтік оңалту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды әлеуметтік оңалту үшін жағдайлар жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 20 | | Қылмыс- тық жазасын өтеген адамдар- ды оңал- туды ұйымдас- тыру және жүзеге асыру | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға қоғамға қайта бірігуінде әлеуметтік жәрдем көрсету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министр- лігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті және Оңалту орталық- тары |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: тікелей нәтиже: екі Оңалту орталықтарда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 200 адамды ұстау;
соңғы нәтиже: қылмыстық жазаны өтеген адамдарға қоғамда бейімделуге және әлеуметтік байланыстарын қалпына келтіруге жағдай жасау;
қаржы-экономикалық нәтиже: Оңалту орталығында ұсталынған бір адамды ұстауға, жылына - 399,6 мың теңге мөлшерінде шартты шығындар;
уақтылылық: іске асыру мерзімдеріне сәйкес іс-шаралар өткізу;
сапасы: әлеуметтік оңалтудан өткен адамдардың жалпы саннан үлесі 100 пайыз.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 13 шілдедегі
№ 597 қаулысына
10-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
259-1-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
022»«Білім беру саласына мемлекеттік жүйенің жаңа технологияларын енгізу» деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 21 800 мың теңге (жиырма бір миллион сегіз жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 8-бабы, «Қазақстанның»2030 жылғы дейінгі Даму стратегиясын одан әрі жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: білім берудің жаңа деңгейіне кезең-кезеңмен көшуге жағдай жасау, білім сапасын арттыру, білім беруді ақпараттандыруды дамыту, оқушылар мен мұғалімдер арасында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: білім беру жүйесінің біріңғай білім беретін ақпараттық орта құру; Қазақстан Республикасының білім беру сапасын әлемдік ақпараттық білім беру кеңістігіне интеграциялау мақсатында арттыру; білім беру жүйесіне интерактивтік оқыту жүйесін енгізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 022 | | Білім беру саласына жаңа технология-лардың мемлекеттік жүйесін енгізу | | жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Білім және ғылым министр- лігі |
| | 100 | Мемлекеттік жалпы орта білім беру жүйесіне интерактив-тік оқыту жүйесін енгізу | Байланыс арқылы бейнеконференция өткізу үшін VPN желісін құру бойынша қызметтерді сатып алу. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері туралы және Астана қаласының салынуы жөнінде видеоролик жасау жөніндегі, сондай-ақ республиканың мектептері үшін теледидар арқылы ашық интерактивті сабақты тікелей трансляциялау жөніндегі қызметтерді сатып алу. | | |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
тікелей нәтиже: 2007 жылғы 1 қыркүйекте республика мектептерінде интерактивті сабақ өткізіледі.
Түпкілікті нәтиже: жас ұрпақтың патриотизмін қалыптастыру, оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту. Интерактивтік сабақтарды өткізу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: интерактивтік ашық сабақты өткізу бойынша шығындар 21800 мың теңге.
Уақтылығы: 2007 жылғы 1 қыркүйекке дейін іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету.
Сапасы: жалпы орта білім беру ұйымдарының жаһандық ақпарат ресурстарына жоғары қарқынмен қол жетімділіктерін қамтамасыз ету. Қашықтықтан оқытуды дамыту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 13 шілдедегі
№ 597 қаулысына
11-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
282-1-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
046»«Мемлекеттік білім беру жүйесінің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту» деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 12 467 398 мың теңге (он екі миллиард төрт жүз алпыс жеті миллион үш жүз тоқсан сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
«Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 4 мамырдағы № 111 Жарлығы; «2007-2010 жылдарға арналған»Мемлекеттік - жеке серіктестік негізінде 100 мектеп және 100 аурухана салу» жобасын асыру жөнінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 26 наурыздағы № 67-ө өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халыққа сапалы білім беру қызметтеріне қол жетімділігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: типтік жалпы білім беру мектептердің жаңа инфрақұрылымын жасақтау, оқушыларға нормативтік талаптарға сәйкес жағдайлар жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар-лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 046 | | Мемлекеттік білім беру жүйесінің әлеуметтік инфрақұрылы- мын дамыту | | | |
| | 100 | Жалпы орта білім берудің әлеуметтік инфрақұрылы-мын дамыту | Мемлекеттік - жеке меншік әріптестік негізінде 44 мектепті салу жобасын жүзеге асыруға 30% мөлшерде аванстық төлемдер аудару | шілде- желтоқ-сан | Қазақстан Республи-касының Білім және ғылым министр- лігі, Оңтүстік Қазақстаноблысы, Астана және Алматы қалалары-ның әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
тікелей нәтиже:
- жобалық қуаты 38 440 оқушы орны бар 44 объектіде, құрылыстық-монтаждық жұмыстарды атқару.
Түпкілікті нәтиже: халыққа жалпы білім берудің қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін 44 білім беру объектілерінің құрылысын бастау, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды толығымен қамту үшін әлеуметтік-экономикалық жағдай жасау.
Уақтылығы: Жұмыс жүргізу кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 13 шілдедегі
№ 597 қаулысына
12-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
289-1-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
057 «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ-ның жарғылық
капиталын ұлғайту» деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3 099 654 мың теңге (үш миллиард тоқсан тоғыз миллион алты жүз елу төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 217 Заңы; «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415 Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы; «Қазақстан Республикасының ғылыми-технологиялық одан әрі дамуы жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі Жарлығы; «Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 311 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 мамырдағы 375 қаулысы; «Теледидар, радиохабары және радиобайланысы республикалық қазыналық кәсіпорынын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 7 қазандағы № 1419 қаулысы; «Қазақтелерадио», телехабарларды, радио хабарларын тарату және радио байланысы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны мен «АРТБС» республикалық мемлекеттік кәсіпорынын «Қазақтелерадио» ашық акционерлік қоғамына қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпанындағы № 298 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Ғылыми-технологиялық даму үшін:
- «Самғау» Ұлттық ғылыми-тенхнологиялық холдингі» АҚ-ға берілген мемлекеттік активтерді тиімді басқаруды қамтамасыз ету;
- телекоммуникацияның бәсекеге қабілетті секторларын қалыптастыру және дамыту үшін, оның ішінде деректер берудің қазіргі заманғы технологияларын енгізу жолымен қолайлы жағдайлар жасау арқылы.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
1. Экономиканың жекелеген салаларында ғылыми-техникалық даму бойынша стратегиялық басымдықтарды айқындау, «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ-ға кіретін компаниялар тобын басқарудың тиісті даму бағдарламасын, корпоративтік моделін әзірлеу, «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ-ның әкімшілік шығыстарын төлеу.
2. Қазақстан Республикасының барлық облыстарын қамтитын, облыс және аудан орталықтарын, сондай-ақ облыстық бағыныстағы қалаларды қоса алғанда, ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылымдар құру, телерадио хабарлары желісін орнықты жұмыс істету және техникалық жаңғыруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыру арқылы телерадио коммуникацияларын дамытуға жәрдемдесу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 057 | | «Самғау» Ұлттық ғылыми- технологиялық холдингі» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту | 1) Экономика- ның жекелеген салаларында ғылыми технологияны дамыту бойынша стратегиялық басымдықтарды айқындау жұмыстарын жүргізу; 2) «Қазақтеле- радио» АҚ-ның жарғылық капиталын толықтыру үшін «Самғау» ғылыми-техно- логиялық холдинг» ұлттық АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту. | шілде- желтоқсан | Қазақстан Республи-касының Білім және ғылым министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
тікелей нәтиже: «Самғау» ұлттық ғылыми-технолгиялық холдингі» АҚ-ның жарғылық капиталын толықтыру;
түпкі нәтиже: экономиканың жекелеген салаларындағы ғылыми-технологиялық даму жөніндегі стратегиялық басымдықтарды анықтау;
«Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ-ның капиталдық салымдарын қаржыландыру мүмкіндігі;
Техникалық жабдықтау және жаңғырту арқылы Қазақстан Республикасының аумағындағы теледидар және радиобағдарламаларды трансляциялаудың сенімділігі мен сапасын арттыру;
- жарықтар дабылының аялық кедергіге қатынасын кем дегенде екі есе (3 дБ) ұлғайту;
- дыбыстық сүйемелдеу арналарын псофометриялық шудан қорғануын алып жүруде кем дегенде екі есе (3 дБ) арттыру;
- радиотеледидарлық жабдықтардың техникалық үзіліс ұзақтығын электржабдықтау авариясы кезінде 80 пайызға төмендету;
- радиотеледидарлық жабдықтардың техникалық үзіліс ұзақтығын антенналық-фидерлік жүйесінің авариясы кезінде 2009 жылға қарай 50 пайызға төмендету;
ұзақтығы:
Іс-шараларды орындау бекітілген кестеге сәйкес белгіленген мерзімде жүзеге асырылатын болады;
жөндеу және авариялық қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу шығыстарын төмендету, теледидарлық және радио бағдарламаларын трансляциялаудан түсетін кірісті арттыру. сапасы:
«Самғау» холдингі» АҚ құрамына енген компаниялар қызметтерінің тиімділігін арттыру;
«Қазтелерадио» АҚ қызметінің тиімділігін телерадио хабар тарату жүйелерін қазіргі заманғы технологиялармен қамтамасыз ету және жаңғырту арқылы арттыру;
шалғай жатқан ауыл халқын республикалық теледидар және радиохабар бағдарламаларымен қамтуды 0,8 пайызға ұлғайту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 13 шілдедегі
№ 597 қаулысына
13-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
289-2-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
045 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне білім беру мемлекеттік жүйенің жаңа
технологиялық енгізуге берілетін нысаналы трансферттер»
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1 024 543 мың теңге (бір миллиард жиырма төрт мың бес жүз қырық үш теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 8-бабы, «2030 жылға дейінгі Қазақстанның Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: білім берудің жаңа деңгейіне кезең-кезеңімен көшу үшін жағдайлар жасау, білім беру сапасын арттыру, білім беруді ақпараттандыруды, оқушылар мен мұғалімдердің ақпараттық мәдениет қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: білім беру жүйесінің бірыңғай білім беру ақпараттық ортасын құру, әлемдік ақпараттық білім беру кеңістігіне интеграциялану мақсатында Қазақстан Республикасының білім беруді ақпараттандыру жүйесін жақсарту және білім беру сапасын арттыру; жалпы орта білім беретін ұйымдарды мектептерді Интернет желісіне қосу арқылы жаһандық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құралдарымен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/ п | Бағдар-лама коды | Кіші бағдар-лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарла- маны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 076 | 100 | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне білім беру саласына мемлекеттік жүйенің жаңа технологияларын енгізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жалпы орта білім берудің мемлекеттік жүйесіне интерактивтік оқытуды енгізуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттер | Республи- калық бюджеттен облыстық бюджеттер-ге, Астана және Алматы қалалық бюджет- теріне жалпы орта білім берудің мемлекет- тік жүйесіне интерак- тивтік оқыту жүйесін енгізуге арналған нысаналы ағымдағы трансферт-терді Қазақстан Республи- касы Үкіметі- нің шешіміне сәйкес аудару, Жалпы орта білім берудің мемлекет- тік жүйесіне интерак- тивтік оқыту жүйесін енгізуді қамтама- сыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Білім және ғылым министрлі-гі Облыстар- дың, Астана, Алматы қалалары- ның әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
*тікелей нәтиже: 2007 жылы жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету сатып алынады, сондай-ақ кем дегенде 1000 мектепке, абоненттік төлемдер жүзеге асырылатын болады, оның ішінде:
Ақмола облысы - кем дегенде 30 мектеп, Ақтөбе облысы - кем дегенде 40 мектеп, Алматы облысы - кем дегенде 85 мектеп, Атырау облысы - кем дегенде 36 мектеп, Шығыс Қазақстан облысы - кем дегенде 78 мектеп, Жамбыл облысы - кем дегенде 80 мектеп, Батыс Қазақстан облысы - кем дегенде 40 мектеп, Қарағанды облысы - кем дегенде 84 мектеп, Қостанай облысы - кем дегенде 72 мектеп, Қызылорда облысы - кем дегенде 68 мектеп, Маңғыстау облысы - кем дегенде 18 мектеп, Павлодар облысы - кем дегенде 55 мектеп, Солтүстік Қазақстан облысы - кем дегенде 60 мектеп, Оңтүстік Қазақстан облысы - кем дегенде 108 мектеп, Алматы қаласы - кем дегенде 113 мектеп, Астана қаласы - кем дегенде 33 мектеп.