3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауылдық кредит серіктестіктерінің тиімді жүйесін одан әрі дамыту;
қаржылық жағдайы тұрақты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды жеңілдетілген кредит ресурстарымен қамтамасыз ету;
ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, сақтау және өткізу мәселелерін бірлесіп шешу мақсатында, ауылда тиімді инфрақұрылым қалыптастыруға көмек көрсету, тауарлық-материалдық құндылықтармен жабдықтау;
өндіріс тұрақтылығының негізгі шарты және оның өнімдеріне баға деңгейін қолдаудың сенімді тетігі болып табылатын өндіріс теңгеріміне қол жеткізу және өткізу мақсатында ауыл шаруашылығы өнімін және оны өңдеу өнімдерін сату көлемін ұлғайту үшін қажетті жағдай жасау;
ауыл халқының тұрмыс жағдайын жақсарту және жұмыспен қамтамасыз ету үшін ауылда ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіпкерлік қызмет түрлерін дамыту бойынша тиімді инфрақұрылым қалыптастыру;
мал өнімдері экспортының нарығын кеңейту;
агроөнеркәсіп кешенінде бюджет қаражатын инвестициялаудың нарықтық тетіктерін пайдалану негізінде аграрлық азық-түлік секторының тиімді жүйесін қалыптастыру;
ауыл тұрғындары мен агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне ақпаратты-маркетингтік және консультациялық қолдау көрсету;
жаңадан құрылған «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» акционерлік қоғам қызмет етуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жеңілдікті кредит ресурстарымен қамтамасыз етілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды 20 пайызға дейін ұлғайту;
сату, сақтау және қайта өндіру бойынша инфрақұрылым дамуын ынталандыру, тауарлық-материалдық құндылықтармен жабдықтау;
кредит беру жүйесін жетілдіру арқылы, аграрлық өнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілетті экспортқа бағытталған және импорттың орнын басатын өндірісін дамытуға бағытталған экономиканың аграрлық секторын оңтайлы мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз ету;
ауылда шағын бизнесті әрі қарай дамыту үшін жеңілдікті кредит ресурстарымен ауыл кәсіпкерлерін қамтуды ұлғайту;
агроөнеркәсіп кешені субъектілерін лизингтік негізде қазіргі заманғы және жаңа ауыл шаруашылығы техникасымен, арнайы техникамен және технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету арқылы, сонымен қатар ауыл шаруашылығы және балық өнімін қайта өңдеу бойынша жабдықтар сатып алуды қаржыландыру арқылы инфрақұрылым жүйесін ұйымдастыру;
өндіру (өсіру) және қайта өңдеудің қазіргі заманғы технологияларды пайдалану негізінде қазақстандық ауыл шаруашылығы және балық өнімінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
Баку портында диірмен кешенін салуды қаржыландыру, Ақтау портындағы астық терминалының тиеу жабдығын жаңарту;
сыртқы мал өнімі рыноктарының мониторингі және қазақстандық өнімге сұраныс қалыптастыру жолдары:
аукциондар мен жәрмеңкелерге және көрмелерге қатысу;
мал өнімдерін сыртқы рыноктарға шығару үшін, жарнама ақпарат жұмыстарын жүргізу;
мал өнімдерінің қазақстандық брендін қалыптастыру және ұлғайту;
мал өнімінің экспорты және отандық мал өнімінің бәсекеге қабілеттілігін жақсарту жөніндегі шараларды жүзеге асыру және оны сыртқы рыноктарға шығару жолдары:
- дайындау пункттары және ауыл шаруашылығы малдарын бордақылау алаңдары жүйесін ұйымдастыру арқылы мал өнімін өндіруді және оны қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру;
- заңды тұлға құрмай бірлесіп әрекет жасау шартымен мал өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындарды үшінші тараптар ретінде қатыстырып мал өнімін дайындауды және қайта өңдеуді ұйымдастыру;
- астық қолхаттарын ұстаушылардың құқығын және заңды мүдделерін қорғауды және астық саласында инвестициялық белсенділіктің өсуін қамтамасыз ету;
- өз бизнесін құру және дамыту үшін экономикалық белсенді ауыл халқын шағын кредиттермен қамтамасыз ету;
- ауыл халқына кәсіпкерліктің негіздерін және шағын кредитті экономикалық тиімді пайдалануды оқытуды ұйымдастыру;
- ауыл тұрғындары мен агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне ақпараттық-маркетингтік және консультациялық қолдауды кеңейту;
- ауылшаруашылық саласында аналитикалық зерттеу жүргізу;
- «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының әкімшілік шығындарын жабу және негізгі жабдықтарды сатып алу;
- техникалық-экономикалық негіздеме жасау және 2008 жылы жүзеге асырылатын инвестициялық және ұшқыр жобалар үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс- шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушы- лар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 043 | | «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту | «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын заңнамамен белгіленген тәртіпте ұлғайту жөніндегі шаралар: ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін ауыл шаруашылығы өндірісі мен өнеркәсібіне ауылдық кредит серіктестіктер жүйесі арқылы кредит беру; ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу, сақтау, жабдықтау және қайта өңдеу жөніндегі инфрақұрылымға кредит беру; тауарлы-материал- дық құндылықтармен жабдықтау; ауылдық жерлерде ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіпкерлік қызмет түрлеріне кредит беру. «Қаз-АгроҚаржы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын, кейіннен лизингке беру үшін ауыл шаруашылығы техникасын, технологиялық жабдықтарды, арнайы техниканы, сонымен қатар агроөнеркәсіп кешенінің субъектілеріне арналған ауыл шаруашылығы және балық өнімін қайта өңдейтін жабдықтарды сатып алуды қаржыландыру үшін ұлғайту. «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту: Ақтау портындағы астық терминалының өткізу мүмкіндігін арттыру; Баку портында (Әзірбайжан Республикасы) диірмен кешенін салуды қаржыландыру; 2008 жылы жүзеге асырылатын инвестициялық және ұшқыр жобалардың, оның ішінде Потидағы (Грузия) және Амирабадтағы (Иран) астық терминалдарының құрылысының, биодизель өндірісі, биоэтанол мен мақталықтың сорттық тұқым материалы бойынша зауыттың құрылысының, ауыл шаруашылық өнімдерінің көтерме сауда базарының құрылысының техникалық-эконо- микалық негізде- мелерін және ұшқыр және инвестициялық жобалар үшін жобалық-сметалық құжаттарын дайындау»«Мал өнімдері корпорациясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту: дайындау пункттерін желісін дамыту арқылы мал өнімдерінің экспорт инфрақұрылымын қалыптастыруға; Корпорацияның орталық аппаратына кеңсе сатып алуға; мал өнімдерін сатып алуды ұйымдастыру, өткізу және импортты алмастыратын мал өнімдерін өндіру, өңдеу, тасымалдау, сақтау және ішкі және сыртқы нарықтарда мал өнімдерін, оның өңделген өнімдерін сатуға; 2008 жылы жүзеге асырылатын инвестициялық және ұшқыр жобалардың, оның ішінде дамыған экспорт инфрақұрылымымен бордақылау алаңдарын құру бойынша техникалық- экономикалық негіздемелерін және ұшқыр және инвестициялық жобалар үшін жобалық-сметалық құжаттарын дайындау; Астық қолхаттары бойынша міндетте- мелерді орындауға кепілдік беру көлемін ұлғайту үшін «Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын көбейту. Заңнамада белгіленген тәртіппен ауыл халқына шағын кредит беру үшін «Ауыл шаруашылы- ғын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қор) жарғылық капиталын ұлғайту: - ауыл халқына шағын кредит беруге; - ауыл халқына ары қарай шағын кредит беру үшін шағын кредит беретін ұйымдарға кредит беру; - ауыл халқына кәсіпкерлік негіздерін оқытуды ұйымдастыру және Қор кадрларының біліктілігін көтеруге; - қордың материалдық- техникалық базасын дамытуға; - жаңа құрылған микронесиелік ұйымдардың жарғылық капиталына үлестік қатынасы. «ҚазАгро» ұлттық холдингі акционерлік қоғамының әкімшілік шығындарын жабу және негізгі жабдықтарды сатып алу үшін акционерлік қоғамының жарғылық капиталын қалыптастыру; ауылшаруашылық саласында аналитикалық зерттеулер жүргізу. «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамының жарғылық қорын ұлғайту: «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамының облыстық өкілеттіктеріне ғимарат (ғимарат) сатып алуға; методикалық орталық құруға; 2008 жылы жүзеге асырылатын инвестициялық жоба бойынша көрме-жәрмеңке кешенінің құрылысының техникалық-эконо- микалық негіздемелерін және ұшқыр және инвестициялық жобалар үшін жобалық-сметалық құжаттарын дайындау. | Қаңтар- желтоқ- сан | Қазақс- тан Респу- бликасы Ауыл шаруа- шылығы минист- рлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту.
Тікелей нәтиже: жеңілдікті кредит ресурстарымен қамтамасыз етілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды 20% дейін ұлғайту;
ауылдық тұтынушы кооперативтер және жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде ауыл шаруашылық бірлестіктерді құру және көтермелеу;
ауылда шағын бизнесті әрі қарай дамыту үшін жеңілдікті кредит ресурстарымен ауыл кәсіпкерлерін қамтуды ұлғайту.
Түпкі нәтиже: ауылдық кредит серіктестіктері жүйесін әрі қарай дамыту үшін жағдай жасау және жеңілдігі бар кредит ресурстарымен қамтамасыз ету;
жеңілдікпен кредит беру арқылы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен ауылдық тұтынушылар кооперативтері түрінде ауыл шаруашылық бірлестіктерін көтермелеу;
ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, қайта өңдеу, сақтау және өткізу жөніндегі инфрақұрылым субъектілеріне кредит беру арқылы экономиканың аграрлық секторын оңтайлы мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз ету, тауарлы-материалдық құндылықтармен жабдықтау;
жеңілдікпен кредит ресурстарын беру арқылы ауылда шағын бизнес объектілерінің санын ұлғайту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: мынадай бағыттар бойынша бюджет қаражатын игеру жоспарын орындау:
ауылдық кредит серіктестіктеріне кредит беру - 6 508,9 млн. теңге;
ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу, сақтау және қайта өңдеу жөніндегі инфрақұрылымға, тауарлы-материалдық құндылықтармен жабдықтауға кредит беру - 2 000 млн. теңге;
ауылдық жерде ауыл шаруашылығынан тыс кәсіпкерлік қызметтің түрлеріне кредит беру - 1 000 млн. теңге.
Уақтылығы: 2007 жылғы қыркүйектің соңына дейін ауылдық кредит серіктестіктері жүйесі арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін ауыл шаруашылығы өндірісіне және өнеркәсіпке кредит беру;
2007 жылғы қарашаның соңына дейін ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу, сақтау және қайта өңдеу жөніндегі инфрақұрылымға, тауарлы-материалдық құндылықтарды жабдықтауға кредит беру;
2007 жылғы желтоқсанның соңына дейін ауылдық жерде ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіпкерлік қызметтің түрлеріне кредит беру.
Сапасы: тиімді ауылдық кредит серіктестіктерінің желісін құру;
импорттық ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесін азайту және экспорт үлесін ұлғайту;
ауылда ауыл шаруашылығынан тыс бизнесті дамыту бойынша тиімді инфрақұрылым қалыптастыру.
«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту.
Тікелей нәтиже: машина-трактор паркін және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін жабдықтарды 6,3%-ға жаңарту;
ауыл шаруашылығы және балық өнімдерін қайта өңдеу бойынша бәсекеге қабілетті өндірісті құру;
нақты және моральды тұрғыдан ескірген машина-трактор паркін қысқарту.
Түпкі нәтиже: қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер өнімінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату;
отандық тауарлардың сапасын және бәсеке қабілеттілігін жақсарту есебінен ауыл шаруашылығы қайта өңдеу өнімдерінің импорт алмастыру деңгейін жоғарлату.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарын өндірудің және өнімділіктің көлемін жоғарлату;
өнімділігі жоғары техниканы қолдану есебінен өнімді жинау кезіндегі болатын шығындарды төмендету;
ауыл шаруашылығы және балық өнімдерін қайта өңдеу саласында жаңа технологиялардың дамуы;
жаңа жоғарғы технологиялық ауыл шаруашылығы техникасын және жабдықтарды қолдану есебінен еңбек өнімділігін жоғарлату;
аграрлық сектордың машина-трактор паркін ауқымды жаңарту және оған техникалық қызмет көрсету (кепілдік және кепілдіктен кейінгі) бойынша тұрақты қызмет ететін және нәтижелі инфрақұрылымды құру.
Уақтылығы: ауыл шаруашылығы техникасы тиісті ауыл шаруашылық агротехнологиялық операцияларды іске асырудың басталуына жеткізіледі.
Сапасы: техниканы және жабдықтарды агроөнеркәсіп кешендерінің қаржылық тұрақты субъектілеріне ғана беру мүмкіндігінің болуы;
техника және жабдықтар агроөнеркәсіп субъектілерінің қажеттіліктеріне сәйкес сұранымдар бойынша жеткізіледі;
ауыл шаруашылығы техникасын және жабдықтарды сатып алу, негізінен, тікелей өндіруші зауыттарда нарықтық бағалардан төмен бағамен және кепілдік қызметпен сатып алынады.
«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту:
Тікелей нәтиже: Ақтау портындағы астық терминалының өткізу мүмкіндігін арттыру;
Баку портында диірмен кешенін салу;
2008 жылы жүзеге асырылатын инвестициялық және ұшқыр жобалардың, оның ішінде Потидағы (Грузия) және Амирабадтағы (Иран) астық терминалдарының құрылысының, биодизель өндірісі, биоэтанол мен мақталықтың сорттық тұқым материалы бойынша зауыттың құрылысының, ауылшаруашылық өнімдерінің көтерме сауда базарының құрылысының техникалық-экономикалық негіздемелері мен жобалық-сметалық құжаттарын дайындау.
Түпкі нәтиже: Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерін арттыру, Ақтау, Баку порттарындағы астық терминалдары теңіз жолдарымен тасымалдау кезінде астықты Каспий өңірі аймағындағы елдерге және олар арқылы транзитпен Грузияға, Молдавияға және еуропалық елдерге үздіксіз асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді, қазақстандық астық экспорттаушыларының мүмкіндіктерін кеңейтеді, Қазақстан Республикасы экономикасының бүкіл астық секторының тұрақтануы мен дамуына септігін тигізеді, Әзірбайжанға, Грузияға Қазақстандық астықты экспорттау және осы елдерде қазақстандық астықтың қайта өңдеу өнімдерін сату.
2008 жылы жүзеге асырылатын инвестициялық және ұшқыр жобалардың, оның ішінде Потидағы (Грузия) және Амирабадтағы (Иран) астық терминалдарының құрылысының, биодизель өндірісі, биоэтанол мен мақталықтың сорттық тұқым материалы бойынша зауыттың құрылысының, ауылшаруашылық өнімдерінің көтерме сауда базарының құрылысының техникалық-экономикалық негіздемелері мен жобалық-сметалық құжаттарын бекіту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Ақтау портындағы терминалдың нақты өткізу мүмкіндігін жылына 500-600 мың тонна астыққа дейін арттыру (қазіргі өткізу мүмкіндігі - жылына 300-350 мың тонна), бұл қазақстандық астықтың экспорттау киімдерін арттыру үшін қажет;
тақау жылдарда Әзірбайжан Республикасына жыл сайын, тұрақты түрде шамамен 100 мың тонна астықты экспортқа шығарып отыру, жыл сайын Әзірбайжан рыногы үшін 25-тен 75 мың тоннаға дейін астықтың әртүрлі жоғары сапалы қайта өңдеу өнімдерін өндіру, Баку портындағы астық қабылдау терминалының құрылысы мен жабдықталуын 0,4 млрд. теңге сомасына қаржыландыру»«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» акционерлік қоғамының әзірбайжан тарапымен бірлескен кәсіпорынға қатысуын 50%-ға қаржыландыруға мүмкіндік береді.
Уақтылығы: Іс-шаралар жоспарын құрылыс кестесіне сай жүргізу.
Сапасы: Ақтау теңіз портындағы астық терминалының өткізу мүмкіндігін арттыру;
Ақтау портындағы астық терминалының тақау онжылдықтарда астықты Каспий өңірі мен Кавказ күнгей елдеріне экспортқа шығару жөніндегі негізгі асыру пунктына айналуы мүмкіндігі бар;
Баку портында диірмен кешенін салу;
«Мал өнімдері корпорациясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту.
Тікелей нәтиже: ауыл шаруашылық өндірушілеріне, ауыл тұрғындарына және өңдеу өнеркәсіптеріне, қызмет көрсетуді ұлғайту және жаппай өндіру кезеңінде мал өнімдерін дайындауды және өңдеуді төмен бағамен жүзеге асыру;
отандық мал өнімдерінің экспортының үлесін ұлғайту, оның көлемін экспортта ет бойынша жеткізу - 25%, сүт өнімдері - 35%, жүн - 8% және мал терісі - 11% дейін;
дайындау және мал өнімдерінің өндірісін ұйымдастыру өздігімен оны сатып алу, оның үлесін өндірісте жеткізу ет бойынша - 0,7%, сүт - 1,6%, жүн - 5,1% және де мал терісі - 7,1% дейін;
Корпорацияның импортты алмастыратын өнімдерінің өндірісін ұйымдастыру үлесін республика бойынша ұлғайту:
сары май - 10%, құрғақ сүт - 50%, ірімшік және сүзбе - 7% дейін;
жүн, тері дайындау бойынша 16 пункттер ұйымдастыру жолымен мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық инфрақұрылымын қалыптастыру.
2008 жылы жүзеге асырылатын инвестициялық және ұшқыр жобалардың, оның ішінде дамыған экспорт инфрақұрылымымен бордақылау алаңдарын құру бойынша техникалық-экономикалық негіздемелері мен жобалық-сметалық құжаттарын дайындау.
Түпкі нәтиже: аграрлы-өнеркәсіп кешені малшаруашылық секторының, бәсекеге қабілеттілігін тиімділігін дамыту және арттыру.
2008 жылы жүзеге асырылатын инвестициялық және ұшқыр жобалардың, оның ішінде дамыған экспорт инфрақұрылымымен бордақылау алаңдарын құру бойынша техникалық-экономикалық негіздемелері мен жобалық-сметалық құжаттарын дайындау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бюджеттік қаржының бөлінуі мал өнімдерін сатып алуды екі есеге ұлғайтады және мал өнімдерінің экспорттық потенциалын көтереді;
импортты алмастыратын өңделген мал өнімдерін өндіруді өсіру.
Уақтылығы: мал өнімдерін сатып алуды және өндірістік өңдеуді 2007 жылдың желтоқсан айына дейін ұйымдастыру.
Сапасы: ауылшаруашылық тауар өндірушілер мен ауыл тұрғындары өңдеу кәсіпорындарына делдалсыз мал шикізатын және өнімдерді өткізу мүмкіндігін алады, сонымен қатар ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің табысын ұлғайтады;
мал өнімдерін дайындау, өңдеу, сақтау үшін дайындау инфрақұрылымын дамыту;
бәсекелесе алатын импортты алмастыру өнімдерді өндіруді ұйымдастыру;
импорттық мал өнімдерінің үлесін төмендету және экспорттың үлесін ұлғайту.
«Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын көбейту.
Тікелей нәтиже: қордың қатысушылары - астық қабылдаушы кәсіпорындардың астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру көлемін көбейту.
Түпкі нәтиже: астық қолхаттарын кепілге қою арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді өнім жинағаннан кейінгі несиелендіру көлемін ұлғайту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: қорға қатысушылар - астық қабылдау кәсіпорындарындағы 2500,0 мың тонна мөлшеріндегі астықтың сақталуын қамтамасыз ету.
Уақтылығы: республикалық бюджеттен бөлінген бюджет қаражаттарын толықтай және дер уақытында игеру.
Сапасы: қордың қатысушылары - астық қабылдау кәсіпорындарындағы астық сапасының төмендеу немесе оны жоғалту фактілеріне жол бермеу және астық қолхаттары бағдарламасы бойынша несиелендіру көлемін көбейту.
«Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту:
Тікелей нәтиже: қор филиалдары арқылы шағын кредит алған үй шаруашылығының саны: 2007 жылы - 9 692 адам, 2008 жылы - 16154 адам;
кәсіпкерліктің негіздерін үйренген ауыл халқының санын ұлғайту 2007 жылы - 26 000 адам;
шағын кредиттік ұйымдардың желісін ауылдық жерлерде құру және дамыту.
Түпкі нәтиже: ауыл халқының табысын ұлғайту, қосымша жұмыс орындарын құру, ауыл халқының кәсіпкерлік қабілетін жетілдіру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 қарыз алушыға шағын кредит беру бойынша Қордың шығындары: 2007 жылы - 7,5 мың теңге, 2008 жылы - 5,3 мың теңге.
Уақтылығы: республикалық бюджеттен бөлінген бюджетті қаражатты игеру;
жоспарға сәйкес өткізілген семинарлардың саны: 2007 жылы - 1300.
Сапасы: үй шаруашылығын Қор филиалдары арқылы шағын кредитпен қамту: 2007 жылы - 0,9%, 2008 жылы - 1,6%.
«ҚазАгро» Ұлттық холдингі акционерлік қоғамының жарғылық капиталын құру:
Тікелей нәтиже: жоғары кәсіби мамандарды жалдау, материалдық-техникалық құндылықтарды (кеңсе жиhазы, көлік, ұйымдастыру техникасы және тағы басқа) және қызметтерді (кеңсе жалдау, коммуналдық қызметтер және тағы басқа) сатып алу;
ауылшаруашылық саласында аналитикалық зерттеулер жүргізу.
Түпкі нәтиже:»«ҚазАгро» Ұлттық холдинг» акционерлік қоғамының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, арнайы ұйымдарға қаржылық және басқару менеджментін жүзеге асыру, арнайы ұйымдардың»«ҚазАгро» Ұлттық холдинг» акционерлік қоғамына берілген қызметін ынталандыру, ауыл шаруашылық өнеркәсібінің дамуында басыңқы және әлеуетті текшелерді анықтау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: синергетикалық тиім есебінен аграрлық сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыру.
Уақыттылығы: белгіленген мерзімдерде»«ҚазАгро» Ұлттық холдинг» акционерлік қоғамына жүктелген мәселелерді орындау және шұғыл шығындарды жабу.
Сапасы: корпоративті басқару және траспаренттік принциптер негізінде мемлекеттік басқаруды модернизациялау.
«Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту:
Тікелей нәтиже: 16 облыстық өкілдерге ғимарат сатып алу және әдістемелік орталық құру арқылы «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамының жүйесінің тиімді жұмыс атқаруын қамтамасыз ету.
2008 жылы жүзеге асырылатын көрме-жәрмеңке кешендерінің құрылысының инвестициялық жобалар бойынша техникалық-экономикалық және жобалық-сметалық құжаттарын дайындау.
Түпкі нәтиже: агроөнеркәсіп кешенінің субъектілері ақпарат көздеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету;
ауыл тұрғындары және агроөнеркәсіп кешенінің субъектілері ақпараттандырылуы және білім деңгейін жоғарлату.
2008 жылы жүзеге асырылатын көрме-жәрмеңке кешендерінің құрылысының инвестициялық жобалар бойынша техникалық-экономикалық және жобалық-сметалық құжаттарын бекіту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:»«Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамының облыстық өкілдіктері шығыны деңгейін 10% төмендету;
ауыл тұрғындары және агроөнеркәсіп кешенінің субъектілеріне қосымша ақпарат көздерін алуға қамтамасыз етуді ұйымдастыру жолымен кәсіпкерлік ортаның бастауларына іске асыруға қолайлы жағдай жасау;
«Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамымен ұсынылып отырған қызметтердің жылдамдығы мен сапасын арттыру;
Уақтылығы: іс-шаралар жоспары бойынша бюджеттік бағдарламаның жүзеге асырылуын бекітілген уақытта атқару.
Сапасы: агроөнеркәсіп кешенінің дамуының негізгі бағыттары бойынша ауыл тұрғындары мен агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің ақпаратты-маркетингтік және кеңестік қызметтерін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 13 шілдедегі
№ 597 қаулысына
7-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
138-1-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
045 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне ормандарды күзету, қорғау, молайту әрі орман
өсіру жөніндегі берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 300 000 мың (үш жүз миллион) теңге.
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету, қорғау, молайту әрі орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 53 қаулысы; «2005-2007 жылдарға арналған»«Жасыл ел» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 632 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету.