«9. Жаңа көпір салу;»;
14-тармақтағы «(бөгеттер, арналар, габиондар және басқа)» деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 365-қосымшада:
7-тармақтың «Тікелей нәтижесінде» мемлекеттік тілдегі мәтін мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
технологиялық жабдықтың, ғимараттың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ «Сол жақ жағалау» КС 110/10-ға 10 Кв 2 ұяшықты сатып алу және орнату;»;
көрсетілген қаулыға 366-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 992 951 мың теңге (тоғыз жүз тоқсан екі миллион тоғыз жүз елу бір мың теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 1-жолының 5-бағаны мынадай мазмұндағы 3.7-тармақпен толықтырылсын:
«3.7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау объектілерінің үлгі жобаларын әзірлеу (2008 жылдың І жарты жылдығында аяқталады)»;
7-тармақта:
«Тікелей нәтиже» мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Денсаулық сақтау объектілерінің кемінде 15 үлгі жобасын әзірлеу (2008 жылдың 1 жарты жылдығында аяқталады)»;
«Қаржылық-экономикалық нәтижедегі» «6815,0 мың теңгеден 13170,9 мың теңгеге дейін» деген сөздер «: аудандық және қалалық ішкі істер бөлімдері үшін ғимараттар - 6815,0 мың теңге; білім беру объектілері - 13170,9 мың теңге; денсаулық сақтау объектілері - 50463 мың теңге.» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 369-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 82 840 000 мың теңге (сексен екі миллиард сегіз жүз қырық миллион теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазына» орнықты даму қоры» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылданған қаражатты бөлу туралы шешім негізінде даму институттарының жарғылық капиталдарын және/немесе оларды кредиттеуді ұлғайту үшін:
- инвестициялық жобаларды кредиттеуді және лизингтік компанияларды капиталдандыруды қамтамасыз ету;
- инвестицияланатын компаниялардың жарғылық капиталында бақыланбайтын үлестік қатысу жолымен инновацияларды құру және енгізу; жоғары технологиялық start-uр компанияларды сатып алу; инновацияларды құру мен енгізуді қаржыландыруды жүзеге асыратын инновациялық қорлар мен инвестициялық қорлардың жарғылық капиталына бақыланбайтын қатысу; тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру; инновациялық инфрақұрылымды дамыту;
- микрокредиттеу желісін дамыту және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне кепілдік беру; шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде қаражатты екінші деңгейдегі банктерде негізделген орналастыру бағдарламасы бойынша жобалық қаржыландыру;
2) Қазақстан Республикасы үшін өзекті бағыттар бойынша зерттеулер жүргізу;
3) «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ-ның қызметін қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ-ның және даму институттарының алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындау мақсатында басқа да іс-шараларды қаржыландыру;
5) Қорлар қоры қағидаты бойынша «Kazyna Capital Management» АҚ құру;
6) «Әлеуметтік инновациялық технологиялар» АҚ құру үшін.»;
7-тармақтың «Тікелей нәтижесінде»:
үшінші, жетінші және оныншы абзацтар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Kazyna Capital Management» АҚ құру;
«Әлеуметтік инновациялық технологиялар» АҚ құру;
(Осы толықтырулар мен өзгерістер Республикалық бюджет комиссиясының 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 4 және 2007 жылғы 14 мамырдағы № 6 хаттамаларына сәйкес енгізіліп отыр)»;
көрсетілген қаулыға 370-қосымшада:
«019 «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылымын дамыту» бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«019» Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылымын дамытуға бөлінетін нысаналы даму трансферттері»;
көрсетілген қаулыға 374-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 11 222 493 мың теңге (он бір миллиард екі жүз жиырма екі миллион төрт жүз тоқсан үш мың теңге).»;
Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақтың кестесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-1-жолмен толықтырылсын:
«
2-1 | 005 | Жобаны ішкі көздер есебінен іске асыру | Астана қаласының бюджетіне «Астана қаласында Вячеслав су қоймасы суағарының екінші желісін қайта жаңарту» жобасын іске асыру үшін нысаналы даму трансферттерін аудару»; | шілде- желтоқ- сан | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі, Астана қаласының әкімдігі |
«;
7-тармақтың «Тікелей нәтижесінде»:
«жөнінде» деген сөз «, Астана қаласында Вячеслав су қоймасынан суағардың екінші желісін қайта жаңарту жобалары бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
осы қаулыға 20-қосымшаға сәйкес мынадай мазмұндағы 374-1-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 377-қосымшада:
1 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 12 027 507 мың теңге (он екі миллиард жиырма жеті миллион бес жүз жеті мың теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) Ақтөбе қаласында жаңа тұрғын үй махаллаларына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін салу;
7) Атырау қаласында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу және қайта жаңарту»;
7-тармақтың «Тікелей нәтижесі» мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«; Ақтөбе қаласында жаңа тұрғын үй махалларына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін салу; Атырау қаласында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін салу»;
көрсетілген қаулыға 378-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 17 001 473 мың теңге (он жеті миллиард бір миллион төрт жүз жетпіс үш мың теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«; 7) Есіл өзенінің бойында парк салу (ТЭН-ге арналған Мемсараптаманың 2005 жылғы 26 желтоқсандағы № 2-934/05 қорытындысы)»;
7-тармақтың «Тікелей нәтижесі» «Арай саябағының,» деген сөздерден кейін «Есіл өзені бойындағы парктің» деген сөздермен толықтырылсын;
18) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 382-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 1 953 388 мың теңге (бір миллиард тоғыз жүз елу үш миллион үш жүз сексен сегіз мың теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 6-жолында:
5-баған «Каспий теңізінің қазақстандық секторының акваторийіне талдамалық бақылау жүргізу үшін зертханалық жабдықтары бар теңіз кемесін сатып алу» деген сөздермен толықтырылсын;
6-баған «шілде» деген сөзбен толықтырылсын;
19) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылайтын есеп комитеті бойынша:
көрсетілген қаулыға 392-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 310 993 мың теңге (үш жүз он миллион тоғыз жүз тоқсан үш мың теңге).»;
осы қаулыға 21-қосымшаға сәйкес 393-1-қосымшамен толықтырылсын;
20) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті бойынша:
көрсетілген қаулыға 394-қосымшада:
құпия;
көрсетілген қаулыға 395-қосымшада:
құпия;
21) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты бойынша:
көрсетілген қаулыға 396-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 15 108 319 мың теңге (он бес миллиард бір жүз сегіз миллион үш жүз он тоғыз мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 399-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 709 033 мың теңге (жеті жүз тоғыз миллион отыз үш мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 401-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 1 413 500 мың теңге (бір миллиард төрт жүз он үш миллион бес жүз мың теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны мынадай мазмұндағы 16) және 17) тармақшалармен толықтырылсын:
«16) Павлодар облысының соттар әкімшісі ғимараты құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу;
17) Астана қаласының Есіл өзенінің сол жақ жағалауында алқа билер қатысатын қалалық сот пен екі аудандық соттың ғимараттары құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу»;
7-тармақтың «Тікелей нәтижесінде»:
1) тармақша «Атырау» деген сөзден кейін «, Астана» деген сөзбен толықтырылсын;
22) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы бойынша:
көрсетілген қаулыға 402-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 9 135 388 мың теңге (тоғыз миллиард бір жүз отыз бес миллион үш жүз сексен сегіз мың теңге).»;
23) Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 405-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 544 763 мың теңге (бес жүз қырық төрт миллион жеті жүз алпыс үш мың теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
реттік нөмірі 2-жолдағы «Аудиторлық тексерістер шығындарын өтеу;» деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 4-жол «Кредиторлық берешекті өтеу.» деген сөздермен толықтырылсын;
24) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 406-1 қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 67 856 мың теңге (алпыс жеті миллион сегіз жүз елу алты мың теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:
«
3 | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық- техникалық жарақтандыру | Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің қызметін қамтамасыз ету үшін материалдық- техникалық жарақтандыру және негізгі құралдарды сатып алу | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі |
«;
7-тармақтағы «1 515,07» деген цифрлар «1 696,4» деген цифрлармен ауыстырылсын;
25) Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 413-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 3 623 633 мың теңге (үш миллиард алты жүз жиырма үш миллион алты жүз отыз үш мың теңге).»;
7-тармақта:
«Тікелей нәтижедегі «2600426» деген цифрлар «3623633» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«Қаржы-экономикалық нәтижедегі» «5328» деген цифрлар «5928» деген цифрлармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 414-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 29 673 мың теңге (жиырма тоғыз миллион алты жүз жетпіс үш мың теңге).»;
7-тармақта:
«Тікелей нәтижедегі» «37 386» деген цифрлар «33 840» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«Қаржы-экономикалық нәтижеде»:
«3276» деген цифрлар «828» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«273» деген цифрлар «69» деген цифрлармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 415-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 3 211 289 мың теңге (үш миллиард екі жүз он бір миллион екі жүз сексен тоғыз мың теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 10-жолының 5-бағанындағы «Электрондық үкіметтің» Веб-порталымен біріктіру және реинжинирингі мақсатында мемлекеттік органдардың АЖ қызметтерін беру және ақпараттық үдерістерді зерттеу» жобаларын басқару және МО үшін» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелері базасында электрондық қызметтерді іске асыру жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«, Қаржы министрлігі ұсынатын электрондық қызметтердің сапасын арттыру жөнінде шаралар кешенін әзірлеу.»;
26) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 417-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 4 334 700 мың теңге (төрт миллиард үш жүз отыз төрт миллион жеті жүз мың теңге).»;
27) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 429-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны «1000 орындық жатақхана құрылысының бірінші сатысының бастамасы» деген сөздерден кейін «және жер сатып алу» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтың «Тікелей нәтижесіндегі» «1000 орындық» деген сөздер «жер сатып алу және 1000 орындық» деген сөздермен ауыстырылсын;
28) Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) бойынша:
осы қаулыға 22-қосымшаға сәйкес 439-1-қосымшамен толықтырылсын;
29) Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы бойынша:
көрсетілген қаулыға 442-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 1 713 221 мың теңге (бір миллиард жеті жүз он үш миллион екі жүз жиырма бір мың теңге).»;
30) Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бойынша:
көрсетілген қаулыға 448-қосымшада:
құпия;
31) Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы бойынша:
көрсетілген қаулыға 450-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 7 544 211 мың теңге (жеті миллиард бес жүз қырық төрт миллион екі жүз он бір мың теңге).»;
32) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы бойынша:
көрсетілген қаулыға 451-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 14 332 869 мың теңге (он төрт миллиард үш жүз отыз екі миллион сегіз жүз алпыс тоғыз мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 454-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 2 321 654 мың теңге (екі миллиард үш жүз жиырма бір миллион алты жүз елу төрт мың теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны «Астана қаласында Медициналық орталықтың ауруханасында хирургия бөліміне арнап 3 қабатқа күрделі жөндеу жүргізу» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 458-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 12 970 964 мың теңге (он екі миллиард тоғыз жүз жетпіс миллион тоғыз жүз алпыс төрт мың теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны мынадай мазмұндағы 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) Қазақстан Республикасы Президентінің Астана қаласындағы «Қызыл Жар» резиденциясының аумағындағы Есіл өзенінің арнасын қайта жаңарту (ТЭН-ге «Мемсараптама» РМК-нің 2006 жылғы 8 қыркүйектегі № 2-481/06 қорытындысы)»;
8) Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұра» резиденциясы. Астана қаласындағы № 1 учаскені абаттандыру (ЖСҚ-ға «Мемсараптама» РМК-нің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 2-142/07 қорытындысы);
9) Астана қаласында № 31 және № 35 көшелерінің ауданында Есіл өзенінің сол жақ жағалауындағы көп бейінді клиникасы бар диагностикалық орталық (ТЭН-ге «Мемсараптама» РМК-нің 2007 жылғы 5 сәуірдегі № 2-151/07 қорытындысы);
10) Алматы облысының Қарасай ауданындағы «Алматы» санаторийін қайта жаңарту және кеңейту (ТЭН-ге арналған «Мемсараптама» РМК-нің 2007 жылғы 19 наурыздағы № 7-130/07 қорытындысы);
11) Астана қаласында 240 орындық балабақша салу;
12) Ақмола облысының Целиноград ауданы Красноярка ауылының аумағында мал шаруашылығы өнімін өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөнінде ауыл шаруашылығы кластерін салу;
13) Астана қаласында Есіл өзенінің оң жақ жағалауындағы Бейбітшілік және Келісім сарайы (ЖСҚ-ға «Мемсараптама» РМК-нің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 2-684/06 қорытындысы);
14) А-319 әуе кемесіне ангар салу.»;
7-тармақтың «Тікелей нәтижесі» «мыналар бойынша мемсараптамадан өткен белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама:
Астана қаласында № 31 және № 35 көшелерінің ауданында Есіл өзенінің сол жақ жағалауындағы көп бейінді клиникасы бар диагностикалық орталық, Астана қаласындағы 240 орынға арналған балабақша, Ақмола облысының Целиноград ауданы Красноярка ауылының аумағында мал шаруашылығы өнімін өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөнінде ауыл шаруашылығы кластерін салу, Алматы облысының Қарасай ауданындағы «Алматы» санаторийін қайта жаңарту және кеңейту;
Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қызыл Жар» резиденциясының аумағындағы Есіл өзенінің арнасын қайта жаңартуды аяқтау, Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұра» резиденциясының № 1 учаскесін абаттандыру, Астана қаласында Бейбітшілік және Келісім сарайын салу, А-319 әуе кемесіне авиациялық ангар салу» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 459-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 560 024 мың теңге (бес жүз алпыс миллион жиырма төрт мың теңге).»;
7-тармақтың «Тікелей нәтижесіндегі» «12» деген цифрлар «45» деген цифрлармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 463-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 2 185 049 мың теңге (екі миллиард бір жүз сексен бес миллион қырық тоғыз мың теңге).».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 13 шілдедегі
№ 597 қаулысына
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
40-1-ҚОСЫМША
202-Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
012 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне халықты, объектілерді және аумақтарды табиғи дүлей апаттардан инженерлік қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған нысаналы даму трансферттері»
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 711 689 мың теңге (жеті жүз он бір миллион алты жүз сексен тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Республика аумағындағы төтенше оқиғалардың алдын алу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы № 451 өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көзі: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы Алакөл көлінің аумағындағы халықты және табиғи шаруашылық объектілерін табиғи дүлей апаттардан қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеті: Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы Алакөл көлінің аумағына инженерлік қорғаныштық жағалауды бекітетін құрылыстар салу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағ- дар- лама- ның коды | Кіші бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарла- маның (Кіші бағдарла- маның коды) | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 012 | | Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалалары- ның бюд- жеттеріне халықты, объекті- лерді және аумақтар- ды табиғи дүлей апаттар- дан инженер- лік қорғау жөніндегі жұмыстар- ды жүргізуге арналған нысаналы даму трансферт-тері | «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы»«Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы»«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысына 3-қосымшаға сәйкес белгіленген заңнамалық тәртіппен бекітілген сомалар шегінде инвестициялық жобаларды іске асыру: 1. Жобалық-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеу және Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы Алакөл көлінің аумағына инженерлік қорғаныштық жағалауды бекітетін құрылыстар салуды бастау бойынша. 2. Алматы облысында Алакөл көлінің аумағында инженерлік қорғаныштық жағалауды бекітетін құрылыс бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша | шілде- желтоқ-сан | Қазақстан,Республи- касы Төтенше жағдайлар министрлі-гі, Шығыс Қазақстан облысының әкімі, Алматы облысының әкімі |
7. Бюджеттік бағдарлама орындалған жағдайда күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы Алакөл көлінің аумағында инженерлік қорғаныштың жағалауды бекітетін құрылыстар бойынша мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткен, бекітілген жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ).
Түпкі нәтиже: Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары Алакөл көлінің аумағындағы халықты, объектілерді инженерлік қорғау бойынша объектілерді пайдалануға беру.
Уақтылығы: Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары Алакөл көлінің аумағындағы халықты, объектілерді инженерлік қорғау бойынша жұмыстар жүргізуге өндірістің жұмыс кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс салу нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Қызметтік қолдану үшін
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 13 шілдедегі
№ 597 қаулысына
2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
94-ҚОСЫМША
94-қосымша қызмет бабында пайдалануға арналған және Деректер базасына енгізілмейді
Қызметтік қолдану үшін
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 13 шілдедегі
№ 597 қаулысына
4-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
98-2-ҚОСЫМША
98-2-қосымша қызмет бабында пайдалануға арналған және Деректер базасына енгізілмейді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 13 шілдедегі
№ 597 қаулысына
5-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
113-1-ҚОСЫМША
212-Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарлама әкімшілігі
2007 жылға арналған
014 «Жерді суландыру және дренаждық жүйелерді жетілдіру»
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 9 560 мың теңге (тоғыз миллион бес жүз алпыс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативті-құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы «Жерді суару және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының екінші кезеңін дайындауға грант бөлу туралы келісім-хатқа қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 тамыздағы № 804 қаулысы; Қазақстан Республикасы Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы 2006 жылғы 2 тамыздағы № ТҒ054 598 грант туралы келісім.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көзі: республикалық бюджеттің қаражаттары.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаттары: ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің экономикалық және қаржылық орнықтылығын арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: »Жерді суару және дренаждық жүйелерді жетілдіру» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді аяқтау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Бағдар- лама тарма- ғының коды | Бағдарлама- ның (кіші бағдарлама- ның атауы) | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар | Жүзеге асыру мерзімі | Орындалуына жауаптылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 014 | | Жерді суару және дренаждық жүйелерді жетілдіру | | | |
2 | | 018 | Грант есебінен | a) техника- лық-экономи- калық негіз- деме әзірлеу жөніндегі консультация-лық қызмет- терді сатып алу. б) екінші деңгейлі банктердің комиссиялық алымды төлеу. | шілде- желтоқсан шілде- желтоқсан | Қазақстан Республика- сы Ауыл шаруашылығы министрлі- гінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: тікелей нәтиже: жобаның әзірленген техникалық-экономикалық негіздемесі бойынша барлық оң сараптамаларды алу;
түпкі нәтиже: ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің экономикалық және қаржылық орнықтылығын арттыру;
қаржылық-экономикалық нәтиже: ТЭН-ге енгізілген жобалық жердің әрбір 1000 мың теңгеге шығуы кемінде 2500 га;
уақтылығы: жоспарланған жұмыстың 100%;
сапасы: «Жерді суландыру және дренаждық жүйелерді жетілдіру» жобасының екінші фазасының техникалық-экономикалық негіздемесін ескертулерін ескере отырып пысықтау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 13 шілдедегі
№ 597 қаулысына
6-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
137-ҚОСЫМША
212-Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарлама әкімшілігі
2007 жылға арналған
043 «ҚазАгро Ұлттық холдингі» АҚ-ның жарғылық капиталын
ұлғайту» деген республикалық бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 27275600 мың теңге (жиырма жеті миллиард екі жүз жетпіс бес миллион алты жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 16-бабы;»«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңының 11, 36, 53-баптары; «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 3, 6, 9, 10, 11, 14, 15-баптары; «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығы; «Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 қыркүйектегі № 66 өкімі; «Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы № 394 қаулысы; «Аграрлық секторға кредит беру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 137 қаулысы; «Мал өнімдері корпорациясы» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 8 қыркүйектегі № 1168 қаулысы; «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 ақпандағы № 220 қаулысы; «Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының аграрлық өнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы;»«2006-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының аграрлық өнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту тұжырымдамасын іске асыру бойынша 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы;»«Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге кредит беру үшін шағын кредит ұйымдарының желісін дамыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі № 337 қаулысы;»«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» акционерлік қоғамын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 41 қаулысы.