7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: тікелей нәтиже: «Қаржылық тәртіп бұзушылықты зерттеу орталығы» РМК-ның жарғылық капиталын қалыптастыру.
Түпкілікті нәтиже: қаржылық тәртіп бұзушылықты зерттеу Орталығын құру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 13 шілдедегі
№ 597 қаулысына
22-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
439-1-ҚОСЫМША
618 - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
007 «Білім беру объектілерін дамыту»
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 162800 мың теңге (жүз алпыс екі миллион сегіз жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: »Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 43-бабы; «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 шілдедегі Заңының 5 және 23-баптары; «Салық полициясы академиясы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 мамырдағы № 643 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәсіби кадрлар даярлау үшін қаржы полициясы органдары оқу орындарының тиімді іс-қимыл жасауы.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: тыңдаушыларды даярлаудың жоғары кәсіби деңгейін қамтамасыз ету мақсатында қаржы полициясы органдарының оқу орнының оқу процесіне тиісті жағдайлар жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- ламалар-дың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 | | Білім беру объекті-лерін дамыту | Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге және мемлекеттік сараптаманы өткізуге арналған шығындарды қоса алғанда, Қаржы полициясы академиясының оқу корпусын және оның жанындағы үй-жайларды қайта құру және күрделі жөндеу жүргізу. | 2007 жыл шілде- желтоқ-сан | Қазақстан Республи- касы Экономика- лық қылмысқа және сыбайлас жемқорлық-қа қарсы күрес агенттігі-нің (қаржы полициясы-ның) Қаржы полициясы академиясы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қаржы полициясы академиясының оқу корпусын қайта құру және күрделі жөндеу жүргізу (қажетті жұмыстардың жалпы көлемінен 100%).
Түпкілікті нәтиже: Қаржы полициясы академиясы тыңдаушыларының оқу жағдайларын жақсарту.
Уақтылығы: жұмысты жүргізу кестесіне және бекітілген шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелерге сәйкес.