Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 шілдедегі № 610 Қаулысы
Осы редакция 2007 жылғы 29 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне (Салық кодексі) және «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 19 шілдедегі
№ 610 қаулысымен
Бекітілген
Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін
лицензиялық алым ставкалары
Р/ с № | Лицензияланатын қызмет түрлері | Лицензиялық алым ставкалары айлық есептік көрсеткіштермен |
1 | 2 | 3 |
1 | Электр және жылу энергиясын өндіру, беру және тарату, электр станцияларын, электр желілері мен кіші станцияларын пайдалану | 10 |
2 | Тау-кен, мұнай-химия, химия, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау және пайдалану, газ, мұнай мен мұнай өнімдерін сақтау объектілерін, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану | 10(500)* |
3 | Минералдық шикізатты қайта өңдеу (кеңінен таралған пайдалы қазбаларды қайта өңдеуді қоспағанда) | 10 |
4 | Тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыс объектілерін газдандыру жүйесін пайдалану | 10 |
5 | Химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау, тау-кен-шахта, металлургиялық, энергетикалық жабдықтарды, жарылыстан қорғалған электр техникалық жабдықтарды, көтергіш құрылыстарды, сондай-ақ 0,7 кг/см2 жоғары қысыммен жұмыс істейтін және жылу жеткізу температурасы 115оС қазандықтарды, 0,7 кг/см2 жоғары қысыммен жұмыс істейтін сауыттар мен құбыр жолдарды жобалау, дайындау, монтаждау, жөндеу (бірыңғай технологиялық процесте пайдаланылатын жабдықтарды жобалауды, дайындауды, монтаждауды, жөндеуді қоспағанда) | 10 |
6 | Электр энергиясын қайта сату мақсатында сатып алу | 10 |
7 | Өлшеу құралдарын шығару және жөндеу | 10 |
8 | Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, өңдеуі және өткізуі | 10 |
9 | Атом энергиясын пайдалану объектілерінің өмірлік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау | 230 |
10 | Ядролық материалдармен, иондаушы сәуле шығару көздерімен (медициналық мақсаттағы рентген-диагностикалық қондырғылардан басқа) және радиоактивті заттармен жұмыс істеу | 230 |
11 | Медициналық рентгенологиялық жабдықтарды пайдалануды қоспағанда, рентгендік жабдықты әзірлеу, шығару, өткізу және пайдалану | 200 |
12 | Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету | 230 |
13 | Ядролық материалдарға, иондаушы сәуле шығару көздеріне, радиоактивті материалдар мен радиоактивті қалдықтарға арналған көліктік контейнерлердің, орау жиынтықтары мен материалдарының, құралдардың, контейнерлердің техникалық құжаттамасын әзірлеу, оларды құрастыру, дайындау, шығару | 230 |
14 | Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу | 230 |
15 | Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау | 50 |
16 | Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарында жүргізілген ядролық жарылыстардың салдарынан ластанған аумақтардағы және басқа да аумақтардағы қызмет | 50 |
17 | Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау | 230 |
18 | Атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметке мамандар мен персоналды арнайы даярлау | 10 |
19 | Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою | 10 |
20 | Тіркеу, өндірістік сынақтар мен ғылыми зерттеулерге арналған тәжірибелік үлгілерді қоспағанда, пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляция), өткізу, қолдану, сондай-ақ пестицидтерді (улы химикаттарды) және оларды өндіруге арналған бастапқы құрамдас заттарды әкелу жөніндегі қызмет | 10 |
21 | Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызмет | 10 |
22 | Жолаушылар тасымалдау | 3 |
23 | Қауіпті жүктерді тасымалдау | 3 |
24 | Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет | 20 |
25 | Мемлекеттік құпияларды техникалық қорғау жөніндегі қызмет | 9 |
26 | Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру) | 9 |
27 | Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру | 20 |
28 | Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін арнайы техникалық құралдарды жөндеу және өткізу, ақпараттың таралып кетуін болдырмаудың техникалық арналарын іздеу | 20 |
29 | Монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, алу және өткізу | 22 |
30 | Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу | 22 |
31 | Босатылған оқ-дәріні, қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу | 22 |
32 | Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу | 7 |
33 | Азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газ қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау | 3(10)** |
34 | Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, сатып алу | 3(10)*** |
35 | Зымыран-ғарыш техникасын жасауды, шығаруды, пайдалануды, жөндеуді және жаңғыртуды, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жер үсті инфрақұрылымдарын (полигонды, командалық-өлшеу кешенін, стендтік базаны және басқаларын) пайдалануды қоса алғанда, ғарыш кеңістігін пайдалануға байланысты барлық қызмет түрлерімен айналысу | 186 |
36 | Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыру жөніндегі, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растау жөніндегі қызмет | 25 |
37 | Байланыс саласында қызмет көрсету | 6 |
38 | Білім беру қызметі | 10 |
39 | Телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызмет | 6 |
40 | Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау | 10 |
41 | Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы өңдеу | 10 |
42 | Жерге орналастыру, топография- геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу | 10 |
43 | Медициналық, дәрігерлік қызмет | 10 |
44 | Фармацевтикалық қызмет: дәрілік заттарды өндіру, дайындау, көтерме және бөлшектеп өткізу | 10 |
45 | Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну | 5 |
46 | Адвокаттық қызмет | 6 |
47 | Нотариат қызметі | 6 |
48 | Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) | 6 |
49 | Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтер құнын бағалау | 6 |
50 | Банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару | 10 |
51 | Аудиторлық қызмет | 10 |
52 | Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызмет көрсету | 50 |
53 | Лотерея ұйымдастыру және өткізу (мемлекеттік (ұлттық) лотереядан басқа) | 10 |
54 | Жеке және заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыру | 6 |
55 | Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау | 10 |
56 | Білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсету | 10 |
57 | Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін әкету | 10 |
58 | Туроператорлық, турагенттік қызмет, туризм нұсқаушысы көрсететін қызметтер | 10 |
59 | Ветеринария саласындағы қызмет | 6 |
60 | Сот-сараптама қызметі | 6 |
61 | Тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру | 10 |
62 | Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүргізетін банк операциялары | 80(40)**** |
63 | Банктер жүзеге асыратын өзге де операциялар | 80(40)**** |
64 | "Өмірді сақтандыру" саласындағы қызмет | 50 |
65 | "Жалпы сақтандыру" саласындағы қызмет | 50 |
66 | Қайта сақтандыру жөніндегі қызмет | 20 |
67 | Сақтандыру брокерінің қызметі | 30 |
68 | Сақтандыру нарығындағы актуарийлік қызмет | 5 |
69 | Брокерлік қызмет | 30 |
70 | Дилерлік қызмет | 30 |
71 | Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызмет | 10 |
72 | Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет | 30 |
73 | Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызмет | 30 |
74 | Кастодиан қызметі | 30 |
75 | Трансфер-агенттік қызмет | 10 |
76 | Бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалатын сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызмет | 10 |
77 | Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызмет | 10 |
78 | Кредиттік бюроның қызметі | 40 |
79 | Жобалау-іздестіру қызметі | 10 |
80 | Құрылыс-монтаж жұмыстары | 10 |
81 | Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын (сертификатталатын өнімдерін қоспағанда) өндіру (шығару) | 10 |
82 | Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстар және инжинирингтік қызметтер көрсету | 10 |
83 | Тұрғын үй ғимараттарының құрылысын үлескерлердің ақшасын тарту есебін ұйымдастыру жөніндегі қызмет | 10 |
84 | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектілерді дайындау | 10 |
85 | Этил спиртінің өндірісі | 500 |
86 | Сырадан басқа алкоголь өнімінің өндірісі | 500 |
87 | Сыра өндірісі | 100 |
88 | Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату қызметін қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату | 14 |
89 | Темекі бұйымдарының өндірісі | 500 |
90 | Бөлшек сауданы жүзеге асыру және қолма-қол шетел валютасына қызмет көрсету | 10 |
91 | Тауарлардың экспорты мен импорты | 11990***** |
Ескертпе:
* Лицензиялық қызмет үшін лицензиялық алым ставкалары:
мұнай-газ өңдеу өндірістерін пайдалану - 500 айлық есептік көрсеткіш (АЕК);
тау-кен, мұнай-химия, химия өндірістерін жобалау, газ, мұнай мен мұнай өнімдерін сақтау объектілерін, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану - 10 АЕК.
** Лицензиялық қызмет үшін лицензиялық алым ставкалары:
азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газ қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекциялау, экспонаттау - 10 АЕК.
Азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газ қаруы мен оның патрондарын сатып алу - 3 АЕК.
*** Лицензиялық қызмет үшін лицензиялық алым ставкалары:
азаматтық, пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, өткізу - 10 АЕК.
Азаматтық, пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу - 3 АЕК.
**** Банк операцияларына байланысты қызметті лицензиялау үшін лицензиялық алым ставкалары:
екінші деңгейдегі банктер үшін - 80 АЕК;
банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін - 40 АЕК.
***** тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялағаны үшін лицензиялық алым ставкалары 11990 теңгені құрайды.
| Жекелеген қызмет түрлері мен айналысу құқығы үшін лицензиялар телнұсқасын беру кезінде алынатын лицензиялық алым ставкалары | Лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым ставкасының 100%-ы |
| Тауарлардың экспорты мен импортына лицензиялардың телнұсқасын бергені үшін лицензиялық алым ставкалары | 1115****** |
****** Тауарлардың экспорты мен импортына лицензиялардың телнұсқасын бергені үшін лицензиялық алым ставкалары 1115 теңгені құрайды.
| Лицензияларды қайта рәсімдегені үшін лицензиялық алым ставкалары | Лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым ставкасының 10%-ы, бірақ 4 АЕК-тен аспайды |
| Тауарлардың экспорты мен импортына лицензияларды қайта ресімдегені үшін лицензиялық алым ставкалары | 1115******* |
******* Тауарлардың экспорты мен импортына лицензияларды қайта ресімдегені үшін лицензиялық алым ставкалары 1115 теңгені құрайды.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 19 шілдедегі
№ 610 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысы жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларының 1-тарауы 1-тармағының 8-1) тармақшасын қоспағанда (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 5, 30-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 сәуірдегі № 434 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 12, 114-құжат).
3. «Қазақстан Республикасында көліктегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 шілдедегі № 794 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 22, 243-құжат).
4. «Пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық әдістермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 тамыздағы № 833 қаулысының 2-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 34, 340-құжат).
5. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қазандағы № 1018 қаулысының 2-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 40, 421-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 және 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 наурыздағы № 269 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 11, 144-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 тамыздағы № 842 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 29, 393-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 тамыздағы № 860 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 30, 403-құжат).
9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 қарашадағы № 1233 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 46, 583-құжат).
10. «Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), сату және қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 613 қаулысының 2-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 316-құжат).
11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 шілдедегі № 773 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 31, 410-құжат).
12. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі № 779 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 31, 414-құжат).
13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 тамыздағы № 853 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 32, 445-құжат).
14. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 және 2002 жылғы 23 желтоқсандағы № 1348 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 тамыздағы № 867 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 33, 452-құжат).
15. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 және 2002 жылғы 17 шілдедегі № 794 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қыркүйектегі № 893 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 34, 464-құжат).
16. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қазандағы № 1057 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 38, 538-құжат).
17. "Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 желтоқсандағы № 1192 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 46, 596-құжат).
18. "Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы № 1270 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 49, 628-құжат).
19. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 31 желтоқсандағы № 1334 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 50, 652-құжат).
20. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 168 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 9, 82-құжат).
21. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 маусымдағы № 867 және 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 мамырдағы № 380 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 17, 160-құжат).
22. "Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі № 931 қаулысының 2-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 36, 398-құжат).
23. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 1311 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 50, 541-құжат).
24. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 ақпандағы № 125 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 4, 57-құжат).