Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 шілдедегі №610 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қыркүйектегі № 857 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 шілдедегі № 610 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларында:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 92-93 жолдармен толықтырылсын: «92 Астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау 10 және тиеп жөнелту
93 Астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызмет 10 ».
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К.МӘСІМОВ |