Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 сәуірдегі № 434 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007.19.07. № 610 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 4-тармақтағы "күшіне енеді және жариялануға тиіс" деген сөздер "заңды тұлғалар үшін және 2002 жылғы 31 қаңтардан бастап жеке тұлғалар үшін күшіне енеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларында:
1-тарауда:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) медициналық, дәрігерлік қызметтен айналысу; 10
мал дәрігерлік қызметпен айналысу; 6";
4-тармақтың 25) тармақшасындағы "тексеру" деген сөз "салыстырып тексеру" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі