Қазақстан Республикасының ресми гуманитарлық көмегі - басқа мемлекеттердің аумағында әскери, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында Қазақстан Республикасы қайтарусыз көрсететін көмек.
357. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдар резервінің қатаң нысаналы мақсаты бар әрі осы Ережеде және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтен ақша бөлу туралы шешімінде көзделмеген қажеттіліктерге пайдаланылмайды.
358. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервінен ақша бөлу туралы шешімдерін дайындау мынадай:
1) ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерде осы мақсаттарға ақша болмаған;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар резервінің ақшасына қажеттілік ағымдағы қаржы жылында туындаса және оларға қажеттілік міндеттемелерді тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың жергілікті атқарушы органдардың соттардың шешімдері бойынша өтеу жағдайларын қоспағанда, бюджеттік бағдарлама әкімшісінің өткен міндеттемелеріне байланысты болмаған;
3) Қазақстан Республикасының ресми гуманитарлық көмек көрсетуге арналған төтенше резервін пайдаланған жағдайда Комиссияның оң қорытындысы болған жағдайларда жүзеге асырылады.
359. Қаржы жылы ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың резервінен бөлінген ақшаны пайдаланбаған немесе ішінара пайдаланған жағдайда бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін тиісті бюджетке бөлінген қаражаттың пайдаланылмаған бөлігін қайтаруды қамтамасыз етеді.
360. Қазақстан Республикасының аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақша бөлу туралы қолдаухаттарды төтенше жағдайлар жөніндегі орталық уәкілетті орган қарайды. Бұл ретте, пайда болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай өңірлік немесе ғаламдық ауқым алуға тиіс.
361. Жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда тиісті жергілікті атқарушы органның резервінен ақша бөлу туралы қолдаухатты облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органы немесе аудандық (қалалық) қаржы бөлімі қарайды.
362. Негіздейтін материалдарды және олардың тізбесін беру тәртібін төтенше жағдайлар жөніндегі орталық уәкілетті орган анықтайды.
Төтенше резервтен бұзылған объектілерді салуға немесе күрделі жөндеуге ақша бөлген жағдайда құжаттардың қатарында сондай-ақ құрылыс жөніндегі уәкілетті органның оң қорытындысы беріледі.
363. Өңірлік және жаhандық ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажеттілігі болған кезде төтенше жағдайлар жөніндегі орталық уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Yкіметіне табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға ақша бөлу туралы шешім жобасын енгізеді.
364. Жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажеттілігі болған кезде облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органы немесе аудандық (қалалық) қаржы бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органға табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға ақша бөлу туралы шешім жобасын енгізеді.
365. Төтенше резерв ақшасы "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларға бағытталады.
366. Басқа мемлекеттердің аумағында әскери, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында тиісті орталық мемлекеттік орган Комиссия ұсынымдарының негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми гуманитарлық көмек көрсетуге арналған шешімінің жобасын әзірлейді және заңнамада белгіленген тәртіппен оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
367. Қазақстан Республикасының ресми гуманитарлық көмегі ақшалай немесе тауар нысанында ұсынылады.
368. Қазақстан Республикасының ақшалай нысанда ресми гуманитарлық көмек көрсетуі кезінде ақша қаражатын аудару алушы елдің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шоттардың деректемелерін ресми бергеннен кейін жүзеге асырылады.
369. Қазақстан Республикасының тауар нысанында ресми гуманитарлық көмек көрсетуі үшін ұсынылған тауарлардың құнын өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде төтенше резервтен жүзеге асырылады.
370. Қазақстан Республикасының немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп тудыратын жағдайлар туындаған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен өзге көзделмеген шығындарға ақша бөлген жағдайда тиісті мемлекеттік орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға тиісті негіздемелерімен және есептеулерімен ақша бөлу туралы қолдаухат ұсынады, соңғысы болмаған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қолдаухатты қараусыз қайтарады.
371. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ұсынылған қолдаухаттың негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың шұғыл шығындарға арналған резервтерінде көзделген шекте ақшаны бөлу қажеттілігі немесе бөлу мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
372. Мемлекеттік органның қолдаухатына оң қорытынды болған кезде Қазақстан Республикасы Yкіметінің немесе тиісті жергілікті атқарушы органның тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінен ақша бөлу туралы шешімінің жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен осы мемлекеттік орган дайындайды.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе тиісті жергілікті атқарушы органның тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе тиісті жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінен ақша бөлу туралы шешімінің жобасына осы мемлекеттік орган ақша бөлу туралы оң қорытындының көшірмесін қоса береді.
373. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының және аумақтық бөлімшелерінің соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерін орындау сот атқарушы құжаттары болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерін орындауға арналған резервінен қамтамасыз етіледі.
Соттардың шешімдері бойынша төлемдер жүргізуге міндетті орталық мемлекеттік органдар, олардың ведомстволары және аумақтық бөлімшелері төлемдерді жүргізеді, ал қолданыстағы заңнамада көзделген негіздемелер болған жағдайда көрсетілген шешімдерді барлық сот инстанцияларында шағымдануы тиіс.
Орталық мемлекеттік органдар, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері өздерінің заңсыз қабылданған актілері үшін, сондай-ақ әкімшілік басқару саласындағы лауазымды тұлғаларының заңсыз іс-әрекеттері үшін оларды ұстауға бөлінген ақшамен жауап береді.
374. Қазақстан Республикасы Үкіметінің міндеттемелерін орындауға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақша бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган дайындайды.
375. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің міндеттемелерін орындауға ақша бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті орталық мемлекеттік орган дайындайды.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен орталық мемлекеттік органдардың міндеттемелерін орындауға ақша бөлу туралы шешімнің жобасына орталық мемлекеттік орган осы Ереженің 373-тармағын сақтауын растайтын материалдардың көшірмесін қоса береді.
376. Соттардың шешімдері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау сот атқарушы құжаттары болған кезде соттардың шешімдері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның міндеттемелерін орындауға арналған облыстық немесе аудандық деңгейлердегі атқарушы органдардың резервтерінен қамтамасыз етіледі.
Соттардың шешімдері бойынша төлемдер жүргізуге міндетті жергілікті атқарушы органдар төлемдерді жүргізеді, ал қолданыстағы заңнамада көзделген негіздемелер болған жағдайда көрсетілген шешімдерді барлық сот инстанцияларында шағымдануы тиіс.
Жергілікті атқарушы органдар өздерінің заңсыз қабылданған актілері үшін, сондай-ақ әкімшілік басқару саласындағы лауазымды тұлғаларының заңсыз іс-әрекеттері үшін оларды ұстауға бөлінген ақшамен жауап береді.
377. Соттардың шешімдері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның міндеттемелерін орындауға арналған облыстық немесе аудандық деңгейлердегі атқарушы органдардың резервінен ақша бөлу туралы тиісті жергілікті атқарушы орган шешімінің жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті атқарушы орган дайындайды.
Бұл ретте соттардың шешімдері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның міндеттемелерін орындауға арналған облыстық немесе аудандық деңгейлердегі атқарушы органдардың резервінен ақша бөлу туралы тиісті жергілікті атқарушы орган шешімінің жобасына мүдделі жергілікті атқарушы органдар осы Ереженің 376-тармағын сақтауды растайтын материалдардың көшірмелерін қоса береді.
378. Ағымдағы қаржы жылында болжамдалған жағдайда облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резерві ағымдағы қаржы жылында республикалық маңызы бар қала, астана бюджетіне кредит беру үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделеді.
379. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ағымдағы қаржы жылында болжамдалған жағдайда облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ақша бөлу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға тиісті негіздемелермен және есептеулермен Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақша бөлу туралы қолдаухатты береді.
380. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ұсынылған қолдаухаттың негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің осыған ұқсас мәселелері бойынша бұрын қабылданған шешімдеріне және облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне бұрын берілген кредиттер туралы деректерге сүйене отырып, ағымдағы қаржы жылында облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда олардың қолма-қол ақша тапшылығын жабуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақша бөлу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ақша бөлу үшін мыналар міндетті шарттар болып табылады:
1) облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне кредит беру үшін ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген соманың бар болуы;
2) бөлінетін ақшаның мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген және облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қала, астана қаласының бюджеттеріне түсетін түсімдермен және белгілі бір есепті кезеңде облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің тапшылығын қамтамасыз етілмеген шығыстарды қаржыландыруға жіберілуі;
3) республикалық бюджеттен бұрын берілген кредиттер бойынша жергілікті атқарушы органдар берешегінің болмауы;
4) бөлінетін кредиттің сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті қаржы жылына белгілеген жергілікті атқарушы орган борышының лимитін арттыруға әкеп соқтырмауы тиіс.
381. Ағымдағы қаржы жылында болжамдалған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға бюджеттік кредит беру қаржы жылының шегінде алты айға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады және республикалық бюджетті нақтылауды талап етпейді.
382. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің қолдаухаты бойынша оң қорытынды болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақша бөлу туралы шешімінің жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган енгізеді.
383. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резерв ағымдағы қаржы жылында олардың бюджетінің қолма-қол ақша тапшылығын болжамдаған жағдайда ауданның (облыстық маңызы бар) қала бюджетіне кредит беру үшін облыстық бюджетте көзделеді.
384. Ағымдағы қаржы жылында болжамдаған жағдайда аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға облыстың деңгейдегі атқарушы органдардың резервінен ақша бөлу үшін аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері бюджетті атқару жөніндегі облыстық уәкілетті органға тиісті негіздемелермен және есептеулермен облыстық деңгейдегі атқарушы органның резервінен ақша бөлу туралы қолдаухат береді.
385. Бюджетті атқару жөніндегі облыстық уәкілетті орган ұсынылған қолдаухаттың негізінде, сондай-ақ облыс әкімдігінің осыған ұқсас мәселелері бойынша бұрын қабылданған шешімдеріне және төмен тұрған бюджеттерге бұрын берілген кредиттер туралы деректерге сүйене отырып, ағымдағы қаржы жылында болжамдалған жағдайда ағымдағы қаржы жылында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың резервінен ақша бөлу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
Ағымдағы қаржы жылы болжамдалған жағдайда облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдарының резервінен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ақша бөлу үшін мыналар міндетті шарттар болып табылады:
1) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне кредит беру үшін ағымдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджетте көзделген соманың бар болуы;
2) бөлінетін ақшаның мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне түсетін түсімдермен және белгілі бір есепті кезеңде аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің тапшылығын қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің шығыстарын қаржыландыруға жіберілуі;
3) облыстық бюджеттен бұрын берілген кредиттер бойынша аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) жергілікті атқарушы органдар берешегінің болмауы.
386. Ағымдағы қаржы жылында болжамдалған жағдайда аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған облыстық деңгейдегі атқарушы органдардың резервінен бюджеттік кредит беру қаржы жылының шегінде алты айға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады және жергілікті бюджеттерді нақтылауды талап етпейді.
387. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қолдаухаты бойынша оң қорытынды болған кезде облыстық деңгейдегі атқарушы органдардың резервінен ағымдағы қаржы жылында болжамдалған жағдайда аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ақша бөлу туралы шешімнің жобасын бюджетті атқару жөніндегі облыстық уәкілетті орган облыс әкімдігінің қарауына енгізеді.
388. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен бөлінген ақшаны алушы бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері олардың пайдаланылуы, орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде беруі тиіс.
389. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ай сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Yкіметі резервінің ақшасын пайдалану және тиісті кезеңге оның қалдығы туралы ақпаратты ұсынады.
390. Сыртқы саяси қызмет жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға алушы елдің Қазақстан Республикасы көрсеткен ресми гуманитарлық көмекті алғаны туралы тиісті ақпаратты береді.
391. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті атқарушы органға жергілікті атқарушы орган резервінің ақшасын пайдалану және тиісті кезеңге оның қалдығы туралы ақпаратты ұсынады.
392. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдарының резервтерінен бөлінетін ақшаны мақсатсыз және тиімсіз пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен ақша алған бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жауап береді.
393. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдары резервтерінің мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
45-тарау. Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық- экономикалық негіздемесін әзірлеуді қаржыландыруға қаражат бөлу тәртібi
394. Осы тарау бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың қаражатын бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі - ТЭН) және оларды қаржыландыру рәсімдерін әзірлеуді қаржыландыруға бөлу тәртібін анықтайды.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда ТЭН әзірлеу шеңберінде TЭH тиісті сараптамаларын жүргізу қаржыландырылады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың TЭH қаржыландыру экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бөлінетін бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бюджеттік инвестициялық жобаны республикалық не жергілікті ретінде анықтау Бюджет кодексінің 147-бабының 3-тармағында белгіленген өлшемдерге сәйкес жүзеге асырылады.
Егер жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыру бекітілген мемлекеттік, салалық (секторалдық) бағдарламалардың шеңберінде республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке берілетін нысаналы даму трансферттері қаражатының есебінен көзделген жағдайда, ТЭН әзірлеуді қаржыландыру экономикалық жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың бөлінетін бағдарламаларының есебінен жүзеге асырылады.
ТЭН-ді қаржыландыру, егер жоба бекітілген мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламалармен көзделген жағдайда жүзеге асырылады.
395. Бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың қаражаты есебінен бюджеттік инвестициялық жобалардың ТЭН әзірлеуді қаржыландыру үдерісі мынадай негізгі сатыларды:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобалардың TЭH әзірлеуді қаржыландыруға арналған өтінімдер (бұдан әрі - Өтінім) беруді;
2) олардың TЭH әзірлеу және сараптауды қаржыландыру бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың қаражаты есебінен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) қалыптастыруды, қарауды және бекітуді;
3) ТЭН әзірлеуді қаржыландыруды қамтитын іс-шаралар кешенін білдіреді.
396. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері өтінімдерді ТЭН әзірлеу жоспарланатын жылдың 15 қаңтарына дейін экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға береді.
397. Өтінім осы ережеге 56-қосымшада көрсетілген нысанға сәйкес келуі және мынадай негізгі мәліметтерді қамтуы тиіс:
жобаның атауы;
құрамында жобаны іске асыру көзделген мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаның атауы;
жобаны іске асырудың жалпы құны;
іске асыру кезеңі;
іске асыру орны;
Бюджет кодексінің 147-бабының 3-тармағында көрсетілген өлшемдерге сәйкес келуі;
жобаның құрауыштары;
қаржыландыру нысаны;
жобаны іске асыруға жауапты бюджеттік бағдарламаның әкімшісі;
TЭH әзірлеу үшін қажетті мәлімделетін сома;
инвестициялық ұсынысты салалық бағалауды жүргізген мемлекеттік органның атауы, сондай-ақ инвестициялық ұсынысты салалық бағалау қорытындысының нөмірі;
инвестициялық ұсынысты экономикалық бағалау оң қорытындысының күні мен нөмірі.
398. TЭH әзірлеуді қаржыландыруға сондай-ақ мыналар қоса беріледі:
салалық бағалаудың қорытындысы;
экономикалық бағалаудың қорытындысы;
TЭH әзірлеуге техникалық тапсырма;
TЭH әзірлеудің мәлімделетін құнын негіздейтін ақпарат.
399. Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган тиісті жылдың 1 сәуірінен кешіктірмейтін мерзімде қаржыландыруға арналған өтініштердің негізінде TЭH әзірлеу мен сараптамасын қаржыландыру бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен мүмкін бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесінің жобасын қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
400. Бюджет комиссиясының қарауына шығарылатын TЭH әзірлеу мен сараптамасын қаржыландыру бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен мүмкін бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесі мынадай негізгі мәліметтерді қамтуы тиіс:
жобаның атауы;
бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мәлімдеген сома;
экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қаржыландыруға ұсынылатын сома;
жобаның мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаларға сәйкестігі;
ТЭН әзірлеуге арналған техникалық тапсырманы бағалау;
өзге мәліметтер.
Қажет болған жағдайда экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган олардың TЭH-ін әзірлеу және сараптауды қаржыландыру бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен мүмкін болатын бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесін қалыптастыру барысында туындайтын жекелеген мәселелерді қарау үшін қосымша ақпаратты сұратады.
401. Бюджет комиссиясы олардың TЭH-ін әзірлеу және сараптауды қаржыландыру бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен мүмкін болатын бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесін қарау нәтижелері бойынша Тізбені, сондай-ақ әрбір жоба бойынша қаржыландыру сомасын анықтайды.
402. Әрбір жоба бойынша қаржыландыру атауы мен сомасын қамтитын тізбе Қазақстан Республикасы Үкіметінің жекелеген шешімімен немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
403. Егер бюджет комиссиясының олардың TЭH-ін әзірлеу және сараптауды қаржыландыру бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен мүмкін болатын бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесін қарау нәтижелері бойынша бөлінетін бағдарламаның қаражаты толық мөлшерде бөлінбеген жағдайда, экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіткеннен кейінгі келесі айдың 1-і күніне дейін бюджет комиссиясының қарауына бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражатының қалған сомасына бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесіне қосымша жобасын енгізеді.
Бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражатының қалған сомасына бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесіне қосымшаны қалыптастыру, бюджет комиссиясының қарауына енгізу және бекіту осы ережеде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
404. Бюджеттік инвестициялық жобалардың TЭH әзірлеуді қаржыландыру бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты бекітілген бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесінің негізінде түрлі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің арасында бөлуге жатады.
Қаржы жылы ішінде бюджеттік инвестициялық жобалардың TЭH әзірлеуді қаржыландыру бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты бюджетке қайтарылады.
405. Сараптамаларды әзірлеу мен жүргізуді қаржыландыру бюджет заңнамасында және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
406. ТЭН әзірлеу жөніндегі қызметтерді беруге арналған шарт бойынша берушінің міндеттемелерінде шарттың жалпы құнының шегінде жүргізілетін ескертулер мен ұсыныстар бойынша өнім берушінің TЭH міндетті пысықтауы туралы талап қамтылуы тиіс.
407. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға:
есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ы күніне дейін жобаның ТЭН белгіленген тәртіппен бекіткенге дейін ТЭН әзірлеу жөніндегі іс-шараларды іске асыру барысы туралы ақпаратты береді.
46-тарау. Концессиялық жобаларды бағалауды және сараптауды қаржыландыруға арналған қаражатты бөлу тәртібi