көмірсутегі шикізатын өндіру кезінде қыртыс қысымын сақтауға және қатты пайдалы қазбалардың кен орнын игеру кезінде жер астын шаймалауға арналған айдауыш ұңғыларды;
судың жай-күйіне әсер ететін басқа да техникалық құрылғыларды қолдана отырып, тікелей су объектісінен алып немесе алмай, жер үсті және жер асты су ресурстарын пайдалану арнайы су пайдалануға жатады.
2. Арнайы су пайдалануды жеке және заңды тұлғалар рұқсаттың негізінде сонда айқындалған мақсаттар үшін ғана жүзеге асырады және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға және қоршаған ортаға зиян келтірмеуге тиіс.
3. Жер қойнауы бөлігінен алу лимиті тәулігіне елуден екі мың текше метрге дейінгі шаруашылық-ауыз су және өндірістік-техникалық жер асты суларын пайдалану Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган берген рұқсаттың негізінде жүзеге асырылады.
4. Мынадай су тарту құрылыстарын: шахталы және тереңдігі жиырма метрге дейінгі құбырлы сүзгілі құдықтар, сондай-ақ орталықтандырылған сумен жабдықтау үшін пайдаланылмайтын су тұтқыш жиектің бірінші беткейінен барлық жағдайда деңгейін мәжбүрлі төмендетпей тәулігіне елу текше метрден аспайтын су алып жұмыс істейтін шегендеу құрылыстарын пайдаланған кезде арнайы су пайдалануға рұқсат талап етілмейді.»;
7) 72-баптың 7) тармақшасындағы «лицензияда және (немесе)» деген сөздер алып тасталсын;
8) 76-бап алып тасталсын;
9) 92-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «лицензия» деген сөз «рұқсат» деген сөзбен ауыстырылсын.
9. «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 15, 363-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 23, 142-құжат):
34-бапта:
бірінші бөліктің екінші сөйлемі жаңа абзацтан жазылып, екінші бөлік болып есептелсін және мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тарих және мәдениет ескерткіштерін жөндеу, реставрациялау жөніндегі жұмыстарды тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган беретін лицензия негізінде мамандандырылған ғылыми-реставрациялық ұйымдар, басқа да ұйымдар мен азаматтар жүргізеді.»;
екінші бөлікте:
«жөндеу, реставрациялау,» деген сөздер алып тасталсын;
«, осы қызметпен айналысуға құқық беретін лицензиялар және (немесе) арнайы рұқсат» деген сөздер «арнайы рұқсат» деген сөздермен ауыстырылсын.
10. «Жедел-іздестіру қызметі туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 147-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат):
10-баптың 2-тармағының алтыншы абзацындағы «жеке детективтік және күзет қызметімен айналысуға рұқсат» деген сөздер «күзет қызметімен айналысуға лицензиялар» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат):
1) 8-бапта:
д-1) тармақшада:
«банкаралық клиринг; төлем карточкаларын шығару;» деген сөздер алып тасталсын;
«чек кітапшаларын шығару» деген сөздер «банкаралық клирингті жүзеге асыру, төлем карточкалары мен чек кітапшаларын шығару және пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;
и-1) тармақшадағы «валюталық операциялар жүргізуге,» деген сөздер алып тасталсын;
и-2) тармақшадағы «ұйымдарға: банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға; банкаралық клирингке; төлем карточкаларын шығаруға» деген сөздер «ұйымдарға банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 15-баптың е) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«е) банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауды жүргізуге лицензия беру, оның қолданылуын тоқтата тұру және лицензиядан айыру туралы шешімдер қабылдау;»;
3) 56-баптың г) тармақшасындағы «валюталық операцияларды,» деген сөздер алып тасталсын.
12. «Мұнай туралы» 1995 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 11, 76-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 150-құжат; 1999 ж., № 21, 787-құжат; 2003 ж., № 6, 34-құжат; № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 22, 131-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 16, 70-құжат; 2006 ж., № 16, 99-құжат):
1) 8-2-баптың 4-тармағындағы «рұқсаты» деген сөз «лицензиясы» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 36-3-баптың 2-тармағында:
бірінші сөйлемдегі «жазбаша рұқсаты» деген сөздер «лицензиясы» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші сөйлемдегі «рұқсат» деген сөз «лицензия» деген сөзбен ауыстырылсын.
13. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат):
1) 8-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) төлем карточкалары мен чек кітапшаларын шығару, сату және тарату;
3-2) банкаралық клирингті (төлемдерді жинауды, салыстырып тексеруді, сұрыптауды және растауды, сондай-ақ олардың өзара есепке жатқызуын жүргізуді және клирингке қатысушылардың - банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың таза позицияларын айқындауды) жүзеге асыру;»;
2) 20-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «қаржы ұйымының лицензиясын кері қайтарып алу» деген сөздер «қаржы ұйымын лицензиясынан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 24-баптың 1-тармағы г-1) тармақшасының үшінші абзацындағы «қаржы ұйымының лицензиясын кері қайтарып алу» деген сөздер «қаржы ұйымын лицензиясынан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 30-бапта:
2-тармақтың 10) және 11) тармақшалары алып тасталсын;
5-тармақтың екінші бөлігіндегі және 6-тармақтың төртінші бөлігіндегі «9)-12)» деген цифрлар «9) және 12)» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы «10)-12) тармақшаларында көзделген операцияларды» деген сөздер «12) тармақшасында көзделген операцияны» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 47-баптағы «оны қайтарып алуға», «рұқсатты қайтарып алуға», «лицензиясын (лицензияларын) қайтарып алу», «лицензиясын (лицензияларын) қайтарып алғаннан», «лицензия қайтарып алынғаннан», «лицензияны кері қайтарып алу», «лицензияны қайтарып алу» деген сөздер тиісінше «одан айыруға», «рұқсаттан айыруға», «лицензиясынан (лицензияларынан) айыру», «лицензиясынан (лицензияларынан) айырғаннан», «лицензиядан айырғаннан», «лицензиядан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 48-бапта:
тақырыбындағы «оны қайтарып алу» деген сөздер «одан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың бірінші абзацындағы «оны қайтарып алу» деген сөздер «одан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылмайтын банк депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензияларынан айырылады.»;
2-тармақтағы «оны қайтарып алады» деген сөздер «одан айырады» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 48-1-баптың 1-тармағындағы «лицензиясы қайтарылып алынған» деген сөздер «лицензиясынан айырылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 57-баптың 6-тармағының төртінші абзацындағы «банктің лицензиясын қайтарып алуға» деген сөздер «банкті лицензиясынан айыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 67-баптың 3-тармағындағы «лицензияны қайтарып алуға» деген сөздер «лицензиядан айыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 70-баптың б) тармақшасындағы «лицензияларды қайтарып алуға» деген сөздер «лицензиялардан айыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 72-бапта:
1-тармақтағы «лицензияларын қайтарып алу» деген сөздер «лицензияларынан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың екінші бөлігіндегі «банктің банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияларын қайтарып алады» деген сөздер «банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияларынан банк айырылады» деген сөздермен ауыстырылсын.
14. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 148-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 321-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат):
1) 1-бапта:
екінші бөліктегі «және жолаушылардың, жүктің, теңдеме жүк пен почтаның әуе тасымалдарын және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға лицензиясы» деген сөздер алып тасталсын;
жиырма сегізінші бөліктегі «немесе лицензиясы» деген сөздер алып тасталсын;
2) 71-бап алып тасталсын.
15. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат):
11-баптың 1-тармағы 33) тармақшасында:
бірінші абзацтағы «атыс тирлері мен стендтерін ашуға» деген сөздер «атыс тирлері мен стендтерін, штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашуға және олардың жұмыс істеуіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «әкетудің» деген сөзден кейін «, сондай-ақ күшті әсер ететін улы заттарды сатып алудың, сақтаудың, тасымалдаудың, әкелудің, әкетудің» деген сөздермен толықтырылсын.
16. «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат):
1) 5-2-баптың 3-тармағындағы «кері қайтарып алу» деген сөздер «одан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-4-бапта:
4-тармақтың 2) тармақшасындағы «кері қайтарып алу» деген сөздер «одан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың бірінші бөлігіндегі «оны кері қайтарып алады» деген сөздер «одан айырады» деген сөздермен ауыстырылсын.
17. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 1996 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 179-құжат; № 14, 274-құжат; 1998 ж., № 24, 443-құжат; 1999 ж., № 6, 191-құжат; 2001 ж., № 15-16, 224-құжат; 2003 ж., № 23, 169-құжат):
1) 3-баптағы «экспортқа бағдарланған» деген сөздер алып тасталсын;
2) 14-баптағы «қолданылып жүрген заңдарына» деген сөздер «лицензиялау туралы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын.
18. «Экспорттық бақылау туралы» 1996 жылғы 18 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 240-құжат; 2000 ж., № 20, 377-құжат; 2003 ж., № 18, 143-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
7-баптың алтыншы бөлігіндегі «оны кері қайтарып алуға немесе» деген сөздер алып тасталсын.
19. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 1996 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 11-12, 263-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 145-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; 2004 ж., № 11-12, 67-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат):
11-баптың екінші бөлігінің он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттауды өткізеді;».
20. «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 273-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат):
1) 5-баптың он екінші абзацы алып тасталсын;
2) 7-баптың сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметті лицензиялау;»;
3) 9-бап алып тасталсын.
21. «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 368-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 20, 728-құжат; № 23, 931-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; № 24, 177-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат):
1) 9-1-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы алып тасталсын;
2) 23-бапта:
тақырыбындағы «лицензиялау және» деген сөздер алып тасталсын;
«лицензиялау және» деген сөздер алып тасталсын.
22. «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 57-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; № 15, 95-құжат):
1) 9-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Оңалтушы және конкурстық басқарушылар лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда, борышкердің істерін және мүлкін басқаруға қандай тәртіппен тағайындалған болса, аталған функцияларды жүзеге асырудан сондай тәртіппен шеттетілуге тиіс.
Лицензиясынан айыру сот тәртібімен жүзеге асырылады.»;
2) 41-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сырттай байқау әкімшісі лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда, борышкердің істерін және мүлкін басқаруға қандай тәртіппен тағайындалған болса, аталған функцияларды жүзеге асырудан сондай тәртіппен шеттетілуге тиіс.
Лицензиясынан айыру сот тәртібімен жүзеге асырылады.».
23. «Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы» 1997 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 6, 69-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 8, 187-құжат; 2004 ж., № 11-12, 67-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат):
12-баптың 2-тармағындағы «лицензиялар» деген сөз «куәліктер» деген сөзбен ауыстырылсын.
24. «Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 83-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
1) 5-баптың 1-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«иондандырушы сәуле көздерін алу деңгейінен төмен пайдаланатын сынақ зертханаларын техникалық реттеу жүйесінде аккредиттелген қызметті қоспағанда, атом энергиясын пайдалануға байланысты жұмыстарды атқару мен қызметтер көрсету;»;
2) 11-баптағы «заңдарында» деген сөз «лицензиялау туралы заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын.
25. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; 2006 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 26 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 39-баптың бірінші бөлігіндегі «заңдарында» деген сөз «лицензиялау туралы заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 40-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «қаржы ұйымының лицензиясын кері қайтарып алу» деген сөздер «қаржы ұйымын лицензиясынан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 42-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға не одан айыруға құқылы.»;
1-4-тармақтағы «оны уәкілетті органның қайтарып алуына» деген сөздер «уәкілетті органның одан айыруына» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 42-6-баптың 3-тармағындағы «лицензияны қайтарып алуға» деген сөздер «лицензиядан айыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
45-2-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «қоры лицензияларының кері қайтарылып алынуына» деген сөздер «қорын лицензияларынан айыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың екінші бөлігіндегі «лицензияны кері қайтарып алуға», «оның лицензиясын кері қайтарып алу» деген сөздер тиісінше «лицензиядан айыруға», «оны лицензиясынан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші бөлігіндегі «қорының лицензиясын кері қайтарып алу» деген сөздер «қорын лицензиясынан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-1-тармақтағы «Лицензиясы кері қайтарып алынған» деген сөздер «Лицензиясынан айырылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 49-3-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің екінші абзацындағы «қорының лицензиясын осы Заңның 42-бабы 1-4-тармағының негізінде кері қайтарып алуға» деген сөздер «қорын осы Заңның 42-бабы 1-4-тармағының негізінде лицензиясынан айыруға» деген сөздермен ауыстырылсын.
26. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат):
бүкіл мәтін бойынша «лицензиясы кері қайтарылып алынғандықтан», «лицензияны кері қайтарып алу», «Нотариус лицензиясын кері қайтарып алу», «нотариус лицензиясы кері қайтарылып алынады», «Лицензия кері қайтарылып алынған», «кері қайтарып алу», «нотариустардың лицензияларын кері қайтарып алу» деген сөздер тиісінше «лицензиясынан айырылғандықтан», «лицензиясынан айыру», «Нотариусты лицензиясынан айыру», «нотариус лицензиясынан айырылады», «Лицензиясынан айырылған», «одан айыру», «нотариустарды лицензияларынан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын.
27. «Сот сараптамасы туралы» 1997 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 21, 276-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 21-22, 281-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 10, 32-құжат; 2006 ж., № 13, 86-құжат):
1) 1-баптың жетінші абзацы алып тасталсын;
2) 17-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сот-сараптама қызметін лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.».
28. «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; 2003 ж., № 11, 65-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
1) 9-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «лицензияларын кері қайтарып алу» деген сөздер «лицензияларынан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 12-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «Лицензияны кері қайтарып алу», «адвокаттың лицензиясын кері қайтарып алу» деген сөздер «Лицензиядан айыру», «адвокатты лицензиясынан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 21-баптың 1-тармағының 11) тармақшасындағы және 24-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы «адвокат лицензиясын кері қайтарып алу» деген сөздер «адвокатты лицензиясынан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 31-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «лицензия кері қайтарылып алынған» деген сөздер «лицензиясынан айырылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «адвокат лицензиясын кері қайтарып алуға» деген сөздер «адвокатты лицензиясынан айыруға» деген сөздермен ауыстырылсын.
29. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат; 2005 ж., № 17-18, 73-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат):
36-бап мынадай редакциядағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Біліктілік талаптарын, қызмет түрлерін лицензиялаудың ережелерін және экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс жекелеген тауарлар тізбелерін бекітетін нормативтік құқықтық актілер осы актілер ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күндік мерзім өткенге дейін қолданысқа енгізіле алмайды.».
30. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша «оны кері қайтарып алу», «лицензиясы кері қайтарып алынған», «лицензиясын кері қайтарып алу», «кері қайтарып алуды», «оларды алқалы басқару органдарының шешімімен кері шақырып алу», «Лицензия кері қайтарып алынған», «лицензияны кері қайтарып алу» деген сөздер тиісінше «одан айыру», «лицензиясынан айырылған», «лицензиясынан айыру», «лицензиясынан айыруды», «алқалы басқару органдарының шешімімен олардан айыру», «Лицензиядан айырылған», «лицензиядан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 7-баптың 6) тармақшасындағы «оны кері қайтарып алу, қолданылуын тоқтата тұру» деген сөздер «оның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 9-баптың 6-тармағының екінші бөлігіндегі «лицензиясы кері қайтарып алынған», «лицензиясын кері қайтарып алу туралы» деген сөздер тиісінше «лицензиясынан айырылған», «лицензиясынан айыру туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 12-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «ұйымның», «лицензиясы кері қайтарып алынса» деген сөздер тиісінше «ұйым», «лицензиясынан айырылса» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 16-бапта:
3-тармақта:
бірінші абзацтағы «Лицензияны уәкілетті орган» деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақшадағы «кері қайтарып алуды жүзеге асырады» деген сөздер «лицензияны кері қайтарып алу жүзеге асырылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «лицензиясы кері қайтарылып алынған» деген сөздер «лицензиясынан айырылған» деген сөздермен ауыстырылсын.
31. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар):
1) 10-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қару мен оның патрондарын жасауға, өндіруге, жөндеуге, сатуға, коллекциялауға, экспонаттауға берілген лицензиялар мерзімі шектелмей берілетін бас лицензиялар болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.