Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы
1996 ж. 26 қаңтардағы № 2823 Қазақстан Республикасы Заңы
(2007.12.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР 2007 жылғы 6 шілдедегі № 274-III Заңымен күші жойылды
05.07.01 ж. № 223-II ҚР Заңымен мәтін бойынша сөздер өзгертілді
I Тарау. Жалпы Ережелер (1 - 6 баптар)
II Тарау. Арнайы экономикалық аймақты басқару (7 - 2 баптар)
III Тарау. Арнайы экономикалық аймақтың (9 - 15 баптар)
құқықтық режимiнiң ерекшелiктерi
IV Қорытынды Ережелер (16 - 18 баптар)
I Тарау. Жалпы Ережелер
05.07.01 ж. № 223-II ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда
1-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында арнайы экономикалық аймақтар құрудың, олардың жұмыс істеуi мен таратылуының жалпы құқықтық негiздерiн белгiлейдi.
2-бап. Арнайы экономикалық аймақ ұғымы
Арнайы экономикалық аймақ-ерекше құқықтық режим қолданылатын Қазақстан Республикасының шектеулi аумағын бiлдiредi.
ҚР 04.12.03 ж. № 504-ІІ Заңымен 3-бап өзгертілді; 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара)
3-бап. Арнайы экономикалық аймақтарды құрудың мақсаты
Арнайы экономикалық аймақтар республика экономикасының әлемдiк шаруашылық байланыстар жүйесiне енуiн жандандыру, жаңа технологиялардың бiр немесе бiрнеше сапаларын дамыту, жоғары тиiмдi өндiрiстер құру, өнiмдердiң жаңа түрлерiн шығаруды игеру, инвестициялар тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын пысықтау, басқару мен шаруашылық жүргiзудiң осы заманғы әдiстерiн енгізу, сондай-ақ әлеуметтiк проблемаларды шешу үшiн аймақтарды жеделдете дамыту мақсатында құрылады.
05.07.01 ж. № 223-II ҚР Заңымен 4-бап өзгерді
4-бап. Арнайы экономикалық аймақтар туралы заңдар
1. Арнайы экономикалық аймақтардың қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен реттеледi.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартпен арнайы экономикалық аймақтар туралы заңдардағыдан өзге ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
ҚР 04.12.03 ж. № 504-ІІ Заңымен 5-бап өзгертілді
5-бап. Арнайы экономикалық аймақтарды құру тәртібі
1. Арнайы экономикалық аймақ Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың немесе аумағында арнайы экономикалық аймақ құрылатын әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергілiкті өкiлдi және атқарушы органдарымен келiсе отырып жасалған тиiстi орталық атқарушы органның ұсынысына негiзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен белгiлi бiр мерзiмге құрылады.
Арнайы экономикалық аймақ туралы ереже арнайы экономикалық аймақты құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледi.
2. Арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыныстарды қарау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметіне тұжырымдама мен техникалық-экономикалық негiздеме табыс етiледi.
24.12.98 ж. № 334-1 ҚР Заңымен 6-бап толықтырылды; 31.03.99 ж. № 354-1 ҚР Заңымен 6-бап өзгертілдi
6-бап. Арнайы экономикалық аймақ аумағында шаруашылық жүргiзушi субъектiлер құқықтарының кепiлдiктерi
Арнайы экономикалық аймақтың құқықтық режимi өзгерген немесе ол мерзiмнен бұрын таратылған жағдайда, оның аумағының шекарасы өзгеруiн қоса алғанда, оның аумағында инвестициялық қызметтi жүзеге асырушы шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге инвестицияларды салу сәтiне сәйкес келетiн шарттармен арнайы экономикалық аймақ құрылған мерзiм аяқталғанға дейiн, бiрақ он жылдан асырмай осындай қызметтi жалғастыруға кепiлдiк берiледi. Мерзiм арнайы экономикалық аймақтағы құқықтық режим жойылған немесе өзгертiлген күннен бастап есептеледi.
Осы бапта берiлген кепiлдiктер Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген тауарларды жеткiлiктi дәрежеде өңдеу өлшемдерiне сәйкес өңдеуге арналған тауарларды (спирттi қоспағанда), сондай-ақ жабдықтарды әкелуге қатысты кедендiк реттеу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы заңдарындағы өзгерiстерге қолданылады.
II Тарау. Арнайы экономикалық аймақты басқару
05.07.01 ж. № 223-II; 04.12.03 ж. № 504-ІІ ҚР Заңдарымен 7-бап өзгертілді
7-бап. Арнайы экономикалық аймақты басқару
Арнайы экономикалық аймақты басқаруды аумағында арнайы экономикалық аймақ орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады.
Арнайы экономикалық аймақ орталық атқарушы органның ұсынысы бойынша құрылған жағдайда арнайы экономикалық аймақты басқаруды Қазақстан Республикасының ?кіметі белгiлейтiн орталық атқарушы орган жүзеге асырады.
05.07.01 ж. № 223-II ҚР Заңымен 8-бап алып тасталды
8-бап.
III Тарау. Арнайы экономикалық аймақтың
құқықтық режимiнiң ерекшелiктерi
05.07.01 ж. № 223-II ҚР Заңымен 9-бап алып тасталды
9-бап.
10-бап. Банк қызметi
Арнайы экономикалық аймақ аумағында банк қызметi Қазақстан Республикасының банк заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
05.07.01 ж. № 223-II ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді
11-бап. Салық салу
1. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
24.12.98 ж. № 334-1 ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда; 31.03.99 ж. № 354-1; 05.07.01 ж. № 223-II ҚР Заңдарымен 12-бап өзгертілді
12-бап. Кедендiк реттеу
Арнайы экономикалық аймақтың аумағы Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс орналасқан болып қарастырылады, оған еркiн кеден аймағының режимi қолданылады.
Тауарлар мен жабдықтарды арнайы экономикалық аймақтың аумағында еркiн кеден аймағының кеден режимiмен орналастырудың шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленедi.
15.07.96 ж. № 30-1 ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді; 05.07.01 ж. № 223-II ҚР Заңымен 13-бап алып тасталды
13-бап.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара)
14-бап. Лицензиялау
Арнайы экономикалық аймақтың аумағында шаруашылық жүргiзушi субъектiлер жүзеге асыратын қызметтi лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
05.07.01 ж. № 223-II ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді
15-бап. Шетел азаматтарының арнайы экономикалық аймақта болу тәртібі
1. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық келісімдермен белгiленген шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ олардың көлiк құралдарының келу, кету, транзитпен өтуi және болу тәртібі қолданылады.
IV. Қорытынды Ережелер
16-бап. Арнайы экономикалық аймақтың шарттарын өзгерту және оны тарату
1. Арнайы экономикалық аймақ туралы ережеде белгiленген шарттар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен өзгертiлуi мүмкiн.
2. Арнайы экономикалық аймақ өзi арнап құрылған мерзiм аяқталған соң таратылады.
3. Арнайы экономикалық аймақты құрудың мақсатына қол жеткiзу мүмкiн болмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен арнайы экономикалық аймақ мерзiмiнен бұрын таратылуы мүмкiн.
4. Арнайы экономикалық аймақты тарату рәсiмiн жүзеге асыру тәртібі мен мерзiмi ол туралы Ережемен айқындалады.
24.12.98 ж. № 334-1 ҚР Заңымен 17-бап толықтырылды
17-бап. Осы Заңды жүзеге асыру жөніндегі шаралар
1. Осы Заң күшiне енгенге дейiн құрылған еркiн экономикалық аймақтар олар бойынша осы Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес шешiм қабылданғанға дейiн өз мәртебесiн сақтайды.
2. Осы Заңның 6-бабының ережелерi жаңадан құрылған арнайы экономикалық аймақтардың және олар бойынша осы баптың 1-тармағына сәйкес шешiм қабылданған арнайы экономикалық аймақтардың аумағында қолданылады.
2-1. Осы Заңның 6-бабының екiншi азатжолында аталмаған тауарларды әкелуге қатысты кепiлдiктер 1999 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі үш ай мерзiмде:
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiн "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес келтiрсiн;
мемлекеттік органдардың, жұмыс iстеп тұрған еркiн экономикалық аймақтар Әкiмшiлiк кеңестерiнiң осы Заңға қайшы келетiн нормативтiк құқықтық актілерін қайта қарап, күшiн жоюын қамтамасыз етсiн;
оларды мүдделi мемлекеттік органдармен келiсу тетiгiн қоса арнайы экономикалық аймақтар құру туралы ұсынымдар енгізу, сондай-ақ тұжырымдама мен техника-экономикалық негiздеме ұсыну тәртібін бекiтсiн.
4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
1) "Қазақ ССР-індегі еркiн экономикалық аймақтар туралы" 1990 жылғы 30 қарашадағы Қазақ ССР-iнiң Заңы (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1990 ж., № 49, 455-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 6, 116-құжат);
2) "Қазақ ССР-індегі еркiн экономикалық аймақтар туралы" Қазақ ССР Заңын күшiне енгізу туралы" Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң 1990 жылғы 30 қарашадағы № 361-ХII қаулысы (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1990 ж., № 49, 456-құжат);
3) "Жезқазған облысында Жәйрем-Атасу еркiн экономикалық аймағын құру туралы" Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң 1991 жылғы 18 маусымдағы № 678-ХII қаулысы (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., № 26, 331-құжат);
4) "Талдықорған облысында Алакөл, Жаркент еркiн экономикалық аймақтарын құру және Талдықорған қаласында "Талдыкурганвнештранс" кәсiпорны негiзiнде еркiн экономикалық кiшi аймақ құру туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1992 жылғы 11 қаңтардағы № 1114-ХII қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 4, 67-құжат);
5) "Лисаков еркiн экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1992 жылғы 30 маусымдағы № 1467-ХII қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 13-14, 347-құжат).
18-бап. Осы Заңның күшiне ену тәртібі
Осы Заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының