5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Лицензиядан айыру сот тәртібімен жүзеге асырылады.»;
2) 28-4-баптың 10-тармағының 5) тармақшасындағы «лицензияны кері қайтарып алу» деген сөздер «лицензиядан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын.
56. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат):
1) 11-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «лицензияны қайтарып алу» деген сөздер «лицензиядан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 13-баптың тақырыбындағы және 5) тармақшасындағы «бюроның лицензиясын қайтарып алу» деген сөздер «бюроны лицензиясынан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын.
57. «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 90-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат):
бүкіл мәтін бойынша «қайтарып алған», «қайтарып алынғаны», «лицензиясы қайтарып алынса», «лицензияны қайтарып алған», «қайтарып алынған», «(қайтарып алынуына)», «лицензиясы қайтарып алынған» деген сөздер тиісінше «одан айырған», «одан айырылғаны», «лицензиясынан айырылса», «лицензиядан айырған», «одан айырылған», «(одан айырылуына)», «лицензиясынан айырылған» деген сөздермен ауыстырылсын.
58. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 7-8, 18-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) медициналық-әлеуметтік мекеме (ұйым) - күтім мен медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж қарттардың, мүгедектердің, оның ішінде психоневрологиялық аурулар қатарындағы мүгедектердің, мүгедек балалардың стационарда немесе күндіз болу жағдайында тұрақты немесе уақытша тұруына арналған интернат-үй, әлеуметтік қызмет көрсететін аумақтық орталық немесе өзге де ұйым;»;
2) 24-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысу құқығы тұлғаларға облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары беретін тиісті лицензиясы болған кезде беріледі.».
59. «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; 2006 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 26 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
34-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«34-бап. Жеке кәсіпкерліктің жекелеген түрлерін лицензиялау
Жеке кәсіпкерліктің жекелеген түрлерін лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
60. «Секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 4, 23-құжат):
1) 10-баптың 3-тармағының үшінші бөлігіндегі «лицензиясын кері қайтарып алынған, оның қолданылуы тоқтатыла тұрған» деген сөздер «лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған, ол лицензиясынан айырылған» деген сөздермен, 12-баптың 8-тармағының екінші бөлігіндегі «лицензиясы кері қайтарып алынған, оның қолданылуы тоқтатыла тұрған» деген сөздер «лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған, ол лицензиясынан айырылған» деген сөздермен ауыстырылсын.
61. «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 90-құжат):
1) 5-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы, «қатысушы банктен», «лицензиясын қайтарып алу» деген сөздер тиісінше «қатысушы банкті», «лицензиясынан айыру» деген сөздермен, 12-баптың 3-тармағындағы «Қатысушы банктен», «лицензия қайтарып алынған» деген сөздер тиісінше «Қатысушы банкті», «лицензиясынан айырған» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 15-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «қатысушы банктен», «лицензиясын қайтарып алуы» деген сөздер тиісінше «қатысушы банкті», «лицензиясынан айыруы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 1) тармақшасындағы «қатысушы банктен», «лицензияны қайтарып алған», «лицензияны қайтарып алу» деген сөздер тиісінше «қатысушы банкті», «лицензиясынан айырған», «лицензиядан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
екінші бөліктегі «Банкті мәжбүрлеп таратуға және мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруға байланысты шығару жағдайларын қоспағанда,» деген сөздер «Осы баптың 2-тармағының 1), 3) тармақшаларында белгіленген негіздер бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында (қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату жағдайынан басқа) және 4) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша қатысушы банкті депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығарған кезде жүйеден шығарылған банк Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес депозиттерді қайтарып беруге міндетті.».
62. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж. № 16, 101-құжат):
4-баптың 5) тармақшасындағы «лицензиясын сот тәртібімен береді, тоқтатады немесе кері қайтарып алады» деген сөздер «лицензиясын береді, оның қолданылуын тоқтата тұрады немесе сот тәртібімен одан айырады» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2007 жылғы қаңтардың 12-сі.
№ 222-III ҚРЗ