Лицензиялар бірыңғай технологиялық кешенді ескере отырып, бірнеше қызмет түрлеріне де, сол сияқты жекелеген қызмет түрлеріне де беріледі.
Қару мен оның патрондарын иемденіп алуға лицензия біржолғы болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.»;
2) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Лицензияның қолданылуын тоқтата түру және одан айыру
Осы Заңда және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген талаптарды орындамау лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
Лицензиядан айыру сот тәртібімен жүзеге асырылады.»;
3) 20-баптың 1) тармақшасының үшінші абзацындағы «рұқсаттардың күші белгіленген тәртіппен жойылғанда» деген сөздер «рұқсаттардан белгіленген тәртіппен айырылғанда» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 21-баптың бірінші бөлігіндегі «қолданылып жүрген заңдарға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы қолданыстағы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 28-баптың 2) және 7) тармақшалары алып тасталсын;
6) 29-баптың 1-тармағы 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газды қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, иемденіп алу, коллекциялау, экспонаттау құқығына;
азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, иемденіп алу құқығына;».
32. «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 4, 102-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 6, 41-құжат):
9-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары мен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдар саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;».
33. «Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж. № 13, 429-құжат; № 23, 927-құжат; 2001 ж., № 13-14, 173-құжат; № 24, 338-құжат; 2004 ж., № 18, 111-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 71-құжат; № 15, 92-құжат):
1) 9-баптың 2-тармағындағы «ол қайтарып алынған немесе» деген сөздер «одан айырылған немесе ол» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 12-бапта:
5-тармақтың екінші және үшінші бөліктері алып тасталсын;
7-тармақтағы «кері қайтарып алу немесе» деген сөздер алып тасталсын;
8-тармақта:
бірінші бөліктегі «лицензияны кері қайтарып алуға немесе оның» деген сөздер «лицензияның» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің бірінші абзацындағы «Лицензияны кері қайтарып алуға:» деген сөздер «Лицензиядан айыруға:» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 30-баптың 9) тармақшасындағы, 31-баптың 2-тармағының 6-1) тармақшасындағы, 3-тармағының 8) тармақшасындағы, 4-тармағының 5) тармақшасындағы «және қосымша» деген сөздер алып тасталсын.
34.»Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 720-құжат; 2004 ж., № 5, 27-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 26 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 3-баптың 3-тармағының 9) тармақшасы алып тасталсын;
2) 4-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы алып тасталсын;
3) 5-баптың 3-тармағының екінші бөлігінде «отыз проценттен алпыс процентке дейінгі» деген сөздер «отыз проценттен басталатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 15-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуіне және айналымына байланысты жекелеген қызмет түрлері Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиіс»;
5) 18-бап алып тасталсын;
6) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Лицензиядан айыру
Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуіне және айналымына байланысты қызмет түрлеріне берілген лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.».
35. «Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 24, 1065-құжат; 2003 ж., № 15, 129-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат):
1) 23-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) дене шынықтыру және спорт жөніндегі қызметті жүзеге асыратын республикалық және өңірлік қоғамдық бірлестіктердің, одақтардың, қауымдастықтардың (федерациялардың), жоғары санаттағы спорт ғимараттарында дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың қызметін лицензиялауды, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт жөніндегі қызметті жүзеге асыратын республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеуді жүзеге асырады;»;
2) 23-1-баптың 1-тармағының 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт қызметін жүзеге асыратын дене шынықтыру-сауықтыру, спорт клубтарының, орталықтарының, секцияларының және басқа да ұйымдардың, бірінші, екінші және үшінші санаттардағы спорт ғимараттарында дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың, дене шынықтыру және спорт жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жергілікті қоғамдық бірлестіктердің, одақтардың, қауымдастықтардың (облыстық федерациялардың) қызметін лицензиялауды жүзеге асырады;».
36. «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
1) 14-баптың 2) тармақшасындағы «күзету» деген сөзден кейін «түрінде жүзеге асырылады» деген сөздермен толықтырылып, 3) тармақшасы алып тасталсын;
2) 17-1-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «лицензияны сот тәртібімен кері қайтарып алуға» деген сөздер «лицензиатты лицензиядан сот тәртібімен айыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 21-баптағы «лицензияларды кері қайтарып алу немесе олардың қолданылуын тоқтата тұру» деген сөздер «лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру немесе олардан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын.
37. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 381-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 3, 19-құжат; № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
9-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «басшысы» деген сөзден кейін «немесе ол уәкілеттік берген адам» деген сөздермен толықтырылсын.
38. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат):
1) 20-баптың 8-тармағы екінші бөлігінің екінші абзацындағы «ұйымының лицензиясын осы Заңның 55-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының негізінде кері қайтарып алуға» деген сөздер «ұйымын осы Заңның 55-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының негізінде лицензиясынан айыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 34-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «қаржы ұйымының лицензиясын кері қайтарып алу» деген сөздер «қаржы ұйымын лицензиясынан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 37-баптың 8-тармағының 10) тармақшасындағы «лицензиясы заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес кері қайтарып алынған», «лицензия кері қайтарып алынған» деген сөздер «заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиясынан айырылған», «лицензиядан айырылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 43-баптың 16) тармақшасындағы «лицензияларды кері қайтарып алу» деген сөздер «лицензиялардан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 53-3-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «лицензияны кері қайтарып алуды» деген сөздер «лицензиядан айыруды» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 55-бапта:
тақырыбындағы «брокерінің лицензиясын кері қайтарып алу» деген сөздер «брокерін лицензиясынан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 6) тармақшасындағы «лицензияны кері қайтарып алу» деген сөздер «лицензиядан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Сақтандыру ұйымы сақтандырудың барлық сыныптары бойынша да, жекелеген сыныптары бойынша да лицензиясынан айырылуы мүмкін.»;
2-тармақтағы «Кері қайтарып алу», «оны кері қайтарып алудың» деген сөздер тиісінше «Лицензиядан айыру», «одан айырудың» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «Лицензиясы кері қайтарып алынған» деген сөздер «Лицензиясынан айырылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «Лицензиясы кері қайтарып алынған» деген сөздер «Лицензиясынан айырылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 56-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «брокерінің лицензиясын қайтарып алудың», «брокерінің лицензияларын кері қайтарып алу», «Лицензияны кері қайтарып алу», «Лицензия кері қайтарылып алынған», «лицензияны кері қайтарып алу» деген сөздер тиісінше «брокерін лицензиясынан айырудың», «брокерін лицензияларынан айыру», «Лицензиядан айыру», «Лицензиядан айырған», «лицензиядан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 60-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Актуарийді лицензиясынан айыру»;
1-тармақтың 5) тармақшасындағы «лицензияны кері қайтарып алу» деген сөздер «лицензиядан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші сөйлемдегі «Лицензияны кері қайтарып алу», «оны қайтарып алудың» деген сөздер тиісінше «Лицензиядан айыру», «одан айырудың» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлемдегі «лицензия кері қайтарылып алынған» деген сөздер «лицензиат лицензиясынан айырылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 69-баптың 6-тармағындағы «лицензияны кері қайтарып алуына», «оның лицензиясын кері қайтарып алу» деген сөздер тиісінше «лицензиясынан айыруына», «оны лицензиясынан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын.
39. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат):
22-баптың 6-тармағындағы «адвокаттың лицензиясын кері қайтарып алу» деген сөздер «адвокатты лицензиясынан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын.
40. «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 12-құжат; № 15-16, 232-құжат; 2003 ж., № 19-20, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат):
1) 13-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «заңдарында» деген сөз «лицензиялау туралы заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 24-1-баптың 3-тармағының 4) тармақшасындағы «кері қайтарып алу» деген сөздер «одан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«27-бап. Астық сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру
құқығына лицензиядан айыру
Мыналар:
1) лицензиаттың біліктілік талаптарын бұзуы;
2) лицензиаттың өзі жүзеге асыруға лицензия алған қызмет түрімен айналысуына соттың тыйым салуы;
3) лицензиар лицензияның қолданылуын тоқтата тұрған себептердің жойылмауы;
4) лицензия алған кезде лицензиаттың көрінеу жалған ақпарат беруі лицензиядан айыруға негіз болып табылады.»;
4) 33-баптың 3-тармағындағы «уәкілетті орган заңдарда белгіленген тәртіппен лицензияны кері қайтарып алу туралы ұсыныс енгізеді және» деген сөздер «лицензиат заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиясынан айырылады және уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
41. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат):
1) 4-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы «шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ» деген сөздер алып тасталсын;
2) 6-баптың 2-тармағының 5) тармақшасында:
«шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ», «және кері қайтарып алуға» деген сөздер алып тасталсын;
«заңдарында» деген сөз «лицензиялау туралы заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 10-баптың 4-тармағының бірінші бөлігінде:
«шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ» деген сөздер алып тасталсын;
«түрін жүзеге асыруға» деген сөздер «түрімен айналысуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейін «лицензиялау туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 11-баптың 5-тармағындағы «Шетелдік жұмыс күшін тартуға және» деген сөздер алып тасталсын.
42. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 175-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; 2003 ж., № 23, 168-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат):
1) 9-баптың 3-тармағының 3) тармақшасында:
«заңдарына» деген сөз «лицензиялау туралы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«туристік индустрияның қызмет көрсетулерін стандарттау және сертификаттау» деген сөздер «, туристік қызмет саласындағы стандарттау» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 11-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп стандарттау мәселелерін реттейді;»;
3) 15-бапта:
2-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Лицензиядан айыру сот тәртібімен жүзеге асырылады.»;
4) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Туристік қызмет саласындағы стандарттау
Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.»;
5) 17-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «, туристік қызмет көрсетуге сертификаттың болуы туралы» деген сөздер алып тасталсын.
43. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат, № 15, 95-құжат; 2006 жылғы 23 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 26 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 20-баптың 10) тармақшасы алып тасталсын;
2) 32-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлік «конструкцияларын» деген сөзден кейін «(сертификатталатын өнімдерді қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтың бірінші абзацындағы «лицензиарға» деген сөзден кейін «есеп беру нысанында» деген сөздермен толықтырылсын.
44. «Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 320-құжат; 2004 ж., № 23; 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат):
1) 1-баптың 14) тармақшасындағы «лицензияның» деген сөз «сертификаттың» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 4-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын;
3) 5-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы алып тасталсын;
4) 6-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «пайдаланушы сертификаты және тиісті лицензиясы» деген сөздер «әуежай пайдаланушы сертификатының» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 8-баптың бірінші бөлігіндегі «пайдаланушы сертификаты мен халықаралық және (немесе) ішкі әуе тасымалдарын жүзеге асыруға лицензиясы» деген сөздер «әуежай пайдаланушы сертификаты» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 9-бап алып тасталсын;
7) 14-баптың 2-тармағының үшінші бөлігіндегі «Лицензияның», «лицензияның» деген сөздер «Сертификаттың», «сертификаттың» деген сөздермен ауыстырылсын.
45. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат):
19-баптың 1-тармағында:
1) тармақшадағы «оларды қайтарып алу, тоқтата тұру және тоқтату» деген сөздер «оларды тоқтата тұру және тоқтату (олардан айыруды қоспағанда)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау;».
46. «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат; 2004 ж., № 17, 98-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат):
1) 6-баптың 1-тармағының 3-1) тармақшасындағы «мен бекіту» деген сөздер алып тасталсын;
2) 12-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Тіркеу, өндірістік сынақтар мен ғылыми зерттеулер үшін әкелінген пестицидтердің (улы химикаттардың) көлемін уәкілетті орган айқындайды.»;
3) 14 және 19-4-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті лицензиялау
Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
«19-4-бап. Лицензиялық ережелердің сақталуын бақылау
Лицензиялық ережелердің сақталуын бақылау лицензияланатын қызметті жүзеге асыру кезеңінде мерзімділігі жылына екі реттен және ұзақтығы екі күннен аспайтындай етіп жүргізіледі.».
47. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат):
6-баптың 8) тармақшасындағы «, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды» деген сөздер «жұмыстарын» деген сөзбен ауыстырылсын.
48. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат):
12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау
Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.».
49. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 11, 63-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 4, 25-құжат):
1) 6-баптың 2) тармақшасындағы «қайтарып алуды» деген сөздер «одан айыруды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 7-баптағы «лицензияны кері қайтарып алғанға» деген сөздер «лицензиясынан айырылғанға» деген сөздермен ауыстырылсын.
50. «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2003 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 11, 70-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат):
1) 7-1-баптың 12) тармақшасындағы «, сондай-ақ қызметі бір облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) шегінен тыс жерлерде таралатын жеке және заңды тұлғалар» деген сөздер алып тасталсын;
2) 8-баптың 2-тармағының 11-1) тармақшасындағы «, сондай-ақ қызметі бір облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) шегінен тыс жерлерде таралатын жеке және заңды тұлғалар» деген сөздер алып тасталсын;
3) 9-1-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «және медициналық қызметті жүзеге асыру лицензиясын кері қайтарып алу» деген сөздер «, медициналық қызметті жүзеге асыру лицензиясынан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 10-баптағы «заңдарында» деген сөз «лицензиялау туралы заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 11-баптың 3-тармағындағы «, лицензиялау» деген сөз алып тасталсын;
6) 33-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
7) 36-баптың 3-тармағының 6) тармақшасы алып тасталсын.
51. «Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 88-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 26 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
10-бапта:
тақырыбындағы «оны кері қайтарып алу» деген сөздер «одан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «лицензия», «лицензиялау туралы», «кері қайтарып алынуы мүмкін» деген сөздер тиісінше «лицензиядан айыру», «әкімшілік құқық бұзушылық туралы», «жүзеге асырылады» деген сөздермен ауыстырылсын.
52. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат):
1) 3-баптың 2-тармағының 12) тармақшасындағы «және қайта жаңғыртады, сондай-ақ оларды қайтарып алады» деген сөздер «, қайта жаңғыртады және лицензиялардан айырады» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 51-бапта:
тақырыбындағы «Лицензияны кері қайтарып алу» деген сөздер «Лицензиядан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
4) тармақшадағы «лицензияны қайтарып алуға» деген сөздер «лицензиядан айыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
5-тармақтағы «заң актілерінде» деген сөздер «лицензиялау туралы заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «оны кері қайтарып алу» деген сөздер «одан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 54-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «қаржы ұйымының лицензиясын кері қайтарып алу» деген сөздер «қаржы ұйымын лицензиясынан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 68-баптың 4-тармағындағы «ол кері қайтарып алынған» деген сөздер «одан айырылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 93-баптың 1-тармағының 6-1) тармақшасындағы «қайтарып алу» деген сөздер «одан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 99-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «мүшесінен бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыруға берілген лицензия кері қайтарып алынған» деген сөздер «мүшесін бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырған» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 102-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «кері қайтарып алынуы» деген сөздер «одан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 106-баптың 3) тармақшасындағы «кері қайтарып алу» деген сөздер «одан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын.
53. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат):
1) 13-баптың 7) тармақшасындағы «заңдарына» деген сөз «лицензиялау туралы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 19-6-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «, лицензиялармен» деген сөз алып тасталсын.
54. «Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 2, 8-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат):
1) 6-баптың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«19) тәуелсіз сараптама жүргізу тәртібін айқындайды;»;
2) 7-бапта:
10) тармақшадағы «, оларды кері қайтарып алады» деген сөздер алып тасталсын;
13) тармақша алып тасталсын;
3) 8-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «және кері қайтарып алады» деген сөздер алып тасталсын;
4) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Фармацевтикалық қызмет түрлерін лицензиялау
Фармацевтикалық қызмет түрлерін лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.».
55. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат):
1) 17-бапта:
2-тармақтағы «заңдарына» деген сөз «лицензиялау туралы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;